Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тарихи тұлға тағылымы

Ел қуатты болса, қуа­ныш тұрақты болады. Ғасырларды уа­қыт ұр­шығында иір­ген мың­жылдықтар тоғы­сында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемле­кет құрылды. Атасы Алаш, керегесі ағаш қа­зақ­тың зар заманда жо­ғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бү­тінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақ­ты шежіресі түзіле бас­тады. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті Осы бір мерейлі миссияны орындау мемлекетіміздің негізін қалаушы ұлы перзенті, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маң­дайына жазыл­ғаны – әлемде аумағы жағынан алып елдердің алғашқы ондығына енетін, ұлан-байтақ жерінің асты да, үсті де табиғи ресурстарға бай, кешегі Кеңес Одағынан ірге бөліп шыққан кезде қолында жалын атқан от қаруы бар стратегиялық маңызы зор елге уақыттың өзі сыйлаған ерекше бағы. «Ақылды басшы алдырмас» деген, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары әлем кар...
Толығырақ... Оқылды: 180 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2020

БІЗ БІРГЕМІЗ

Толығырақ... Оқылды: 196 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2020

Бірінші байлық - денсаулық

Бүгін мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары және қалалар мен облыстардың әкімдерін жинап бейне байланыс режимі арқылы кеңес отырысын өткізді. Президентіміздің отырыста айтқан әрбір сөзі орынды. Бұл індеттің көбеюіне карантиннің сақталмағаны себеп болып отыр. Дегенмен, - Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді. Мұны ашық мойындау керек Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіре алмады, – деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ бірнеше қаланың әкімдеріне сөгіс айтып, жауапты тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысының бұлай қатаңдық танытуы елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, емдеудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте проблемаларды шешу үшін Үкімет пен өңірлердің әкімдеріне барлық қаржылық және инфрақұрылымдық ресурстарды жұмылдыру тапсырылды. Дәл осындай сә...
Толығырақ... Оқылды: 185 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2020

Біріксек жеңеміз

Мемлекет басшысы 29 маусым күні мемлекеттік қызметкерлермен және бірқатар облыс, қала әкімдерімен еліміздегі індетті алдын- алу мақсатында бейнеконференция өткізді. Өз сөзінде Президент Қасым- Жомарт Тоқаев уақытында қолданылған шаралар мен карантиндік жүйе ауыр індеттің елімізге дендеп енуіне біраз болса да сеп болғандығын айтты. Дегенмен, карантин жүйесін алып тастау арқылы дерттің 7 есеге өскендігін байқаймыз. Кейір облыстарда ауырған адамдардың қарасы көбейіп, ауруханаларды тіпті орындар мен дәріханаларда арнаулы дәрілердің тапшылығы байқалады. Дерттің өсімі әсіресе, Атырау облысында байқалады, және Алматы қаласында да аурудың ошақтары көбейіп тұр. Осы тұрғыда мемлекет басшысы бірқатар қала әкімдеріне сөгіс жариялап, қайтадан карантиндік жүйені енгізуді ұсынды. Жиындар мен жиналыстарға пайдаланатын қаражатты дәрі- дәрмек пен қажетті құралдарға жұмсауды тапсырды. Отандық телеарналардан арнайы бағдарламалар ұйымдастырып, дәрігерлермен тікелей байланыс орнатып, халықтың сұрақтарына...
Толығырақ... Оқылды: 186 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020

IMD БАҒАСЫ: КӘСІПКЕРЛЕР ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТӨМЕНДЕГЕНІН АТАП ӨТТІ

Осы айда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (Institute for Management Development, Швейцария) әлемдік бәсекеге қабелеттілікті зерттеу орталығы «IMD-2020» жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті бизнес қалыптасатын ортаны жасау және қолдау қабілетімен қабылданады. Қазақстан сауалнама негізінде қалыптасатын және кәсіпкерлердің жемқорлықты қабылдауын көрсететін парақорлық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл индикаторы бойынша екінші жыл қатарынан өз орнын жақсартты. Биыл бағалауға қатысқан 63 мемлекеттің арасында еліміз 29-дан 27-ге, яғни 2 орынға көтеріліп, 10 баллдың 5,01 баллын алып, орташа әлемдік көрсеткіштен (4,80) асты. Бұл еліміздің осы рейтингке қатысқан кезеңдегі ең жоғары нәтижесі (2018 жылы – 39 орын және 3,43 б.; 2019 жылы – 29 орын және 4,28 б.). Қазақстан бұл талап бойынша Польшадан (28 орын), Израильден (30), Оңтүстік Кореядан (31), Литв...
Толығырақ... Оқылды: 172 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020

Талдықорғанда карантин кезінде 10 000 маска әлеуметтік кәсіпорында тігілді

2020 жылдың көктемі бәріміз үшін оңай болған жоқ, ол көптеген адамдар үшін нағыз сынақ болды, әсіресе шағын кәсіпорындарға әсер етті. Бірақ уақыт «толқынға ілесіп», ағымдағы жағдайға тез бейімделе алатын адам ғана аман қалатынын көрсетті. «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық бірлестігі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның басты бағыты - жұмыссыз әйелдерді жұмысқа орналастыру. Бірлестік базасында тоқыма қайта өңдеу бойынша тігін цехы жұмыс істейді. 2019 жылы қоғамдық бірлестік әлеуметтік кәсіпкерлік жолымен жүруді шешті, «Ескі заттардың жаңа өмірі» жобасын әзірледі және «Әрекет» жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан грант ұтып алды. Грант қаражатына өнеркәсіптік тігін жабдығы сатып алынды, ол жұмыс орындарының санын кеңейтуге мүмкіндік берді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 12 әйел жұмысқа орналастырылды....
Толығырақ... Оқылды: 174 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір той тойлайтын уақыт емес екенін айтты.

«Қазір «тойың тойға ұлассын» дейтін уақыт емес. Технологиядамыған замандасіз қандай да бір себептермен және мақтаныш істермен айналысуды доғару керек.Осындай қауіпті пандемия кезінде тіпті біздің кейбір азаматтар маған хат жазып, тойды өткізуге мүмкіндік беруімді сұрайды. Біз қиын күрес кезеңінде тұрмыз. Сондықтан еңбек өмір салты мен басты міндетімізге айналуы керек. Біз енді саналы түрде ойлауымыз керек, той туралы ойламауымыз керек. Бұл ақыл, ғылым, білім және еңбек дәуірі», - деді ол. Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздің мақалада көтерген мәселелер өте маңызды тақырыптардың бірі екені сөзсіз. Әсіресе ана тілі туралы ойыңыз. Халқымыз «Ана тілін білмеген ақылы жоқ желікбас» деп бекер айтпаса керек. Ана тілінің қадір-қасиеті кез келген қоғамда өзектілікті жоғалтқан емес. Ұлт болып қалыптасумыздың ең қажет аспектісінің бірі тіл болса, сол тілімізді дамыту, орынды қолдану, атадан балаға қалған аманат ретінде қабылдауды санасына сіңірсек ешқашан...
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.06.2020

ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ АЙТҚАНДАРЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты сұхбатында халықаралық қоғамдастықтың алдында кемшін ұлт ретінде көрінбеу үшін қандай қадамдар жасау керек екендігін тізбектеп берді. Соның ішінде ең бастысы мемлекеттік қызметке қазақ тілін жетік білетіндер тағайындалуы керек, тілге деген қажеттілікті арттырған жөн деуі қуантады. Сонымен қатар, еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылдап жатыр. Тағы бір айта кетер жәйт дәл қазір cоvid19 үдеп тұр. Той деген пандемияны шарықтататыны анық. Сондықтан той асабасы, әншілер халықтың тарапынан шақырылған болса саналы түрде бас тарту керек. Денсаулығымызды ең алғашқы орынға қойсақ, індетті де азайтатыныз анық қой. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халық болып осы мәлімдемедегі Президент айтқан талаптар мен қарапайым ережелерді бұлжытпай орындап, қатерден аман шы...
Толығырақ... Оқылды: 160 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.06.2020

АУДАН ҮНЖАРИЯСЫНА БИЫЛ – 75 ЖЫЛ

Құрметті «Нұрлы Көксу» газетінің ұжымы! Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз — аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің жарыққа шыққанына 75 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Ауданның саяси айнасы әрі рухани шамшырағы «Нұрлы Көксу» газетінің алғашқы нөмірінің жарық көргендігіне биыл 75 жыл толып отыр. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, оның оқырмандары үшін мерейлі мереке іспеттес. Өйткені осы жылдарда жергілікті ел-жұрттың шежірелі жылнамасын, тағылымды тарихын, жалпы тыныс-тіршілігін кеңінен насихаттап келеді. Атап айтқанда, соғыстан кейінгі жылдарды, халық шаруашылығын қалпына келтіруді, тың игеруді және тағы басқа да толып жатқан елімізді елең еткізген елеулі жайттарды жариялап отырды. Әсіресе еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде де ел тынысы мен тіршілігін таспалап отырды. Қысқасы, «Нұрлы Көксу» газетінің оқырмандар сүйіспеншілігіне бөленіп, олармен бірге қуана білгендігін, кейде қабырғасы қайысқандығын архивтерде сақт...
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 25.06.2020

Газет шығару - үлкен өнер

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Ұлт жазуының реформаторы Ахмет Байтұрсынов айтқан осы айқындама ақпараттық қоғам қанша жерден цифрланғанымен құндылығын жойған жоқ. Өйткені, газет – жұртшылықты жағымды жаңалықтармен сүйіншілеп, руханиятқа бойлататын, билік пен халық арасын байланыстыратын саяси, қажетті құрал. Ал қажеттіліктен ешкім де бас тартпайтыны анық. Ескі жылдың есіркеуін, жаңа жылдың жарылқауын тілеп, 2020 жылды жұрт болып қарсы алдық. Соңғы екі жыл ауданымыз үшін тарихи жыл болмақ. Себебі, өткен жылы бабамыз Балпық әулиенің туғанына 325 жыл толса, биыл жаңалық жаршысы болып, халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп ауданымыздың үнжариясы болған «Нұрлы Көксу» газетіне 75 жыл толмақ. Айтулы мерейтой газет ұжымы үшін айрықша қуанарлық жәйт. Осы тұста, аудандық басылымның тарихына бойлап, шежіресіне қысқаша тоқталуды жөн санадық. Ауданымыздың тыныс тіршілігін аудан тұрғындарына жеткізіп, насихаттап, дәріптеп жүрген төл тума «Нұрлы Көкс...
Толығырақ... Оқылды: 369 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 25.06.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.