Жаңалықтар
Алматы облысынан “Елбасы Медалі” байқауына 888 жас өтініш берген |
Бұл заман білімділер ғасыры. Әуел бастан жастардың жоғары деңгейлі білім алуына көп көңіл бөлінген. Тұңғыш Президент Нұрсылтан Назарбаев 2019 жылы белсенді және талантты жастарды қолдауға бағытталған жалпыұлттық “El Úmiti” бастамасын көтерді. Жаңа бастама аясында Тұңғыш Президент - Елбасы қоры қазақстандықтар мен мемлекет болашағы үшін бірнеше тың жобаларды іске қосты. Қазірдің өзінде ауыл балалары үшін “Мың бала” пәндік олимпиадасы жүріп жатыр. Аталған білім бәсекесінің мақсаты: шалғай аудандардағы мектеп жасындағы балалардың қабілетін дамыту және дарынды жасты қолдау. «Ел үміті» бастамасын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 77 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде: «Елбасы медалі» жобасына – 70 млн. теңге, «Мың бала» жобасына – 7 млн.теңге қарастырылған. «Мың бала» білім сайысына облыс бойынша барлығы 65348 оқушы іріктелген, олардың ішінде 5 сыныпта – 33500, 6 сыныпта &nd... |
Толығырақ... Оқылды: 190 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.06.2020 |
Құрметті Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері! |
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бүгінгі күнгі заманауи қоғамның өмір сүру деңгейі мемлекеттік басқару жүйесінің басты элементі - мемлекеттік қызметке байланысты. Елімізде тәуелсіздік алған күннен бастап халық пен мемлекетке қызмет етуді бәрінен биік қоятын, кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға баса назар аударылып келеді. Осы жылдар ішінде мемлекеттік қызмет жүйесінде үш реформа жүргізілді. Олардың барлығы мемлекеттің өзгеруі мен мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуына тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметті институционалдау - Тұңғыш Президенттіміздің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы заңдық күші бар «Мемлекеттік қызмет туралы» №2730 Жарлығынан бастау алды. Аталған құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызметтің қағидаттары, лауазымдар иерархиясы, қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері белгіленді, құқықтық мәртебесі анықталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізілді. Дамудың келесі кезеңі 1997 жылғы 1-ші қазандағы «Қазақстан – 2030&raq... |
Толығырақ... Оқылды: 199 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
САПАЛЫ ЖОЛДЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ |
«Биыл Жамбыл ауданындағы елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеуге 1771,3 млн. теңге бөлінген» - деп хабарлайды «Jetisy Media» ақпараттық алаңы. Жамбыл ауданында жол жөндеу саласы бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасымен 4 жоба іске қосылған. Олар: 1. Ұзынағаш ауылының көше жолдарын орташа жөндеу; 2. Жаңақұрылыс ауылының көше жолдарын орташа жөндеу; 3. Қайназар ауылының көше жолдарын орташа жөндеу; 4. Ұзынағаш ауылының көше желісін ағымдағы жөндеу. Осы 4 жоба бойынша ауданда 266 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, олардың 50 пайзы, яғни, 133 адам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылдануда. Бүгінгі күнге дейін 97 адам Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылды. Жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа қабылдау әліде жалғасуда. «2020жылдың жоспарына сәйкес аудандық маңызы бар және елді мекендердің арасындағы 45,2 км жолды орташа жөндеуге және 26,3 мың шаршы метр автомобиль жолдарының ағымдағы ж... |
Толығырақ... Оқылды: 199 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
Мемлекеттік сатып алу мониторингі нәтижесінде бағаны асыра көтеру деректері тіркелген |
«Жол картасы-2020» бағдарламасына «Бірыңғай терезе» арқылы сатып алау жағдайындағы жемқорлық қаупін азайту шаралары да кіреді. Департамент осы тұрғысында ақпан айынан бастап жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізген. Жүргізген іс-шара барысында сатып алу бағасын асыра көтеру деректері анықталған. Жыл басынан Департаментпен барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жоспарланған бағаларды қайта қарау туралы 43 ұсыным хаттар жіберілді. Мысалға, «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 дана кітап сатып алуға 46млн. 321мың.429теңге бөлу қарастырып, Департаменттің ұсыныс хатының нәтижесінде кітап бағасы 1850 тенгеге дейін төмендетілді. Нәтижесінде 18 571 429теңге қаражат үнемделді. Департаменттің ұсыныс хаттары негізінде Алматы облысының денсаулық сақтау мекемелерінде үнемделген қаражат 286 137 726 теңгені құрадғандығын атап өтті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облыс... |
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
Алматы облысында картоптың өнімділігі қайта қалпына келтіріледі |
Алматы облысының егіс алқаптарында мыңнан астам "ақылды" ауыл шаруашылығы техникасы жұмыс істейді. Қазақстанда сервистік-дайындау орталықтары (СДО) алғаш рет құрылып, бүгінгі күні Алматы облысында табысты іске асырылуда. СДО ауылда бизнес бастауға қолайлы әлеуметтік жоба: көрсетілетін жеңілдіктердлің арқасында шаруашылықтарға қымбат заманауи техника беріледі. "Жетісу "ӘКК" РР " АҚ қолдауымен қант қызылшасы, дәнді дақылдар, көкөніс, жүгері, күріш және картоп өсіру, жем дайындау бойынша 51 СДО құрылды. СДО қаржылық лизингі арқылы 1202 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын алды. Осылайша, техника жаңартылды. Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ең заманауи және "ақылды" техниканы пайдаланады. Арнайы техника Claas, DEUTZ-FAHR, JohnDeere, FranzKleine, "Ростсельмаш", Минск трактор зауыты және т.б. сияқты әлемдік өндіруші зауыттардан сатып алынады. СДО-да 200-ден астам ұсақ және орта шаруашылықтар біріктірілді, 900 ауыл шаруашы... |
Толығырақ... Оқылды: 191 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
«Коммуналдық төлемдердегі өтемақыны кімдер ала алады?» |
Ескелді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Ертұрғанов Жанас Жанайдарұлы аудан тұрғындарымен әкімдіктің инстаграм парақшасы (@eskeldi_akimdigi) арқылы тікелей эфирде тілдесті. Эфир барысында Жанас Жанайдарұлы «коммуналдық төлемдердегі өтемақыны кімдер ала алады?» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, жауабын алды. Айта кетсек, сұрақтардың басым бөлігі карантин режимі кезінде коммуналдық төлемдерге бөлінге 15 000 теңге жайлы және үй кезегі жайлы болды. Тікелей эфир барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Ертұрғанов Жанас Жанайдарұлы тұрғындардың қойған сұрақтарына толығымен жауап беріп, алдағы уақытта ауданды көріктендіру мақсатында атқарлылатын жұмыстар жайында айтып өтті. |
Толығырақ... Оқылды: 176 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
Көлік иелеріне арналған автоХҚО-лар: төтенше жағдай тәртібінен кейінгі статистика |
Еліміздегі барлық дерлік халыққа қызмет көрсету орталықтары мамыр айында жұмысын қайта бастады. Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚО-лар да сол кезде ашылды. Әр облыста автоХҚО-лар әр түрлі уақытта жұмыс істей бастағанына қарамастан, бір ай ішінде автокөлік орталықтары 174 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті. Азаматтарға арналған үкімет қай өңірдің автокөлік жүргізушілері автоХҚО-ның ашылуын көп күткенін анықтады. Көлік құралдарын қайта тіркеу бойынша алғашқы үштікті Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бастап тұр. Аталған шахарлардағы орталықтар сәйкесінше 16, 15 және 14 мың автомобильді қайта тіркеген. Егер Нұр-Сұлтан мен Шымкенттің мамандандырылған орталықтары бір уақытта – 12 мамырда ашылса, Алматы орталықтары санитарлық дәрігердің шешімімен тек 25 мамырдан бастап қызмет алушыларды қабылдай бастады. Сондықтан, Алматыны автокөліктерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сөзсіз көшбасшы деп санауға болады. Төртінші орында – Қарағ... |
Толығырақ... Оқылды: 177 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
ҰБТ: «Алакөлдік түлектер 3 этапты тексеруден өтеді» |
Мектеп түлектері үшін биылғы оқу жылы тосынсыйға толы болды. Елдегі ахуалға байланысты 2020 жылы ҰБТ тапсырушылар үшін жаңа өзгерістер көп“, деп хабарлайды "Jetisy Media" ақпараттық алаңы. Биылғы ҰБТ-дағы өзгерістер әр ата-ана мен түлектерді толғандырып жүргені мәлім. Осыған орай, бүгін Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы тікелей эфирде арнайы баспасөз маслихатын өткізді. Оның айтуынша Алакөл ауданы бойынша биыл 37 орта мектепте барлығы 683 түлек 2019-2020 оқу жылын аяқтаған. Олардың 634-і Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыру үшін онлайн түрінде өтініш беріп, базаға тіркелген. 49 түлек ҰБТ тапсырудан өз еріктерімен бас тартты. Биыл Алакөлдік түлектер ҰБТ-ны 4 лек бойынша тапсырады. Ұлттық бірыңғай тестілеу аудан орталығы Үшарал қаласында орналасқан №1 орта мектебінің базасында өтеді. Бүгінгі күнде 5 аудиторияға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, парталары қойылып, дайындық жұмыстары толығымен аяқталды. Жаңадан 5 G маркалы 5 тұншықтырғыш және тікелей бейнебақ... |
Толығырақ... Оқылды: 182 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕӉГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ |
Маусымайыныңбасында,Алматыоблысыәкіміаппаратыныңғимаратында,АлматыоблысыәкімініңорынбасарыБ.БайжұмановжәнеҚазақстанРеспубликасыСыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылагенттігінің(Сыбайласжемқорлыққақарсықызмет) АлматыоблысыбойыншадепартаментбасшысыныңбіріншіорынбасарыЖ.Жұмабаевтыңқатысуымен«ZOOM»платформасыарқылыонлайнкездесуөткізілді.Кездесубілімберумекемелеріндеоқужылыныңаяқталуынабайланыстызаңсызақшақаражаттарынжинаутақырыбындаөтті. «ZOOM»платформасыарқылыөткізілгенкездесугеаудан,қалаәкімдері,мектепкедейінжәнеортабілімберумекемелерініңдиректорларықатысты. Сондай-ақ,кездесугеоблыстықақпараттықүгіт-насихатШтабыныңмүшесіА.Жазықбаевқатысып, осымәселебойыншабаяндамажасады. МектептердегіақшажинаумәселесіДепартаменттіңерекшеназарында.Мемлекетмектептіңбүкілқажеттілігінежеткіліктімөлшердеқаражатбөледі,оныңішіндежөндеужұмыстарыменбасқадашараларбар.Өкінішкеорай,оқужылыбасталғандажәнеаяқталғандамектептегіөткізілетініс-шараларғаата-аналарданақшажинаумәселесікүнтәртібінентүск... |
Толығырақ... Оқылды: 189 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2020 |
ӘМСҚ жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыруды 36%-ға арттырды |
МӘМС-ды енгізгеннен кейін ЖТМҚ көмегімен емделгендер 23%-ға көбейді 2020 жылғы 1-тоқсанда жоғары технологиялы медициналық қызметтерді (ЖТМҚ) қолдана отырып, еліміздің медициналық мекемелерінде 2 300-ден астам адам емделді. Бұл өткен жылдық көрсеткіштермен салыстырғанда 23% -ға артқанын байқатты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірінші тоқсанда жоғары технологиялық қызметтерді пайдаланатын адамдар санының аталған мөлшерден көбірек болатындығын жоспарланған еді. Алайда, Алматы мен Нұр-Сұлтанда енгізілінген шектеулерге байланысты ғылыми орталықтар жабық болды, бұл қорытынды көрсеткішке әсер етті. «Өткен жылы аталған қызметтерді тек халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары, оның ішінде жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер тегін ала алатын. 2020 жылдан бастап ЖТМҚ бойынша жоспарлы емдеуге жатқызу барлық сақтандырылған азаматтар үшін тегін болды», – деп мәлімдеді Алматы облысы бойынша Қордың директоры. Сонымен бірге осы қызметтерді қаржыла... |
Толығырақ... Оқылды: 202 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2020 |