Жаңалықтар

Бақытты болуға жетелейтің кеңестер

Адам баласы әртүрлі болғанмен бәрімізге ортақ бір нәрсе бар: бәріміздің де бақытты болғымыз келеді. Бірақ бақыт туралы түсінік әркімде әрқалай. Ал даналар бақытты болу адамның түсінік-пайымына байланысты дейді. Сөйтіп бақытты болуға жетелейтін мынадай кеңестер қалдырыпты: 1. Адамды бақытсыз ететін нәрсе – ерік-жігерінің әлсіздігі мен тәуекелсіздік. Адам өзіне сенімді болуы, тәуекел ете білуі керек. 2. Қолға алған істі тоқтатпаңыз. Бүгін бітіруге болатын шаруаны ешқашан ертеңге қалдыруға болмайды. 3. Кез-келген істі сабырмен, өзіңе деген нық сеніммен істеуге тырысу керек. Жылдам қимылдауды асығыс-үсігіс, атүсті істеу деп түсінуге болмайды. Есіңізде болсын, өз ісіне шынайы берілген, шаруаға салқынқандылықпен қарайтын, әр істі нық сеніммен бастап, шыдамдылықпен аяғына дейін жеткізе алатын адам ғана бақытты бола алады. 4. Бойыңыздан жаманшылыққа орын бермеңіз. Жан мен тән тазалығын сақтаңыз. Өзің ешкімді қорлама, өзіңді ешкімге қорлатпа. Мақтаншақтық пен көпірме көпсөзділік адамн...
Толығырақ... Оқылды: 264 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 05.06.2020

Соттағы татуластыру

Сіздердің назарларыңызға Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың үндеуін жариялаймын. «Жау мен дау – егіз», - дейді халқымыз. Дауласу кез-келген, тіпті дамыған елдерге де тән құбылыс. Бірақ, сол дау-жанжалды ушықтырмай шеше аламыз ба? Сол дауды шешу мәдениетіміз қандай? Бізде кез-келген дауды сот шешеді деген көзқарас қалыптасқан. Дегенмен, мынаны білген жөн. Біріншіден, істі қарау ұзаққа созылуы мүмкін. Ол аяқталғанша, бір емес, біраз сот отырысы өтеді. Аппеляция, тіпті кассация шешімі де көңілден шықпауы мүмкін. Екіншіден, бұл үлкен шығын. Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгер жалдайсыз. Жолға, қонақ үйге шашыласыз. Үшіншіден, ашуға ерік беріп, жүйкеңіз жұқарады. Неге десеңіз, сот – дау алаңы. Онда айтысып, тартысуға мәжбүрсіз. Отбасы, достар, жұмыс, бизнес – бәрі шетте қалады. Бұл бер жағы. Кейде тараптар ашуға беріліп, бір-біріне ауыр сөздер де айтып жатады. Егер дауласушылар бір әулеттен болса, онда сол шаңырақтан береке қашады. Ал, дос,...
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

АУДАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Ауданымыз құрылыс қарқыны бойынша облыста алдыңғы қатарларда тұр. Аудан орталығын айтпағанда, барлық ауылдарда жаңа нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. «Жас келсе, іске» деп бекер айтылмаса керек. Жас болса да өте талапшыл басшы, жан-жақты, алдына мақсат қоя білген аудан әкімі Алмас Әділ келгелі ауданда бірталай істің басы қайырылды. Оқтаудай түзу көшелер, жарқыраған шамдар, жайнаған орталық, әсем ғимараттар, көпқабатты үйлер, жақсы істерді тізбелеп жалғастыра берсек қуаныштан басың айналып, кеудеңді қуаныш сезімі билейді. Бір сөзбен айтқанда аудан тамырына қан жүгірді. Биыл да Көксу ауданында жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Аптаның басын аудан әкімі бірнеше ауылдардағы нысандардағы жұмыс қарқынын тексеруден бастады. Аудан әкімі мұқият тексеруін шағын ауыл Айнабұлақтан бастады. Биыл теміржолшылар бекетіндегі «Түрксіб-Сібір» теміржолының алтын қазығы қағылып, түйіскеніне 90 жыл. Мер...
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 05.06.2020

Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы мектептерге 250 дана кітапты тарту етті

Саясаттанушы, публицист, баспагер Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы ауылды жерлерге 250 дана кітапты тегін таратты. Ауылды аймақтарға берілген «Күміс кітап» кітабы былтыр бестселлерге айналған. «Жастарымыздың мықты оқырманға айналып, жылына жүз кітап оқығанын қалаймын»,- дейді автор. Бақытжан Бұқарбай «Күміс кітап», «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!», «Prezident» кітаптарының авторы. Баспагер жастар арасында кітап оқуды насихаттаумен белсенді айнлысуда. Былтыр бұл мақсатта 150 кітап орта білім ордаларына тегін таратылған болатын. Бақытжан Бұқарбайдың қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік жолындағы осы бастамасы бұдан әрі де жалғасын таппақ.
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

Қыс шанаңды жаз сайла, немесе қаржы мәселесінде тәртіпті қалай ретке келтіруге болады?

Тәртіп барлық жерде, әсіресе қаржы мәселесінде маңызды. Сондықтан қаржылық жоспарлау сияқты құралды елемеуге болмайды. Бюджет жүргізудің артықшылықтары туралы Fingramota.kz үнемі еске салып отырады. Есеп жүргізудің артықшылықтары даусыз нәрсе. Ең бастысы – өзіңнің қаржылық жағдайыңа уақытылы «диагностика» жүргізу. Сіз қанша табыс табасыз, қайда және неге жұмсайсыз, кредитті өтеуге қанша ақша жұмсайсыз, жинайсыз ба, инвестициялайсыз ба және т.б. – осы сұрақтарға берілетін жауаптарды талдау және сіз қазіргі уақытта немен айналысатыныңызды түсіну керек. Шартты түрде адамдарды белгілі бір қаржылық бағдарламамен төрт түрге бөлуге болады: Ақшаны жұмсағаннан гөрі көп табыс табады, ал қалған ақшаны кейінге қалдырады. Тапқан табысынан артық ақша жұмсайды. Қарызбен өмір сүру – бұл дәл осы кісі жайлы. Қаншалықты табыс тапса, оны соншалықты жұмсайды. Айлықтан айлыққа дейін күн көреді. Ақшаны жұмсағаннан гөрі көп табыс табады, ақшаны жинауға тырыса...
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

20 ЖЫЛ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҢАРУДА Жұмыспен қамту бағдарламасының шапағатын көргендердің қатарында Ескелді жұршылығы да бар.

Биыл дәл осы ауданға қазынадан 3 млрд 22 млн 685 мың теңге бөлінген. Аталған қаражатқа аудан бойынша жоспарланған 59 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы жобалардың ішінде ең ауқымдысы Бақтыбай ауылдық округінде орналасқан мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өтуі. Өнер ошағының 20 жылдан кейін екінші тынсы ашылғалы тұр. Сән-салтанаты жарасқан ән мен күйдің ордасына көрерменнің келмегеніне біраз жылдың жүзі болған. «Ал, енді Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта 864,6 млн.теңге бөлінген»,- дейді Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асхат Ғалымжанұлы. Ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды. Алдағы уақытта ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында жаңарған мәдениет үйінде көптеген үйірмелер ұйымдастырылмақ.
Толығырақ... Оқылды: 198 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

Алматы облысының әкімдігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен меморандумға қол қойды

«Білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен ҚазҰУ жаңа білім беру технологиялары институты арасында қол қойылған келісім аясында жүзеге аспақ»,- деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA». Жыл басында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры әл-Фараби Ғалымқайыр Мұтановпен іскерлік кездесу өткізіп, білім беру және қазіргі заманғы ғылыми технологиялардың өзара әрекеттестігі мәселелерін қарастырған. Ал осы күнгі келісім Қазақстандағы белді ЖОО жетекшілігімен қолға алынып отыр. «Бұл келісімшарт екі тараптың да мамандарына алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға, қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыруға, сондай-ақ, адами капиталға үлес қосуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті жаңа білім беру технологиялары институтының директоры Әсел Мусинова. ҚазҰУ келісімде айтылған бағдарламалардың бірі – «Coursera» ауқымды онлайн білім беру платформасы....
Толығырақ... Оқылды: 210 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

ӘМСҚ денсаулық сақтау ұйымдарын қаржылық қиындықтардан қалай қорғайды

«ӘМСҚ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы барысында ауруханалар мен емханалардың қаржылық көрсеткіштеріне валюта бағамының өзгеруі, іскерлік белсенділіктің құлдырауы, халық пен бизнестің кейбір санаттары үшін медициналық сақтандыру жарна/төлемдері бойынша шегерілулер қарастырылғандықтан және карантин тәртібінде медициналық көмектің кейбір түрлерінің қысқаруы әсер тигізгендігін мәлімдеді. Қор басшысы «Аталған себептердің барлығы Қор қызметіне айтарлықтай салмақ түсірді. Осыған қарамастан, Қор медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында және азаматтардың медициналық қызметтерге қол жеткізу үшін дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырады. МӘМС жүйесіне түскен қосымша жүктеме жалпы 134 млрд-тан астам теңгені құрайды», – деп атап өтті. Қор медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына талдау жасап, барлық медициналық қызмет жеткізушілерін шартты түрде төрт топқа жіктеді: I - топ &nd...
Толығырақ... Оқылды: 198 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2020

ОҢ ЖОЛҒА БАСТАЙТЫН ЖОБА

Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру басталды. Жол картасы келесі жұмыс түрлері мен нысандар бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді: елді мекендерді яғни, аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесіз нысандарды бұзу, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңдарын жайластыру, абаттандыру және тағы сол сияқты көптеген жұмыстар атқарылады. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің 26 наурыздағы 55 өкіміне сәйкес дағдарысқа қарсы шаралар аясында Көксу ауданы бойынша 3037487 мың теңгеге 26 жоба ұсынылды. Атап айтсақ, Жамбыл орта мектебінің стадионын аббаттандыру, Ақтекше ауылындағы Қабанжырау орта мектебінің спорттық алаңының ағымдағы жөндеу, 20 адамға арналған медициналық пункттің құрылысы, Көксу өзеніндегі Көксу платинасын қайта жаңарту, Алғабас ауылындағы дәрігерлік амбулато...
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2020

ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙДЫРАДЫ

Биыл әлем үшін ауыр жыл болды. Пандемия жарияланып, коронавируспен алысып, жұмыр жер әбігерге түсіп жатыр. Соған қарамастан, халықтың денсаулығын сақтау, әлеуеті мен тұрмыс жағдайын жолға қою мақсатында қыруар жұмыс атқарылуда. Елбасы мен Президентіміз көптеген іс-шараны іске асырып келеді. Күнделікті ақпараттардан көріп отырғанымыздай, халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек, 1 миллиондай адамға азық-түлік пен тұрмыстық заттар таратылған. Коммуналдық төлемдердің тарифтері төмендетіліп, аса мұқтаж адамдарға 15 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілуде. Несие төлеу мерзімі де кейінге шегерілді. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі ұлғайтылды. Зейнеткерлердің де зейнетақысы өсті. Оның сыртында атымтай жомарт азаматтар тонналап азық-түлік таратып жатыр. Тіпті, ыңғайы келген жерде баспана мәселесін де шешіп беріп жатқандар бар. Талай адам осындай қиын қыстау кезеңде көмек қолын созып жатқан Елбасына, Президентімізге, ел азаматт...
Толығырақ... Оқылды: 327 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.