Жаңалықтар

«Н.Ә. Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті

29 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ақмола облысының әкімдігімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе ұйымдастырған, «Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Конференцияның негізгі бағыттары: - Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық бастамалары; - Қазақстан және мега аймақтық қауіпсіздік: қауіп-қатерлер мен тәуекелдер; - Ядролық қарусыз әлемге жол: Елбасы бастамалары; - «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр»: жаһандық ынтымақтастық жаңа дәуірінің манифесі; - Қазақстанның бітімгершілік миссиясы. Іс-шараны конференция модераторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов ашты. Сонымен қатар, конференция жұмысына Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше жә...
Толығырақ... Оқылды: 226 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2020

Халыққа қызмет көрсетудегі жаңа формат – жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ

Алматы облысында төтенше жағдай режимі жеңілдеп, әлеуметтік және басқа да қызмет көрсету нысандары кезең-кезеңімен ашыла бастады. Солардың қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтары да 14 мамырдан бастап өз жұмысын жалғастырды. Алайда, енді мемлекеттік қызметтер жаңа форматта ұсынылмақ. Бұл жайында, «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша директоры Ермек Құралбекұлы Бекжүнісов сұхбат берді. – Ермек Құралбекұлы, алдымен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа форматтағы жұмысы туралы айтып берсеңіз? Әлемдік пандемия COVID-19 қоғамның барлық салаларына өз әсерін тигізді. Карантин азаматтарға шектеу қойды, бірақ жаңа мүмкіндіктер берді. Елдегі вирустың таралу қауіпі әлі де сақталуына байланысты қоғамдық және жеке ұйымдар жұмыс тәсілдерін өзгертті. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі де жаңа форматқа көшті. Жаңа формат азаматтардың кезекке тұрып, шоғырла...
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі

Құрметті отандастар! ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады. 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. 1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты к...
Толығырақ... Оқылды: 201 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2020

Алматы облысында ҰБТ сынағын тапсыру шарттары белгіленді

Биылғы оқу жылы аяқталды. Ал, түлектер үшін енді алда көптен күткен кезең аттестат алу салтанаты қалды. Елдегі пандемия жағдайына байланысты дәстүрлі шара биыл өзгеше өткізілмек. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» алаңында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Қабимолдаева баяндап берді. "3-4 Маусымда түлектерге аттестат салтанатты түрде табысталады. Аталмыш шара аясында соңғы қоңырау соғылады. Бұл әр мектеп аумағында, ашық алаңда санитарлық нормалар сақтала отырып жүзеге асатын болады. Түлектер мектеп формасында, бетперде киіп, арақашықтықты сақтай отырып осы салтанатты өткереді және шара ұзақтығы 20 минуттан аспайды. Ата-аналардан басқа бөгде адамдарға қатысуға рұқсат етілмейді", – деді Сәуле Нұрханқызы. Сондай-ақ, алдағы тесттілеу сынағында да қауіпсіздік шаралары жіті бақылауда. ҰБТ 20 маусым – 5 шілде аралығында өтеді. Биыл Жетісулық 15 мыңнан астам түлек мектеп бітірсе, соның 11 мыңнан астамы ұлттық бірың...
Толығырақ... Оқылды: 176 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2020

Алматы облысында медұйымдарды қолдауға бағытталған ӘМСҚ-ның дағдарысқа қарсы шаралары қаралды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Іс-шараның өтуіне себепкер болған белгілі қазақстандық журналистер мен блогерлер – Қоғамдық кеңес мүшелері болды. Отырыс барысында Қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов қазіргі таңда халықты толғандыратын келесідей сұрақтарға жауап берді: ӘМСҚ қаражатының жұмсалуы; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің үстеме ақысы; КВИ-ға ПТР-тестілеуден сақтандырылған адамдардың өту мүмкіндігі жайлы тақырыптар қозғалды. «Біз халықты ақпараттандыру және пациенттерден кері байланыс алу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізудеміз. Осы мақсатта Қорымызда сапалы медициналық қызмет көрсетуді дамыту үшін, өзекті мәселелерді талқылауға арналған Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамында жұмысты әділ бағалайтын түрлі салалардың тәуелсіз сарапшылары бар. Бүгінгі отырыс осыны растайды», – деп атап өтті Айбатыр Жұмағұлов. Сонымен қатар, отырыста коронавирус індеті жағдайында...
Толығырақ... Оқылды: 212 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2020

Салафилікті ұстанушылардың мемлекет,мәдениет және салт – дәстүрге қатысты ұстанымдары

Салафилер зайырлы немесе кез – келген исламдық емес заңдар аясында өмір сүріп жатқан қоғамнан оқшаулануға үндейді. Яғни, ислам шариғатына қайшы келмесе де шариғат үкімдерін қайтарушы деп зайырлы мемлекет пен оның заңдарын жоққа шығарады. Осылайша, олар қоғамның этно – мәдени және конфессиялық үйлесімін бұза отырып, өздерін ғана шынайы ислам дінінің ұстанушылары деп жариялайды. Сол арқылы зайырлы үкіметке қарсы шығуға, мемлекетті құлатуға бағытталған көзқарастарды қалыптастырады. Салафилердің басты идеологы Мұхаммед ибн Абд әл – Уаһһаб исламға жатпайтын кез – келген заңдар мен құқықтық жүйелерге жүгінуді күпірлік деп, ондай заңдар арқылы үкім ететіндерді «кәпір» деп санаған. Салафилердің түсінігінше шариғат заңдарымен үкім шығармайтын басшылар да, олар басқарып отырған ел де кәпір болып саналады. Мұндай мемлекетті «тағұт» мемлекеті деп атап, оған қарсы жиһад (қарулы соғыс) жариялайды. «Тағут» туралы түсінік уаһабшылдық &ndash...
Толығырақ... Оқылды: 320 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 29.05.2020

Ақсу қант зауытында жаңа маусымға дайындық жүріп жатыр

Ақсу қант зауытында жаңа маусымға дайындық жүріп жатыр. Бұл жұмыстардың барысын Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров көріп қайтты, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA» zhetysu.gov.kz -ке сілтеме жасап. Зауыттағы қалпына келтіру жұмыстары 18 мамырдан басталды. Қазіргі кезде цехтар тазаланып, тозған бөлшектер жаңасына ауыстырылуда. Бұған дейін «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ арқылы жалпы саны 288 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтар сатып алынып, «Ақсу Қант» ЖШС-ға лизингіге берілген болатын. Серіктестікке кадр тарту мақсатында «Ақсу Қант» ЖШС мен жергілікті политехникалық колледж арасында 50 қажетті арнайы маман дайындау туралы келісімшарт жасалған. С.Бескемпіровтің айтуынша, қазір кәсіпорында 120 адам жұмыс істейді, жазғы маусымда тағы 100 адам еңбекке тартылады, ал іске қосылғанда зауытқа 600-дей адам еңбек етеді: «Көріп тұрғанымыздай, жалпы жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр. Биылғы...
Толығырақ... Оқылды: 213 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2020

«Halyk» қоры Алматы облысының 2000 отбасына азық-түлік себетін тегін таратты

Халық банкі АҚ «Халық» қайырымдылық қоры және Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өңірдегі 2000 отбасыға 6000 азық-түлік себеті таратылды. «Халық» қоры Еліміздегі төтенше жағдайда көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, көмек көрсетуде. Азық-түлік жиынтығында күнделікті тұтынатын қажетті тағамдар: күріш, ұн, макарон, май, шай, қант және тәттілер бар. Бүгінде гуманитарлық көмек ауданға жөнелтілді және олар тұрғындарға жергілікті әкімдіктер берген тізімге сәйкес, Halyk Bank қызметкерлері мен еріктілермен таратылады.»,- деді Айдар Жакупов. Жұмыла көтерген жүк жеңіл»-, демекші «Халық» қорына еліміздегі Бейбіт Әлібеков, Анвар Жұмағұлов, Айдар Жақұпов сынды кәсіпкерлер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері де қолдау көрсеткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ
Толығырақ... Оқылды: 180 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2020

Амандық Баталов халықты сақтық талаптарын орындауға шақырды

«Талдықорған көшелерінде жайбарақат жүргендер көп. Маска тақпайды. Қала әкіміне шаруаны мықтап тапсырдым»,- деп айтты Амандық Ғаббасұлы баспасөз-мәслихатында. Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ел алдына шығып коронавирус төңірегіндегі барша сауалға жауап беріп, атқарылған шаралар мен қазіргі аумақтағы ахуалға тоқталды. Бүгінгі күні облыста коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 305-ке жеткен.Оның 181-і дерттен құлан-таза айыққан. Медицина қызметкерлерінің бақылауында 1415 адам бар. Үй карантинінде 1085 адам жатыр.Қазіргі таңдаіндеттің 31аймақтакарантин режимі алынған. Алматы облысында Талдықорған, Кеген, Талғар аудандары кеселдің ошағы болып отыр. Қазіргі кезде коронавирусқа шалдыққандарды анықтау үшін 6 зертхана жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта тағы бір зертхана өз қызметіне кіріседі. Мемлекет пандемия кезінде халықтың тұрмыстық жағдайында назардан тыс қалдырмады. Мәселен, тек Алматы облысының 545 мың тұрғыны 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік т...
Толығырақ... Оқылды: 215 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс.

Сыбайласжемқорлыққоғамдықөмірдегіеңқауіптіфакторлардыңбіріболыптабылады,олмемлекеттіңжалпыұлттыққауіпсіздігініңжағдайынағанаемес,соныменбіргеоныңбарлыққұрамдасбөліктерінедезияндыәсеретеді. Мемлекеттіксатыпалу,мемлекетқаржысынталан-таражетіп,ысырапқылу,жертелімінзаңсызберу,дүние-мүлкін,ақшакапиталынсалықдекларациясынан,яғнимемлекеттенжасырыпқалусияқтымемлекетқалтасынақауіптөндіретінжатқылықтарәлідебаршылық. Қәзіргітаңдақоғамымызға,қауіптөндіріп,орасанкеселкелтіретіносынаукелеңсізәлеуметтікқұбылысқақарсышараларқатаңқолғаалыныпжатыр. ЖемқорлықпенқарсыкүресҚазақстандағымемлекеттіксаясаттыңбастыбасымдықтарыныңбіріретіндеанықталған. ОсығанорайҚазақстанРеспубликасыПрезидентінің2015жылғы29желтоқсандағы№154Жарлығын(2019жылғыжемқорлыққақарсыіс-қимылтуралыұлттықбаяндамасыжарияланды). АталғанбаяндамаҚазақстанныңсыбайласжемқорлыққақарсысаясатыніскеасырунәтижелерітуралықоғамдыхабардаретуүшінқалыптастырылады.Ондасыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылсаласындағымемлекеттікоргандар,квази...
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.05.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.