Жаңалықтар
ҰБТ: «Алакөлдік түлектер 3 этапты тексеруден өтеді» |
Мектеп түлектері үшін биылғы оқу жылы тосынсыйға толы болды. Елдегі ахуалға байланысты 2020 жылы ҰБТ тапсырушылар үшін жаңа өзгерістер көп“, деп хабарлайды "Jetisy Media" ақпараттық алаңы. Биылғы ҰБТ-дағы өзгерістер әр ата-ана мен түлектерді толғандырып жүргені мәлім. Осыған орай, бүгін Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы тікелей эфирде арнайы баспасөз маслихатын өткізді. Оның айтуынша Алакөл ауданы бойынша биыл 37 орта мектепте барлығы 683 түлек 2019-2020 оқу жылын аяқтаған. Олардың 634-і Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыру үшін онлайн түрінде өтініш беріп, базаға тіркелген. 49 түлек ҰБТ тапсырудан өз еріктерімен бас тартты. Биыл Алакөлдік түлектер ҰБТ-ны 4 лек бойынша тапсырады. Ұлттық бірыңғай тестілеу аудан орталығы Үшарал қаласында орналасқан №1 орта мектебінің базасында өтеді. Бүгінгі күнде 5 аудиторияға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, парталары қойылып, дайындық жұмыстары толығымен аяқталды. Жаңадан 5 G маркалы 5 тұншықтырғыш және тікелей бейнебақ... |
Толығырақ... Оқылды: 193 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕӉГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ |
Маусымайыныңбасында,Алматыоблысыәкіміаппаратыныңғимаратында,АлматыоблысыәкімініңорынбасарыБ.БайжұмановжәнеҚазақстанРеспубликасыСыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылагенттігінің(Сыбайласжемқорлыққақарсықызмет) АлматыоблысыбойыншадепартаментбасшысыныңбіріншіорынбасарыЖ.Жұмабаевтыңқатысуымен«ZOOM»платформасыарқылыонлайнкездесуөткізілді.Кездесубілімберумекемелеріндеоқужылыныңаяқталуынабайланыстызаңсызақшақаражаттарынжинаутақырыбындаөтті. «ZOOM»платформасыарқылыөткізілгенкездесугеаудан,қалаәкімдері,мектепкедейінжәнеортабілімберумекемелерініңдиректорларықатысты. Сондай-ақ,кездесугеоблыстықақпараттықүгіт-насихатШтабыныңмүшесіА.Жазықбаевқатысып, осымәселебойыншабаяндамажасады. МектептердегіақшажинаумәселесіДепартаменттіңерекшеназарында.Мемлекетмектептіңбүкілқажеттілігінежеткіліктімөлшердеқаражатбөледі,оныңішіндежөндеужұмыстарыменбасқадашараларбар.Өкінішкеорай,оқужылыбасталғандажәнеаяқталғандамектептегіөткізілетініс-шараларғаата-аналарданақшажинаумәселесікүнтәртібінентүск... |
Толығырақ... Оқылды: 202 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2020 |
ӘМСҚ жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыруды 36%-ға арттырды |
МӘМС-ды енгізгеннен кейін ЖТМҚ көмегімен емделгендер 23%-ға көбейді 2020 жылғы 1-тоқсанда жоғары технологиялы медициналық қызметтерді (ЖТМҚ) қолдана отырып, еліміздің медициналық мекемелерінде 2 300-ден астам адам емделді. Бұл өткен жылдық көрсеткіштермен салыстырғанда 23% -ға артқанын байқатты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірінші тоқсанда жоғары технологиялық қызметтерді пайдаланатын адамдар санының аталған мөлшерден көбірек болатындығын жоспарланған еді. Алайда, Алматы мен Нұр-Сұлтанда енгізілінген шектеулерге байланысты ғылыми орталықтар жабық болды, бұл қорытынды көрсеткішке әсер етті. «Өткен жылы аталған қызметтерді тек халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары, оның ішінде жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер тегін ала алатын. 2020 жылдан бастап ЖТМҚ бойынша жоспарлы емдеуге жатқызу барлық сақтандырылған азаматтар үшін тегін болды», – деп мәлімдеді Алматы облысы бойынша Қордың директоры. Сонымен бірге осы қызметтерді қаржыла... |
Толығырақ... Оқылды: 213 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2020 |
Алматы облысында карантин талаптары сақталған |
Өңірдегі карантин шараларының күшейтілуіне байланысты облыстың бірқатар аумағында арнайы рейд жүргізілді. Атап айтсақ, Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қапшағай қаласының су қоймаларын және Кербұлақ ауданындағы сауда орындарын тексеріп қайтты. Облыстан екі аймаққа беталған мамандар алдымен Сарыөзек кентіне ат басын бұрған. Онда олар, ең бірінші поштаға бас сұқты. Аталған мекемеде 20 қызметкер әлі күнге қызмет істеуін жалғастыруда. Күніне 70-80 адамға дейін қабылдайды. Мекеме ішінде күндігіне 3 рет залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі . Яғни облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қойған талаптар мейілінше сақталынған. Артынша олар, халық ең көп қызметіне жүгінетін ХҚКО-на барды. Бұл жерде 17 қызметкер еңбек етуде. Күніне 400-ге жуық тұрғынға көмек көрсетеді. Әрбір екі сағат сайын кеңсе іші тазартылып отырылады. Барлық қызметкерлер мен келуші халық нөпірі де бетперде киіп жүр. Қолды өңдеуге арналған құрылғыларда ныса... |
Толығырақ... Оқылды: 188 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2020 |
ДАРА ТҰЛҒА |
Ұстаз! Осы бір сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші?! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде жаралған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Бүгінде мен, өзінің өмір жолын, қызметтегі қадамын осынау бір жауапты мамандықтан бастаған Қаблисанов Маман Қаманұлы жайында қалам тербемекпін. Ол үнемі ізденіске толы өмір жолында қарапайым мұғалімдіктен басшылыққа дейінгі баспалдақтардан өтті. Маман Қаманұлы, 1957 жылы 3 мамыр күні Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылында дүниеге келген. 1964-1974 жылдары Мұқыры ауылындағы орта мектепте оқып, білім алды. 1974-1979 жылдары Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінде оқып, «Тарих және қоғамтану» пәндерінің мұғалімі, тарихшы мамандығы бойынша бітіріп шықты. Маман Қаманұлы 40 жылдық еңбек өтілінде 38 жыл мемлекеттік қызметте еңбек етті. Осы жылдар ішінде өзін білікті, бастамашыл, күрделі мәселелер бойынша шешім қабылдауда жауапкершілік ала білетін жұмыскер реті... |
Толығырақ... Оқылды: 277 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 12.06.2020 |
ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР |
«Қуаныш бөліссе, көбейеді» деген бар. Осы ұстаныммен біз де Көксу ауданында алдағы уақытта атқарылуы межеленген толымды тірліктерді ұсынуды жөн санадық. Ағайынның аты озғаннан, ауылдастың тайы озғанын тілейтін дарқан пейілді қазақ еліміздің қай түкпірінде орын алған жағымды жаңалықты жат көрмесі белгілі. Газетіміздің өткен санында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы аудан көлемінде жасалынып жатқан жұмыстарды көрсеткен болатынбыз. Мұның баршасы аудан әкімі Алмас Әділден бастап қажетті жобаларды дер кезінде дайындаған білікті қызметкерлердің, ел азаматтарының тынымсыз еңбегі, жұдырықша жұмылған ауызбірліктің, жүйелі жұмыстардың жемісі екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Жолдың жайын жүрген біледі. Әлеуеті дамыған елдердің «байығың келсе, жол сал» деген ұстанымы да бекер емес. Америка Құрама Штатын дамытқан көлік қатынасы жолы екені тарихтан мәлім. Бұл әлемдік экономикадағы тәжірибе. Осы бағытта Көксу ауданында өткен жылы көптеген жұмыста... |
Толығырақ... Оқылды: 251 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 12.06.2020 |
«Жұмыспен қамту жол картасы»: Жаңа жоба көп |
Ауданымызда жуық арада «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жасалуы тиіс жұмыстар аз емес. Осы мақсатта аудандық мәслихат депутаттарынан құралған қоғамдық бақылау жұмысшы тобы бірқатар нысандарында болып, «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылап, ауданның дамуына оң серпін беретін келелі істерге тексеріс жасап, жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады. Таяу жылдардан бері ауданның барлық саласы қарқынды дамып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп келеді. Жас әкімнің бүгінгі қарқынды жұмысы көптің көңілінен шығып, халықтың алғысына бөленіп те жүр. Естеріңізге салсақ, 2020 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бұйрығымен «2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бекітілді. Көксу ауданында аталған мемлекеттік бағдарлама а... |
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 12.06.2020 |
Талдықорғанда тағы бір жаңа аудан бой көтереді |
Қаланың оңтүстік батыс бөлігінен 9ші шағын аудан салынбақ. Аумағы 36 гектар. Мұнда алдағы екі жылда 34 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Баспаналардың жобалық-сметалық құжаттары бүгінге дайын. Сараптама қорытындысынан соң құрылыс жүргізіле бастайды. Шаһар басшысының ақпарынша, бұл аумақтың бүгінгі күнге инженерлік желілері дайын. Жарық жеткізіліп, жылу, су желілері тартылған. Тұрғын үйлердің құрылысы толық аяқталған кезде іске қосылады. Бұдан бөлек, облыс орталығында үйсіз-күйсіз жүргендерді баспанамен қамту ісі ілгерлеп келеді. Соңғы 20 жылда Жетісудың орталығында 1 млн.шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілген. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында мемлекет қаражаты есебінен 3267 пәтерлі 63 үй, оның ішінде 27 несиелік (1085 пәтер), 21 коммуналдық (1162 пәтер), 15 жалға берілетін үй (1020 пәтер) салыныпты. Қала билігінің сөзінше, биыл қоныс тойы 622 пәтерлі коттедж қалашығында болады. «Былтыр коттедж қалашығында 155 пәтердің кілтін бердік. Алғашқы легі дәл қ... |
Толығырақ... Оқылды: 229 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.06.2020 |
Осыдан тура бір жыл бұрын 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми түрде кіріскен болатын. |
Қадірлі қауым! Менің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарым – бұл үлкен міндеттің алдындағы халықпен кеңесу болды. 2019 жылдың 13 мамырында #BIRGE жалпыхалықтық акциясы басталды. Оның басты мақсаты – ел дамуындағы ең маңызды міндеттерді анықтау. Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. Бүгінге дейін 540 мыңға жуық ұсыныс-тілек келіп түсті. #BIRGE акциясына қатысып, азаматтық белсенділік танытқан барша халыққа шын жүректен алғысымды білдіремін. Енді біз қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Оның шешу жолдарын білеміз. Бүгін халықты, ең алдымен, не мазалайды? Ең бірінші, азаматтар барлық жерде әділдікорнауын қалайды. Әлеуметтік саясаттан бастап мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуін талап етеді. Халықты толғандырып отырған басты мәселе – табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздануы, теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азама... |
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2020 |
АРТЕРИАЛДЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ |
Егер де, Сізде артериалдық гипертензия анықталатын болса, онда міндетті түрде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде (ТМККК) емханаға диспансерлік тіркеуге тұруыңыз қажет. Осы көмектің аясында тұрақты түрде дистанциондық бақылау жүргізіледі. Кімнің және қандай кезеңділікпен тексеруден өту жиілігін, тапсыратын анализдер түрлерін төменде ұсынылған инфографикадан көруге болады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы |
Толығырақ... Оқылды: 196 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2020 |