Жаңалықтар

Оқуға қабылдау

Қазақстан Республикасы ІІМ – нің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту» туралы бұйрығына сәйкес, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына күндізгі оқу факультетіне түсетін 16 жасқа толған орта және арнаулы орта білімі бар 25 жасқа дейінгі, әскери қызмет пен оқуға денсаулығы жарамды, ұлдардың бойы – 170 см, қыздардың бойы – 165 см азаматтар қабылданады. ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының күндізгі оқыту факультетінде – «Сотқа дейінгі тергеу, жедел-криминалистикалық қызметі» мамандықтары бойынша қабылдайды, Академияда оқу мерзімі 4 жылды құрайды, білім беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Курсанттар толықтай мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Академиядағы әр курсы шұғыл әскери қызметті өтеумен тең болады. Оқу процесінде курсант...
Толығырақ... Оқылды: 473 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.05.2020

Алматы облысында карантин режимін жеңілдетудің үшінші кезеңі басталды

Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында төтенше жағдай режимінің алынып тасталғаны жөнінде хабарлады. Дегенмен, бірқатар аймақта карантин шаралары сақталатын болады. Оның ішінде Алматы облысы да бар. Карантин уақыты мамыр айының соңына дейін созылады деп күтілуде. ТЖ кезінде Алматы облысы бойынша арнайы штаб тәулік бойы қызмет атқарды. Олар күніне 500 электронды түрде өтінім мен 100 қоңырау қабылдап отырды. Сонымен қатар, Call- орталықта елмен етене қызмет жасады. Ондағы мамандар әлеуметтік сауалдарға жауап беріп отырды. Осы күнге дейін 6 мың сұрақ келіп түскен. Барлығына тұшымды жауап қайтарылған. Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен ТЖ кезеңінде табысынан айырылған адамдарға әлеуметтік төлем тағайындалған еді. Алматы облысы бойынша аталған көмекке 658 мың адам қол жеткізген. Ал, тегін азық-түлік жиынтықтары 11 мың адамға таратылған. Ол үшін жалпы сомасы 618 млн. теңге қаражат игерілген. « Біз біргеміз» қоғамдық қоры да халықтың осал топтарына көмек...
Толығырақ... Оқылды: 200 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.05.2020

Алматы облысында 3352 жұмыс орны құрылды

Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 22,8 мың жұмыс орны құрылатын болады. Бұл туралы «Jetisy Media ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Аталған жоба шеңберінде 977 жоба жүзеге аспақ. Бұл ретте, қазынадан 109,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Игілікті істің шарапаты жұмыссыз азаматтарға тиеді. Өйткені, алдағы уақытта 1,8 мың тұрақтыжұмыс орны ашылса, 10,5 мың адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылады. Бүгінгі күні өңірде 20 мобильді рекруттық пункттер құрылып, жұмыс істеуде. «Қазіргі таңда 294 жоба бойынша 3352 жұмыс орны құрылды. Ал, 1676 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде 137 жоба бойынша 410 адам жұмысқа тартылды»,- Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Тоқтарқызы. Алматы облысы бойынша 5 бірдей орта білім ордасы құрылысшы мамандығына жастарды бау...
Толығырақ... Оқылды: 215 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.05.2020

Кадыров Магруф

Ұлты татар, білімі жоғары, Алматы облысы, Панфилов ауданы Жаркент қаласы, Лепсі көшесі, 12 Кадыров Магруф Гапбасұлы 1957 жылы қыркүйек айының 12 жұлдызында өнегелі, тәрбиелі отбасында дүниеге келген. 1964 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Алдабергенов ауылында Матай Байысов атындағы орта мектепке барып, 1974 жылы тәмамдап шықты. Қарағанды қаласындағы Коопертивтік институтты зооветеринар мамандығы бойынша және Алматы қаласындағы Ұлттық аграрлық университетін тауартану және орман шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген. Мектеп қабырғасынан бастап кәсіпке бейімделіп өскен Магруф Гапбасұлы еңбек жолын 1975 жылы Алакөл ауданы, Киров атындағы орта мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады. 1976 жылдан бастап 1978 жылға дейін Отан алдындағы борышын өтеп келіп, Алакөл ауданы оқу ағарту бөлімінде автокөлік жүргізушісі ретінде жұмыс істеді. 1980-1993 жылдар аралығында Талдықорған қалалық тұтынушылар қоғамында...
Толығырақ... Оқылды: 287 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.05.2020

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен майдангер ұрпақтары

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күніне 75 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! 9 мамыр Жеңіс күні – әр адамды толқытатын ерекше, аса құрметке ие айтулы күн. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер - қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана...
Толығырақ... Оқылды: 384 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым

Соғыс – бұл адам санасына қайшы келетін оқиға. Соғыс әлемдегі ең жаман нәрсе. Ол қанша, қайғы-қасірет әкеледі.Соғыс кісі өлтіру, қан төгіс, қатыгездікке толы. Тіпті ұзақ жылдар өтсе де, соғыс адамдардың жадын да қорқынышты суреттерді елестетеді. Биыл біз Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 – жыл толған мерейтойды атап өтеміз. Жыл сайын 9 мамырда еліміз өз батырларын еске алып, олардың құрметіне құрмет көрсетеді. Мерекелік концерттер дайындайды және ардагерлерді құттықтайды, олардың саны онша көп емес. Біздің мемлекетіміз жыл сайын біздің бейбіт тіршілігіміз үшін өмірін қиған, бізге тағы бір «бейбіт көктемді» берген батырларды еске алуға қосылады. Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамдардың өмірін алды, бірақ соғыста жеңіске жету ең басты мақсат болды. Соғыстың алғашқы айларында республика өнеркәсібін қайта құру басталды. Оның шикізат базасы толықтай қатысты. КСРО-ның еуропалық бөлігінің табиғи ресурстарын жау жаулап алған жағдайда, Қазақстан майданның қуатты а...
Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020

9-мамыр Жеңіс күні

Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл 75 жыл толып отыр. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады. Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ. Құрметт...
Толығырақ... Оқылды: 647 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020

Алматы облысында 238 ҰОС ардагерлеріне ескерткіш жөндеу жұмыстары және абаттандыру жұмыстары басталды.

Қалпына келтіру жұмыстары Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында орындалады. 119 ескерткішті ағымдағы және күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 150 млн.теңге бөлінді. Сонымен, зақымдалған ескерткіштердің бөлшектерін қалпына келтірілетін болады. Қажет болған жағдайда мамандар жаңа қаптаманы жасап, стеланы бояйды. Бүгінгі таңда облыс бойынша 35 ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Батырларды мәңгі есте сақтау үшін біз Ұлы Отан соғысы құрметіне салынған ескерткіш пен монументті әр дайым қарғауымыз керек!
Толығырақ... Оқылды: 202 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.05.2020

9-мамыр Жеңіс күні

Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл75жыл толып отыр. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады. Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі менгүлденуі– осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ....
Толығырақ... Оқылды: 287 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020

223 сел қауіпі бар аймақ Алматы облыстық ТЖД бақылауында

Алматыоблысыбойыншақаркөшкіні,ауылжәнеөзенарналарыныңбойындасутасқынықаупібараймақтарғатексеружүргізілді.1-тоқсанда 13ауданда56тілсіз жау алатын аумақ тексерістен өтті.Бұл туралы "Jetisy media"ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатындаАлматы облысы ТЖД бастығыныңорынбасары полковник Асқар Тойшыбеков хабарлады. Тексеру нәтижесінеадамдар баратын және автокөлік жүретін жерлерде қар көшкіні қаупі бар ауданында Сарқан, Есік, Түрген, Қорғас өзендері бойынша 24 ақпараттық-ескертуорнатылды.Қазгидрометтен қар көшкіннің болу қаупі туралы дауылды ескерту алған кездеҰлттық парктің бақылау - өткізу бекеттерінде Қаскелең, Есік, Түрген өзендерінің шатқалдары бойынша адамдар мен демалушылардың кіруінеуақытшашектеулер салынды»,- деді ол. Облыста төтенше жағдайлар департаментінің бақылауындағы 223 сел қаупіжәне 185көшкін қаупі тіркелген аумақ бар. Баспасөз-мәслихатыбарысында Асқар Тойшыбеков орман өрттерінің шығу себептерін айтты.Оныңайтуынша, 2020жылдыңбасынанберіауарайыны...
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.05.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.