Жаңалықтар
Ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі |
20 ақпан күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында 2019 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстары мен 2020 жылға арналған жоспармен бөлісу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбековтың төрағалық етуімен брифинг өтті. Аталмыш жиынға бөлім, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Алғашқы болып сөз алған Ұлан Әлдибекұлы жоба бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Қайырлы күн, құрметті жерлестер! Көксу ауданы бойынша 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 13 жоба мен 180 іс-шара жүзеге асырылды. Аудан бойынша бағдарлама шеңберінде 2019 жылы 11 мың-ға жуық адамның қатысуымен 13 жоба мен 180 іс-шара ұйымдастырылды. «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2019 жылы аудан меценаттары мен демеушілерінің қолдауымен 6 жоба іске асырылды.Оның ішінде меценаттардың қолдауымен Балпық би ауылында шағын футбол алаңы салынып, қолданысқа берілді, жоба құны 9 млн теңге. Алғабас... |
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020 |
«MOVEMENT DANCE BATTLE» |
Балпық би ауылы аудандық мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ерікті жастар арасында «MOVEMENT DANCE BATTLE» заманауи би жарысы өтті. Жастардың заманауи би өнеріне деген қызығушылығын дамытып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруды мақсат еткен шараға аудан мектептерінен құралған бірнеше топтар қатысып, А және В тобы болып 2 топқа бөлінді. Жарыс 5 балдық бағамен бағаланып, ІІІ кезеңнен тұрды. Ақтық сайысқа 4 топ жолдама алды. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Б. Құндақбаева атындағы орта мектептің «ВИЖУАЛС» тобы, І орынды Бақтыбай ауылы «БРАЗЕРС» тобы, ІІ орынды Қ.Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясы иеленсе, ІІІ орынға Құрманов орта мектебі ие болды. өз тілшіміз |
Толығырақ... Оқылды: 313 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020 |
12 жыл халықпен біргеміз! |
Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы - еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы - заңды құбылыс. Орталық өз жұмысын Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде жүргізіп келеді. Бұл нысанның әлеумет үшін маңызы зор. Себебі, бұрын бір анықтама алу үшін бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттер, ең құндысы алтын уақытын сарп ететін халық бүгінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деп аталатын осы мекеме арқылы барлық құжаттарын бір демде реттеу мәселесі жолға қойылған. Көпшілік «бір терезе» деп атаған бұл мекеменің ғимараты жаңа типтік жобамен жабдықталып, келген әрбір тұтынушы үшін толық жағдай жасалынып, жұмыс жүйесі жақсы ұйымдастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, мұндағы қызметкерлер өз істерінің білікті мамандары, қай істе де алдыңғы лектен көрініп, аудандағы қоғамдық жұмыстарда да бе... |
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020 |
Ер мінезді ұрпақ |
Әрбір бала кіршіксіз мінез-құлықпен, күнә атаулыдан пәк қалпында дүниеге келеді. Пайғамбарымыз да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы тазалыққа барынша қамқорлық танытатын және өзгелерге де осыны бұйыратын. Сәбилерді қолға көтеріп жүру, сүю, иіскеу – оның сүйікті істерінен болды. «Бала тәрбиесі - таудан сырғанаған шана секілді. Бағыттап отырсаң болды. Жас баланың жүрегі таза болған соң, жақсы тәрбие берсең, соған қарай ұйып түседі». Осы орайда біз бүгін Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен өнегелі мысалдар келтіріп, батыл, ер мінезді ұрпақ тәрбиелеуге қатысты қағидаларды топтастырып көрмекпіз. Кеңес – бізден, ал оны амалға шығару – сізден болмақ... 1.«Кішіге де – ізет». Бала өзінің отбасындағы маңызды орнын, жауапкершілігін сезіну және болашақ отағасы, әке, басшы рөліне дайын болу үшін ересектер тарапынан өзіне деген құрметті сезінуі керек. «Сен мынадайсың, сен анадайсың» деген сөздер... |
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.02.2020 |
МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ЗАҢ ҚОРҒАУЫНДА |
Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. «Алты алаштың ардақтылары бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың қанатты сөзін қаперге алмайтын қоғамға «Педагог мәртебесі туралы» Заң керек-ақ. Мұғалім мәртебесі баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан тақырыптардың біріне айналды. Міне, сондықтан да шығар, Елбасының бастамасымен қоғамның жіті талқылауынан өткен «Педагог мәртебесі туралы» Заң Парламент қарауына түсіп, білім саласының мамандарын ғана емес, күллі халықты жақсылықтан үміттендіріп отыр. Өйткені заңның аты – заң. Ол ұстаздар қауымына әрі қорған, әрі ынталандыру болмақ. Рухани тұлғаларымыздан Жүсіп Баласағұни: «Ізгі атымен ғана ер алғысқа бөленеді» десе, Махмұд Қашқари: «Ізгі ердің сүйегі шіріп кетсе де, аты өшпейді» деп жазады. Осы ізгіліктің бәрі – ұстаз болмысынан, ұстаз біліг... |
Толығырақ... Оқылды: 835 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020 |
ОБЛЫС БАСШЫСЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРДІ |
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың халық алдында есеп беру жиыны Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрында өтті. - 2019 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 4,5 пайызға өсіп, үш триллион теңгеден асты. 48 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 31 мыңы тұрақты жұмыс орындары. Мемлекеттік бюджетке түсімдер 509 млрд. теңгеден асты, оның ішінде тек өзіндік кірістер - 226 млрд. теңге болған. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында «Талдықорған-Өскемен», «Үшарал-Достық», «Күрті-Бурылбайтал», «Ұзынағаш-Отар» көлік жолдарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл барлық стандарттарға сай келетін шамамен 1526 шақырым тамаша жолдар, осының есебінен облыстың транзиттік әлеуеті одан әрі ұлғая түседі. Жергілікті маңызы бар және ауылішілік жолдардың да сапасы төмен болмауы тиіс. Жергілікті маңызы бар жолдардың 81% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылы бұл көрсеткіш 84 пайызға жетеді, облыстық және ауданд... |
Толығырақ... Оқылды: 228 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.02.2020 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 6 орталық жұмыс жүргізуде |
2020 жылдың 11 ақпанынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Мақажанов Ернар Абсейітұлы тағайындалған болатын. Жаңа басшы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында алдағы атқарылар жоспарлармен бөлісті. "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі 2018 жылы құрылған уақытынан бастап аймақтағы жемқорлықтың тамырына балта шабуға бар күштерін салуда. Жалпы жобалық кеңсенің алдыға қойған мақсаты – «жемқорлықсыз аймақты» қалыптастыру болып табылады. Алдағы уақытта адалдық алаңы әлеуметтің әр саласында мәселен, денсаулық сақтау, тұрғын, үй, білім, әлеуметтік сала, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық ортада қолайлы жағдай жасау, тұтынуышлар құқығын ретке келтіру, көлік тасымалы сынды салаларда мониторинг жүргізіп, көпшілікпен сауалнама жасап, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алуға білек сыбана кіріспек. Тұрғындардың сыбайл... |
Толығырақ... Оқылды: 282 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.02.2020 |
Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны азаяды |
Аймақтағы барша әкімдердің есебі аяқталғанан кейін, жылдағы дәстүр бойынша өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы халық алдында есеп берді. Облыстың әл-ауқатының көрсеткіштеріне тоқталған аймақ көшбасшысы болашақтың айқын бағдары болар білім саласындағы жетістіктер мен жоспарлар туралы өз есебінде баяндады. Бүгінде білім саласының төңірегіндегі басты мәселе ол үш ауысымды мектептердің санын азайту болып табылады. Осыған орай облыста қарқынды жұмыс жүргізілуде. Соңғы бес жылда Алматы облысында 75 мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген. Оның 55-і үш ауысымды мектепті жою үшін 30 мың орынға арналып салынған. Соған қарамастап мектеп қабырғасындағы үш ауысымды оқыту мәселесін түбегейлі шешу мүмкін болмай тұр. Өйткені былтырғы жылы 48 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған. Назарға алған түйіткілдің күрмеуін шешу жолында жұмыстар жалғасын таппақ. Биылғы жылы жалпы сомасы 11,2 млрд.теңгені құрайтын 13 мектеп бой көтереді деп жоспарлануда. «Бірақ бұл жеткіліксіз, сондықтан біз... |
Толығырақ... Оқылды: 239 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.02.2020 |
Алматы облысында 3600 отбасы баспаналы болмақ |
2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда тұрғы үй құрылысы 25 % артқан. Жалпы алғанда 894 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламаларының аясында облыс көлемінде 2 443 отбасы баспаналы болды, оның ішінде 1 779 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады. Халықты баспанамен қамтамасыз етуде кәсіпкерлердің көмегі өлшеусіз. Олар былтырғы жылы қолдауға мұқтаж жандарға 170 пәтер алып берген. Ал, өткен аптада атымтай жомарат азаматтар Қапшағай қаласынан 30 пәтер алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарды табыстап, көптің қошаметіне бөленді. Бірақта, үй кезегінде тұрғандардың саны мұнымен азаймасы анық. Бүгінде 50,7 мың адам, оның ішінде 20- сы әлеуметтік осал топ өкілдері, 5527-сі көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр деп айтты өңір басшысы өз баяндамасында. Сондықтан да биыл тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына қажетті қаражат мөлшері 1,6 есеге артып, 32,6 млрд. теңгені құрады. Барлығы... |
Толығырақ... Оқылды: 261 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020 |
АБАЕВ БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕ АЙТЫП БЕРДІ |
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен азаматтық қоғаммен кездесуде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңы туралы айтты, деп хабарлайды « Jetisu Media» ақпараттық алаңы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Мен бірінші кезекте бұл жерге сіздерді тыңдау үшін келдім. Сосын сұрақтарыңызға жауап беріп, пікірлеріңізді тыңдағым келді. Екі сөзбен айтқанда, 1995 жылы қабылданған заңға өзгеріс енгізсек пе деп ойладық. Бірақ, талқылау мен талдау кезінде өзгеріс енгізгенше жаңа заң қабылдаған дұрыс екендігі анықталды. Нақты өзгеріс енгізу мүмкін болмай шықты. Жаңа концептуалды заң қабылдау керек», - деді Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңын талқылау кезінде. Министр жаңа заңның күшті тұстарын да тіл... |
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020 |