Жаңалықтар
АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ |
Ағымдағы жылдың 23-ші қаңтар күні Еңбекші ауылдық округінің әкімі Асқар Алпысбаев пен аудан әкімі Алмас Әділ халықпен кездесіп, есептік кездесулерін өткізді. Кездесуге жиылған жұртшылық Зылиха Тамшыбай ауылының мәдениет үйіне жиналды. Асқар Ахметқалиұлы 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы өркендеу бағытын қамтыған баяндамасында келтірілген жұмыстар жайын жүйелі жеткізді. Округте 10-дүкен, 1-кафе, 1-тұшпара цехы, 1-диірмен, 2-жылыжай, 1-ЖШС халыққа қызмет көрсетуде. Коммуналдық салаға тоқталатын болсақ - Зылиха Тамшыбай ауылындағы 3 көшеге және Бесқайнар ауылындағы 1 көшеге түңгі жарық шамдар орнатылған, барлығы 113 дана. «Beeline» және «Теле-2» ұялы байланыстарының тарату станциялары орнатылған. Аудан басшысы да өзінің атқарған істерін барынша түсіндіріп өтті. Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз аттарынан аудан көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатындығын айтып, «қанағаттанарлық» деген бағаларын да бер... |
Толығырақ... Оқылды: 318 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 31.01.2020 |
Баспана бақыты бұйырды |
Қазақ елі – Мәңгілік Ел болуды мұрат етіп, ұлы дала елінің асқақ армандарына қол жеткізуде. Тәуелсіз еліміз жыл сайын биік белестерді бағындырып келеді. Өткен жылы қазақ елі Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтті. Осы уақытты адамзат тарихының қас-қағым сәті ғана десек те, қазақ елі 28 жылдың ішінде елдіктің еңсесін тіктер қарқынды қадамдарды жасап, дербестігін бекемдей түсті, келешегіне кемел жоспар құрды. Халықтың әл-ауқатын арттырар бағдарламалар қабылдады. Сол бағдарламалар арқасында өңірлер дамып келе жатыр. Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан бүгінгі Көксу ауданының келбеті кімнің болса да таңданысын тудырары анық. Қазіргі таңда әсем де көрікті ғимараттары алыстан көз тартады. Оқтаудай түзу көшелері де жөндеуден өткізіліп, көпшілік игілігін көруде. Аудан орталығында жаңадан шағын аудандар, сауда орталықтар, демалу орындары ашылып жатқаны белгілі. Өткен жаздың өзінде «Евразия», «Көк базар» сауда орталықтарының ашылуы үлкен оқиға болды. Өткен жыл аралығы... |
Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 31.01.2020 |
МӘМС туралыхалық тарапынан түсетін 10сұрақ |
МӘМС енгізілгенкүнінен бастап, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан 1406 call-center-неазаматтарданреспубликабойынша 14 141 қоңыраукеліптүсті. Осығанбайланыстыміндеттіәлеуметтікмедициналықсақтандыруқорыхалықтанжиіқойылатынсұрақтарғақатысты ен жиі сауалдар топтамасын құрады.Қордың Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов осы сұрақтарға жауап берді. 1. Мен сақтандырылғанымдықалайжәнеқайданбілеаламын? -Мұндайақпараттыэлектрондықүкіметпорталынан (https://egov.kz/), ҚР Денсаулықсақтауминистрлігінің (http://dsm.gov.kz/) жәнеҚордыңсайтынан (https://fms.kz/), Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot)жәнеWhatsApp-тағы чат-бот (+7 700 103 1406)арқылыалуға болады. Осы мүмкіндіктіпайдалана отырып, ағымдағыжылдың 1 сәуірінедейінбарлықазаматтар МӘМС жүйесіндесақтандырылғанболып, медициналыққызметтердітолықкөлемде ала алатындығынатап өткім келеді.Азаматтардың қажетті медициналық қызметтерді алуына ешқандай кедергі болмауы керек. Бірақ осы жеңілдік кезеңінде олар сақтандырылып, МӘМС жүйесінің қат... |
Толығырақ... Оқылды: 239 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.01.2020 |
«Zhas Project» бизнестің бастауы |
Жастар корпусын дамыту жобасы 2017 жылдан бастап ел аумақтарында жүзеге асырылып келе жатыр. Бұл –жастарға арналған бірегей бағдарлама. Бұл-Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны конкурстық негізде анықталған Үйлестіру агенттігі іске асырады. Жобаның басты мақсаты- жастарды,әсіресе осал топтарды қоғамның белсенді өміріне тарту. Қоршаған ортаның игілігі үшін пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту. Аталған бағдарламамен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты бар Олар: - Әлеуметтік бағдарламаны іске асыру үшін гранттар мен шәкіртақылар; - Өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды оқыту; - Жастардың осал топтарымен жұмыс істеу; - Үйлестіру, ақпараттық жұмыс және есептілік. «Zhas Project» жобасына 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастарға жоба аясында бас... |
Толығырақ... Оқылды: 236 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.01.2020 |
"БӘРІ БАСҚАША": ОН МЫҢ ТОННА ҚЫЗЫЛША ЖИНАҒАН КӘСІПКЕР ЖОСПАРЫМЕН БӨЛІСТІ |
Өткен жылы Қалибек Алпысбаев басқаратын «Алан» сервистік-дайындау орталығы (СДО) 10 мың тонна қызылша жинады. «Ауа райы аздап қолайлы болғанда, өнім көлемі айтарлықтай жоғары болар еді», – дейді кәсіпкер. Соған қарамастан жиналған өнім нәтижесі көңіл қуантады. Кәсіпкер өзінің туған жері Көксу ауданында еңбек етеді. Ол он алты жылдан бері ауылшаруашылығымен айналысады. 2003 жылы «Кең дала» шаруа қожалығын құрып, жұмысын түрлі дәнді дақылдарды өсіруден бастады. Қант қызылшасын жаңғырту бойынша ауқымды науқан басталғанда Қалибек аға облыс басшысы Амандық Баталовтың бастамасына үн қосып, қолдау білдірген кәсіпкерлердің бірі болды. Сол кезде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес СДО-лар құрылып, кәсіпкерлерге субсидия, ауылшаруашылығы техникасы, тұқым мен гербицидтер беріле бастады. «Алан» СДО жан-жақты мемлекеттік қолдаудың шарапатын көрді. Алғашқы жылы тәтті түбір 30 гектар жерге егіліп, әр гектарынан 500 центнер өнім жиналды. Одан... |
Толығырақ... Оқылды: 319 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.01.2020 |
Көліктік бақылау инспекциясындағы өзгерістер |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша Алматы облысында 48 489 бірлік жүк көліктері бар. Бұл ел аумағы бойынша ең үлкені болып есептелінеді. Сондай-ақ облыс бойынша, 30195 бірлік жүк тасымалдау көлігі тіркелген. Осылайша, еліміздегі жүк көліктерінің 17,4%-ын облыс аумағынан көруге болады. Алматы облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының құрамы 32 адамнан тұрады, 4 бөлім жұмыс істейді. Заң шеңберінде аталған инспекция 19 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2019 жылдың 12 айында 25610 Мемлекеттік қызмет көрсетіген, оның ішінде 15531 жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған. - автомобиль көлігі саласында 7 мемлекеттік қызмет түрі кіреді. Соңғы 12 ай қорытындысы бойынша, 25252 мемлекеттік қызмет көрсетілді, және де 15262жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту тіркелген; - теміржол көлігі саласында 3 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 60 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде мемлекеттік қызмет... |
Толығырақ... Оқылды: 252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.01.2020 |
Мұқаншы ауылдық округінде есеп беру кездесуі өтті |
Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы мен Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Өмірәлинов Бақытжан Кендірбекұлы 2020 жылдың 23 қаңтарында Мұқаншы ауылдық округі тұрғындарының алдында есеп берді. Жиынға Көксу аудандық маслихат хатшысы Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы, аудандық мәслихат депутаты Кан Инна Терентьевна, аудандық бөлім басшылары, ауылдық мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды қорытындыласа, Өмірәлинов Бақытжан Кендірбекұлы округ көлемінде 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады және 2020 жылда атқарар жұмыстары жайлы баяндамаларын оқыды. Әсіресе Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасының, «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» реформасының, «Жұмыспен қамту-2020» мен ауыл-шаруашылық бағдарламаларының жүзеге асырылғаны бойынша көрсеткіштер басты назарға ие болды. Есептік жыл табысты болып, округте бірқатар келешегі бар жұм... |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.01.2020 |
Қазгидромет Орталық Азиядағы әріптерімен өңірдегі бірегей тәжірибесімен бөліспек |
2020 жылдың 27 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында Қазгидрометтің «Су тасқынын болжау үшін өзен ағынын модельдеу» атты семинары өз жұмысын бастайды. Қазгидромет Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен тұңғыш мәрте өзен ағынын қысқа мерзімді болжау әдісімен бөлісетін болады. Семинар Қазгидромет ғимаратында 27-31 қаңтар күндері өтеді. Ұйым қызметкерлері 3-7 күнге өзендердің ағынына қалай болжау жүргізуге болатындығы жайында әңгімелемек. Семинар Орталық Азия Аймақтық экология орталығының Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүзеге асырылып отырған «Климат өзгерісіне бейімделу және Арал теңізі алабының салдарын жеңілдету бағдарламасы» (CAMP4ASB) аясында өткізілуде. Жоба аясында жергілікті өзендерге осы модельдерді бейімдеу және кеңес беру мақсатында Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық орталықтарында көшпелі семинарларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Тренингке қатысушылар - Тәжікстан,Өзбекстан, Түркіменстан гидрометеорологиялық қызметтерінің мамандары.... |
Толығырақ... Оқылды: 256 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.01.2020 |
Салық кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер |
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде "Jetisy`Media" ақпараттық алаңында өткізілген баспасөз-мәслихатында ҚР-ның Салық кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер баяндалды. Сонымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алған заңдағы түзетулерге назар салсақ. 2020 жылдан бастап салық салу объектісі өзгертілді. Егер қазір салық салу объектісі - жердің бағалау құны болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салу объектісі-оңайлатылған декларациядағы табыс болады. Табыстың ставкасы 0,5% құрайды. Бұл жаңа енгізілім БЖС (Бірыңғай Жер Салығы) қолданатын және микро - немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын салық төлеушілерге үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босатуға мүмкіндік береді. Барлық жеңілдіктер сақталады. Ендігі кезде аталмыш заң шеңберінде Тіркелген салық төлеушілер салық салудың басқа режимдеріне көшуге және тіркелген салық салу объектілерін есептен шығаруға міндетті (Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссы... |
Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.01.2020 |
АТҚАРЫЛҒАН ШАРУА АЗ ЕМЕС, АЛДАҒЫ ЖОСПАР АУҚЫМДЫ |
Елбасының тапсырмасына сай елімізде барлық деңгейдегі әкімдердің жыл басында халықпен кездесіп, ел-жұртпен бірге өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа бағдар жасау, елдің айтқан арыз-талап, ұсыныс-тілектерінен хаттама жасау, олардың кезең-кезеңмен орындалуын қамти отырып, бақылауда ұстау, атқарылған істері мен алдағы күннің міндеттері жайлы халыққа есеп беруі қалыптасқан дәстүрге айналды. Осынау игі дәстүр сәрсенбінің сәтті күні Айнабұлақ және Алғабас округтерінде жалғасын тапты. Алдыменен, Түрксіб құрылысының солтүстік және оңтүстік бөліктері түйіскен , қазақы қылық пен жақсылықтың иісі аңқыған ауылдардың бірі – Айнабұлақ округіне ат басын тіредік. Округ әкімі Мәулен Бәзілов өткен жылдың ауыл үшін жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болғанын айтып, өз қорытынды есебін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауымен бастады: - Халқымы... |
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.01.2020 |