Жаңалықтар

Алматы облысында еріктілер жылының салтанатты ашылуы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Біз бергеміз» атты еріктілер жылы салтанатты ашылды. Шараның шымылдығы қазақ елінің тарихынан сыр шертетін және жалынды жастардың қарым-қабілетін танытатын бейнеүзіктер көрсетілімінен және заманауи бимен ашылды. Ашылу салтанатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зағипа Балиева, Омархан Өксібаев, Ерсұлтан Бектұрғанов, Марат Бопазовтар сөз алып, салтанатты шараның ашылуын құттықтап, қазақ елінің жастарына деген сенімдерін білдірді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін айтты.Бүгін, міне, жер жаннаты Жетісуда көңілден шыққан істің басында жиналып отырмыз. Мен әрқашанда еріктілердің жұмысына ризашылығымды білдіріп келемін. Бүгінде облысымызда 1043 ері...
Толығырақ... Оқылды: 291 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2020

Памятник Абаю установят в Талдыкоргане

В этом году исполняется 175 лет со дня рождения Абая Кунанбаева. Юбилей выдающегося классика с большим размахом отметят и в Алматинской области. На брифинге на площадке КГУ «Jetisý media» руководитель управления культуры, архивов и документации Алматинской области, Марлен Кольбаев поделился планами по празднованию значимых дат в жетысуском крае. «В этом году будет широко отмечаться значимые мероприятия, как 175-летие Абая Кунанбаева, 1150-летие Абу Насира аль-Фараби, 600-летие Оракты батыра, 185-летие Чокана Валиханова, 80-летие Елбасы Нурсултана Назарбаева, 75-летие Победы в Великой Отечественной войне. В течение года продолжатся познавательные вечера, фестивали народных театров к 175- летию Абая. А также со всей Республики мы соберем лучшие произведения, посвященные Абаю. Авторов лучших работ мы наградим ценными призами и включим их работы в сборник «Абайға арнау». Кроме того, Абаю установят памятник в городе Талдыкорган. На сегодняшний день ре...
Толығырақ... Оқылды: 231 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2020

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбындағы мақаласы – қазақ көшбасшысының көрегендігін тағы бір рет айғақтады. Президентіміз мақаласын 175 жасқа толып отырған халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арнап, қалам тербеген. Бүкіл әлемге қазақ деген халықты танытқан ғұлама ақынымыз, біртуар перзентіміз Абай Құнанбайұлы халықты өнер-білімге шақырып, мыңмен жалғыз алысып, надандықпен күрескен ұлы тұлға. Барша халық Абай тәлімін оқып, түсініп сол жолмен жүретін болса, ақын өзі айтқандай, дүниенің бір кірпіші болып қаланарымыз анық. Ғажайып талант иесі, қазақ поэзиясы ғұламасының - көркем табиғат , сұлу қыз, жүйрік ат, достық пен махаббат туралы өлеңдері эстетикалық тәлімнің қайнар бұлағы. Абай бүгін де жарқын бейнесімен, жалынды жырымен бізбен бірге. Біз ұлы ақынымызбен мақтанамыз! Абайдың 175 жылдық мерейтойына дайындық жұмысы өткен жылдан бастау алды. Бүкіл әлем жұртшылығы ұлы ақыны...
Толығырақ... Оқылды: 332 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.01.2020

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МАҚАЛАСЫ - БҮГІНГІ РУХАНИ ҚАЖЕТТІЛІК

Абай мұрасындағы адам мен қоғамның үйлесімді дамуына қатысты көзқарастар бүгінгі еліміз бен ұлтымыздың жаңғыруына бірден-бір жаңа серпін, тың идеялар беретін ғибраты мол және ерекше сипатта. Әлемдегі әрбір ұлт өркениетті даму жолында мемлекеттің өркендеуіне ерен ықпал ету қабілеті зор болмыстарына, соның ішінде тарихи тұлғалар мұрасына қайта оралып, үнемі зерделеп отырған. Уақыт өткен сайын тұлғалардың адамзат өмірінің әр алуан қырларын тереңінен қарастырып, адам мен қоғамның үдемелі даму негіздерін айқындап беретін көзқарастарын басты құндылық ретінде жаңа заман лебімен үйлестіре жаңғыртқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түптеп келгенде бізге жаңа биіктіктерге ұмтылуға жол ашқан зор дүние деп қабылдадық. Мақаланың мемлекетіміз бен халқымыз үшін тарихи тұрғыдан аса маңызды жылдың басында шығуы заңдылық әрі көптен күткен дүние. Мемлекет басшысының мақаласының өзегі – қазақтың дана тұлғасы Абай Құнанбайұлы. Абай...
Толығырақ... Оқылды: 278 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.01.2020

Мәрлен Қапашұлы: «Жаңа жыл, жаңа бастама!»

«Jetisy Media» ақпараттық алаңында «Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2020 жылға бағытталған жұмыстары» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті. Мәдениет саласының сайып қырандары 2019 жылды табысты аяқтады. Облыс жұртшылығын елең еткізер елеулі шаралар өте көп болды. Жыл бойында 50 мыңнан аса түрлі мәдени шаралар атқарылды. Атап айтар болсақ есепті жыл Балпық бидің 325, М.Тынышпаевтың 140, І.Жансүгіровтің 125 жыл мерейтойларының өтуімен есте қалды. Облыстағы мәдениет маусымының салтанатты ашылуы, көктем мен күз айларындағы Ретро концерттермен, халықтық театр фестивалдерімен ерекшеленді. Айтулы мерейтойлар аясында және достық қарым-қатынасты арттыру мақсатында облыс өнерпаздары өңір басышысы Амандық Ғаббасұлының қолдауымен Түркия, Тайланд, Ресей, Қырғыз, Украина елдерінде облыс өнерін паш етіп қайтқан. Бұл туралы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Қапашұлы мәлімдеді. Аталған басқарма үшін жа...
Толығырақ... Оқылды: 266 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.01.2020

Іле ауданында үйі өртеніп, баспанасыз қалған жанұяға көмек қолы созылды

Қаңтар айының 12-нен 13-не қарған түні таңғы сағат 3 - те Іле ауданы, Байсерке ауылы, Набережная көшесінде орналасқан үй қызыл жалынға оранды. Тоқтың тұйықталуынан үйде өрт шыққан. Өрт құрсауында қалған үй Алатау Жарық Компаниясына (АЖК) тиесілі қызметтік үй-жайы болып табылады. Бұл баспананың салынғанына 60 жыл болған. Ағаш үйдің жалпы ауданы 70 шаршы метр. Осы үйде Алатау Жарық Компаниясының (АЖК) қызметкері 1976 жылдың тумасы, №60 қосалқы станцияның кезекшісі Даулет Сарбасов тұрған. Отбасында өзі, жұбайы мен 3 баласы бар. Төтенше жағдай орын алған жерге Байсерке ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан Даулет Сарыбасовтың отбасына округ әкімі Т. Көпбаев барды. Өрттен зардап шеккен жанұяға көмек қолын созу үшін арнайы комитет құрылған. Комитет мүшелері аталған отбасын уақытша тұру үшін пәтерге орналастырып, қажетті азық түліктер мен отбасы мүшелерін керек киім-кешектермен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балаларын білім ошағында тегін тамақпен қамтамасыз етуді д...
Толығырақ... Оқылды: 295 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.01.2020

«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді

Биыл қазақтың Ұлы ақыны Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы, көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланады,-деп басталған мақалада. Қасым-Жомарт Кемелұлы маңызды жобаның бірі-ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығару керек екенін айтты. Аталмыш мақала «Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделері», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағылымы» деген бөлімдерден тұрады. Мақаланың әр бөлімі арнайы бір мәселелерге тоқталған. Соның ішінде «Торқалы тойдың тағылымы»...
Толығырақ... Оқылды: 299 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.01.2020

Бөбектер болашағы басшылық назарында

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгеріс енген АӘК алудың шарттары мен өзіне тән міндеттері бар. Ол бекер емес. Атқарылатын жұмыстар мен қолға алынған бастамалар болашақтың тізгінін ұстар балғындардың келешегі үшін жасалынуда. ОСы ретте, АӘК-тің негізгі бағыттарына тоқатып өткен дұрыс. Сөз басында атап өткендей бөбектерге қалайша қайырымдылық жасалынбақ, оған қол жеткізудің негізгі шарты қандай? Сонымен іс-шаралар кешеніне төмендегідей 3 бағыт кіреді: Біріншісі - көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдік берілген жәрдемақыны беру болса, бұдан былай көп балалы отбасы немесе аз қамтылған отбасы деген атаулар алынып тасталынады. Сонымен қатар, бұл көп балалы аналардың, олардың қаржылық жағдайына және әлеуметтік жағдайына қарамастан, елдегі туу деңгейінің өсуіне ықпал етеді.. Сондықтан көп балалы отбасыларға республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты келесідей болады: 4 балаға - 42 496 теңге (...
Толығырақ... Оқылды: 274 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.01.2020

Кемеңгер тұлға

2020 жылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып өтіледі. Бұл туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл жаңалық барша қазақ елі үшін жағымды болды деп ойлаймын. Себебі, Абай - қазақ халқының сөнбес жұлдызы, шамшырағы. Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл –ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев – өз ұлтының реалистік гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогрессшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін алға жетеледі. Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүделері бізге тамаша гуманистік әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ елінің шын сырын аша білді....
Толығырақ... Оқылды: 306 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.01.2020

АУДАН МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Өткен аптада аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудан мәслихатының кезекті 57-ші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Алмас Әділ, аудандық мәслихат депутаттары, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Секенбай Шеңгелбаев, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, ақсақалдар алқасының мүшелері, саяси партиялар өкілдері, баспасөз ақпарат құралдары қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе - Көксу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті және ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы қаралды. Аталған мәселелер бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Серік Нұрмұханбетов баяндама жасады. - Құрметті аудан басшысы, құрметті депутаттар! Ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес, Президенттің Қазақстан...
Толығырақ... Оқылды: 232 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.01.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.