Жаңалықтар
Жыр Құлагері «ILIYAS» |
Алматы облысында Ілияс Жансүгіровтың өмірінен сыр шертетін фильмнің тұсау кесері өтті. Фильмді «Жетісу» телеарнасы мен Zhetisu Film кинокомпаниясы Алматы облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша түсірді. Туындының продюсері «Жетісу» телеарнасының директоры, белгілі журналист Бейсен Құранбек, ал фильмнің режиссері - Ерлан Ушакпаев. Фильм Мұратхан Иманғазинов, Қажет Андас, Елдос Тоқтарбай сынды тарихи кеңесшілердің көмегімен түсірілген. Фильм ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровке арналған. Ілияс қазақ қоғамындағы алғашқы мәдени сәулетшісі болды. Ілияс Жансүгіровтің өмірбаяны қазіргі жастарға үлгі болып, ой саларлық сара жолдың бірі. Тағдыры сын тезіне салса да шыдаған сері жігіттің өмір жолы оңай болған жоқ. Басы ноқтаға сыймаған атпалдай азаматтың өткені фильде бастан-аяқ көрініс тапқан. Фильмде авторлар Ілияс Жансүгіровтің ақын, жазушы, журналист, қоғам қайраткері ретіндегі тұлғасының жан-жақты сипатын ашуға, сол дәуірдің қайғылы өмірін кө... |
Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2019 |
ПАРТИЯ ТӨРІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ |
Желтоқсан айының 23-ші жұлдызында аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалық өтуімен жиын өтті. Шараға арнайы "Nur Otan" партиясы Алматы облысы бойынша бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев қатысты. Еске сала кетсек, Жанболат Әкебайұлы 10-шы желтоқсанда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен активте жаңа қызметке тағайындалған болатын. Жиында атаулы партияның алға қойған міндеттері мен алдағы сайлауалды бағдарламаның жобасы сөз етілді. Елбасының атап көрсеткен 7 серпін бағдарламасы да айтылды. Жанболат Жөргенбаев: "Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – "Nur Otan" партиясының 7 серпіні" атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы партияның белсенді мүшелерін топтастыру, яғни партияның ядролық электоратын қалыптастыру мен бастауыш ұйымдардың ролін көтеру; жемқорлықпен күресті күшейту мен партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үш... |
Толығырақ... Оқылды: 347 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2019 |
ҰБТ тапсыру тәртібі тағы өзгереді |
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектептен кейінгі білім беру жүйесінде болатын өзгерістерді атады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру тәртібі электронды форматқа көшіріледі. Гранттардың бірнеше түрі енгізіліп, жоғарғы оқудың ашықтығы, қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 2025 жылға дейін 90 мың орынға арналған жатақханалар салынады. Педагогика мамандарын даярлайтын 85 университк қосымша талап қойып, олардың санын әлдеқайда азайтып, олардың материалдық базасын нығайтамыз. Бізде педагогтерді даярлау өте маңызды мәселе, - деді Білім және ғылым министрі. Аймағамбетов колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 60%-дан 75%-ға дейін жететінін айтты. Жоғары білім бағдарламалары кәсіби стандарттарға негізделіп, 100% жаңарады. Шетел студенттерінің саны жалпы контингенттің 10%-ын құрайды. Министр білім гранттарың құны артатынын атап өтті. Білім гранттарын орташа алғанда 340-420 мыңнан 900 мыңға дейін өсіру арқылы профессо... |
Толығырақ... Оқылды: 306 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.12.2019 |
Асығыстық танытуға болмайды – президент латын әліпбиіне көшу туралы |
Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу мәселесінде асығыстыққа жол бермеу қажет екенін айтты. Латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша асығыстық танытуға болмайды. Егжей-тегжейлі салыстырып, жаңа әліпбидің барлық аспектілерін талдап, олармен жұмыс істеу керек. Латын қарпінің ұсынылған үш нұсқасы жетілдіруді қажет ететінін көрсетті. Сол себепті жеңіл-желпі қарауға болмайтын бұл мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыру керек. Мәселе кириллица қарпінен латын әліпбиіне көше салу туралы болып тұрған жоқ. Тіліміздің жаңғыруын қаласаңыздар, қазақ тілін реформалау керек. Ғалымдарымыздың пікірін күтеміз. Осындай ұлт мәселесінде қазақ тілін реформалайтынымызды тағы да мәлімдеймін. Науқаншылық пен жеңіл-желпі қарауға жол берілмейді, - деді Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында. Айта кетсек, 2017 жылы ҚР президенті "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Жарлыққа қол қойды. ҚР премьер-министрінің өкімімен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұ... |
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.12.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 желтоқсан |
24 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды Бүгін батыс христиандары Сочельникті атап өтеді. Бұл күн Рождество қарсаңында тойланады және осы мерекеге дайындықты білдіреді. Сочельник күнін католиктер, протестанттар мен кейбір православтар мерекелейді. Ресейде бүгін түріктің Измаил қамалын алу күні аталып өтпек. Бұл орыс-түрік соғысымен байланысты маңызды дата. 1790 жылы А.Суворов бастаған әскерлер Измаил қамалын алды. Бұл күннің маңыздылығы 1995 жылы "Әскери даңқ күндері туралы" заңда аталып өткен. Сондай-ақ, бүгін – Витриналарға саяхат күні. Витриналар өз заңымен өмір сүріп жатқан беймәлім мемлекет іспеттес. Іздеген нәрсенің бәрін табуға болады: әдемі сөмкеден бастап үйдің сәнін келтіретін жиһазға дейін. Бүгін витриналарға саяхат жасауға кеңес береміз, кім білсін, бәлкім көптен армандаған дүниеңізді тауып қаларсыз. 24 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар 1801 жылы Англияда әлемдегі алғашқы бумен жүретін автокөлік таныстырылды; 1871 жылы Каирде Джузе... |
Толығырақ... Оқылды: 417 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 24.12.2019 |
Жыл басынан бері Алматы облысында 180-нен астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық анықталды |
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті әртүрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық қауіпіне 17 сыртқы талдау жүргізді, оның ішінде Агенттік атынан 15 және бастамашыл талдаулар 2. Барлығы 189 салада сыбайлас жемқорлық қауіпі анықталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Jetisy media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында хабарлады. Бөлім сыртқы талдаудың арқасында ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтай алды. 189 құқық бұзушылықтың 21-ін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден саласы арқылы жасаған. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың 19 қатері анықталды, ал жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларда - 17. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын-алудың тиімді шараларының бірі - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу. Сыртқы талдау сыбайлас... |
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.12.2019 |
Жұқа мұз, жарық-от: Қыстағы қауіп |
«Jetisy Media» ақпараттық алаңында "жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын және пиротехникалық заттарды пайдалану қағидаларын сақтау және "қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу"тақырыбында брифинг өтті. Жарық шамдар, әдемі кеш жаңа жылдық көңіл күйді бергенімен арты оқыс оқиғаға ұласып жатады. Сондай келеңсіз жайыттардың алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаменті халыққа үндеу тастады. Қыс мезгілінде қауіптің артары анық. Жолдағы апаттар, мұзды жерлерде орын алатын жағдаяттар қахарлы қыстың қоғам қауіпсізгігіне ықпал ететінін аңғартады. Осы ретте Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздікті күшейту шараларын бастап кеткен. Мәселен, қар құрсауында қалып қойып зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 10 стационарлы жылыту пункті, 3 жылжымалы жылыту пункті және 1 стационарлы вагон қараша айынан бастап Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолында Ырғайты асуында қойылған. Зардап шеккендерді қаб... |
Толығырақ... Оқылды: 359 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2019 |
1 қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар өседі |
Ең төменгі күн көріс құны шамамен 1500 теңгеге артып, 31 183 теңгені құрайды. Қазақстанда "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер айтты, деп хабарлайдыzakon.kz. Ең төменгі жалақы 42 500 теңге деңгейінде қала береді. Ал ең төменгі күн көріс құны шамамен 1500 теңгеге артып, 31 183 теңгені құрайды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттен қамсыздандырылған зейнетақы 7 процентке өседі, ал оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңге болады. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 процентке өсіп, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңгені құрайды. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің мөлшеріне, мүгедектіктің тобы мен оның себебіне, асыраушысынан айырылған жағдайда - асырауындағы адамдар санына және республикалық бюджет туралы заңда белгілен... |
Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.12.2019 |
Елімізде қандастарды қолдауға арналған жаңа заң жобасы қабылданады |
Келер жылы елімізде қандастарды қолдауға арналған жаңа заң жобасы қабылданады, деп хабарлайды «Хабар 24». Сол арқылы тарихи Отанға оралғысы келгендер құжаттарын «бір терезе» қағидасы бойынша реттеуге мүмкіндік алады. Бұл жөнінде бүгін Отандастар қорының жылдық есебі талқыланған жиында айтылды. Мамандардың айтуынша, білім беру және мәдениет салаларында байланыс беки түседі. Жыл сайын қандастарға мемлекеттік грант есебінен жоғары оқу орындарында білім алу үшін 4%-тік квота бөлінеді. Жазғы лагерьлерде 300 өрен тегін тынығады және өзге де бүлдіршіндер ұлы дала жеріне саяхаттайды Мағауия Сарбасов, Отандастар қорының вице-президенті: - Әртүрлі мәліметтер бойынша сыртта 5 миллионнан 8 миллионға дейін қандастарымыз тұрады. Нақты мәліметін шығару үшін жұмыстар атқарып жатырмыз. Заң жобасын әзірледік. Комиссия құрылған еді. Оның басты мақсаты – сыртта тұрып жатқан бауырларды қолдау. |
Толығырақ... Оқылды: 364 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.12.2019 |
Елімізде ҰБТ электронды форматқа ауысады |
Ұлттық бірыңғай тесті тапсыру тағы өзгереді. Мектептерге бейнебақылау камераларын қою 2 жылда толық шешіледі. Бұл туралы еліміздің бас мұғалімі үкімет отырысында 2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстыру кезінде айтты. Асхат Аймағамбетов жиын барысында балалар арасында өршіп тұрған суицид оқиғаларына да тоқталды. Сондай-ақ, 20 жылдап орнын босатпай, білім ошақтарын басқарып отырған директорлардың да мәселесін қарастыратынын жеткізді. Министр тағы не деді? Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына сұранып тұрған жаңалықтарды үкіметке Асхат Аймағамбетов ала келді. Енді ше, 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлепті. Ішінде не жоқ дейсің. Көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелердің бірі - балалардың қауіпсіздігі еді. Министр бағдарлама алдағы бес жылды қамтыса да, негізгі деген шаруаларды кезектен тыс шешуді көздейді. «Мемлекеттік бағдарлама 2025 жылға дейін есе... |
Толығырақ... Оқылды: 401 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.12.2019 |