Жаңалықтар

Дін - қоғам айнасы

Дін - ерекше қозғаушы фактор. Сол себепті де мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың барлық мәселелерінің оң шешім табуы өте маңызды. Аталған саладағы барлық түйіткілдер үш негізгі қағидатты: тепе-теңдікті, бейтараптықты және төзімділікті сақтай отырып шешіледі. Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлының айтуынша, бүгінгі күні облыста діни ахуал тұрақты. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыста 637 діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: 466 ҚМДБ ислам мешіттері, 52 православиелік ДПШ, 11 Рим-Католиктік, 96 протестанттық, 10 Ехоба куәгерлері, 1 Бахай қауымдастығы, 1 Кришна санасы қоғамы тіркелген. Қазіргі таңда еліміз бойынша 18 діни конфессия бар, соның 12-сі Алматы облысында өз жұмысын арттыруда. Сонымен қатар, облыста тіркелген 466 ислам мешіттерінде барлығы 573 имамқызмет атқарады. Оның ішінде: 282 бас имам, 96 наиб имам, 22 ұстаз, 11 азаншы, 162 молда бар...
Толығырақ... Оқылды: 257 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.02.2020

ЕШ СЕБЕП ЖОҚ

2020 жылдың 17 ақпанында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, ақпанның 20 бастап, Қытайдан келген Қазақстан азаматтары ауруханада оқшауланып, 14 күнге карантинге жіберіледі. Содан соң, тағы 10 күн тұрғылықты мекен-жайы бойынша ақ халаттылардың қатаң бақылауында болмақ. Тексеру кезінде ауру белгілері байқалған науқастар бірден инфекциялық ауруханаға жатқызылып, 14 күн бойы бөлек бөлмеде оқшауланады. Қазір біздің елдің шекара маңындағы саудагерлері, жүк көлік жүргізушілері, қайықшылар Қазақстанға оралуға ниетті. Олар елге қайтып оралғанда, қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуіміз тиіс. Сондықтан, құрметті тұрғындар! Қытай аумағына өтпес бұрын, елге оралғанда денсаулық жағдайыңызға қарамастан, 14 күн ауруханаға жатқызылып, медициналық бақылауда болатыңызды ұмытпаңыз. Ал, көліктер міндетті түрде залалсыздандырылады. Айта кету керек, Алматы облысында індетке қарсы күрес шаралары мықтап қолға алынған. Қытай аумағына жақын Алакөл, Ұйғыр, Панфилов ау...
Толығырақ... Оқылды: 252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.02.2020

«Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасы

Толығырақ... Оқылды: 287 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.02.2020

Ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі

20 ақпан күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында 2019 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстары мен 2020 жылға арналған жоспармен бөлісу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбековтың төрағалық етуімен брифинг өтті. Аталмыш жиынға бөлім, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Алғашқы болып сөз алған Ұлан Әлдибекұлы жоба бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Қайырлы күн, құрметті жерлестер! Көксу ауданы бойынша 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 13 жоба мен 180 іс-шара жүзеге асырылды. Аудан бойынша бағдарлама шеңберінде 2019 жылы 11 мың-ға жуық адамның қатысуымен 13 жоба мен 180 іс-шара ұйымдастырылды. «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2019 жылы аудан меценаттары мен демеушілерінің қолдауымен 6 жоба іске асырылды.Оның ішінде меценаттардың қолдауымен Балпық би ауылында шағын футбол алаңы салынып, қолданысқа берілді, жоба құны 9 млн теңге. Алғабас...
Толығырақ... Оқылды: 340 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020

«MOVEMENT DANCE BATTLE»

Балпық би ауылы аудандық мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ерікті жастар арасында «MOVEMENT DANCE BATTLE» заманауи би жарысы өтті. Жастардың заманауи би өнеріне деген қызығушылығын дамытып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруды мақсат еткен шараға аудан мектептерінен құралған бірнеше топтар қатысып, А және В тобы болып 2 топқа бөлінді. Жарыс 5 балдық бағамен бағаланып, ІІІ кезеңнен тұрды. Ақтық сайысқа 4 топ жолдама алды. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Б. Құндақбаева атындағы орта мектептің «ВИЖУАЛС» тобы, І орынды Бақтыбай ауылы «БРАЗЕРС» тобы, ІІ орынды Қ.Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясы иеленсе, ІІІ орынға Құрманов орта мектебі ие болды. өз тілшіміз
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020

12 жыл халықпен біргеміз!

Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы - еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы - заңды құбылыс. Орталық өз жұмысын Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде жүргізіп келеді. Бұл нысанның әлеумет үшін маңызы зор. Себебі, бұрын бір анықтама алу үшін бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттер, ең құндысы алтын уақытын сарп ететін халық бүгінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деп аталатын осы мекеме арқылы барлық құжаттарын бір демде реттеу мәселесі жолға қойылған. Көпшілік «бір терезе» деп атаған бұл мекеменің ғимараты жаңа типтік жобамен жабдықталып, келген әрбір тұтынушы үшін толық жағдай жасалынып, жұмыс жүйесі жақсы ұйымдастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, мұндағы қызметкерлер өз істерінің білікті мамандары, қай істе де алдыңғы лектен көрініп, аудандағы қоғамдық жұмыстарда да бе...
Толығырақ... Оқылды: 348 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020

Ер мінезді ұрпақ

Әрбір бала кіршіксіз мінез-құлықпен, күнә атаулыдан пәк қалпында дүниеге келеді. Пайғамбарымыз да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы тазалыққа барынша қамқорлық танытатын және өзгелерге де осыны бұйыратын. Сәбилерді қолға көтеріп жүру, сүю, иіскеу – оның сүйікті істерінен болды. «Бала тәрбиесі - таудан сырғанаған шана секілді. Бағыттап отырсаң болды. Жас баланың жүрегі таза болған соң, жақсы тәрбие берсең, соған қарай ұйып түседі». Осы орайда біз бүгін Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен өнегелі мысалдар келтіріп, батыл, ер мінезді ұрпақ тәрбиелеуге қатысты қағидаларды топтастырып көрмекпіз. Кеңес – бізден, ал оны амалға шығару – сізден болмақ... 1.«Кішіге де – ізет». Бала өзінің отбасындағы маңызды орнын, жауапкершілігін сезіну және болашақ отағасы, әке, басшы рөліне дайын болу үшін ересектер тарапынан өзіне деген құрметті сезінуі керек. «Сен мынадайсың, сен анадайсың» деген сөздер...
Толығырақ... Оқылды: 345 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.02.2020

МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ЗАҢ ҚОРҒАУЫНДА

Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. «Алты алаштың ардақтылары бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың қанатты сөзін қаперге алмайтын қоғамға «Педагог мәртебесі туралы» Заң керек-ақ. Мұғалім мәртебесі баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан тақырыптардың біріне айналды. Міне, сондықтан да шығар, Елбасының бастамасымен қоғамның жіті талқылауынан өткен «Педагог мәртебесі туралы» Заң Парламент қарауына түсіп, білім саласының мамандарын ғана емес, күллі халықты жақсылықтан үміттендіріп отыр. Өйткені заңның аты – заң. Ол ұстаздар қауымына әрі қорған, әрі ынталандыру болмақ. Рухани тұлғаларымыздан Жүсіп Баласағұни: «Ізгі атымен ғана ер алғысқа бөленеді» десе, Махмұд Қашқари: «Ізгі ердің сүйегі шіріп кетсе де, аты өшпейді» деп жазады. Осы ізгіліктің бәрі – ұстаз болмысынан, ұстаз біліг...
Толығырақ... Оқылды: 849 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020

ОБЛЫС БАСШЫСЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРДІ

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың халық алдында есеп беру жиыны Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрында өтті. - 2019 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 4,5 пайызға өсіп, үш триллион теңгеден асты. 48 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 31 мыңы тұрақты жұмыс орындары. Мемлекеттік бюджетке түсімдер 509 млрд. теңгеден асты, оның ішінде тек өзіндік кірістер - 226 млрд. теңге болған. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында «Талдықорған-Өскемен», «Үшарал-Достық», «Күрті-Бурылбайтал», «Ұзынағаш-Отар» көлік жолдарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл барлық стандарттарға сай келетін шамамен 1526 шақырым тамаша жолдар, осының есебінен облыстың транзиттік әлеуеті одан әрі ұлғая түседі. Жергілікті маңызы бар және ауылішілік жолдардың да сапасы төмен болмауы тиіс. Жергілікті маңызы бар жолдардың 81% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылы бұл көрсеткіш 84 пайызға жетеді, облыстық және ауданд...
Толығырақ... Оқылды: 235 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.02.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 6 орталық жұмыс жүргізуде

2020 жылдың 11 ақпанынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Мақажанов Ернар Абсейітұлы тағайындалған болатын. Жаңа басшы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында алдағы атқарылар жоспарлармен бөлісті. "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі 2018 жылы құрылған уақытынан бастап аймақтағы жемқорлықтың тамырына балта шабуға бар күштерін салуда. Жалпы жобалық кеңсенің алдыға қойған мақсаты – «жемқорлықсыз аймақты» қалыптастыру болып табылады. Алдағы уақытта адалдық алаңы әлеуметтің әр саласында мәселен, денсаулық сақтау, тұрғын, үй, білім, әлеуметтік сала, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық ортада қолайлы жағдай жасау, тұтынуышлар құқығын ретке келтіру, көлік тасымалы сынды салаларда мониторинг жүргізіп, көпшілікпен сауалнама жасап, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алуға білек сыбана кіріспек. Тұрғындардың сыбайл...
Толығырақ... Оқылды: 292 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.02.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.