Жаңалықтар
2020 жыл қазақ халқы үшін қандай болады? |
Қазақ халқының мүшелдік жыл санауы тышқан жылынан басталады. Ол келесі жылы 22 наурызда кіреді. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес, деп жазады Skifnews.kz. Ғалымдардың пайымдауынша, олай жыл қайыру табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. Аңыз бойынша осы он екі жануар жыл атына ие болуға таласқан. Сонда тышқан тұрып: "Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз шығып келе жатқан күнді аңдимыз. Сонда күннің көтеріліп келе жатқанын кім бірінші көрсе, сол - бірінші жылдың, одан кейін көргеніміз екінші жылдың атын аламыз. Осылай өз кезегімізбен барлық жылды бөліп аламыз", - деп... |
Толығырақ... Оқылды: 375 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.12.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 желтоқсан |
Бүгін балалардың сүйікті мерекелерінің бірі – Аяз атаға сыйлыққа тапсырыс беру күні. Бұл күні тілалғыш және тәрбиелі балалар ертегі кейіпкеріне хат жазып, Жаңа жылға қандай сыйлық алғысы келетінін айтады. Балақайлардың көбі Аяз атаның барына сенеді. Алайда есейіп, ержеткенде мұның тек ертегі екенін түсінеді. Десе де, әр үйде Аяз атаның көмекшілері бар, олар әке мен шеше, басқа датуысқандар. Бұл жандар жаңа жыл түні жақындағанда Аяз атаның кейпіне еніп, кішкентайларды қуантуға тырысады. 4 желтоқсанға тұспа-тұс келген тағы бір керемет мереке – Халықаралық құшақтасу күні. Бүгін қалаған адамыңызды еш себепсіз құшақтауға болады. Тіпті бір кездері Ұлыбританияда құшақтасуден рекорд орнатылған. Ерекше байқау кезінде алты жұп 24 сағат және 44 минут бойы құшақтасқан еді. Бұған қоса, бүгін Ресейде бейресми түрде Информатика күні аталып өтеді. 1948 жылы КСРО-да дәл осы күні Брук пен Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасы тіркелді. |
Толығырақ... Оқылды: 389 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.12.2019 |
Алматы облысында қысқы маусымға дайындық пысықталды |
«Jetisu Media» алаңында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарының қатысуымен баспасөз–мәслихаты өтті. Жиында алғаш сөз алған Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Ахашов облыс аумағында өрттер мен улы газбен улану оқиғаларына кеңінен тоқталды. Өрттің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелеріндұрыс орындамау, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу,балалардың отпен ойнауы болып табылады,-деді. Сондай-ақ, ТЖД бастығының орынбасары күнделікті профилактикалық іс-шаралар, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өткізетін әртүрлі акциялар мен жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін атап, 2018-2019 жылдардағы жаңа жылдық түндегі өрт санын айтып, азаматтарды алдағы жаңа жылдық мерекелерде пиротехникалық құралдарды қолдану және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау кезінде сақт... |
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019 |
Тәуелсіздік күні қарсаңында Райымбек ауданында көп балалы аз қамтылған 14 отбасы баспаналы болады |
Райымбек ауданы биылғы жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындыламақ. Мәселен, соңғы 10 айда ауылшаруашылық өнімі 25,7 млрд теңгеге жеткен. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1 млрд 103 млн теңгеге артық орындалып отыр. Аймақта атқарылған жұмыстар мен келер жылғы жоспармен аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов "Jetisu media" алаңына келіп бөлісті. Райымбек ауданы ауылшаруашылыққа қолайлы мекен. Сондықтан осы саланың дамуы қарқынды. Аймақта қазір ірі қара, ұсақ мал мен егіншілікті кәсіп еткен 22 мыңға жуық шаруашылық бар. Оның 80-астамы асылдандырумен айналысады. Өңірде картоп өсіріп оны өңдеу жұмысы да белсенді. Биыл 6 000 га алқапқа картоп себіліп, әр гектарынан 208 центнер өнім алынған. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен картоп өндіру бағытында 3 сервистік дайындау орталығы құрылды. Жыл басынан бері 316 млн теңгеге 80-нан аса ауылшаруашылық техника сатып алған. 2018 жылы бірінші Президент шешімімен бөлінген Райымбек ауданында келер жылы етті өңдеу, экспортқа шығару жұмысын... |
Толығырақ... Оқылды: 330 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019 |
Республикалық ақпараттық үгіт-насихат Штабы құрылды |
Мәдениет мен өркениеті ұштасып экономикасы дамыған озық елдің қатарында болу әрбір тәуелсіз елдің басты мақсаты. Бұл тұрғыда дербес мемлекетіміз ешкімге дес берместен үздіктермен иық тірестіруге барын салып келеді. Ал, аяқтан шалып артқа тартатындар да жоқ емес. Ол-жемқорлық. Осы орайда, аталған індеттің тамырына балта шабу үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанынан Республикалық ақпараттық-үгіт насихат Штабы құрылған болатын. Ақпараттық үгіт-насихат штабының негізгі мақсаты халық пен мемлекет арасында диалогтық көпір құру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың, халық және мемлекеттік органдар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Республикалық ақпараттық үгіт-насихат штабына ҚР қоғам қайраткері, режиссер, жазушы – Ермек Тұрсынов, қоғам қайраткері, этнодизайнер – Ырза Тұрсынзада, Парламент Мәжілісінің депутаты – Ирина Смирнова,... |
Толығырақ... Оқылды: 288 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019 |
2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасында халыққа медициналық реабилитация мен қалпына келтіру көмегі қалай көрсетіледі |
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туберкулезден айыққан адамдар ТМККК шеңберінде, ал МӘМС шеңберінде арнайы мамандандырылған реабилитациялық орталықтарда ересектер мен балаларға медициналық оңалту (2 кезең - аурухана, 3 кезең - амбулатория), амбулаториялық-емханалық мекемелер мен шипажайларда балалар мен мүгедектерге медициналық оңалту көмегі көрсетілетін болады . Төмендегі Заңнамалар негізінде жүзеге асырылады: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. «Қазақстан Республикасы халқына медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 98 бұйрығы «Оңалту және емдеу, оның ішінде балаларды медициналық оңалту ережелері» (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі Денсаулық сақтау және әлеуметтік... |
Толығырақ... Оқылды: 345 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019 |
Алматы облысының жедел жәрдем қызметі GPS жүйесімен қамтылған |
Алматы облысының 2005246 тұрғындарына жедел жәрдем станциясының балансында 121 жедел жәрдем тобы күн-түн демей көмек көрсетуде. 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап меншігінде 1 ұшақ пен тік ұшағы бар медициналық аваиация жұмыс жасауын бастаған. Бүгінде жедел жәрдем қызметінде 54 дәрігер, 728 фельдшер, 684 жүргізуші жұмыс істейді. « 2018 жылдық 11 қыркүйегінен бастап бірыңғай диспетчерлік қызмет көрсету жобасы қолға алынған. Онда облыстың түкпір-түпірінен келіп түсетін барша қоңыраулар Талдықорған қаласындағы №1 емханада орналасқан диспетчерлік қызметте сақталынып, жазылады. Тәулігіне 1800-2200 түрлі санаттағы хабарламалар келіп түседі», - дейді Алматы облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Қанат Қалдыбаев. Көмек-103 бағдарламасының жүзеге асуына орай көрсеткіштер біршама жақсарған. Атап айтсақ, көрсетілген мекен-жайға бару ұзақтығы 18,9 минуттан 12,5 минутқа қысқарса, ауруханаға жеткізгенше көз жұму жағдайы 2145-тен, 1985-ке төмендеген. Ал, сәтті ранемациялау ке... |
Толығырақ... Оқылды: 273 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019 |
Алматы облысындағы заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайы талқыланды |
«Jetisu Media» алаңында 2019 жылдың 10 ай қортындысы бойынша Алматы облысындағы заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайы туралы баспасөз-мәслихаты өтті. Жиын барысында құқық қорғау саласының мамандары соңғы 10 айдағы көрсеткіштерге тоқталып, тарқатып айтты. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының статистикалық деректеріне сәйкес құқық бұзушылық фактісі 15,8% төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылық Сарқан ауданында 1,2%, Текелі қаласында 2,5% - ға өскен. «Қасақана кісі өлтіру - 30,1% (79 былтырғы жылы 113 қарсы), бұзақылық - 12,2% (490 - 558 қарсы), алаяқтық - 10% (1455 - 1617 қарсы), тонау - 15,5% (355 - 420 қарсы), қорқытып мүлкін алу - 26,5% (24 - 34 қарсы)»,- төмендеген дейді қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Нұрділда Әсімхан. Облыс бойынша ауыр және аса ауыр санаттағы құқық бұзушылықтардың ашылуы 80,5% құраған (был... |
Толығырақ... Оқылды: 285 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019 |
ДАУДЫҢ БАСЫ, ДАЙРАБАЙДЫҢ КӨК СИЫРЫ – ЖОЛДА... |
Ауданымыздың кейінгі жылдары экономикасы көтеріліп, халықтың жағдайы жақсарып келеді. Жыл сайын бірнеше жаңа ғимараттар бой көтеріп жатса, бұрынғы ескілері күрделі жөндеуден өтуде. Барлық елді мекендердегі ауызсу мәселесінің шешілетін күні де алыс емес. Газ құбыры да тартылып, қарапайым халықты қуантуда. Ең бастысы жолдарды жөндеуге де қыруар қаржы бөлініп отыр. Аллаға шүкір дейміз! Айтар лажымыз жоқ, бірақ шағымымыз бар... Бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе – ол кейбір көшелердегіжол белгілері туралы болмақ. Қоғамның басты байлығы адам. Сондықтан да, әрбір адамның қауіпсіздігіне барынша ден қою ләзім. Бұл жерде біздің айтпағымыз ауылдарды айтпай-ақ, аудан орталығының өзінде осы жол белгілерін ретке келтіре алмауымыз болып отыр. Бұл мәселе тиісті жауапты мамандарға айтылды, бірақ, нәтиже жоқ... Әлемде көліктердің саны жылдан-жылға артып келеді. Көшеде ағылып жатқан темір тұлпарлар өз бетінше бағыт алып кете берсе не болатынын елестетіп көріңізші?! Жол еркелікті және қателікті кеш... |
Толығырақ... Оқылды: 784 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019 |
Іскер әйел-білікті кәсіпкер |
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – бұл коммерциялық емес ұйым, оның қызметі елде бизнес жүргізу шарттарын дамытуға бағытталған. Палатаның басты міндеті – шағын орта бизнес құқықтары мен мүдделерін қорғау. Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкер әйелдердің үлесі 50% -дан асады, сонымен қатар шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 60% - дан астамын әйелдер басқарады екен. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 28 қараша күні «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Алтын Сарай» мейрамханасында аудандық іскер әйелдер форумы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, сондай – ақ әйелдердің экономикалық әлеуетін дамыту. Форумға облыстық Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің хатшысы, кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева, аудан әкімінің орынбасары Нұрдаулет Кененбаев пен әкімшілік қызметкерлері, сондай-ақ, бизнес ұйымдар мен мемлек... |
Толығырақ... Оқылды: 376 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019 |