Жаңалықтар

Талдықорған қаласы 93 % газбен қамтамасыз етілген

Бүгінгі таңда Талдықорған қаласы 93% газбен қамтамасыз етілген. 860 километрден астам газдандыру желісі салынды. Бұл туралы Талдықорған қаласының әкімі, Ғалымжан Әбдірайымов халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді. Қала басшысының айтуынша, көгілдір отынға жеке сектордағы 7 мыңға жуық абонент, 38 көпқабатты үй, 2 мың пәтер және 54 коммерциялық нысан қосылған. "9 мыңнан астам абонент көгілдір отынды пайдаланады. 926 шақырымның 863-інде газдандыру желісі салынды, жұмыс белсенді жалғасуда. 5 тоқсандық қазандықтарды газға ауыстыру жоспары негізінде ағымдағы жылы №3 қазандық ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін табиғи газға көшіріледі. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды",- деді Ғалымжан Әбдірайымов. Айта кету керек, мемлекет қолдауының арқасында Талдықорғанның 150-ден астам үйі табиғи газға тегін қосылған. Ал 137-не бөліп төлеу арқылы газ қосылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге бөлінді.
Толығырақ... Оқылды: 261 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.02.2020

Әлеуметтік көмек әр отбасына көрсетілуде

Әлеуметтік салада, әрине көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға барынша жәрдем көрсетілуде. 5632 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына жалпы 3,2 млрд.теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер берілген. Бұл туралы Ғалымжан Әбдрайымова баяндады. Өткен жылы мектептерде көп балалы отбасылардан шыққан 2 687 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе (117,4 млн. теңге), 1 596 көп балалы аналар қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүрген, қалада барлығы 4 066 көп балалы аналар бар, әр жанұяның жағдайы мониторингке алынған. Көп балалы 148 отбасы үйлерін табиғи газ желісіне тегін қосуға мүмкіндік жасалды, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табуда. Коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу үшін 635 отбасына 16,3 млн. теңге тұрғын үй көмегі көрсетілді. Мемлекет тарапынан 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балаларына 11 әлеуметтік қолдау және қызмет шаралары кіретін көмек көрсетілетін болады. Атпа айтсақ, 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қам...
Толығырақ... Оқылды: 276 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.02.2020

Алматы облысында 598 баспананың кілті табысталған

Базыналы елдің бас ауруына айналған баспана мәселесін қала басшысы Ғалымжан Әбдірайымов халықпен есепті кездесуінде көтерді. Мәліметтерге сүйенсек, пәтер алу кезегінде қалада 17170 азамат кезекте тұрса, ипотекалық несие арқылы пәтер алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 17290 қаржы салымшылары тіркелген. Бұдан басқа жеке тұрғын үй құрылысының жер теліміне кезекте 28,7 мың азаматтар тұр. Үстіміздегі жылы Жастар-3 шағын ауданында 500-ден аса жер телімдерін беруге дайындаудамыз, бірақ ол өте аз,- деп айтты Ғалымжан Райылұлы. Облыс әкімінің осы бағытта берген тапсырмасын орындау мақсатында, жоғарыда айтылған кезек тізімін тек тұрақтандыру үшін жылына 1500 пәтер пайдалануға берілуі қажет, ал кезек санын қысқарту үшін жыл сайын 2000 пәтер құрылысы жүргізілуі тиіс. Бюджет есебінен, көпқабатты үйлерден 250 пәтерді, коттедж қалашығынан 155 үйді мерзімінде қолданысқа берсе, жеке құрылыс компаниялар есебінен 192 пәтер өткізіліп, жалпы 2019 жылы 598 пәтер өз иелерін тапқан. Көпб...
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.02.2020

Талдықорған қаласының 50 мыңға жуық тұрғыны тұрақты жұмыс орындарына ие

2019 жылдың статистикасы бойынша, Талдықорғанда тұрақты жұмыс орындарымен 88 мың еңбекке қабілетті қаланың 47 мың тұрғыны қамтамасыз етілген. Ал орташа жалақы 131 мың теңгені құрайды, ең төменгі күнкөріс деңгейі 27 мың теңге. Бұл туралы Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді. Осыны ескере отырып, облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы қазіргі заманғы технологияларды өндіріске енгізу, құрылыс саласына жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды, осылайша тұрақты жұмыс орындарының санын арттыру, оның түпкі мақсаты Талдықорған тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту болып табылады. Осы бағытта 2019-2023 жылдарға арналған жоспарға сәйкес өнеркәсіп саласына 28,7 млрд теңге инвестиция бағытталады, оның ішінде 2019 жылы 2 млрд теңге инвестиция тартылды, 3 жаңа өндіріс іске қосылды, 2 өндіріс кеңейтілді, 47 жаңа жұмыс орны ашылды", - деді әкім. Сонымен қатар, "Жетісу Мажико агрокешені" жем өндіретін зауыттың құрылысы...
Толығырақ... Оқылды: 258 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.02.2020

МӘМС бойынша онкосрининг қызметі тегін өткізіледі

Қатерлі ісік ауруының ерте диагностикасы жақсарды. 4 ақпан - Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мәліметі бойынша, қазір онкологиялық диспансерде 180 мыңнан астам адам тіркелген. Қатерлі ісік ауруынан пайда болатын өлім көрсеткіші 100 мың адам 76,0 құрады (14 060 жағдай), ал ауру көрсеткіші 100 мың адамға 196,4 құрады (36 345 жағдай). Алайда, ерте сатысында анықталған көптеген ісіктерді емдеуге болады. Бүгінгі таңда қатерлі ісік ауруының ерте диагностикасы жақсарғаны қуантады. Жалпы құрылымда жаңа жағдайлардың 0-I кезеңінде 26,8% анықталды. ЖЖьла Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру аясында жылына бір рет әр сақтанушыға тегін тексеруден және кәсіби тексеруден өтуге шақырады. Қазір елімізде ақысыз түрдегі скринингтің үш түрі бар: сүт безі қатерлі ісігі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін), колоректальды қатерлі ісік (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен...
Толығырақ... Оқылды: 235 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.02.2020

Науқастарды ерте диагностикалау деңгейі 23,0% құрады

Бүгінгі таңда Алматы облысы бойынша 2 онкологиялық диспансер жұмыс істейді. Оның бірі Алматы да, екіншісі Талдықорған қаласында орналасқан. Қатерлі ісік күннен күнге жасарып барады деп дабыл қаққан мамандар жыл сайын тұрақты түрде «ашық есік» күндерін өткізіп, сондай-ақ ауылдық, оның ішінде шалғай елді мекендерге көшпелі мобильді мамандар тобын жіберіп, аурудың алдын алу жолдарына кіріскен. Мәселен, Текелі қаласы, Қаратал және Сарқан аудандарында 374 тұрғындарды тексеруден өткізіп, оның ішінде 75 адамнан әр түрлі аурулардың патологиялық белгілерін анықтаған. Аймақтарға шығып халық денсаулығын жіті бақылаған мамандардың атқарған ісінің нәтижесіне көз жүгірсек, былтырғы жылы Алматы облысында 12 айдың қорытындысы бойынша, қатерлі ісік ауруларына шалдыққан 2835 науқас тіркелген, 100 мың адамға шаққанда ауру көрсеткіші 138,5 пайызды құраған. Жыл бойы жалғасын тапқан профилактикалық ем-шараларының статистикасын алып қарасақ, қатерлі аурудан көз жұматындардың саны 59,9...
Толығырақ... Оқылды: 246 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.02.2020

«Zhas Project» бизнестің бастауы

Жастар корпусын дамыту жобасы 2017 жылдан бастап ел аумақтарында жүзеге асырылып келе жатыр. Бұл –жастарға арналған бірегей бағдарлама. Бұл-Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны конкурстық негізде анықталған Үйлестіру агенттігі іске асырады. Жобаның басты мақсаты- жастарды,әсіресе осал топтарды қоғамның белсенді өміріне тарту. Қоршаған ортаның игілігі үшін пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту. Аталған бағдарламамен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты бар Олар: - Әлеуметтік бағдарламаны іске асыру үшін гранттар мен шәкіртақылар; - Өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды оқыту; - Жастардың осал топтарымен жұмыс істеу; - Үйлестіру, ақпараттық жұмыс және есептілік. «Zhas Project» жобасына 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастарға жоба аясында бас...
Толығырақ... Оқылды: 263 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.02.2020

Алматы облысында өрт оқиғасы 47%-ға төмендед

Алматы облысының аумағында 2020 жылдың басынан бері 87 өрт тіркелді, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрттердің 47% - ға азайғаны байқалады. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Асқар Тойшыбеков "Jetisý media" ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында хабарлады. "Биылғы жылы өрттен келген материалдық шығын 2019 жылмен салыстырғанда 4% - ға төмендеп, 1 миллион теңгеден асты. Өрт кезінде 2 адам қаза болды, 3 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт кезінде адамдардың жарақат алуы 2 жағдайға төмендеді. ТЖД қызметкерлерінің жүргізген алдын алу жұмыстары, соның ішінде күнделікті аулаларды аралау өрт оқиғасының көрсеткіштерінің төмендеуіне ықпал етті. Дегенмен, халықты қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамын және Азаматтарға ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді, смс-хабарлауды бақылауға және жолдың жабық учаскелеріне бармауға кеңес...
Толығырақ... Оқылды: 268 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.01.2020

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қаңтардың 29-ы күні аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында аудандық ақсақалдар алқасы Амангелді Қалдыбектің төрағалық етуімен қоғамдық кеңес өтті. Жиынға аудан әкімі Алмас Әділ Қабдулұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы, бөлім, мекеме басшылары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселе – аудан басшысының 2019 жылы атқарған істері мен 2020 жылға арналған міндеттері жайында. Мінберге шыққан аудан әкімі өткен жылға сараптама жасап, баяндамасын оқыды: - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған бірінші Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси бағытының сабақтастығын сақтай отырып, бүгінгі Қазақстан дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Ең алдымен, бұл «Бес институционалдық реформа» мен «Ұлт жоспары», сондай-ақ Президенттің сайлауалды тұғырнамасында қойылған міндеттерді шешу. Осыған орай, біз берілген тапсырмаларды орындау үшін жұмыс...
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 31.01.2020

ҚОС ОКРУГТІҢ ЕСЕБІ

Өткен аптада бір аптаға созылған округ әкімдердің есептік кездесуінің нүктесі Мұсабек пен Жарлыөзек ауылдарында қойылды. Бозарып атқан таңмен Мұсабек ауылдық округіне аттандық. Округ әкімі жас та болса, өз ісіне берік – Жандос Жұмағұлов бұл кездесуге жақсы дайындалыпты. Қарап отырсақ, ауыл халқы бұл кездесуді асыға күткендей, барлығы дерлік жиналды. Мұсабек ауылы – ұлттық өнімді қолдайтын ауылдардың бірі. 12 отбасы ұлттық тағамдар: сүт, тары-талқан өнімдерін даярлап, сатуда. Аталған өнімдер Талдықорған қаласының әр сенбілік коммуналдық базары мен Көксу аудандық базарында жексенбі күндері сатылады. Мәдениет және спорт саласында да ауыл халқы алдыңғы орындардан көрініп келеді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық жазғы спартакиядасында округтің бас маманы Айман Естаева жүлделі 3 орынға ие болған. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында өткізілген тоғызқұмалақ ойынынан Маулен Сейлхан, Айым Өскенбаева 1 орын, Салтанат Қайратқызы 3 орынға ие болып, ж...
Толығырақ... Оқылды: 331 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 31.01.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.