Жаңалықтар
СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІ |
Өткен апта Көксу ауданының тұрғындары үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Олай дейтін себебіміз, ауданға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелерінен құралған жұмысшы топ келіп, жаңалықтарымен бөлісіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Ең алдымен, жұма күні ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов арнайы іссапармен келді. Ол аудандық Б.Оңғаров атындағы орталық стадионның жұмысымен танысты. Айта кететін жәйт, орталық спорт алаңы былтырғы жылы ғана күрделі жөндеуден өтіп, қазіргі заманға сай құрылғылармен жабдықталған. Нәтижелі өзгерістерге оң бағасын берген Елдос Мұратұлы әрмен қарай, стадион базасында орналасқан «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне» де аяқ басты. Бұл мектеп спорттың 12 түрінен оқушыларды шынықтырады. Спортшылармен 35 жаттықтырушы жұмыс істейді. Жалпы спортпен айналысатын 1241 бала 90 топқа бөлінген, оның ішінде: - 63 алғашқы дайындық топтарында 632 оқушы, - 27 оқу жаттығу тобында 309 оқушы. Спорт түрл... |
Толығырақ... Оқылды: 397 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.11.2019 |
2020 жылы «Ерекше адамдар» жобасы басталады |
Келесі жылы «Рухани жаңғыру» Қазақстан қоғамдық даму институты бастамасымен «Ерекше адамдар» жобасы басталмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нүрия Кубенова жерлестерін жобаға белсенді қатысуға шақырады. «Жобаға өзінің қызмет саласына қарамастан кез-келген азамат қатыса алады. Біз ұлттық мәдениетті, әдебиетті, өнерді, қолөнерді, халықтың салт-дәстүрін насихаттайтын адамдар туралы оқиғалармен таныс болуға қуаныштымыз, - дейді Нүрия Кубенова. Қатысушылардың жас ерекшелігі бойынша шектеу жоқ. Ruh.kz республикалық порталында, өмірі қызықтырған, кішкентай, тіпті, үлкен сенсация жасаған кейіпкерлер туралы материалдар жарияланатын болады. «Ерекше адамдар» айдарына қойылатын талаптар жоғарыда айтылған құндылықтарды дәріптейтін, Отаны үшін қызмет етіп жүрген адам болуы қажет. Сондай-ақ, өзінің ерекшелігін толық сипаттайтын нақты материалдар жіберілуі керек.... |
Толығырақ... Оқылды: 337 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.11.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 қараша |
Бәріміздің жүрегімізден орын алған отбасылық мерекелердің күнтізбесі тағы бір күнмен толықты – Ұлдар күні. Аналар күні сияқты бүкіл дүние жүзіне танылмаса да, ұмытпай, жыл сайын тойлайтындар уақыт өте көбейіп келеді. Бұл – ресми болмаса да, керек мейрам, себебі отбасыны біріктіріп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды мақсат етеді. Ұлдар күні – балаңызға (жасы нешеде болса да) қаншалықты жақсы көретініңізді айтуға таптырмас күн, азын-аулақ сый жасасаңыз тіпті керемет. Ұл баланың өмірге келуі барша салт-дәстүр, діни наным-сенімдер бойынша мақтан тұтарлық жайт, өйткені ер бала – мұрагер, ұрпақ жалғастырушысы, ата-бабадан қалған әдет-ғұрыпты жалғастырып, ата-анасына қартайған шағында қамқор болады. Ресейде бүгін Психолог күнін атап өтеді. 2000 жылы осы бір жақсы дәстүр жолға қойылды. Ол кезде ММУ-нің озат студенттер қауымдастығы мен оқытушылар құрамы әлеуметтік өмірдің қай саласында болмасын психологияның маңызы зор екеніне қоғамның назарын ауда... |
Толығырақ... Оқылды: 385 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.11.2019 |
Танымал американдық продюсермен кездесу өтті |
Талдықорған қаласындағы журналистер үйінде киноматаграфия саласының үздігі Дженнифер Арнольд шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сабағы кино сүйер қауымға осы салада еңбек жолын бастайтын жанның бәріне қызық болғаны анық. Сыр-сұхбат форматында ұйымдастырылған кеш барысында режиссер түсірілім барысында басынан өткерген қызықты жайттарды айтып, Арнольд көркем және өзгеде жанрдағы фильмдерге сахналарды қайтып құру және қалай бағыттау керектігі туралы өз аузынан әңгімелеп берді. Дженнифер Арнольд туралы ақпаратқа сүйенсек, ол - Эмми сыйлығына үміткер, жазушы, продюсер және режиссер. Оның еңбектеріне «A Small Act» (HBO), «The Diplomat» (ESPN) және «Tig» (Netflix), толық метражды комедиялары «Fat Camp» сынды телевизиялық комедиялары, сонымен қатар «Жердегі соңғы адам» (Fox), «Елес» (Fox) сияқты комедиялар кіреді. Кездесу соңында тыңдармандар продюсерге емен-жарқын сұхбаты үшін ризашылығын білдіріп, естелік сур... |
Толығырақ... Оқылды: 305 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.11.2019 |
Алматы облысында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны өтуде |
«Jetisu Media» алаңында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына орай баспасөз- мәслихаты өтті. 1988 жылдан бері жыл сайын 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні болып белгіленген, биылғы жылы науқандық іс-шаралар «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұранымен өткізіліп жатыр. Осы тұрғыда Алматы облысында 2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсаны аралығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізу айлығы боп жаряланды. Айлықтың басты мақсаты – облыс халқының АИТВ/ЖИТС бойынша білім деңгейін көтеру, оның ішінде халықтың осал топ өкілдері, сонымен қатар жастар арасында АИТВ жұқпасының таралуының алдын алу. Жыл сайын АИТВ жұқпасына 250 000 адам (облыс тұрғындарының 12 %) шалдығады. Жұқпаның 70-80% жыныстық қатынас арқылы, 17-20% есірткі қабылдайтындар арасында, 1-2% анадан балаға жұғу жолымен таралуда. «Соңғы жылдары адамдардың дәрігерге кешігіп қаралу үдерісі байқалуда, соның есебінен 2019 жылы анықталған әрбір бесінші науқас ЖИТС-тің... |
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2019 |
ХАБАРЛАМА! |
Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні - республикалық іс-шараның шеңберінде 2019 жылдың 21 қарашасында сағат 10-00-ден Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының басшылары азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды. Облыс прокуроры А.С.Жылқыбаев азаматтарды қабылдауды Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 113 (ӘКК «Жетісу» ғимараты) мекен-жайында орналасқан Алматы облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында өткізеді. Қабылдауға алдын ала жазылу Құқық қорғау қызметтері орталығында немесе 8 (7282) 41-32-80 телефоны арқылы жүргізіледі. Аудандық бөлімдерде қабылдау орны мен жазылу жолдары жайлы www.alm.prokuror.gov.kz сайтынан біле аласыздар. |
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019 |
Қазақстанда "5-20-25" бағдарламасы іске қосылады |
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде «5-20-25» бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді. Министрдің сөзінше, аталған тұрғын үй бағдарламасындағы басты шарт қазақстандықтардың табысының мөлшері болмақ. «Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру» тапсырмасының аясында баспанаға қолжетімлідік баспалдағы енгізіледі. Мұнда халықтың табысы айқындаушы фактор болмақ. Кезекте тұрған жетім балалар, 1 және 2-топ мүгедектері, зейнеткерлер мен тағы басқаларының отбасында жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни 29,7 мың теңгеге жетпесе, сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана беріледі», - деді Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында. Министрдің сөзінше, табысы екі ең төменгі күнкөріс деңгейіне (59-4 мың теңге) жетпейтін көпбалалы, толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы қолжетімді бола бермек. Өз сөзінде Атамбаев табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіні... |
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2019 |
Министр табысы 92 мың теңгеден аспайтындар үшін жағымды жаңалық болатынын айтты |
Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жобасын мақұлдады Табысы 92 мың теңгеден аспайтын азаматтар "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктерден кредиттік баспана ала алады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында белгілі болды. "Табысы 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі азаматтарға (92 мың теңге) "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік баспанасын алу мүмкіндігі беріледі", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында. Министр елімізде тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізілетінін атап өтті. Оның басты айқындаушы факторы халықтың табысы болмақ. "Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға (29,7 мың теңге) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана ұсынылады. Олар жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер және тағы басқалары", - деді ол.... |
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 19.11.2019 |
Тек әйелдерге беріледі: Қазақстанда жаңа ипотека пайда болды |
Жаңа жобаны Азия даму банкі жүзеге асырып жатыр, ипотека ауыл әйелдері мен табысы төмен әйелдерге беріледі Азия даму банкі "Гендерлік теңдікке тұрғын үйді қаржыландыруда жәрдемдесу" жобасы аясында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 100 миллион доллар кредит береді. Қарыз туралы келісім ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен АДБ президенті Такехико Накаоның кездесуінде бекітілді, деп мәлімдеді ведомстводан. Гендерлік теңдікке бағытталған ипотекалық өнім Қазақстанда алғаш рет әзірленіп отыр. "АБД Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен мүлде жаңа жобаға қол қойды. Тек қана әйелдерге жеңілдетілген кредит ұсынылады. Менің білуімше, 12%-ке дейін. Мұндай жобалар қазір сұранысқа ие. Гендерлік қаржыландыру, шынымен, өзекті мәселе, біз оны дамытатын боламыз", - деді Дәленов мәжілістегі үкімет сағатында. Жаңа ипотека кімдерге беріледі Қолжетімді қаржыландыруды үш мыңнан аса әйел пайдалана алады. АДБ қарызының 60%-тен астамы ауыл әйелдер... |
Толығырақ... Оқылды: 351 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 19.11.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 қараша |
Бүгін шыны өнеркәсібінің қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған, ол мозаикалы картиналар үшін шыны рецептілерінің бірін жасаған атақты орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың туған күнімен сәйкес келеді. Айта кету керек, адамзат шыныны алғаш рет бес мың жыл бұрын өндірді. Шынының осыншалық бай тарихы бар екеніне қарамастан, шыны өнеркәсібі ХІХ ғасырдың соңында ғана дами бастады, табақ шыны XX ғасырда пайда болды. Сондай-ақ бүгін – Дүниежүзілік дәретхана күні. Бұл, әрине, ең ерекше және қызықты мерекелердің қатарына жатады. 2011 жылы Сингапурда дәретхана проблемасына арналған халықаралық ауқымдағы конференция өткізілді. Бір қызығы, мұндай ерекше конференцияны өткізетін орын өте мұқият таңдалды. Сингапур дәретхана тазалығын мұқият сақтайтын ел ретінде белгілі.Ұлттық ауқымдағы 17 дәретхана ұйымының атынан келген Азия, Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің екі жүзден аса делегаты аса маңызды мәселелерді мұқият қарастырып, дәретхана жұмыста... |
Толығырақ... Оқылды: 458 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.11.2019 |