Жаңалықтар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қараша |
14 қарашада Бүкіләлемдік диабеткке қарсы күрес күні аталып өтеді. Мереке инсулинді алғаш ашқан ғалымдардың бірі Фредерик Бартингтің туған күніне орайластырылған. Бартинг болмағанда, қант диабетіне шалдыққан адамдарға өмір сүру одан да қиынырақ болар ма еді. Өкінішке қарай, профилактикалық шараларға қарамастан дәрігерлердің жұмысы жылданн жылға азаяр емес. Негізі, диабеттің екі түрі кездеседі. Ал инсулин тек ең ауыр түріне ғана қажет. Екінші формасы анағұрлым жеңілірек. Диабеттің екінші түрімен ауыратын науқастарға спецификалық диета тағайындалады. Бұдан бөлек, бүгін Халықаралық логопед, Әлеуметтанушы және Эндокринолог күні. Сондай-ақ, бүгін – Сынған шамдар мерекесі. Мерекенің атауынан шошып қалмаңыз, бұл датаның вандализммен түк те байланысы жоқ. Тереңірек үңіліп қарасақ, бұл романтикалық мереке. Біз сізді көшеге шығып, біреудің мүлкін қират деп үгіттеуден аулақпыз. Ең дұрысы – түн қараңғысында өз ойыңызбен оңаша қалып, жалғыз аяқ жолмен серуендеген кезде жарықтың қан... |
Толығырақ... Оқылды: 404 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 14.11.2019 |
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ |
Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлер арасында суда жүзу спортынан жарыс өтті. Додаға 8 команда қатысты. Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс облыстық ішкі саясат басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің мұрындық болуымен өтті. Өңірімізде мемлекеттік қызметкерлер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған дүбірлі дода тартысқа толы болды. Жарысқа жоғары дайындықпен келген спортшылар жеңістің желкенін көтеру үшін барын салып өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 100 м қашықтықта 1-орынды Алмаз Нақыпбаев, 2-орынды Рустам Орсаев, 3-орынды Шынтас Нысаимов жеңіп алды. 25 м қашықтықта 1-орынды қалалық кірістер басқармасы, облыстың тауарлар мен көрсетілетін қызмет... |
Толығырақ... Оқылды: 335 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.11.2019 |
Алматы облысында «Музейдегі түн» әдеби-сазды кеші өтті |
Талдықорғанда Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби музейінде жыр Құлагерінің 125 жылдығы мен "Егемен Қазақстан" газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған "Ілияс ізі: Еңбекші қазақтан - Егемен Қазақстанға дейін» атты әдеби сазды кеші өтті. Кештің өткізілудегі мақсаты қазақ әдебиетінің төкпе жорғасы, алдына қара салмайтын тұлпары, биік бәйтерегі, жырдың алтын діңгегі Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойының жалғасы ретінде Жыр жампозының артына қалдырған ізіне көз жүгіртіп, еске алу. Және де ақынның өзі қызмет еткен мемлекетіміздің бас газеті, еліміздің басынан өткерген сан түрлі әлеуметтік дүниені, маңызы зор оқиғаларды қалт жібермей қалың оқырманға жеткізіп жүрген, қазақ үшін құнды, ұлт үшін ұлағатты, сол кездегі «Еңбекші қазақ" бүгінгі «Егемен Қазақстан" газетіне биыл жүз жыл толуы жөнінде кеңінен ақпарат беру. Шара "Egemen Qazaqstan» республикалық газеті акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ілиястанушы, Дархан Қыдырәлінің қ... |
Толығырақ... Оқылды: 304 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.11.2019 |
«Жасыл ел» штабы маусымды жемісті қорытындылады |
«Jetisy Media» алаңында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХV еңбек маусымына арналған баспасөз-мәслихаты өтті. «Жасыл ел» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Штаб құрылған 15 жыл ішінде қаншама жастың Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында оларды бір арнаға тоғыстырды. Жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Алматы облыстық филиалы Республикалық көрсеткіштер бойынша көшбастап тұр. «2013-2017 жылдар арасында 4 мәрте қатарынан «Үздік штаб» номинациясына ие болса, 2016 жылы «Үздік жасақ» және «Үздік жоба» номинацияларымен қатар 2018 жылы қаһарман «Жасыл ел» номинациясына қол жеткіздік. Осы ж... |
Толығырақ... Оқылды: 562 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.11.2019 |
Алматы облысында «ЕРЕКШЕ» жандарға арналған жоба іске асуда |
«Jetisy Media» алаңында «A&A: IT-services & Education» жастар қоғамдық бірлестігі Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің тапсырысымен «Сөйлейтін пернелер» жобасын жүзеге асыруына байланысты баспасөз - мәслихаты өтті. XXI ғасыр ақпараттың уақыты. Күннен күнге жаңарып келіп жатқан мәліметтерден көз аша алмаймыз. Ал, қоғамның «ерекше мүшелері» осы тұрғыда өздерін жаңалықтармен қалай қамтамасыз етпек? Бұл бүгінгі күннің басты сауалы. Бұл ретте «Сөйлейтін пернелер» атты жобаның мақсаты аталған кемшіліктерді реттеу болып табылады. «Адам көз арқылы 80 пайыз, есту қабілеті арқылы 20-30 пайыз ғана ақпарат алады. Толық мәліметтен құлақдар болу үшін, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «тифо флеш плеер» атты құрылғы көмекке келе алады»,- дейді жоба авторы Қуаныш Қапанов. Қалтаға салып жүруге ыңғайлы құрылғы да, 150-ге жуық интернет... |
Толығырақ... Оқылды: 374 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.11.2019 |
Алматы облысында экологтар бас қосты |
Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Табиғатты қорғауға ғылыми тұрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар өткізіледі. Осы тұрғыда Алматы облысы да табиғатты қорғауға қатысты шаралардан қалыс қалған емес. Күні кеше еліміздегі барлық экологтардың басын қосқан Салтанат сарайында «Балқаш-2019» республикалық дөңгелек үстелі өтті. Шараның мақсаты еліміздегі экологиялық жағдайдың бір шама жақсаруына үлес қосу. Балқаш сынды өзгеде көлдердің тартылып кетпеуінің алдын алу шараларын ұйымдастыруға үндеу. Шара барысында Балқаш көлі мен Іле-Алакөл бассейінінің мәселелерінің пайда болуы, динамикасы, қазіргі жағдайы және шешімдері қарастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар мен спикерлер «Балқаштың кеше-бүгін-ертеңі жайлы мәселелерімен оның шешу жолдары мен болашағы» туралы баяндамалар жасап, кәсіби пікірлерін ұсынды. Дөңгелек үстелде «Экологиялық мәселелерді ғылыми зерттеу институтының» директ... |
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.11.2019 |
"Nur Otan" партиясының жұмысы жандануда |
Көксу аудандық "Nur Otan" партиясының филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия төрағасы Орынхан Нұртаевтың төрағалық етуімен өткен жиынға комиссия мүшелері, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов және "Nur Otan" партиясының Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов қатысты. Аталмыш жиынның күн тәртібінде бес мәселе қарастырылды. Ең алдымен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбековтың баяндамасы тыңдалды. Аудан орталығындағы салынып жатқан 20 және 50 пәтерлік тұрғын үйге қатысты партиялық бақылау комиссия мүшелерінің жүргізген рейді бойынша атқарылған жұмыстары сараланып,мердігер компанияның басшысына сын-ескертпелер мен толықтырулар айтылды. Келесі кезекте аудандық мәслихат депутаты Бақытхан Оразбаеваның аудандық бюджет қаражатын жұмсалғаны жөніндегі есебі талқыланды. Бақытхан Жұмақанқызы өз сөзінде: "Мәслихат қызметінің негізгі нысаны оның сессиялары мен тұрақты... |
Толығырақ... Оқылды: 365 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.11.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 қараша |
Сән қуған сылқым қыздар мен сері жігіттер, түрлі техника және гаджетті сүйетін қауым, қуана беріңіздер— бүгін керектінің бәрін үлкен жеңілдікпен алуға болады! Өйткені 11 қарашада бүкіл әлемде Дүниежүзілік шоппинг күні тойланады. Бұл мерекені қытайлықтар – Alibaba танымал концерні, AliExpress сауда алаңқайының иелері ойлап тауыпты. Олар жылына бір рет жаппай сатылым жүргізуді бастаған. Бұл күні жеңілдіктер 70-80%-ға дейін жетеді. Сарапшылардың айтуынша, тұтынушылар жүз миллиард долларға дейін сауда жасайды! Сондықтан уақытты құр жібермей, онлайн сауда жасауға кірісейік. Ал шоппингке қызықпайтын, ақша шашқаннан гөрі, үнемді жақсы көретіндер мына бір мейрамды құп көреді деп ойлаймыз: Энергия үнемдеу күні. Әртүрлі тұрмыстық техника, гаджеттер, кеңсе құрылғылары, жаппай компьютерлендіру пайда болғалы бері халықтың энергия тұтынуының орташа деңгейі көтеріліп кетті. Қоғам мен биліктің назарын энергия үнемдеуге аудару үшін халықаралық мереке бекітіліпті. Сонымен бірге, бүгін... |
Толығырақ... Оқылды: 406 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 11.11.2019 |
ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАН АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ |
Бейсенбі күні аудан орталығына облыс басшысы Амандық Баталов жұмыс сапарымен келді. Мақсат - мемлекеттік бағдарламаға сәйкес аудандағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, халықпен кездесу. Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы барған сайын кеңейіп келеді. Оның ішінде отандық тұқым шаруашылығын оңтайландырып арттыруға да айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұл жағынан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тарапынан тиісті орындарға жүктелген тапсырмалар ұшан-теңіз. Осы бағытта қант қызылшасына ерекше назар аударыла бастады. Әрі, табыстың қайнар көзі - қант қызылшасы екендігі де баршаға мәлім. Осыған байланысты, облыс әкімінің жұмыс барысының негізі Ақшатоған ауылында орналасқан «Айдын» шаруа қожалығына баруымен бастау алды. Егістік алқабы барлығы 800 гектарды алып жатқан шаруа қожалығында қант қызылшасы - 285 га, соя - 345 га, жүгері - 120 га, дәнді дақыл - 50 га құрайды. Бұл қожалықта 70 -ке жуық адам жұмыс жасайды. Шаруашылық басшысы Айдын Дюсенбинов... |
Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.11.2019 |
Еңбекшіқазақ ауданында 60 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа беріледі |
Үстіміздегі 2019 жылдың 9 айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы жалпы өндірілген ауылшаруашылық өнім құны 79 млрд.теңгеден асып, нақты көрсеткіш өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 122,1 пайызға артық орындалған. Бұл туралы облыс орталығы Талдықорғанда «Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында жария етілді. Аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлының айтуынша ауылшаруашылықтың барлық саласы бойынша негізгі көрсеткіштерінің өсу динамикасы негізінен қамтамасыз етілген. Ет, сүт, жұмыртқаны өндірудің өсуі байқалады. Мал саны мен барлық дақылдардың көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Ауданның мақтауға тұрарлық іс – алма бақтарының жандануы. Егер 2012 жылы алма мен жүзім бақтарының көлемі 3271 гектарды құраса, 2019 жылы, 6 жыл ішінде бұл көрсеткіш 10,5 мың гектардан асқан. Алмалар қазақстандық нарыққа ғана емес, Рессей, Қытай, Моңғолия және Бірікен Араб Әмірліктеріне де экспортқа шығарылуда. Бұл елдерде алмамыздың с... |
Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.11.2019 |