Жаңалықтар
«Әрекет» жобасы аясында Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлік дамуда |
Алматы облысында әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша бірден екі жоба басталды: олардың бірі-аутизмі бар балаларға арналған бейімделген дене шынықтыру залы, екіншісі-есту қабілеті бұзылған студенттер жұмыс істейтін стоматологиялық ортопедия кабинеті, деп хабарлайды «Jetisy Media» КММ. Екі жоба да «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен жүзеге асырылатын «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында іске қосылды. Солардың бірі облыс орталығында алғаш рет ашылған стоматологиялық ортопедия кабинеті. Бұл жерде Талдықорған қаласының жоғары медициналық колледжінде оқитын есту қабілеті бұзылған студенттер тіс протездерін дайындайтын болады. «Есту қабілеті бұзылған адамдарға жұмысқа орналасу оңай емес, себебі жұмыс берушілер оларды жұмысқа қабылдауға асықпайды. Өткен жылы Қазақстанда алғаш рет есту қабілеті бұзылған студенттерге арналған «стоматолог-ортопед» мамандығы ашылды. Осыдан медициналық колледждің түле... |
Толығырақ... Оқылды: 288 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.11.2019 |
Енді мелекеттік қызметтерді алуда ЭЦҚ-ның қажеттілігі жоқ |
Ермек Құралбекұлы,1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы болмаса, оның орнын қандай құжат басады? Енді тұрғылықты жері бойынша тіркеу қажет емес пе? Азаматтар қай мекенжайда тіркелгенін қайдан біле алады? - Иә, Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болды. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп немесе медициналық ұйым азаматтардан мекенжай анықтамасын сұрата алмайды. Тіптіхалыққа қызмет көрсету орталығынан да, электронды үкімет порталынан да анықтамаалу мүмкіндігі болмайды. Енді қазақстандықтар мекенжай мәліметінтек egov.kz электронды үкімет порталы және eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.Ал осы анықтамаларды сұратушы мелекеттік органдар мекенжай тіркеуі туралы мәліметтіішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы өздері алатын болады. Жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік... |
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.11.2019 |
Қазақстан – электронды мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша көшбасшы |
Бұлтуралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы барысындаTechFarmбасқарушысеріктесі Аман Тентиевмәлімдеді. Оныңайтуынша, Қырғызстанның электронды мемлекеттікқ ызметтердің дамуын қамтитын цифрландыру бағдарламасы 2017 жылы іскеқосылды, ал Қазақстандағы электрондық үкімет қызметі 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Қазақстан –өңірдегі электронды мемлекеттік қызметтердідамытудағы көшбасшы ел. Азаматтаронлайнтіркеліп, интернет арқылы кәсіпкерлікашаалады. Білуімше, бұл– елдеріңізде бес-алты жыл бұрын енгізілген қызмет. Қазақстан бұл бағытқа қомақты инвестиция жұмсаған, сәйкесінше нәтижесін көріп келеді», – дейді Тентиев. Сонымен қатар Тентиев танымал мэссенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жолдарына жоғары баға берді. «Әзірге Қырғызстанда барлығы мемлекеттік қызметтер порталына цифрлық қолтаңбамен кіру арқылы жүзеге асып жатыр. Болашақта біз де Қазақстанның тәжірибесін ескеріп, қызметтерді әлеуметтік желіле... |
Толығырақ... Оқылды: 304 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.11.2019 |
«100 жаңа есім» жобасына өтініштер қабылдау басталды |
2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен «Жастар жылы» болып белгіленгендіктен, биылғы жобаға 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарланған. Жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту. Үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтында өтінім толтырып және қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 1 қазанынан 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Осыған орай, ұйымдастырушылар елорданың мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, бизнес, спорт, қоғам саласында қызмет етіп, Қазақстанды көркейтуге үлес қосып жатқан азаматтарды жобаға қатысуға шақырады. Жобаға қатысу критерилері: 1. 39 жасқа толмаған азамат болуы керек; 2. Нақты бір саладағы жетістіктері болуы тиіс; 3. Үміткер Қазақстан азаматы болуы тиіс. |
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
Талдықорғанда мемлекеттік сатып алу саласындағы инновациялар талқыланды |
Талдықорғанда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жиналыс өтті. Кездесу барысында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тапсырыс берушілермен және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылармен бірге қазынашылық департаментінің қатысуымен бюджеттік қаражаттарды бақылау саласындағы жұмыстың күшейгені туралы хабарлады және 2019 жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды, Kazakhstan Today www.kt.kz Департаменттің ақпаратына сәйкес, есепті кезеңде 247 аудиторлық іс-шаралар өткізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 29,9 млрд. теңгеге құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 6,4 миллиард теңге өндіріліп, 8,2 миллиард теңге бюджетке қайтарылды. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 197 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Ал бюджеттің кірістерінен толық өндірілген 32,6 млн. теңге сомасына 425 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, бүгінде ҚР-ның Қаржы министрлігі мемлекеттік сект... |
Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
Талғар ауруханасында заманауи жабдықтар пайда болды |
Қазіргі таңда Алматы облысы, Талғар аудандық орталық ауруханасында 240 орынды 6 бөлімше қызмет атқарып тұр. Ал осыдан бірнеше ай бұрын аталған денсаулық мекемесінде американдықтар өндірген жаңа рентген аппараты пайда болды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің бюджеті есебінен бес жыл бұрын сатып алынған томограф бар. Бұдан бөлек, әр бөлімшеде төрт мезгіл тамақтана алатын асханасы және балалар ойнай алатын жеке бөлмелер қарастырылған. Алматы облысындағы ірі ауруханалардың бірі 2011 жылы "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша салынған,- деп хабарлайды Алматы облысының «Jetisy Media» ақпараттық алаңы, Kaztoday агенттігіне сілтеме жасап. Пациент ауруханаға түскен сәттен бастап, оны медбике қарап, науқасқа қандай көмек қажет екенін анықтап, әрі қарай керекті мамандарға жолдайды. Осы мақсатта, медициналық мекемеде үш түсті көрсеткіш бар. Жасыл-шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, сары-шұғыл медициналық көмекті қажет етеді, қызыл – дер... |
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
Мас жүргізушілердің мәшинесін тәркілеу ұсынылды |
Елде жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік жүргізуге қатысты көптеген фактілер бар. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет деп, заңға өзгертулер енгізуді тапсырды,деп хабарлайдыZakon.kz. Соған байланысты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қалай күшейткелі отырғанын айтты. - Мемлекет басшысының тапсырмасын, заңдағы кей олқылықтарды ескере отырып, біз осы баптарға қатысты жазаны күшейту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Жалпы, елде жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлікті жүргізуге қатысты көптеген фактілер бар, - деді ол. Оның айтуынша, Ресей мен Беларусьтің заңдары зерттелуде. - Беларусь заңнамасында тіпті белгілі бір құқық бұзушылықтардан кейін көлік құралын тәркілеу қарастырылған. Біз де осы жолды таңдаймыз. Бірінші кезекте жүргізу... |
Толығырақ... Оқылды: 286 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |
Еркін күрестен халықаралық турнирде Қазақстан балуандары екі алтынға ие болды |
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Бувайсар Сайтиевтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Реклама Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының жеңімпазы және алты дүркін әлем чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесі тігілген жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Жарыс нәтижесінде қазақстандықтар екі алтын және төрт қола медаль еншіледі. 57 келідегі Егор Анчугн мен 75 келідегі Мүсілім Жақсылық алтын медаль иеленсе, Әди Серікұлы (41 келі), Серік Нұрасыл (57 келі), Асхаб Хаджиев (57 келі) және Әлихан Құсайыновтар (85 келі) қола жүлдегер атанды. Аға бапкер Еркебұлан Кешубаев жаттықтыратын Қазақстан командасы жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. |
Толығырақ... Оқылды: 305 Санат: СПОРТ Уақыты: 29.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 қазан |
Бүгін халықаралық мереке – инсультпен күрес күні атап өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2004 жылы инсультті мүгедектік пен адам өлімінің басты себептерінің бірі және жаһандық эпидемиянің ретінде анықтады. Қазіргі уақытта адам өлімінің жартысынан астамы түрлі қан тамырлары ауруынан болады және осы аурулардың 20%-дан астамына адам еңбекке қабілетті жасында шалдығады. Бұл дертпен ауырған адамдардың 30%-ға жуығы көмекке зәру. Ежелден дұрыс тамақтану инсульттің басты алдын алу жолы болып саналады. Бүгінде бұл мәселені шешуде ақпараттық-профилактикалық іс-шаралардың дамаңызы арта түсті. Сонымен қатар, бүгін кей адамдар комсомол күнін еске алып, атап өтеді. Бұл күні 1918 жылы бірінші бүкілресейлік жұмысшы және шаруа жастарының съезінде Ресей коммунистік жастар одағы құрылды. 1926 жылы ол бүкілодақтық ұйымға айналды. |
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.10.2019 |
«Жетісу адалдық алаңында» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды |
Облыста жыл басынан бері "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде 50-ге жуық қоғамдық қабылдау өткен. 200-ден аса азамат өтініш беріпті. Бүгінде оның 30 пайызға жуығы оңтайлы шешімін тапқан. Біз мұнда халықтың түйіткілді мәселелерін шешіп қана қоймай, түрлі жағдайларға байланысты кеңес береміз, - дейді жоба жетекшісі. Аманжол Жазықбаевтың айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі - мемлекет тұрғын үй қорынан үй алу, жер телімін рәсімдеу сынды өтініш білдіреді. Жалпы, бұл мәселелер адалдық алаңы жобасы аясында кестеге сай жүргізіліп келеді. Осы орайда ҚР әділет министрлігінің кадр қызметі департаменті директорының орынбасары Мақсат Жақсыбаев пен әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдықова атаулы жобалық кеңседе қоғамдық қабылдау өткізді. Жиында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бірқатар сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші этикасын қалай сақтау қажеттігі жайлы ақпараттандырды. «Жетісу аймағына келгендегі басты себебіміз, Алмат... |
Толығырақ... Оқылды: 292 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2019 |