Жаңалықтар

Алматы облысы бойынша МКД баспасөз-мәслихатын өткізді

Jetisy` media алаңында Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұйымдастыруымен «2019 жылдың 9 айындағы кедендік әкімшілендіру жұмысының негізгі бағыттары жөнінде Алматы облысы бойынша МКД қызметінің қорытындысы» тақырыбында баспасөз-мәслихатын өткізді. Спикерлер Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Д.Н.Маулетов және кедендік әкімшілендіру басқарма басшысы Р.О. Қалиаждаров кедендік әкімшілендіру жұмысының негізгі бағыттары және осы жылдың 9 ай ішінде орын алған құқық бұзушылықтар жөнінде баяндады. Бүгінде Департамент құрылымы 20 аумақтық басқармалардан, «Достық» кеденінен, бес «Алтынкөл-жол», «Қорғас-ШЫХО», «Қалжат», «Нұр жолы» және «Талдықорған» кеден бекеттерінен тұрады. Жалпы, Департамент кеден ісі саласында 9 ай көлемінде 672 құқық бұзушылық анықтады, 87 628 125 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, 78 096 750 теңгеге айыппұл өндірілді. Оның ішінде тек қана ҚР ӘҚБтК 551-бабы бойынша &la...
Толығырақ... Оқылды: 342 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 қазан

Бүгін – Біріккен Ұлттар ұйымы күні. БҰҰ биыл 70 жылдығын атап өтіп жатыр. Бүгінде ұйым құрамында 193 мемлекет бар. БҰҰ – бітімгер ұйым, осы ұйымның жұмысының арқасында елдер арасындағы дау-жанжал, текетірестің алдын алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, ол қиын жағдайда қалған мемлекеттерге қол ұшын созады. БҰҰ эмблемасы – бидай масақтарымен қоршалған жер шары. Сондай-ақ, бүгін Ұлттық жүйкеге тию күні аталып өтеді. "Жүйкеге тию" тіркесін ежелгі заманның дәрігерлері ойлап тапқан екен. Өйткені ақхалаттылар жүйкені музыкалық аспаптардың ішегіне ұқсатқан. Тағы бір қызықты мерекенің бірі – Мейірімді әрі жомарт бастықтар күні. Бұл күні жұмыстан ерте кетуге бола ма, болмай ма, басшылық сыйақы бере ме, бермей ме, – ол жағын біз білмейміз. Десе де бастығыңызды төл мерекесімен құттықтаған абзал, бәлкім, жолыңыз болып қалар. Бүгін, сондай-ақ, Бүкіләлемдік дәретхана күні. Бұл мерекенің қалай тойланатыны бізге беймәлім. Тек осы маңызды дата туралы біліп жүр...
Толығырақ... Оқылды: 348 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 24.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 қазан

1991 жылдың 23 қазанынан бастап таңғы 06:02 мен кешкі 06:02 арасында химиктер Моль күнін атап өтеді, бұл мереке Халықаралық бірліктер жүйесінде зат мөлшерінің өлшемін білдіретін бірлікке арналған. Осы шама туралы идея алғаш рет 1980-ші жылдары The Science Teacher газетінде жарық көрді. 1991 жылы 15 мамырда Prairie du Chien (Висконсин) қаласының химия пәні мұғалімі М. Ойлер осы идеяның негізінде Моль күнінің Ұлттық қорын құрды. Кейінірек химиктер осындай мерекені атап өтуді шешіпті. Күнді таңдағанда Авогадро санына сүйенсе керек — 6,02х1023. Цифрлар мерекенің күні мен уақытын көрсетеді. Ресейде бүгін жарнама қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды. Бұл мерекенің тарихы 1994 жылдан басталады. Сол кезден бері біздің санамызда "жарнама" деген ұғым пайда болды, оған дейін пиар-менеджер, маркетолог, креатив қызметкер сияқты мамандықтар жайында көп ешкім біле бермейтін. 23 қазанда қар барысы мекендейтін елдерде Халықаралық қар барысы күні аталып өтеді. Бұл мерек...
Толығырақ... Оқылды: 517 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 23.10.2019

Қазақстанда бүгіннен бастап қандай жүргізушілерге айыппұл салынады?

Бүгіннен бастап көлігі шетелде тіркелген жүргізушілерге де айыппұл төлеу туралы нұсқама жіберіледі. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Енді фото және видеофиксация жүйесіне тіркелген заң бұзушылықтар үшін айыппұл төлеу туралы нұсқама тек қазақстандық нөмірі бар жүргізушілерге ғана емес, көлігі шетелде тіркелген азаматтарға да келеді. Жаңашылдық Нұр-Сұлтан, Шымкент, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында күшіне енбек. "Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмайтын. Өйткені заң бұзушылықтар туралы нұсқама Қазақстанда тіркелген автокөліктің техникалық паспортындағы жазбаның негізінде жасалатын", - деп түсіндірді бас прокуратура. Ал шетелдік нөмірлер бойынша жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін емес болғандықтан, әкімшілік нұсқама жасалынбайтын. Бас прокуратура шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілерінің жеке басын анықтау үшін әкімшілік полиция комитеті, ұлттық бан...
Толығырақ... Оқылды: 288 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.10.2019

Бүгін Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туған күні

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысың Арал ауданына қарасты Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. 1942 жылы орта мектепті бітірісімен әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Сөйтіп, 1943 жылы лейтенант дәрежесін алады. Ол әдебиет әлеміне осы қанды қырғыннан кейін келді. Әбдіжәміл Нұрпейісов соғыстан қайтқанда бірден туған ауылына соқпай, жол қапшығындағы қолжазбаларын арқалап Алматыдағы ақсақал жазушылардан бата алуға барады. Сонда Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафиндер соғыстан оралған солдаттың 12 беттік қолжазбасын оқып, батасын берген. Ақсақал жазушылардың батасын алғаннан кейін туған өлкесіне барған Әбдіжәміл Нұрпейісов есік-терезені жауып алып, ойына келгенін алдындағы ақ қағазға түсіре бастайды. Мұны бітіргеннен кейін әдебиеттану институтына түсіп, онда 5 жыл оқиды. Сауаты ашылып, әдебиет дегеннің қандай өнер екенін түсінеді. Әбдіжәміл Нұрпейісов: Жазушы н...
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 қазан

22 қазанда Ресейде соғыс кезінде майжаң алаңында және қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан адамдарды еске алуға арналған Ақ тырналар мерекесі аталып өтеді. Бұл мереке ақын Расул Гамзатовтың бастамасымен жыл сайын тойланып келеді. Мерекені басты мақсаты Отан үшін жанын пида еткен батырларды еске алып, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ғана емес, Ресей тұрғындарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын нығайту. Мерекенің атауы Руслан Гамзатовтың Марк Бернес әнге қосып орындаған "Ақ тырналар" өлеңінен шыққан. Сонымен бірге бүгін Халықаралық Caps Lock батырмасының күні. Бәрімізге белгілі, пернетақтадағы осы батырманы бассаңыз, барлық әріптер бас әріппен жазылады. Бастапқыда бұл батырма үнемі үлкен әріппен мәтін жазатындар үшін ойлап табылған еді, себебі қайта-қайта Shift батырмасын баса беру мүмкін емес. Кейінірек интернетте CAPS LOCK батырмасына қарсы қозғалыс басталды. Адамдар әлі күнге дейін осы батырма керек пе, жоқ па деп дауласып жүреді. 2001 жылы Швецияда батырмаға қарсы қо...
Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 қазан

Ұлыбританияда бүгін Aлма күні аталып өтеді. Мереке 1990 жылдан бері, Common Ground қайырымдылық ұйымы Ұлыбританиядағы алма бақтарын құтқарумен айналыса бастаған кезден ағылшын дәстүріне айналды. Aлма өмірдің, қуаныштың, молшылық пен табиғат жомарттығының символы саналады, сондықтан бұл көңілді мереке жыл бойы күш-қуат беріп отырады. 21 қазан күні ағылшын бағбандары қала жәрмеңкелерінде түрлі сұрыптардың жемістерін сата отырып, өз жетістіктерін паш етеді, питомниктер сирек алма ағаштары көшеттерін таратады, дүкендер сатып алушыларды алма ассортиментінің әр алуандығымен таңғалдырады, ал дәмхана, кондитерлік дүкендер және көше сауда дүңгіршектері келушілерге алма шырындарын ұсынады. Осы күні қала жәрмеңкелері алма өсіру бойынша шеберлік сағаттарына айналады. Үздік "алма" әңгімесіне конкурс жарияланады, қала тұрғындары алма нысанасына оқ атудан сайысқа түседі. АҚШ пен Мексикада жыл сайын 21 қазанда Халықаралық начос күні аталып өтеді. Бұл танымал мексикалық тіске басар &nd...
Толығырақ... Оқылды: 321 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.10.2019

Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасыталапетілмейдіжәнемемлекеттікқызметтерреестріненалыныптасталатынболады. Яғни, ешмемлекеттік орган, мектеп не медициналықмекемеазаматтарданмекенжайанықтамасын 1 қарашаданбастапсұратаалмайды. Оны «Азаматтарғаарналғанүкіметтің» филиалдарынан да, электрондыүкіметпорталынан да алумүмкіндігіболмайды. Қажетболғанжағдайдақазақстандықтартіркеугетұрғанмекенжайларын egov.kz электрондыүкімет порталы мен eGovmobileқосымшасындағыжекекабинетіарқылытексереалады. Мемлекеттікоргандарғакелетінболсақ, оларбұлмәліметтіішкіістерминистрлігініңдеректербазасыменинтеграцияланғанақпараттықжүйелеріарқылыалатынболады. Соныменбірге, азаматтардыңмекенжайтіркеуітуралыақпараттысұратуымүмкінбасқаұйымдар, соныңішіндежекекомпаниялар egov.kz электрондықүкіметпорталындағыүшіншітұлғаларғаанықтамаберугемүмкіндікберетінсервистіпайдаланаалады. Бұл тек азаматбірретақпараталуғарұқсатберетін SMS-кекелісімбергендеғанажүзегеасатын операция. Мұндай SMS алуүшіназамат &...
Толығырақ... Оқылды: 298 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.10.2019

Волейболдан «Жетісу» командасы ҚР-ның Суперкубогін ұтып алды

Бүгін Талдықорғанда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының Суперкубогі өз мәресіне жетті. Сайыстың ақтық сынында Алматы облысының «Жетісу» командасы жеңімпаз атанды. Олар ұпай саны бойынша Шығыс Қазақстан облысынан келген «Алтай» командасын ұтып кетті. «Жастар» спорт кешенінде өткен бәсеке өте тартысты өрбіді. Ойынды тамашалауға келген жергілікті жанкүйерлер өз командаластарына қолдау көрсетіп, кездесу көркін қыздырды. Жалпы, жарысқа келер болсақ, жетісулық команда есепті бірінші болып ашты. Жергілікті команданың соқылары қарсы тараптың алаңына дөп түсіп жатты. Нәтижесінде, ойынның бірінші кезеңінде 25:18 ұпайы тіркелді. Екінші кезең де қызыққа толы болды. Бұл жолы жетісудың бұрымды қыздары қарқын қосып, есепті 25:17-ге апарды. Ал, үшінші сетте алтайлықтар қарсылық танытып, ұпай саны бойынша тең түсуге аз қалған еді. Алайда, Алматы облысының спортшылары мүмкіндік бермей, 25:22 ұпайымен кездесудің нүктесін қойды...
Толығырақ... Оқылды: 382 Санат: СПОРТ Уақыты: 18.10.2019

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін. Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша ҚР Еңбекмині әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде (бұдан әрі – АӘК) көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады. Таяуда ҚР Еңбекмині тиісті заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізуді жоспарлап отыр. Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысын...
Толығырақ... Оқылды: 349 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.10.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.