Жаңалықтар
Талдықорғанда қала күніне орай 100 баспана пайдалануға берілді |
Талдықорған қаласының туған күні қарсаңында көп балалы аналар, ауған соғысының ардагерлері, кезекте тұрған азаматтар қоныстой қуанышына ие болды. Оларға пәтер кілттерін облыс әкімі Амандық Баталов, ұшқыш-косманавт, генерал-майор Айдын Айымбетов және басқа да белгілі азаматтар салтанатты түрде тапсырды. Салтанатты шарада облыс әкімі Амандық Баталов қуаныш иелеріне ізгі тілегін білдірді. - Шаңырағың биік, босағаң берік болсын дейтін жақсы тілек бар қазақта. Бүгін сіздердің қуаныштарыңызға осындай тілектерді арнап айтқым келеді. Жаңа баспанада бала-шағаларыңыз өсіп-өнсін, іші шаттық пен бақытқа толсын! Бұл коттеджді қалашық біраз жыл бұрын қолға алынғанымен, құрылысы біраз саябырлап қалған еді. Биылғы жылы құрылыс жұмыстарын жандандырып, соның 100 үйін аяқтап, көп балалы аналарымызға, баспанаға мұқтаж азаматтарға беріп отырмыз. Елбасы жүргізген, жаңа Президентіміз жалғастырған мемлекеттік саясаттың арқасында осындай зор нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Ынтымағымызды сақтап, бірлесе... |
Толығырақ... Оқылды: 306 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2019 |
Алматы облысы шикізаттық емес инвестиция тартуда көш бастап тұр |
Талдықорған қаласында Jetisy Invest-2019 халықаралық бизнес форумы өтті,-деп хабарлайды dalanews.kz Өңірдің инвестициялық потенциалы және оны әрі қарай да өркендету жолдары сөз болатын шараға қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер қатысуда. 2014 жылдан бері ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту жөнінен Алматы облысы алда келеді. 2014-2016 жылдардың аралығында облыстағы ішкі инвестиция 27 пайызға өскен (2016 жылы 477 млрд теңге). Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шикізаттық емес шетелдік инвестициялар тарту жағынан көш бастаған. Өткен жылы өңірге шамамен 77 млрд теңге инвестиция тартылған. Шикізаттық емес инвестиция көлемі облыста осымен үшінші жыл қатарынан 20 пайызға өсіп отыр. Олардың арасында Іле ауданында салынатын “Қаскелең Солар Пауэр” электростанциясы, Сарқанд ауданында бой көтеретін “ВЭС Абай” жел электростанциясының құрылысы бар. Бұдан бөлек Жамбыл ауданында бір ауысымда 250 адамға арналған аудандық емхана алдағы жылдары пай... |
Толығырақ... Оқылды: 273 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2019 |
«Талдау және болжау» орталығы тағы бір меморандумға қол қойды |
«Талдау және болжау» орталығы діни бірлестіктердің ынтымақтастықтарын арттыру мақсатында “Ізгілікті істер” қоғамдық қоры орталығымен меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Zhetysu media» алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Қазіргі таңда Алматы облысында азаматтарға діни мәселелер бойынша онлайн-кеңес беретін «Қауырт желі 114» орталығы жұмыс істеуде. Орталық «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан ұсынылған. «Қауырт желі 114» Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен діндерді зерттеу орталығы қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жоба азаматтарға діни мәселелер бойынша кәсіби және уақытылы көмек көрсете алады. Мамандар телефон арқылы және сайттың онлайн режимінде тұрғындардың дінге қатысты сауалдарына жауап беріп, деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетеді. Консультациялық кеңес қазақ жә... |
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.10.2019 |
Үкіметтік емес ұйымдар мен серіктестік – көңілге сенім ұялатты |
Қазіргі таңда аудан көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып, халықтың ықыласына бөленуде. Мемлекеттің де идеология және экономика саласында Үкіметтік емес және азаматтық институттармен бірлесіп, мемлекеттік саясатты халыққа насихаттап түсіндіру бағытындағы жұмыстар жылдан жылға жаңа сипатта қарқын алып келеді. Дана халқымызда «келісіп пішкен тон келте болмайды» деген ұлағатты сөз бар. Осы бағытта аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Азамат Болатұлының қолдауымен бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық идеологияны насихаттайтын маңызды тақырыпта бірнеше лоттар бойынша республика аумағында ашық конкурс жариялады. Нәтижесінде «Болашақ бағдары» деп аталатын қоғамдық бірлестік конкурс жеңімпазы болып танылды. Аталған қоғамдық бірлестік жетекшісі Нұржан Маратұлы жас та болса бас болуға лайық екенін көрсетіп, ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ауылдық округтерде іс-шаралар... |
Толығырақ... Оқылды: 364 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.10.2019 |
Қарттарын қадірлеген – ел ардақты |
Даналықтың алтын кілті – қарттарымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы, шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі, қазақтың әр отбасында арқа тұтар осындай ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді. Ауданымызда 1 – қазан Халықаралық қарттар күні жыл сайын ерекше аталып өтіледі. Ауылдық округтерде жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен аймақтағы барлық еңбек ардагерлері дастарханға шақырылып, өткен – кеткенді еске алып, бір жасап қалды. Бұл игі іс-шара Балпық би ауылында және Мұқыры, Лабасы, Мұсабек ауылдық округтерінде ерекше жүзеге асуда. Аудан әкімінің тапсырмасымен Балпық ауылдық округінің әкімі Қуат Күзбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік... |
Толығырақ... Оқылды: 395 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.10.2019 |
Алматы облысы тұрғындарының денсаулығы қандай деңгейде? |
Алматы облысының «Талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қыркүйек айында Алматы облысы тұрғындарының қазіргі кездегі денсаулықтары қандай деңгейде екендіктерін анықтау үшін сауалнама жүргізді. Нәтижесінде «Өз денсаулығыңызды қалай бағалайсыз» деген сұраққа облысымыздың тұрғындарының «30% - өте жақсы, 33% - жақсы, 29% - қанағаттанарлық деп жауап берді. Үш жақсы көрсеткіштің нәтижесі 92% құрады. Көрсеткіш өте жақсы. Демек облыс тұрғындарының денсаулықтарын жалпы, жақсы деп бағалауға болады. Респондеттердің тек тек 6% ғана денсаулықтарының нашарлығына шағымданды. Сонымен қатар, респонденттерге туыстарының денсаулықтары туралы сұрақ қойылған болатын. 38 % «жалпы жақсы» десе, 37% «жақсы шығар» деп жауап берді. Екеуінің нәтижесі 75% құрады. Респонденттердің тек 3% ғана денсаулықтарына мүлдем қанағаттанбайтындығын айтты. Адамдарда аурулардың пайда болуының негізгі себептері сауалнамасына қатысушылардың 23 %-... |
Толығырақ... Оқылды: 280 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.10.2019 |
Алматы облысының әкімі ең белсенді әкім атанды |
Қазақстандағы рейтингі жоғары ақпараттық NUR.KZ сайтының ұйымдастырған сауалнама нәтижесі бойынша, елімізде қоғам өміріне етене жақын араласатын, халықпен тығыз байланыс жасайтын ең белсенді әкім анықталды. Сауалнамаға жауап берген ғаламтор қолданушыларының көпшілігінің пікірінше үздік әкім ретінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов танылды. Аймақ басшысын Nur.kz порталының Мемлекеттік органдармен жұмыс жасау департаментінің директоры Шыңғыс Мәдібек мақтау қағазымен марапаттады. |
Толығырақ... Оқылды: 381 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.10.2019 |
Алматы облысында өскелең ұрпақты парасаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған жобалар жүзеге асуда |
Алматы облысының «Jetisy media» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің трансформациясы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы Данияр Тұрғанбаевтің айтуынша, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі Агенттікке бөлінді: ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет). Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жаңа бағыттарына сәкес трансформациясы жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа жұмыс бағытына өте отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функцияларды жүзеге асырып қана қоймай, сонымен... |
Толығырақ... Оқылды: 298 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қазан |
Бүгін – балағат сөздерді айтпайтын күн. Әрқайсымыздың өмірімізде келеңсіз жайттар мен күйзеліс туғызатын оқиғалар болып жатады. Сондықтан бірнәрсе көңіліңізге қонбаса, ұрысып, байбалам салудың қажеті жоқ. Мәселеге басқа көзбен қарап көріңіз, қандай жағдай болса да, жақсыға жоруға тырысыңыз. Ғалымдар анықтағандай, егер адам күн сайын балағат сөз айтатын болса, бойында жағымсыз энергия жинақталып, ДНҚ-сын бұза бастайды. Бұл әсіресе нәзік жандыларға қатысты – боқауыз сөз айту әйел адамның гормонына зиянын тигізеді. Ғалымдардың сөзіне құлақ ассаңыз, айналаңызға жақсы энергия ғана таратасыз. Бүгін, сонымен бірге, Дүниежүзілік салауаттылық күні тойланады. 3 қазанда бүкіл әлемде аталып өтетін бұл мереке маскүнемдікке шалдығу тұлғаның кері кетуіне әкеп соғатынына назар аударуға бағытталған. Германияда бүгін Немістердің бірлігі күні тойланады, ал Оңтүстік Кореяда – Мемлекеттің құрылу күні. |
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 03.10.2019 |
Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ |
Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысындағы өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді. Оның айтуынша, мекенжай анықтамасынан кейін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, псих-нарко, туберкулезге қарсы диспансерлердің анықтамасы, жұмыссыз ретінде тіркелу сияқты және т.б. анықтамалар да жойылуы мүмкін. «Жыл сайын азаматтар ХҚО-дан 10 млн артық мекенжай анықтамасын алады. Оны жұмысқа тұру, балалардың мектепке, балабақшаға құжатын дайындау барысында және т.б. себептермен сұратады. Мекенжай анықтамаларын алып тастау – қазақстандықтардың ХҚО-ға 10 млн есе аз келетіндігін білдіреді», – деп атап өтті Балташева. Реестрден аталған қызметтерді алып тастау мәселесі мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатын болады. Оның нәтижесі бойынша анықтамалардың... |
Толығырақ... Оқылды: 319 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.10.2019 |