Жаңалықтар

Елімізде қандастарды қолдауға арналған жаңа заң жобасы қабылданады

Келер жылы елімізде қандастарды қолдауға арналған жаңа заң жобасы қабылданады, деп хабарлайды «Хабар 24». Сол арқылы тарихи Отанға оралғысы келгендер құжаттарын «бір терезе» қағидасы бойынша реттеуге мүмкіндік алады. Бұл жөнінде бүгін Отандастар қорының жылдық есебі талқыланған жиында айтылды. Мамандардың айтуынша, білім беру және мәдениет салаларында байланыс беки түседі. Жыл сайын қандастарға мемлекеттік грант есебінен жоғары оқу орындарында білім алу үшін 4%-тік квота бөлінеді. Жазғы лагерьлерде 300 өрен тегін тынығады және өзге де бүлдіршіндер ұлы дала жеріне саяхаттайды Мағауия Сарбасов, Отандастар қорының вице-президенті: - Әртүрлі мәліметтер бойынша сыртта 5 миллионнан 8 миллионға дейін қандастарымыз тұрады. Нақты мәліметін шығару үшін жұмыстар атқарып жатырмыз. Заң жобасын әзірледік. Комиссия құрылған еді. Оның басты мақсаты – сыртта тұрып жатқан бауырларды қолдау.
Толығырақ... Оқылды: 436 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.12.2019

Елімізде ҰБТ электронды форматқа ауысады

Ұлттық бірыңғай тесті тапсыру тағы өзгереді. Мектептерге бейнебақылау камераларын қою 2 жылда толық шешіледі. Бұл туралы еліміздің бас мұғалімі үкімет отырысында 2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстыру кезінде айтты. Асхат Аймағамбетов жиын барысында балалар арасында өршіп тұрған суицид оқиғаларына да тоқталды. Сондай-ақ, 20 жылдап орнын босатпай, білім ошақтарын басқарып отырған директорлардың да мәселесін қарастыратынын жеткізді. Министр тағы не деді? Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына сұранып тұрған жаңалықтарды үкіметке Асхат Аймағамбетов ала келді. Енді ше, 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлепті. Ішінде не жоқ дейсің. Көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелердің бірі - балалардың қауіпсіздігі еді. Министр бағдарлама алдағы бес жылды қамтыса да, негізгі деген шаруаларды кезектен тыс шешуді көздейді. «Мемлекеттік бағдарлама 2025 жылға дейін есе...
Толығырақ... Оқылды: 472 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.12.2019

2020 жылы медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Келесі жылдың маңызды жаңалықтардың бірі, ол медициналық сақтандырудың жаңа жүйесінің іске қосылуы. Жаңа медициналық сақтандыру моделі екі пакеттен тұрады. Олар, тегін медициналық көмек көрсету (ТМКК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС). Аталған жаңашылдық халықты медициналық көмекпен теңдей қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығындардан қорғайды. МӘМС жүйесі бойынша халықты медициналық көмекпен қамту 95%-дан жоғары деңгейде жоспарланады. ТМККК және МӘМС шеңберінде қызмет көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің саны 131. Олардың 56 мемлекеттік және 75 жеке меншік. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғам (КЕАҚ) Алматы облысы бойынша филиалымен 2019 жылы 80 медициналық мекеме келісім-шартқа отырды (мемлекеттік - 45 (60%), жеке меншік - 35 (40%)). Жеке меншік мекемелердің қосылуыменен, мемлекеттік мекемелерге медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестік пайда болады....
Толығырақ... Оқылды: 425 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2019

ТӘУЕЛСІЗДІК - ТЕҢДЕСІ ЖОҚ БАЙЛЫҒЫМ

Тәуелсіздік! Ата бабам аңсаған, Қаншама жыр арнады екен жан саған. Көк байрағым желбіреген сәттерде Қадамыңа Қазақстан тамсанам! «Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде» мен қазақпын!» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді. Тәуелсіздік таңы – тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртты. Егеменді елдігімнің айғағы – аспан түстес азат байрағым, Елтаңбам, Гимніміз дүниеге келді. Тәуелсіздік алған елдің айрықша белгілері ретінде ұлттық валюта, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеу,...
Толығырақ... Оқылды: 644 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2019

«Қайыңды» серіктестігі қамбаны толтырады

Аудан экономикасының дамуының негізгі бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 11 айда 39 млрд. 50 млн.теңгені құрап, заттай көлем индексі 106,6 процентке жеткен. Жыл аяғына дейін жоспар 105,4 процентке артып, 41,1 млрд. теңгеге орындалатын болады. Ал алдымыздағы жылға барлық егіс көлемін 84700 гектарға игеру жоспарлануда. Оның ішінде дәнді дақылдарды - 33360 га, қант қызылшасын - 857 га, майлы дақылдарды – 36160 га, картопты – 1597 га, жеміс-жидек және бақша дақылдарын - 997 га, азықтық дақылдарды - 11729 га артырыу көзделуде. Сондай ақ, «Алакөл Агро» серіктестігінің құны 700 млн.теңгені құрайтын 5 000 басқа арналған ұсақ мал және 1,9 млрд. теңгені құрайтын «Қайыңды» серіктестігі 20 000 басқа арналған ірі қара малын бордақылау алаңын 2020 жылы қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Ауданда ауыл шаруашылығы саласымен бірге өнеркәсіп саласы да қарқынды даму үстінде. 2020 жылы «Қайыңды» серіктестігіні...
Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.12.2019

Өнеркәсібі өркендеген аудан

Әлеуметтің әлеуетін көтеретін бірден бірі бағыт ол-өнеркәсіп. Өткен жылды ойдағыдай қорытындылаған Кеген ауданы, келер жылдың жоспарын «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында жариялады. Өнеркәсіп саласында 2019 жылдың 10 айында 7 млрд. 890 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріп, жылдың аяғында өнімінің көлемін 10 млрд. 98 млн. теңге жетізген ауданның ауыз толтырып айтар жетістігі аз емес. Аудан экономикасын көтеріп отырған өнеркәсіпті өркендету жалғасын таппақ. 2020 жылы өнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған бірнеше жобалар жолға қойылған. Солардың бірі 2020 жылы өнеркәсіп саласын дамытуға байланысты «Alko Enerji», («Новотекс», «Восток ветерь») ЖШС-і арқылы жобалық құны 3 млрд. 300 млн. теңге, қуаттылығы 15 мВт болатын жел электр станциясының құрылысын салуды жоспарлауда. Ол үшін Кеген ауылы маңынан 50 га жер телімі бөлінген. Бүгінде жобалар мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жоба іске қосылған жағдайда 13 адам т...
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2019

«Бір түп алма ағашы» - Өмірдің өзі

20 желтоқсан күні, 19:00-де Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында атымтай жомарт азаматтың атынан «Бір түп алма ағашы» атты қайырымдылық спектаклі көрерменге ұсынылмақ. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндалды. Облыстық театрдың репертуарындағы аталған қойылым 10 жыл бойы сахна төрінен түспеген. Спектаклдің авторы Әлімбек Оразбеков болса, қоюшы режиссері Мұрат Ахманов. «Бұл спектакльде отбасында кездесетін жағдаяттар көрсетіледі. Ананың тағдыры, бауырлар арасындағы қарым-қатынас барлы осында айтылады. Көзі қарақты көрермен ішінен өзіне керекгін іліп алады деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін ел назарына ұсынып жүрген шығарманың көпке берері мол, тағылымы терең»,- дейді Бикен Римова атныдағы облыстық драма театрының директоры Ғалия Темербаева . Туынды да баяндалған оқиға шынайы өмірде орын алған. Шағын мемлекеттің керегесінің кең, шаңырағының биік болуы өзара ынтымақтастықта екенін көпке түсіндіру үшін атал...
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2019

ОБЛЫСЫМЫЗДА «АҚЫННЫҢ ҚАЛАМЫ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ (ӘДІЛДІК. ПАРАСТТЫЛЫҚ. СЕНІМ.)» АТТЫ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ!

Жастар бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, жас ақындар шығармашылығын қолдау мақсатында «Ақынның қаламы – адалдық алаңы (Әділдік. Парасттылық. Сенім.)» атты жастар арасында ақындар мүшәйрасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысы жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының Бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы осындай шараларды жастар арасында өткізудің маңыздылығы туралы айтып, жас ақындар адалдықты насихаттап өлең жолдарын жазуы өте қажет екенін атап өтті. Ақындар додасына облысымыздың 14 пен 21 жас аралығындағы шығармашыл, жазба ақындар өнерлерін көрсетті. Қатысушылардың арнау өлеңдері бұрын жарияланбаған,...
Толығырақ... Оқылды: 350 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2019

МЕРЕКЕ КҮНІНДЕГІ ҚУАНЫШ

Тәуелсіздік күніне қарсы ​ Балпық би ауылындағы Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орталық саябақтың ішінен балаларға арналған ойын алаңдары ашылды. ​ ​ «Жастар жылы аясында саябағымыздың ​ келбетін өзгерттік. ​ Футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын ​ жабдықтадық, жаңа заманға сай воркаут тренажерлерін орнаттық. Жарықтандыру жасадық. Жыл сайын спорт құрылымдарын көбейтіп, тиісті жұмыстарды істеп жатырмыз.​ Бұл бағыттағы жұмыс​тарды ары қарай да атқаратын боламыз»,-деді аудан әкімі құттықтау сөзінде. ​ Айта кетейік Көксу ауданында 119 спорт нысаны бар. Ауданда 41 халық болса, спортпен шұғылданатындардың саны 12 мың адамға жетіп отыр.
Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: СПОРТ Уақыты: 13.12.2019

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

«Jetisy Media» ақпараттық алаңында «ата-ананың қараусыз қалдырғанның салдарынан болатын кәмелетке толмаған балардың жарақаттану және қаза болу жағдайлары туралы» тақырыптарында баспасөз-мәслихаты өтті. Олардың айтуынша, 2019 жылдың 12 желтоқсанында Талдықорған қаласында оқыс оқиға орын алған. ересектердің қарауынсыз қалған5 жасар бала, 3 қабаттан құлап кетке. Бүгінгі таңда баланың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр. Мұндай төтенше жағдайдың алдын алу үшін құтқарушылар ата-аналарды келесі ұсыныстарды орындауға шақырады: Егер кішкентай бала үйде болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені баланың өміріндегі соңғы сәт болуы мүмкін немесе оны мүгедектер арбасына таңуы мүмкін; - Терезенің тиісті қорғанысы жоқ масаға қарсы торларын қолданбаңыз - балалар оларға сүйенеді, оларды сенімді тірек ретінде қабылдайды, содан кейін құлап кетеді; - Баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнағанда абай болыңыз; - Бала...
Толығырақ... Оқылды: 381 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.12.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.