Жаңалықтар

Балалардың отпен ойнауына байланысты өрт оқиғасы орын алуда

Жыл басынан бері 38 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылғы өрттердің жалпы санының 12% - ын құрайды, 1 млн теңгеге залал келтірілді, балалар арасында өлім және ауыр жарақат болған жоқ. Бұл туралы JETISY MEDIA ақпараттық алаңында мәлім болды. Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту мақсатында жыл сайын нұсқаулықтар, дәрістер сондай-ақ өртке қарсы насихат жүргізіледі. Мамандар жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керектігін атап өтті, өйткені дәл осы кезеңде олар көбінесе ересектер тарапынан бақылаусыз қалады. "Облыс аумағында қала сыртындағы 30 сауықтыру лагерін ашу жоспарлануда. Лагерь аумағында өрттерді болдырмау мақсатында барлық өртке қарсы іс-шаралар, сондай-ақ балалармен профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Балалардың демалысы кезінде сауықтыру лагерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жазғы каникул кезеңі аяқталғанға дейін және 2021 жылы лагерьлер жұмысына дейін жалғасады", - деп атап өтті ТЖД төрағасының орынба...
Толығырақ... Оқылды: 1465 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.05.2021

Өңірлік коммуникациялар алаңында Алматы облысы бойынша МӘМС-ті іске асырудың 2021 ж. І-ші тоқсанының қорытындылары баяндалды.

2021 жылға арналған бюджет жоспарына сәйкес облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге 149,1 млрд.теңге қарастырылған, оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету пакеті (ТМККК) аясында – 93,3 млрд. теңге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті (МӘМС) шеңберінде – 55,8 млрд. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда бюджет 25,6% - ға ұлғайды. 2020 жылы бюджет 118,7 млрд.теңгені құрады, оның ішінде ТМККК – 88,5 млрд. теңге, МӘМС – 30,2 млрд. теңге. Негізгі өсім МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Облыс тұрғындары медициналық сақтандыру Қорымен келісім шарт жасасқан кез-келген медициналық мекемеде, оның қай жерде орналасқанына және қандай меншік нысанына қарамастан, сапалы медициналық көмек алуға құқылары бар. Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша Қордың филиалымен 81 медициналық мекемеме шарт жасасты. Оның ішінде 35-і жеке меншік медициналық ұйымдар. Жыл сайын жеке сектордың үлесі өсуде, нарықта елеулі бәсекелестік орын алуда. Бұл тұрғындарға ең жақсы...
Толығырақ... Оқылды: 1582 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.05.2021

ӘМСҚ-да АУЫЛДЫҚ МЕКЕНДЕРДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20 мамырда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ӘМСҚ басшысы Болат Төкежановтың, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтың, Облыстық жедел және шұғыл жәрдем станциясының директоры Савелия Пак және ӘМСҚ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. ⠀ Кеңесте ауылдық мекендерде денсаулық сақтау және өңірлердегі жедел жәрдем қызметін қаржыландыру мәселелері қаралды. ⠀ Кеңес қорытындысы бойынша Болат Төкежанов Қордың құрылымдық бөлімшелеріне Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде қабылданған шаралар мен ұсыныстарды қарастырып, мәселелердің жүйелі шешілуі үшін қажетті тапсырмаларын берді. ⠀ НҚА-ға өзгерістер әзірлеу, сонымен қатар нақты шығыстарды ескере отырып, ауылдық жерлерде жедел жәрдем станцияларын қаржыландыру бойынша тиісті есептеулер жүргізу, жерүсті санитариялық авиацияны қаржыландырудың бірыңғай моделін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, халқы аз ауылдық өңірлерінде аудандық ауруханаларды қаржыландыруды жетілдіру сұрақтары...
Толығырақ... Оқылды: 1541 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.05.2021

ЖАРҚЫН БЕЙНЕ

Тумақ бар жерде өлмек барын бәріміз де білеміз. Өмірдің өлшеулі екендігі де әрдайым есімізде. Алайда мезгілсіз келген ажалдың өкініші де өзгеше екен. Сабадан асырмас, қайран өмір-ай, Арыны басылмас, сай-ран көңіл-ай. Ескен желдей, аққан сел-дей, Көшкен сеңдей мұңайтқан өлім-ай. Аяулы азамат, тау тұлғалы Күнібекұлы Төлегеннің өзі үшін екі дүниенің есігі болған Шаған тауындағы топыраққа жауырынының тигеніне де он жылға жуық уақыт өтіпті-ау. Шаңырағына отбасын тірегендерге арсалаңдап алдынан шығып, қарсы ала-тын қайран Төлегеннің қайта оралмасын білсек те сенгіміз келмейді-ақ, бірақ шындық осы, Алланың ісі өзіне жөн, көнбеске амал бар ма. Төлеген мектеп қабырғасында алдым-нан өткен талантты шәкірттерімнің бірі әрі құдай қосқан құда еді. Несін жасырайын жел-дей есіп, желпіне жеткен құдалықта Төлеген қанатын қаққан қыран құстай ұмтылып келеді екен. Құшағымызды жайып жіберіп құшақтастық. Төлеген:–Қош келдің, ағай-құда, табысқан балаларға рах-мет, ағымыздан жарылсақ, жарылалық бір- деп...
Толығырақ... Оқылды: 1860 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021

Су көбейcе, егіcтік көлемі артады

Су – тіршіліктің қайнар көзі, өмірдің қуаты. Сондықтан да «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтылмаған болса ке-рек. Біз суды орынсыз және босқа пайдаланбауымыз ке-рек. Су болмаса өмір болмай-ды, себебі айналадағы өмірге қажеттінің барлығы сумен бай-ланысты. Ал адамзат алаңсыз өмір сүріп жатқан осынау жер шарында жылдан жылға су мөлшері азайып бара жатқаны алаңдатарлық жағдай. Мысалы; Арал мен Каспий теңізінің суларының тартылуы, әлемнің басқа да жерлерінде суды көп пайдаланғаннан емес, жер шарымыздың экологиялық мәселелеріне байланысты екенін ғалымдар дәлелдеп шықты. Ендеше, су қорларының деңгейін сақтап қалу үшін, су шаруашылық кешендерін үздіксіз жетілдіріп отырған дұрыс. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары мен техникалық шешімдері бойынша әртүрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды та-лап етеді. Сонымен қоса, судың сапасы нашарламау керек. Біз осының барлығын қазіргі кезден бастап, болашаққа суды және тағы басқа маңызды заттар-ды жақсы қалпында...
Толығырақ... Оқылды: 1862 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы–сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасының қамқоршысы мен тіреуі – ер азаматы, шаңырағының шырайын келтіріп, ырысын еселеп, ынтымағын қамтамасыз ететін – адал жары, сол шаңырақты береке мен мерекеге толтыратын бақыты – балалары. Әкеден көрген өнеге мен анадан алған тәлім – баланың өмірлік бағдаршамы болмақ. Яғни, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Менің бүгінгі мақалама арқау болып отырған кейіпкерлерім қоғамда өз орны бар өзгеден ерек өнегелі отбасы жайында болмақ. Ауданымызда өзге ұлт өкілдерінен құралған ерлі-зайыптылар аз емес, сондай отбасының бірі Мейіровтар әулеті. Отағасы Бағдат Мейіров 1970 жылы Сарқант ауданында туылған. Бірақ осы киелі Көксу ауданына қоныс аударып тұрып жатқандарына 10 жылдан астам уақыт болыпты. Маманды...
Толығырақ... Оқылды: 1807 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылда-ры - тарихымыздың ақтаңдақ беттері талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген сол бір естен кетпес қаралы оқиғалар, өз ұлтының асыл арманын, елін, жерін тастап, зорлықшыл тәртіптің нақақ құрбанына айналған алма-стай асыл азаматтардың қатал тағдыры ащы болса да шындық.Сол замандағы қуғынға ұшырап, күштеп қоныс аударылғандардың бірі- әзірбайжан халқы Көксу жерінен пана тапқан кеңпейіл қазақ халқының дархандығын әлі ұмытқан жоқ. Көксу ауда-нын өз туған жерім деп са-найтын бүгінгі ұрпағы аудан-да «Нахичевань» әзірбайжан этно-мәдени орталығын құрып, бір үйдің баласын-дай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Сондай- ақ, аудандағы кәріс, орыс, ұйғыр, татар, шешен халықтары да халықпен ете-не араласып, тәуелсіз, еркін ғұмыр кешуде. Репрессияға ұшырап, жер аударылған халықтың сол қиын-қыстау кездег...
Толығырақ... Оқылды: 1716 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021

АЗАТТЫҚ ТАҢЫН АҢСАҒАН АЛАШ АРЫСЫ

Мемлекет және қоғам қайраткері, алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Бөкейхановтың туғанына биыл 155 жыл. Халқының жарқын болашағына, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен ұлы тұлғаның тарихтағы алар орны ерекше. ХХ ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Молдадан әліпби үйреніп, одан кейін 3 жылдық мектепте оқыған ол Омбының техникалық училищесін, Санкт - Петербургтегі Орман шаруашылығы институтыныңэкономика факультетінде оқыды. Ә.Бөкейханов – қазақтың басын біріктіріп, ерікті ел болуын көксеп, сол мақсатқа жету жолына өз бойындағы бар қасиетін: ақыл-ойын, өнер-білімін, арнаған адам. Ұлы тұлғаның: «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана», – деген сөзінен қазақ халқын бостандыққа апа-ратын бір жол ынтымақ еді, биыл еліміздің өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатқан бүгінгі азат заманда да ын...
Толығырақ... Оқылды: 1670 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021

Көп болғанда ғана Көсегеміз Көгереді

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша өткен жылы 26 мыңнан астам адам Қазақстаннан шетелге кеткен екен. Олардың көпшілігі – білімді жастар мен білікті ма-мандар. Тағы бір деректерде 2015 – 2019 жылдар аралығында елімізден шамамен 200 мыңнан астам адам шетелдерге тұрақты тұру мақсатында қоныс аударғаны жайлы жазылған. Бұл – барлық мемлекеттерде болып жататын үрдіс. Қытай, Ресей және Америка сияқты алып мемлекеттер үшін бұл ұсақ-түйек, әңгімеге өзек болатын да нәрсе емес. Ал әлемде жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын ат төбеліндей халқы бар Қазақстан үшін үлкен олқылық әрі өкініш.Осындайда халқымыздың: «Туған жердей жер бол-мас, Туған елдей ел болмас», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалдары ойға орала береді. Тоғыз жасында құлдыққа сатылып, кейін Мысыр елін 30 жыл билеген, бақ пен тақты тастап, туған жеріне оралған Бейбарыс бабамыз көз алдыңа елестейді. Туған халқының Тәуелсіздігі жолында Алаш арыстары...
Толығырақ... Оқылды: 1627 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 21.05.2021

Декларациялау жалпыға міндет

Қолыңыздағы мүліктің бағасы турасында мемлекет алдында есеп беру азаматтардың заң алдындағы міндеті. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңге бөліп қарастырылған. 1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Мұнда, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикас...
Толығырақ... Оқылды: 1590 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.