Жаңалықтар

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады. «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады. Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын «Қалбатау – Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда– Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» жолдарының реконструкциясы жалғасады. Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Қандыағаш – Ембі –Ырғыз», «Қостанай – Қарабұтақ», «Өскемен – Шемонаиха», «Өскемен-...
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2025

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы па – APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді. Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті – 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды: Рамазан Бутантаев – 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы; Самир Сарбасов – 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы; Тимур Кантаев – 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы; Зере Серікова – 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы; Темірлан Сейтбаттал – 11 сынып, БИЛ, Ақ...
Толығырақ... Оқылды: 101 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2025

Талдықорғанда мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді

Бүгін Талдықорғанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ваучерлік қаржыландыру жүйесін пилоттық түрде енгізу басталды. Жаңа тетік ата-аналарға мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар арасында өз қалауы бойынша таңдау жасауға мүмкіндік береді, ал мемлекеттік қаржыландыру балаға бекітіліп, ваучер арқылы жүзеге асырылады. Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша іске асырылуда, тиісті жоспар бекітіліп, жұмыс тобы құрылған. Процестерді автоматтандыру үшін сынақтан сәтті өткен «E-zhetysu» жүйесі қолданылуда. 1–11 мамыр аралығында техникалық интеграция жүргізіліп, 12 мамырдан бастап ваучерлерді беру басталады. Айта кетсек, облыс орталығында 404 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Жаңа тәсіл орындарды әділ бөлуге, қаржыландырудың ашықтығына және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Толығырақ... Оқылды: 121 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025

8 млрд теңге қорда: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға қолдау

Бағаның тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен (ӘМАТ) халықты қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Бағаны тұрақтандыру үшін облыс әкімдігі екі негізгі тетік арқылы жұмыс істейді: тұрақтандыру қорын қалыптастыру және тауар өндірушілерді жеңілдетілген несиелеу. Тұрақтандыру қоры ұзақ сақталатын тауарлармен (қант, қарақұмық, күнбағыс майы, күріш, 1-сортты ұн және т.б.) толықтырылса, несиелеу жүйесі өндірушілерге жылдық 0,01% мөлшерлемемен қаржы алып, айналым қаражатын толықтыруға және өнімді төмендетілген бағамен сатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қолданыстағы келісімшарттар аясында қоймаларда 8 млрд теңгеге бағаланатын 20 мың тонна азық-түлік тауарлары бар. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тауарлық интервенция күшейтіліп, Талдықорған қаласының халық тығыз орналасқан аудандарында көшпелі сауда ұйымдастырылуда. Сақтау инфрақұрылымы да дамып келеді: облыс аумағында...
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025

Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инфрақұрылымның қолжетімділігіне бақылау күшейтілді

Талдықорғанда 5217 мүмкіндігі шектеулі азаматты, оның ішінде 770 баланы қамтитын кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасын іске асыру аясында 2024–2025 жылдары 35 нысанды бейімдеуге 128 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Қолжетімділікті бағалау қала әкімі бұйрығымен құрылған 11 маманнан тұратын мониторингтік топпен жүргізілуде. Тексеру жұмыстары кіреберіс аймақтарды, қозғалыс жолдарын, санитарлық тораптарды, телекоммуникация желілерін және іргелес аумақтарды қамтиды. 152 мемлекеттік нысанның 124-і бейімделген, 28-і – ішінара бейімделген. Сондай-ақ 100 бизнес нысанға мониторинг жүргізіліп, оның 60-ы талаптарға сай деп танылды. Тексеру қорытындысы бойынша 48 нысанда бұзушылықтар анықталып, жалпы сомасы 4,5 миллион теңгеге айыппұл салынды. Наурыз айынан бастап Талдықорғанда Еуропалық одақтың қолдауымен «Алпамыс» қоғамдық бірлестігі...
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025

Хабарландыру

Толығырақ... Оқылды: 107 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025

Қолжетімділік пен сапа – жоғары деңгейде: Жетісу өңіріндегі жаңартылған «109 қызметі» қалай жұмыс істейді

2025 жылы Zhetysu 109 мобильді қосымшасы ауқымды жаңғыртудан өтті. Негізгі жаңартулар қатарына – қызмет сапасын бағалау жүйесі, коммуналдық және жедел қызметтердің рейтингі, апаттық және жоспарлы жұмыстардың интерактивті картасы, өтінімдер мәртебесінің нақты көрінісі, SMS-хабарламалар модулі және тұрғындарға арналған жаңалықтардың мақсатты тарату механизмі енді. Бұл мүмкіндіктер өңір тұрғындарына өзекті әрі шынайы ақпаратты ыңғайлы форматта алуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері «109 қызметі» бірыңғай байланыс орталығына 3 331 өтінім келіп түсті. Өтінімдердің шамамен 93%-ын Талдықорған қаласының тұрғындары жолдаған. Бұл халықтың цифрлық белсенділігі мен аталған сервиске деген сенім деңгейінің артқанын көрсетеді. «Smart City» тұжырымдамасын іске асыру аясында «109 қызметі» бірыңғай байланыс орталығы жобасы Жетісу облысында 2022 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл – халық пен мемлекеттік органдар арасында коммуналдық және әлеуметті...
Толығырақ... Оқылды: 137 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025

Жетісу облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың санын азайту, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында Жетісу облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында бірнеше бағыт қамтылды: • жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау; • жүргізушілер мен жолаушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу; • өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алу (жылдамдықты арттыру, мас күйінде көлік жүргізу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, қауіпсіздік белдігін тақпау және т.б.). «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері 4058 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде: • ҚР ӘҚБтК 591-бабы бойынша (көлік жүргізу кезінде телефон немесе радиостанция пайдалану) – 261 жағдай; • ҚР ӘҚБтК 592-бабы бойынша (маневр жасау ережелерін бұзу) – 274 жағдай; • ҚР...
Толығырақ... Оқылды: 153 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2025 жылғы оқуға құжат қабылдау басталды. Өтініштер онлайн түрде «Admission» жүйесі арқылы 25 маусымға дейін қабылданады. Академия 9 магистратура және 3 докторантура бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Биыл магистратураға – 120, докторантураға – 12 мемлекеттік грант бөлінді. Биыл академияға оқуға түсуге өтінім беру үшін өзгешеліктер бар. Атап айтсақ, жаңа бағдарлама – «Цифрлық мемлекеттік басқару» іске қосылды. Бағдарламаға цифрландыру саласында жұмыс істейтін, кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар мемлекеттік қызметшілер қатыса алады. Мемлекеттік қызмет өтіліне қойылатын талаптар өзгерді. Енді магистратураға түсу үшін 3 жыл, ал кей бағдарламалар үшін 4-5 жыл еңбек өтілі қажет. Ақылы бөлімге түсетіндер қатары кеңейді. Мемлекеттік қызметшілермен қатар квазимемлекеттік сектор өкілдері де оқуға түсе алады. Бағдарламаларға нақты талаптар енгізілді. Әр б...
Толығырақ... Оқылды: 150 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025

Бесқайнар ауылында әлеуметтік инфрақұрылымға рейд жүргізілді

2025 жылғы 2 мамырда AMANAT партиясының депутаттары «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Көксу ауданына қарасты Бесқайнар ауылдық округінде әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына арнайы рейд өткізді. Рейдтің басты мақсаты — мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және оларға арналған инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін тексеру болды. Іс-шара барысында ауылдағы мекемелердің мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуі — атап айтқанда, пандустардың, арнайы белгілердің, шақыру құрылғыларының және бейімделген санитарлық тораптардың бар-жоғы — жіті назарға алынды. Бұл рейд AMANAT партиясының инклюзивті орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып отырғанын көрсетеді. Алдағы уақытта анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылданатыны мәлімделді.
Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.