Жаңалықтар

Алматы облысында шағын және орта бизнес өнімінің көлемі 11% өсіп, 1,8 трлн. теңгеге жетті

Алматы облысында шағын және орта бизнесте өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 11% өсіп, 1,8 трлн. теңгеге жетті. Сөйтіп шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 34% болып отыр. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистерге брифинг өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір әкімінің мәліметінше, облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 125 мың бірлікке, ал осы салада жұмыс істейтін адамдар саны 275 мың адамға жеткен. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 11% өсіп, ШОБ-тың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 34% жетті. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған салықтық жеңілдіктер, жалға алу төлемдерінен босату түріндегі шаралар оң ықпалын тигізген. - Мысал ретінде айтсам, жылдың басында Талдықорған қаласында аз қамтылған және көп балалы аналарды жұмысқа тарту мақсатын...
Толығырақ... Оқылды: 1436 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021

А.Баталов: «Алматы облысында тағы 2 қант зауыты қалпына келтіріледі»

Алматы облысының Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттары қайта қалпына келтірілуі мүмкін. Өңірдегі қызылша алқабының аумағын 35 мың гектарға ұлғайту арқылы қант қызылшасы көлемін екі миллион тоннаға дейін жеткізу межесі белгіленген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс басшысы баяндамасында Агроөнеркәсіптік кешенде 2022-2026 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, сүт өнімдері, дәнді және майлы дақылдарды өндіру мен өңдеу бойынша жеті ірі экожүйе қалыптастыру жоспарланғанын атап өтті. Өңірде 1,3 млн. бас ірі қара, 4,5 млн. бас қой-ешкі, 1 млн. гектарға жуық егіс алқабы бар екенін ескерсек, облыс осы жобаның ең белсенді қатысушыларының бірі болып табылады. - Мысалы, қант өндіретін екі зауыт жұмыс істеп тұр, енді Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттарын қалпына келтіру жоспарлануда. Осылайша біз алқап аумағын 35 мы...
Толығырақ... Оқылды: 1425 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жақсаруда

Алматы облысында соңғы 10 күнде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайлардың саны 222-ден 96-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар 3 күн ішінде ауруханаға жатқызылған адам саны да азайды. Бұл туралы өңірдің бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді. Эпидемиологиялық жағдайының жақсаруына әсер еткен факторлардың бірі халықты «COVID-19-ға» қарсы вакцинациялаудың қарқынды жүргізілуі себеп болып отыр. Облыста коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинация жүргізу үшін 244 егу пункті, 67 мобильді бригада, 17 жылжымалы медициналық кешен тартылған. Айта кетейік, вакцинаны сақтау үшін 153 мұздатқыш камера, 272 белсенді термоконтейнер бар, вакцинаны тасымалдау үшін тағы 80 белсенді термоконтейнер жеткізу күтілуде. «Облысқа I компонентті вакцинасының 225 350 дозасы және II компоненттің 184 710 дозасы жеткізілді. Бүгінгі таңда 211 624 адам I компонентпен егілді, 119 081 адам вакцинацияның екінші бөлігін қабылдады. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда I компоненттің 14 920 до...
Толығырақ... Оқылды: 1495 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.05.2021

Балалардың отпен ойнауына байланысты өрт оқиғасы орын алуда

Жыл басынан бері 38 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылғы өрттердің жалпы санының 12% - ын құрайды, 1 млн теңгеге залал келтірілді, балалар арасында өлім және ауыр жарақат болған жоқ. Бұл туралы JETISY MEDIA ақпараттық алаңында мәлім болды. Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту мақсатында жыл сайын нұсқаулықтар, дәрістер сондай-ақ өртке қарсы насихат жүргізіледі. Мамандар жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керектігін атап өтті, өйткені дәл осы кезеңде олар көбінесе ересектер тарапынан бақылаусыз қалады. "Облыс аумағында қала сыртындағы 30 сауықтыру лагерін ашу жоспарлануда. Лагерь аумағында өрттерді болдырмау мақсатында барлық өртке қарсы іс-шаралар, сондай-ақ балалармен профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Балалардың демалысы кезінде сауықтыру лагерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жазғы каникул кезеңі аяқталғанға дейін және 2021 жылы лагерьлер жұмысына дейін жалғасады", - деп атап өтті ТЖД төрағасының орынба...
Толығырақ... Оқылды: 1474 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.05.2021

Өңірлік коммуникациялар алаңында Алматы облысы бойынша МӘМС-ті іске асырудың 2021 ж. І-ші тоқсанының қорытындылары баяндалды.

2021 жылға арналған бюджет жоспарына сәйкес облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге 149,1 млрд.теңге қарастырылған, оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету пакеті (ТМККК) аясында – 93,3 млрд. теңге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті (МӘМС) шеңберінде – 55,8 млрд. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда бюджет 25,6% - ға ұлғайды. 2020 жылы бюджет 118,7 млрд.теңгені құрады, оның ішінде ТМККК – 88,5 млрд. теңге, МӘМС – 30,2 млрд. теңге. Негізгі өсім МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Облыс тұрғындары медициналық сақтандыру Қорымен келісім шарт жасасқан кез-келген медициналық мекемеде, оның қай жерде орналасқанына және қандай меншік нысанына қарамастан, сапалы медициналық көмек алуға құқылары бар. Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша Қордың филиалымен 81 медициналық мекемеме шарт жасасты. Оның ішінде 35-і жеке меншік медициналық ұйымдар. Жыл сайын жеке сектордың үлесі өсуде, нарықта елеулі бәсекелестік орын алуда. Бұл тұрғындарға ең жақсы...
Толығырақ... Оқылды: 1589 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.05.2021

ӘМСҚ-да АУЫЛДЫҚ МЕКЕНДЕРДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20 мамырда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ӘМСҚ басшысы Болат Төкежановтың, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтың, Облыстық жедел және шұғыл жәрдем станциясының директоры Савелия Пак және ӘМСҚ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. ⠀ Кеңесте ауылдық мекендерде денсаулық сақтау және өңірлердегі жедел жәрдем қызметін қаржыландыру мәселелері қаралды. ⠀ Кеңес қорытындысы бойынша Болат Төкежанов Қордың құрылымдық бөлімшелеріне Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде қабылданған шаралар мен ұсыныстарды қарастырып, мәселелердің жүйелі шешілуі үшін қажетті тапсырмаларын берді. ⠀ НҚА-ға өзгерістер әзірлеу, сонымен қатар нақты шығыстарды ескере отырып, ауылдық жерлерде жедел жәрдем станцияларын қаржыландыру бойынша тиісті есептеулер жүргізу, жерүсті санитариялық авиацияны қаржыландырудың бірыңғай моделін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, халқы аз ауылдық өңірлерінде аудандық ауруханаларды қаржыландыруды жетілдіру сұрақтары...
Толығырақ... Оқылды: 1551 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.05.2021

ЖАРҚЫН БЕЙНЕ

Тумақ бар жерде өлмек барын бәріміз де білеміз. Өмірдің өлшеулі екендігі де әрдайым есімізде. Алайда мезгілсіз келген ажалдың өкініші де өзгеше екен. Сабадан асырмас, қайран өмір-ай, Арыны басылмас, сай-ран көңіл-ай. Ескен желдей, аққан сел-дей, Көшкен сеңдей мұңайтқан өлім-ай. Аяулы азамат, тау тұлғалы Күнібекұлы Төлегеннің өзі үшін екі дүниенің есігі болған Шаған тауындағы топыраққа жауырынының тигеніне де он жылға жуық уақыт өтіпті-ау. Шаңырағына отбасын тірегендерге арсалаңдап алдынан шығып, қарсы ала-тын қайран Төлегеннің қайта оралмасын білсек те сенгіміз келмейді-ақ, бірақ шындық осы, Алланың ісі өзіне жөн, көнбеске амал бар ма. Төлеген мектеп қабырғасында алдым-нан өткен талантты шәкірттерімнің бірі әрі құдай қосқан құда еді. Несін жасырайын жел-дей есіп, желпіне жеткен құдалықта Төлеген қанатын қаққан қыран құстай ұмтылып келеді екен. Құшағымызды жайып жіберіп құшақтастық. Төлеген:–Қош келдің, ағай-құда, табысқан балаларға рах-мет, ағымыздан жарылсақ, жарылалық бір- деп...
Толығырақ... Оқылды: 1870 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021

Су көбейcе, егіcтік көлемі артады

Су – тіршіліктің қайнар көзі, өмірдің қуаты. Сондықтан да «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтылмаған болса ке-рек. Біз суды орынсыз және босқа пайдаланбауымыз ке-рек. Су болмаса өмір болмай-ды, себебі айналадағы өмірге қажеттінің барлығы сумен бай-ланысты. Ал адамзат алаңсыз өмір сүріп жатқан осынау жер шарында жылдан жылға су мөлшері азайып бара жатқаны алаңдатарлық жағдай. Мысалы; Арал мен Каспий теңізінің суларының тартылуы, әлемнің басқа да жерлерінде суды көп пайдаланғаннан емес, жер шарымыздың экологиялық мәселелеріне байланысты екенін ғалымдар дәлелдеп шықты. Ендеше, су қорларының деңгейін сақтап қалу үшін, су шаруашылық кешендерін үздіксіз жетілдіріп отырған дұрыс. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары мен техникалық шешімдері бойынша әртүрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды та-лап етеді. Сонымен қоса, судың сапасы нашарламау керек. Біз осының барлығын қазіргі кезден бастап, болашаққа суды және тағы басқа маңызды заттар-ды жақсы қалпында...
Толығырақ... Оқылды: 1870 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы–сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасының қамқоршысы мен тіреуі – ер азаматы, шаңырағының шырайын келтіріп, ырысын еселеп, ынтымағын қамтамасыз ететін – адал жары, сол шаңырақты береке мен мерекеге толтыратын бақыты – балалары. Әкеден көрген өнеге мен анадан алған тәлім – баланың өмірлік бағдаршамы болмақ. Яғни, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Менің бүгінгі мақалама арқау болып отырған кейіпкерлерім қоғамда өз орны бар өзгеден ерек өнегелі отбасы жайында болмақ. Ауданымызда өзге ұлт өкілдерінен құралған ерлі-зайыптылар аз емес, сондай отбасының бірі Мейіровтар әулеті. Отағасы Бағдат Мейіров 1970 жылы Сарқант ауданында туылған. Бірақ осы киелі Көксу ауданына қоныс аударып тұрып жатқандарына 10 жылдан астам уақыт болыпты. Маманды...
Толығырақ... Оқылды: 1824 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылда-ры - тарихымыздың ақтаңдақ беттері талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген сол бір естен кетпес қаралы оқиғалар, өз ұлтының асыл арманын, елін, жерін тастап, зорлықшыл тәртіптің нақақ құрбанына айналған алма-стай асыл азаматтардың қатал тағдыры ащы болса да шындық.Сол замандағы қуғынға ұшырап, күштеп қоныс аударылғандардың бірі- әзірбайжан халқы Көксу жерінен пана тапқан кеңпейіл қазақ халқының дархандығын әлі ұмытқан жоқ. Көксу ауда-нын өз туған жерім деп са-найтын бүгінгі ұрпағы аудан-да «Нахичевань» әзірбайжан этно-мәдени орталығын құрып, бір үйдің баласын-дай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Сондай- ақ, аудандағы кәріс, орыс, ұйғыр, татар, шешен халықтары да халықпен ете-не араласып, тәуелсіз, еркін ғұмыр кешуде. Репрессияға ұшырап, жер аударылған халықтың сол қиын-қыстау кездег...
Толығырақ... Оқылды: 1725 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.