Жаңалықтар

Жетісу өңірінде ветеринария саласында заманауи технологиялар енгізілуде

Жетісу облысында 1010 ветеринар маман еңбек етуде, олардың 10-ы ветеринарлық станцияларда, ал 118-і ветеринарлық пункттерде қызмет атқарады. Бұл туралы Жетісу облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Облыс бойынша 542 мыңнан астам ірі қара мал, 1,8 миллион қой-ешкі, 204 мың жылқы және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары тіркеліп, бірыңғай компьютерлік дерекқорға енгізілген. 2023 жылы аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары 100% орындалды, оның ішінде сібір жарасы, аусыл, құтыру және басқа да ауруларға қарсы екпелер жүргізілді. Ветеринариялық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында өңірде заманауи технологиялар белсенді енгізілуде. 2023 жылдың басында Қазақстанда «Tort-Tulik» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша арқылы мал иелері өз малын тіркеп, ветеринариялық паспорт рәсімдей алады, сондай-ақ жануарларға қатысты деректерді жаңарта алады. Қазіргі уақытт...
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024

Жетісу облысында адам папиломма вирусына қарсы екпе жалғасуда

Жатыр мойны обырынан әйел адамдардың қайтыс болу дерегі жыл сайын көбейгеніне байланысты биыл адам папиломма вирусына қарсы екпе ұлттық күнтізбеге енгізілді. Қыркүйек айынан басталған вакцинация әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова және онкогинеколог дәрігер Қуаныш Ергембеков айтып берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жатыр мойны обырларының 95%-ы АПВ-дан туындайды. Бұл аурудың алдын алудың тиімді әдісі - вакцинация. Вирусқа қарсы «Гардасил» вакцинасы 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Ол Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса есептегенде 135 елдің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген. Бүгінде Жетісу облысына вакцинаның 12 мың дозасы әкелінген. Ол қыз балаларға екі кезең арқылы салынады. Қазіргі уақытта екпемен 3880 қыз бала қамтылды. Вакцинациядан кейін жағымс...
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024

Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті

Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2024

Жалпы халықтың 1 мың адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі – 64,0%, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесі облыс халқының жалпы санының 42%-ын құрайды

Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2024

Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті

Жалпы халықтың 1 мың адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі – 64,0%, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесі облыс халқының жалпы санының 42%-ын құрайды.
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2024

Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті

Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50% жетті. Құрылыс жұмыстары биыл да жалғасты. Жаңа заманауи нысандар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларында қолданысқа берілді
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2024

Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті

Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50% жетті. Құрылыс жұмыстары биыл да жалғасты. Жаңа заманауи нысандар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларында қолданысқа берілді, - деп хабарлайды Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі. Мәселен, білім беру саласында биыл облыста 1055 орынды 13 балабақша және оған қосымша 1461 орын ашу жоспарланған. Соның ішінде жыл басынан бері 914 орынды 12 балабақша, 150 орынды 5 шағын орталық және қосымша 594 орын ашылды. Облыста 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 94,4%, ал 3-6 жас аралығындағыларды қамту 98,8% құрады. Панфилов ауданының Жаркент қаласында 1200 орынды алғашқы жайлы мектеп, сондай-ақ Көксу ауданының Қаратал ауылында 120 орынды мектеп пайдалануға берілді. Бұдан басқа, Көксу ауданы Балпық би ауылындағы бұрынғы спорт мектебінің ғимаратын балабақша ретінде қайта жаңарту мен 4 мектепте...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.12.2024

МҰҚЫРЫ АУЫЛЫНЫҢ КЕЗЕГІ КЕЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ, КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН 10 ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды баспанамен қамту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Осыған орай, аудан көлемінде 10 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бүгін аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлының бастауымен Мұқыры ауылының кезегі келген әлеуметтік осал топтағы, көп балалы отбасыларға жаңадан салынған 10 баспана кілті салтанатты түрде табысталып, қоныс тойы тойланды. «Бүгінгі қоныстанған баспаналарыңыз құтты болсын. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын, іші шаттыққа толсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!»,- деді аудан әкімі Дәулет Халелов құттықтау сөзінде. Айта кетейік, бүгінде Мұқыры ауылында 10 тұрғын үй құрылысын «Көксу проект» ЖШС-гі жүргізіп, бүгінгі күні тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталды. Соңғы уақытта ауданымызда тұрғын үйлердің салынуы қуантарлық жәйт. Жалпы Көксу ауданы бойынша 2024 жылға тұрғын үй к...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.12.2024

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ КӨРСЕТЕТІН ФАКТОРЛАР»

18.12.2024 11:00 “Koksu jastary” филиалыұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықты көрсететін факторлар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Күн тәртібіне сәйкес “Koksu jastary” филиалының маманы Әлия Ерланқызы баяндама жасады. Сондай-ақ алдын алу шараларын атап өтті. Дөңгелек үстелге келген жастар арасында сұрақтар қойылып, заң аясына сүйене отырып жауап қайтарылды. Кездесудің соңын көңілді аяқтау үшін “Koksu jastary” филиалының психологі Мадина Қайратқызы «Кім жылдам?» атты тренинг өткізді.
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.12.2024

С Днем Независимости Республики Казахстан!

Поздравляю с Днем Независимости! В этот день мы гордимся своей свободой и самостоятельностью. Пусть независимость станет основой для новых успехов и прогресса, а наша страна продолжает идти по пути развития и процветания. С праздником! Наталия Хоменко
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.