Жаңалықтар
Жетісу облысы: өзгеріске толы үш жыл |
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жылы 8 маусымда Жетісудың жеке облыс болып қайта құрылған болатын. Осы үш жыл бойы аймақ әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша республикада үздік үштікке енді. Осы кезеңде облысқа 1,2 трлн теңге инвестициятартылды. Өңірде 712 мың гектар қайта айналымға кіріп, 500 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылды. Тұрғын үй құрылысы қарқын алып, 1 млн шаршы метр баспана салынды.Үш жылда әлеуметтік нысандардың 52 пайызы жаңарды. Қазіргі таңда 84 елді мекенге табиғи газ тартылды. Республикалық маңызы бар 500 шақырымға жуық жол реконструкциядан өтті, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Назарларыңызға 10 басты жетістіктер қатарын ұсынамыз: 1. Инвестициялық сала мен өнеркәсіпте.2022-2024 жылдары жалпы көлемі 135 млрд теңгеден асатын 135 жоба жүзеге асты. Осы кезеңде облысқа 1,2 трлн. теңге инвестиция тартылса, оның 796 млрд теңгесі – жеке инвесторлар қаржысы. Бұл ретте Талдықорған қаласында өндіріс аккумуля... |
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.06.2025 |
Экологиялық жағдай өңірде тұрақты деңгейде сақталуда |
5 маусым - Қазақстанда Эколог күні. Бұл - таза ауа, су мен жерді қорғауда алдыңғы шепте тұрған мамандардың кәсіби мерекесі. Жетісу облысында осы күнге орай өткен жылдың экологиялық жұмыстары қорытындыланып, негізгі жетістіктер мен өзекті мәселелер атап өтілді. Өңірдегі өндіріс пен көлік инфрақұрылымының жоғары жүктемесіне қарамастан, өткен жылғы жұмыстардың нәтижесі бойынша экологиялық жағдай тұрақты күйінде қалды. Экология департаменті басшысының орынбасары Ерасыл Бекжановтың айтуынша, бұл тек лимиттердің қайта қаралуы ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау шараларының енгізілуі арқасында мүмкін болды. Өткен жылы ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 13,3 мың тоннаны құрады, бұл белгіленген 45,1 мың тонна лимиттен әлдеқайда төмен. Аумақ үшін маңызды мәселенің бірі - бейберекет қоқыс тастайтын жерлер. Өткен жылы ғарыштық мониторинг көмегімен 243 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. 2025 жылғы мамырдағы жағдай бойынша олардың 229-ы (яғни 94%-ы) жойылды. Жүргізілген жұмыст... |
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.06.2025 |
Жетісу облысында жыл басынан бері 54 келі түрлі есірткі тәркіленді |
2025 жылдың басынан бері Жетісу облысында есірткі айналымына қатысты 75 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13-ке артық. Заңсыз айналымнан 54 келіден астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде синтетикалық түрі – 15 келіден астам. Сонымен қатар, 34 әкімшілік сипаттағы құқық бұзушылық анықталды. Наурыз айынан бастап есірткіні медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді – бұл үшін айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Психобелсенді заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар 236 адам есепте тұр, оның 47-сі - 29 жасқа дейінгі жастар. Есірткі қылмыстарына қарсы күрес аясында қылмыстық топтар ұсталып, Алматы қаласының полициясы және ҰҚК-мен бірлескен операциялар жүргізілді. 1100-ден астам есірткіге қатысты сайттар мен 800-ге жуық көлеңкелі банк шоттары бұғатталды. 1 маусымнан бастап есірткі құрамындағы өсімдіктерді заңсыз өсіруді анықтау және жою мақсаты... |
Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.06.2025 |
Жетісу облысында «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау жүріп жатыр |
Жетісу облысында отбасы институтын нығайту және үлгілі отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік кезеңі басталды. 2025 жылы байқауды өткізуге жергілікті бюджеттен 9 миллион теңге бөлінді. Жоба аясында түрлі тренингтер, семинарлар, спорттық эстафеталар мен Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарланған. Өтінім қабылдау 15 мамырда басталып, 15 маусымға дейін жалғасады. Қазіргі таңда 73 отбасы тіркелді. Байқау бірнеше кезеңнен тұрады: 15-30 маусым аралығында аудандық және қалалық комиссиялар әр аумақтан екі отбасын іріктейді. 1-15 шілде аралығында облыстық комиссия жеңімпаздарды анықтайды. Үздік үш отбасыға ақшалай сыйлықтар табысталады, тағы жеті отбасы ынталандыру сыйлығын иеленеді. Бас жүлде иесі Астана қаласындағы салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылады. Өтінімдер қағаз немесе электронды түрде жергілікті ішкі саясат бөлімдері арқылы қабылданады. Міндетті түрде толық құжаттар пакеті ұсынылуы тиіс: жеке куәліктер, куәл... |
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.06.2025 |
Жетісу облысында Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру және өткізу |
Биыл Қасиетті Құрбан айт мерекесі 5 маусым - Арафа күнінен басталып, 6, 7 және 8 маусым күндері аталып өтеді. Облыс аумағында Айт намазы 6 маусым күні таңғы сағат 06:00-де оқылады. Құрбандық шалу рәсімі 3-бөлімшеде орналасқан қасапханада ұйымдастырылады. Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру аясында аудан және қала аумақтарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мүмкін болатын резонанстық жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы жоспар бекітіліп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мал сату және союға арналған орындар анықталып, тұрғындар алдын ала хабардар етілді. Сонымен қатар, мал сою орындарында санитарлық-ветеринарлық талаптар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы қатаң бақылауға алынған. Құрбан шалу тәртібі туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде кеңінен таратылып жатыр. Облыс аумағында Құрбан айт мерекесіне орай 14 ресми қасапхана белгіленген. Аудан және қала мешіттерінің бас имамдары арқылы құрбан шалу рәсімін өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, құрбандық шалудың фот... |
Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.06.2025 |
Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады |
Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және қосымша білім беру бағдарламаларына қатысуын қаржыландырып келеді. Алайда жүргізілген тексерістер барысында бірқатар күрделі заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтсақ, балаларды жалған тіркеу арқылы қатысу көрсеткіштерін жасанды түрде көбейтіп көрсетілген, 164 секцияда сабақтардың санитарлық талаптарға сай келмейтін пәтерлерде, жертөлелерде және тұрғын үй-жайларда өткізілген, 6 өңірде бұрын істі болған азаматтардың балаларды оқытқаны туралы 20 жағдай тіркелген, сондай-ақ жүйеде тіркелгенімен, нақты сабаққа қатыспаған 8 мыңнан астам бала анықталған. Бұл фактілер алаяқтық, жалған есеп жүргізу және бюджет қаражатын жымқыру ықтималдығын көрсетеді. Мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу және балалар үшін қауіпсіз әрі сапалы жағдай жасау мақсатында 2025 жылдың 1 маусымынан бастап бірыңғай ваучер жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бастама Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе... |
Толығырақ... Оқылды: 103 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.05.2025 |
Жетісу облысында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады |
2025 жылдың 1 тамызынан 20 қазанына дейін Жетісу облысында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл санақ аграрлық сектордың жағдайы туралы өзекті деректерді жинау үшін жүргізіледі. Ол тиімді мемлекеттік саясат пен фермерлерді қолдау шараларын әзірлеуге көмектеседі. Санақ екі кезеңде өтеді: 1–31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама, ал 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін интервьюерлер үй шаруашылықтарын аралап шығады. Алдын ала аралау 1 маусымда өңірдің бес қаласында басталады. Жетісу облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Марат Букеновтың айтуынша, ауыл шаруашылығымен айналысатындардың барлығы санаққа міндетті түрде қатысуы тиіс. Қамту ауқымы - шамамен 113 мың үй шаруашылығы мен 21 мың өндіруші. Бұл жұмысқа 200-ден астам интервьюер тартылады. Ыңғайлы болу үшін әкімдіктерде интернет-аймақтар ашылады, Sanaq-Myrza виртуалды көмекшісі мен 1446 байланыс орталығы қолдау көрсетеді. |
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.05.2025 |
Жетісу облысында жазғы лагерьлерді ашуға дайындық жүргізілуде: ерекше назар – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға |
2025 жылдың жазғы маусымында Жетісу облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша ауқымды науқан өткізу жоспарлануда. Өңірлік Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, каникул кезінде 13 қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы лагерь және «Айналайын» балалар үйінің жанындағы лагерь бар. Жалпы алғанда, жазғы бағдарламалармен 1-10 сынып аралығындағы 113 мыңнан астам оқушыны қамту көзделіп отыр. Балалардың басым бөлігі мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерде уақыт өткізеді. Онда туристік жорықтар, еңбек маусымдары, шығармашылық және зияткерлік іс-шаралар қарастырылған. Әлеуметтік осал санаттағы балаларға ерекше назар аударылады. Лагерьлерде 12 мыңнан астам педагог, шамамен 150 студент және 80 ерікті жұмысқа тартылған. Мектептік бағдарламалармен қатар, оқушылар алты тақырыптық жобаға қатыса алады: «Ұлттық құндылықтар», «Жасыл клуб», «Жазғы экрандар»... |
Толығырақ... Оқылды: 126 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2025 |
Жетісу өңірінде шегірткеге қарсы күрес жалғасуда: 32 мың гектардан астам аумақ өңделді |
Жетісу облысында шегірткеге қарсы ауқымды күрес маусымы басталды. Биыл өңірде 114 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жеріне химиялық өңдеу жүргізу жоспарланған — бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. Оның ішінде 74,6 мың гектар – үйірлі шегірткелер қоныстанған аумақтар, ал 40,2 мың гектар – дара шегіртке түрлерінің шабуылына ұшырауы мүмкін жерлер. Іс-шараларды үйлестіру үшін облыс пен аудандарда арнайы штабтар құрылды. Олар науқан барысын бақылап, барлық санитарлық және технологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Іс-шаралар жоспары алдын ала бекітілген. Зиянкестерге қарсы күреске мамандандырылған компаниялар тартылған. Жерүсті өңдеуді «SATTI TULIK» ЖШС мамандары жүргізеді. Ал әуе өңдеу үшін «AVIASILA» компаниясының өте жеңіл және жеңіл ұшақтары қолданылады. Сонымен қатар, заманауи дрондар да пайдаланылады, оларды Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты республикалық «Фитосанитария» кәсіпорны басқарады. Залалданған о... |
Толығырақ... Оқылды: 109 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.05.2025 |
Балалардың жазғы демалыс кезіндегі денсаулығы мен қауіпсіздігі |
Жазғы демалыс басталысымен балалар үшін белсенді әрі қуанышты кезең басталады. Алайда дәл осы уақытта жазатайым оқиғалардың саны күрт артады. Бұл көбіне балалардың ересектердің бақылауынсыз қалуымен және қауіпсіздік ережелерін сақтамауымен байланысты. Сондықтан балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ата-аналармен қатар бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Жаз мезгілінде суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, жол-көлік оқиғалары, күн өту, күйік алу, жәндіктердің шағуы, тұрмыстық жарақаттар мен ойын алаңдарындағы оқыс жағдайлар жиі тіркеледі. Осыған орай елімізде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар алдын алу шаралары қабылдануда. Атап айтқанда, су қоймалары маңында ескерту белгілері орнатылып, балаларға жүзу ережелері түсіндірілуде. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, велосипед пен самокат мінгенде қорғаныш құралдарын қолдану ескертілуде. Сонымен қатар күннің аптап ыстығында бас киім кию, көлеңкеде... |
Толығырақ... Оқылды: 114 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.05.2025 |