Жаңалықтар

Сөмкесіне қарап таны…

Сөмке өзінің сұлу қожайыны жайлы көп сыр аша алады. Осыған дейін ұстанымдары мен өмір тәртіптері әртүрлі қыздардың қандай сөмке құп көретіндіктері жайлы айтқан едік. Енді қыздардың сөмкесін қалай ұстайтындығына, оның пішіні мен түсіне тоқталайық. Сөмкесін қолтық астына қысып жүретін қыздар іскер, батыл болады. Олар мақсатына сүрінбей жетеді. Мансап жолында өзінің жеке өмірін ұмытуға бар. Мұндай қыздар тұйық, барлық қиындықтарды өз ішінде өткереді. Арқа сөмкелері арудың мінезіндегі балалық қасиетін көрсетеді. Бұл ару әлі де кішкентай қыз, ол ересек адамдардың арасында өзін бөтен сезінеді. Сөмкесін шынтағына іліп ұстайтын арулар қырсық болады. Алайда олардың қырсықтығы көбірек еркелеуге жақын, олар соның артында нәзік жанын жасырғылары келеді. Дәстүрлерді құрметтейтін сұлулар сөмкесін қолда берік ұстап жүреді. Олар айтқан сөздеріне, жасаған істеріне мұқият болады, қателіктер жібермейді, кемшіліктерін көрсеткісі келмейді. Мұндай қыздардың ұқыптылығы мен қаталдығын басқалар тәк...
Толығырақ... Оқылды: 406 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.06.2019

КЕҢСЕДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ

Күннің соңына таман арқаңыз ауырып, көзіңіз құмыққандай әсер қалдырады, ал аяғыңыздың тамыры шығып кетеді. Сонымен, тексеріп көрелік, барлығын дұрыс жасаймыз ба? Көзге күтім Бірінші мәселе – құрғақ көздер. Қалыпты жағдайда біз көзді минутына 20 рет жыпылықтатады екенбіз, ал мониторға қараған кезде қызыққанымыз соншалық, 3 есе аз жыпылықтатамыз. Бұл көзімізді табиғи түрде ылғалдандырудың тәсілі екен. Көзді жиі жыпылықтатыңыз! Жұмыста әр 20 минут сайын үзіліс жасап тұрыңыз. Алдымен алысқа қараңыз, кейін көзіңізді жұмып көз алмасын айналдырыңыз. Нені жасауға болмайды: көзді қолмен уқалау! Қолдар көп жағдайда таза емес, осыдан көзге инфекция түсіп кетуі әбден мүмкін. Немесе дисплейге қалықтаған көбелекті қойыңыз. Оның ұшуына 2 минутқа жуық қараңыз. Тағы бір пайдалы тәсіл: бірінші, көздеріңізді 2 минутқа жуық баяу айналдырыңыз. Тағы да қажет кеңес: бірінші, көздеріңізді жоғары оңға, кейін жоғары солға қарай айналдырыңыз. Әр қимылды 3-5 рет қайталаңыз. Тік отырыңыз Кейбірінің...
Толығырақ... Оқылды: 382 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.06.2019

Томыртқа – қазақша коктейль

Томыртқа – қыс айларында шөл басатын сусын. Томыртқа сорпаның ерекше бір түрі. Дәмді астан кейін, сорпаны ортаға алып келіп, оны сораптап ішу – дастарқандағы әңгімені үстеуге керемет тәсіл болған. Тойымды асты кейбірі айран қосылған сорпамен аяқтайтын болса, бірі майлы сорпаны қалап жатады. Ыстық сорпа сусындары ішіндегі ең ерекшесі томыртқа атымен белгілі. Ыстық, майлы сорпаның ішіне таза мұзды салып ішетін сусын томыртқа. Елін, жерін сағынғанда «маған жоқ майлы омыртқа, көзден ұшты-ау томыртқа» деген өлең жолдары сақталған. Бұл жол қай ақынның қамыққан кездегі сөзі екені белгісіз, бірақ томыртқа халық арасында кең таралған көрінеді. Қысқы майлы соғымның майлы сорпасының майын басу үшін және сорпаны тездетіп суыту үшін таза мұзды қосып ішу – дәстүрлі томыртқаның пайда болуына негіз болған. “Томыртқалау” сөзі – ыстықты жылы ету деген мағынаны білдіреді. Яғни, томыртқа сусынын жылы сорпа екенін түсінуге болады. Өкінішке қарай,...
Толығырақ... Оқылды: 501 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 19.06.2019

Ер азаматтың 3 намысы бар

Кез келген мемлекеттің негізгі құраушы ұлты болады. Қазақстан елінің негізгі иесі – қазақ. Демек, отанның болашағы да сол ұлтқа тікелей байланысты. Ұрпақ ауысқан заманда, отанның мығымдылығын кім сақтап қалады деген ой мазалайды. Міне, бұл ой, бұл заманның келер заманның жастарының болашағына, оның тәрбиесіне мән беруден басталуы қажет деп ойлаймын. Данышпан Абай айтқан «толық адамды», жасампаз қазақ жасын қалай рухани құндылығын сақтай отырып, отанның иесі етіп қалай тәрбиелейміз деген ой бүгінгі заманның негізгі мәселесіне айналып отыр. ХХ ғасырдың ұлы ойшылы Алберт Энштейн былай депті: «Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, мақсатқа тәуелді болыңыз». Ойшылдың ешқашан үмітіңнен айырылма, үмітсіз шайтан ғана болады деген ойы шығар. Біз қазақ бұны осылай түсінеміз. Біздің түсінігімізде қараңғылық деген болмайды, «қараңғылық жарықтың түспеуінен» деп Алаш қайраткерлері айтып өтті. Жаңа кәсіп иелері, ғылымға бет бұрған қазақ жастары деген ұғымдар б...
Толығырақ... Оқылды: 436 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.06.2019

Отағасын разы қылудың 6 жолы

1.Құрмет. Бәрінен бұрын, әрбір ер кісі әйелінің құрметтегенін қалайды. Құрмет көрсету оны тыңдауда, нақты бір мәнермен сөйлеуде және дауласудан аулақ болуда көрінеді. Сонда, сіздің құрметіңізді сезінген күйеуіңіз сізге екі есе құрмет көрсететін болады. 2.Бағалау. Еріңіздің барлық қырын бағалаңыз. Оның келбетін, ақылын, қабілеттілігін айтып мақтап, тәнті болып жүріңіз. Сіздің қасыңызда ол өзін ерекше жаралған адамдай сезінсін. Сонда отағасы сізгебар жылуын төгіп, аса бағалайтын болады. 3.Разы болу. Күйеуіңіздің сіз үшін, отбасы үшін жасап жатқан күнделікті жұмыстарына ризашылығыңызды білдіріп отырыңыз. Оның ынта-ыждаһатын, отбасына деген қамқорлығын әрдайым бағалайтыныңызды білдіріп, ризашылығыңызды көрсетіңіз. Сонда, еріңіз сіздің демеуіңізді сезініп, арқалана әрекет ететін болады. Сәйкесінше ісі берекелі, тірлігі табысты болады. Әрбіл ұлы еркектің артында ұлы әйелдің тұратынын ұмытпаңыз. 4.Сүйіспеншілік. Күйеуіңізге оны қаншалықты жақсы көретіндігіңізді көрсетіп о...
Толығырақ... Оқылды: 401 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.06.2019

Жұмыстың жаңа форматы парасаттылық идеологиясына негізделген

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асыруды бастап кеттік. Институционалдық өзгерістерге қарамастан, парасаттылық идеологиясына негізделген жұмыстың жаңа форматы біз үшін басым болып қалуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық шенеуніктерді ұстау көңіл-күйді ешкімге көтермейтіндігін жақсы түсінсек те, жұмысымызды әлсіретуге ниетті емеспіз. Бүгін мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келеді. Бұл проблеманың өткірлігі, әсіресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көптеген шағымдарымен расталады, мысалдар да жеткілікті. Біз стандарттарына бой түзейтін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім еш...
Толығырақ... Оқылды: 360 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.06.2019

Әкенің қадірін тірісінде біл!

Күндердің күнінде дәулетті отбасында еркелеп өскен жалғыз жігіт университет бітіріп, диплом алғалы жатады. Ол әкесіне оқуды бітіргенде көлік алып беруін бұрыннан сұранған еді. Күндер өтіп диплом да қолға тиеді. Әкесі баласын жеке кабинетіне шақырады. Жігіт іштей көптен күткен көлік сыйлайтын болды деп қатты қуанады. Кабинетке кірген бойда әкесі оған сырты безендірілген Құран Кәрім кітабын сыйлайды. Бала ашуға бой алып: — Осындай дәулетің бола тұра маған бір ғана кітап ұсынып тұрсың ба?-деп Құранды кітап сөресіне қойып, есікті қағып шығып кетеді. Арада бірнеше жылдар өтеді. Әлгі жігіт үлкен мансап иесі болып, зәулім үйі мен бірнеше көліктері болады. Алайда, ол әкесімен осы уақытқа дейін қатынаспаған еді. Содан бір күні екі қолы өзіне жеткенде әкесін есіне алады да бір рет жағдайын сұрап, кіріп шығу үшін қарашаңыраққа бет алады. Әкесі ол уақытта дүниеден өтіп кеткен болатын. Артындағы бар дәулетін жалғыз ұлына мирас ретінде қалдырыпты. Жігіт мирастың құжаттарын реттейін де...
Толығырақ... Оқылды: 395 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 18.06.2019

Жақсы қасиеттер көп, бірақ ашуды жұту бөлек

Ибн Аббас деген танымал тәпсірші: «Алланың құзырында жұтылған ашудан артық сүйкімді нәрсе жоқ. Кімде кім ашуын жеңіп, оны жұтып қойса, Алла оның кеудесін иманға толтырады…», – дейді. Көрдіңіз бе, Алла назарында ішілген су емес, желінген ас емес, жұтылған ашу сүйкімді. Неге аятта да, хадистерде де «жұтылған» деген сөзді қолданады. Осы жағына бүгінгі жаңа ғылым мамандары көңіл бөлулері керек. Ашудың келуі таза рухани дүние ме, әлде ол физиологиялық процеске жата ма, оның адам бойында айналып жатқан қанына қандай қатысы бар, ашуланғандағы қуаттың түпкі өзегі қай жерде, ағзадан бөлінетін сөлдердің ашуға қандай қатысы бар деген секілді көптеген сұрақтар өз шешімін табуға тиіс. Енді мәселенің тағы бір қырына келейік. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Нағыз күштілік тастарды көтеретіндей балуандықта емес, өз ашуын жеңе білуде» деген хадисі көпшілікке белгілі. Нағыз күш немен өлшенетінін осыдан-ақ байқаймыз. Алайда ашуды жұтудың Қиямет...
Толығырақ... Оқылды: 460 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 18.06.2019

Адам ұйықтап бара жатып неге селт ете қалады?

Адам ұйықтап бара жатып өздігінен селт етуінің бірнеше себебі бар. Соның бірі адам тез ұйқыға еніп, тыныс алуы баяулағанда ағза «адам өліп бара жатыр» деп ойлап қалуы әсерінен қорғаныш қызметі автоматты түрде қосылады. Ми лефлекторлық деңгейде аяқ-қолға жиырылып, «адамды оят» деген белгі береді. Ол ұйықтап кету мен өліп кету арасындағы айырманы білмей, өзін –өзі сақтау инстинкті әрдайым іске қосылады. Сол себепті «селт» еткен денеден адам жылдам оянып, бәрі дұрыстығын анықтау үшін оянады. Ойдағыдай екеніне көз жеткен адам қайта ұйықтап кетеді. Мұның алдын алу үшін ұйықтар алдында денені бос ұстап, байсалдылықпен ұйқыға ену керек. Мысалы, ыстық ваннаға қабылдап, массаж жасатып, миға күш түсірмей, тынығу керек. Адам денесі суықтан қатты дірілдеуі де мидың қорғаныш қызметтерін қосып, механизмдерді қосу әрекетінен іске асады. Яғни, бұлшық еттердің жиырылуы арқылы энергия бөлініп, дене жылынады.
Толығырақ... Оқылды: 563 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.06.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 маусым

Бүгін – Дүнижүзілік үйлесімділік (гармония) күні. "Гармония" сөзі грек тілінен аударғанда "тәртіп, үйлесімділік" деген мағынаны білдіреді. 18 маусым – Гастрономия күні. Гастрономия - тамақтану салты мен мәдениет арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Бұл мерекенің негізгі мақсаты – тұрақты даму үшін гастрономияның маңызын түсіндіру. Сондай-ақ, бүгін – Балалар арбасының күні. Тарихи деректерге сүйенсек, алғашқы балалар арбасы 1730 жылы қолданылды. Девоншир (Англиядағы дворян титулы) герцогының ұрпақтары арбаға жатқызылған. Балалар арбасын шотландиялық пони жегіліпті.
Толығырақ... Оқылды: 437 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.