Жаңалықтар

жастарға жасыл алаң

«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек». Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» елжанды азаматтардың өскен өлкесіне деген шынайы адалдығын айқындаған бағдарлама. Келешекке деген сенім нығайды. Бағдарлы бастама шеңберінде ауданға қарасты ауылдардың келбеті көркейіп, келісті. Былтыр бірнеше балалар алаңқайлары мен оңтайлы орталықтар қолданысқа берілген болатын. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық қуанышқа бөленді. Өткен аптада көксулықтар тағы бір мәрте марқайып, бөріктерін аспанға лақтырды. Оған себеп - аудан орталығы Әліби Жангелді көшесі бойынан салынған шағын спорт алаңының ашылуы. Бұл атаулы бағдарлама аясында ашылғалы тұрған 8-ші нысан. Ал, осы қуанышты күннің басты себепкері - Жүнісовтар әулеті. Былтырғы 4 тамызда өткен «Жерлестер форумында» аудандық мәслихаттың депу...
Толығырақ... Оқылды: 437 Санат: СПОРТ Уақыты: 15.07.2019

Жетісудың жеті өзенін білесіз бе?

Алматы облысының ішкі туристтік әлеуетті көтеру және киелі Жетісу өзендерін кеңінен таныту, дәріптеу мақсатында, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы және «Жетісу географиялық қауымдастығы» бірлесе отырып, «Жетісудың 7 өзені» байқауын жариялайды. Ол үшін әлеуметтік желідегі инстаграм @visitzhetysukz парақшасына жазылуыңыз шарт. Жеке парақшаңызда Жетісу жерінің 7 өзенінің бірінде суретке түсіп, жеті өзеннің атаулары мен орналасқан жерлерін белгілеу қажет, сондай ақ жүктелген сурет астына #zhetysurivers, #7river хештегін қалдыру қажет. Байқау 2019 жылдың 1-ші тамызына дейін жалғасады. Байқау жеңімпазына, яғни: 1-орын – Дрон DJI Phantom 3 SE; 2-орын – Фонарь NITECORE TM16 3-орын – Бинокль Bresser National Geographic 10x42 WP⠀сияқты бағалы сыйлыққа ие болады.
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТАН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЕКІ СӨЗ

Ұлдар, алдымен сөзімді сендерге арнаймын! Менің сендерден өтінерім, арақ ішпеңдер, айналайындар! Арақ - адамзаттың жауы, халықтың дұшпаны. Арақ алдымен талантты адамдарды құртады. Содан соң өзгеге ауыз салады. Талантсызды да жалмап жұта береді. Ендеше, арақ ішпеңдер, бауырларым! «Мен мықтымын» деп оқыраңдай бермеңдер, асып бара жатқан күштерің болса, оны араққа емес, айналадағы адамдарға, ағайын-туыс, адал жарларыңа қамқорлық жасауға жұмсаңдар! Қалқам! Арақты жеңемін деп дәмеленбе! Шарапқа бүйірім шыға бір тояйыншы деп талпынба! Ол ешкімді де тойдырмайды. Су екеш суды да сыздықтатып, сызылта ішсең ғана шөлің қанады. Адам арақ ішпегенінен өлмейді, араны ашылып арақ ішкенінен өледі. Әрбір арақ ішкен адамның өмірі аз, ғұмыры қысқа болады. Оның үстіне маскүнемнің өмірі - мәнсіз. Адамның өмірі онсыз да қысқа, ендеше, аз ғұмырды ардақтап, шамаң келгенше мағыналы етіп өткізгенге не жетсін! Жігіттер! Жандарыңда жүрген қыздарды құрметтеңдер. Қыз – болашақтың анасы....
Толығырақ... Оқылды: 501 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 12.07.2019

ЖАСТАРҒА 5 КЕҢЕС

Жастық шақ – адам өмірінің көктемі, қайрат пен жігерге толы жалындаған кезең. Ол мөлдір бұлақ, тұнық бастау секілді. Жас кезінде бейнеттенген адам қартайғанда зейнетін көреді. Қырықтың қырқасына шығып, өткеніне көз жүгірткен ақын Мұқағали Мақатаев бір өлеңінде:Қырық...Қырық...Қай жерге тоқтар екен?Жайлауында жастықтың жоқ па мекен?Жастық – өлең, жігіттер,Жастық – өмір,Қалғанының барлығы оттау екен! –депті. Ендеше, өзгелер секілді біздің де өкініп қалмауымыз үшін жастық шақта не істеу керек деген сауалдың төңірегінде төмендегі 5 кеңесті назарларыңызға ұсынып отырмыз: 1. Адам баласынан Қиямет күні ең бірінші сұралатыны – намаз. Ендеше, намазға көңіл бөліңіз, егер білмесеңіз, үйреніңіз. Үлгеріп қалыңыз. Намазды демалысқа, зейнетке шыққанда оқимын деу немесе сондай ойда жүру – лағнеті шайтанның қақпанына ілігу ғана. Жас кезінде алған білімнің ғұмыры ұзақ болады. Әрі ол білім сіз үшін өмір бойы қызмет етеді. Жас кезде сүре жаттау, Құран оқып үйрену де...
Толығырақ... Оқылды: 408 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 12.07.2019

Ең әдемі махаббат үлгісі

Тектілікпен тербелген некеАмр ибн әл-Ас (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Уа, Алланың Елшісі! Ең жақсы көретін адамың кім?» деп сұрайды. Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):– Айша, - деп жауап береді. Мұндай жауапты күтпеген Амр аздап қысылып:– Ал, ер кісілерден ше? - дегенде, ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):– Оның әкесі, - деген (Бұхари).Адамзаттың абзалы, Алланың сүйіктісі Мұхаммед пен күллі мұсылмандардың иманын таразыда басып озатын шыншыл Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) беліндегі бір тамшы судан жаралған, ислам нұрына бөленген отбасынан нәр алған салиқалы да текті Айшаның (оған Алла разы болсын) некесі мөлдір судай таза, Алланың алдында адал, ел-жұртқа әшкере әрі үлгі бола алды. Ғасырдан-ғасырға шертілетін аңыз махаббат. Ол екеуінің арасындағы ерекше байланысты барша халықтың білетіндігі сол, сый-сияпаттарын, тарту-таралғыларын Пайғамбарымыз (оған Алланың игі...
Толығырақ... Оқылды: 483 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 12.07.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 шілде

Бүгін кәсіби мереке – Бүкіләлемдік азаматтық авиация бортсерігі күні аталып өтеді. Стюард немесе стюардесса мамандығының пайда болғанына сексен жылдан асты. Кейбір деректерге сүйенсек, 1928 жылы Германияда алғаш рет ұшақ бортында жолаушылардың қауіпсіздігі мен сервиске жауапты адам бекітілген. Бастапқыда бортсеріктің міндетін ер адамдар – қымбат мейрамханалардың даяшылары атқарған екен. Ал 1930 жылы АҚШ әуедегі жұмысқа сүйкімді қыздарды да тартуды ұйғарыпты. Оның үстіне қыздардың салмағы да жеңіл, бұл сол кездегі ұшақтар үшін өте маңызды еді. Сондай-ақ, бүгін – Бүкіләлемдік фотографтар күні. Бұл дата француз суретшісі Луи Дагердің есімімен байланысты. Ол 1839 жылы Париждегі суретшілер академиясында суретке түсірудің жаңа әдісін көрсеткен болатын. Сондықтан осы күн фотографтардың төл мерекесі ретінде аталып жүр. "Фотография" термині де 1839 жылы пайда болған, оны екі астроном – ағылшын Джон Гершель мен неміс Иоганн фон Медлер біруақытта қолданыпты. Т...
Толығырақ... Оқылды: 486 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 12.07.2019

Аптап ыстықта не жеу керек – маманның кеңесі

Сарапшы шілденің шіліңгірінде қандай жеміс пайдалы екенін айтты Аптап ыстық кезінде калийге бай жеміс-жидекті көп мөлшерде жеу керек, деп хабарлайды РИА Новости ауыл шаруашылығы өнімдерінің сарапшысы Нина Зайцеваның кеңесіне сүйеніп. "Жазда аптап ыстықта адам қатты терлегендіктен, ағзада калий жетіспеушілігі болуы мүмкін. Оның орнын толтыру үшін калийге бай жеміс-жидектер жеу керек", - дейді Зайцева. Сарапшының айтуынша, шабдалы, өрік, қарақат, банан және ананас сияқты жемістер калийге өте бай. Осы жемістерден денсаулыққа пайдасы мол дәрумендер мен микроэлементтер алуға болады, дейді маман.
Толығырақ... Оқылды: 339 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 12.07.2019

Иесіз иттерді бақылау

Ит пен мысыққа да баспана қажет. Адам құқықтарын қорғау қоғамның мүшелері мен зооклубы қоғам мүшелері бірлестігінің еріктілері панасыз жануарлардың проблемаларын көтерді. Олардың айтуынша қазір өңірде панасыз жануарлар көбейіп барады. Биылдың өзінде жыл басынан бері 4 мыңға жуық ит ауланыпты. Статистикаға сүйенсек облыста жыл сайын шамамен 30 мың жануар жойылады екен. Бұл мәселені тек вольерлер салумен шешуге болады екен. Осы мәселе бойынша биылғы жылы облыстық бюджеттен 93 миллион 36 мың теңге қаражат бөлінген. Оның 58,4 пайызы игерілді. Бөлінген қаражатқа жыл соңына дейін вольерлер салынып, жұмыстар жасалынбақ. «Қазір аймақта мұндай келеңсіздіктердің алдын алып, жануарлардың адам денсаулығына зиян келтіруінен сақтану үшін түрлі шаралар қабылдануда. Нақтырақ айтсақ, қаңғыбас жануарлар алдымен ауланып, әлеуметтік желі арқылы суреттері жарияланады. Осыдан соң біренеше күн ішінде олардың иесі табылмаған жағдайда көзі жойылады. Бүгінгі күнге дейін шаһарда 1923 ит, 164 мысық ауланып...
Толығырақ... Оқылды: 310 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.07.2019

МЕРЕКЕ КҮНІНДЕГІ ҚУАНЫШ

Жыл сайын халқымыз шілде айының бірінші жексенбі күні "Ұлттық домбыра күнін" атап өтеді. Осы мерекеге орай Қазақстан халқы Ассамблеясы республика көлемінде "Қасиетті домбыра" атты акция ұйымдастырған болатын. Бұл айтулы күннің маңыздылығын ұғындырған ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде бұл бастама "Рухани жаңғырудың" негізінде өтетінін айтты. - "Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуға тиіс. «Өнер – ұлт келбеті» дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы – қайталанбас асыл дүние. Сондықтан, мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу – қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі, қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз қажет,...
Толығырақ... Оқылды: 383 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.07.2019

Қаласаңыз, бойды өсіре аласыз

Ұзын бойлы, сымбатты болуды әркім-ақ қалайды. Дегенмен жас кезде болмаса, ересек адамдарда бойдың өсуі белгілі бір шамаға жеткесін тоқтайтыны белгілі. Одан кейін қандай амал қолданса да бой өспейді. Дегенмен оны түрлі тәсілдермен 2-3 сантиметрге дейін ұзартуға болады екен. Төменде сол жайлы айтылады. Жас ұлғая келе омыртқааралық дискілер нығыздалып, бойды 5 сантиметрге дейін аласарта алады. Ал қалаған адам осыған жол бермей, тіпті бойды аздап өсіре де алады. Оған дене жаттығулары, дұрыс тамақтану, толыққанды ұйқы, арнайы тренажерлер көмектеседі. Бастысы – жаттығуларды кешенді әрі тұрақты түрде жүргізіп отыру. Мынадай жаттығулар жасау керек: Керіліп-созылу. Күнде жасап тұрса ол дененің созылғыштығын дамытады, сіңірлер мен бұлшық еттерді созады, соның нәтижесінде омыртқа түзеледі.Жаттығу кезінде еңкейгенде саусақтар еденге еркін жетуі тиіс. Алақанды еденге тигізсе, тіпті жақсы. Осыған ұқсас басқа да жаттығуларды жасауға болады. Соның бірі – «Аспанды көтеру...
Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 11.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.