Жаңалықтар
Рамазан |
1.Айналаңыздағы мұқтаж-ау деген бір адамды таңдап, соған ізгілікке толы, жанын жылытатын хат жазыңыз; 2.Ұзақ уақыт бойы сөйлеспеген ескі досыңызды кешіріп, онымен татуласыңыз; 3. Көршіңізге бір жақсылық істеу (тамақ дайындап апару, шәйға шақыру, ауланы тазалау...); 4. Өзіңіздің ең сүйікті асыңызды әзірлеп, өзіңіз жемей, сонымен кедей адамды тамақтандырыңыз; 5.Мешіттердің біріне Құран апарып қойыңыз (Оны оқыған әр адамның сауабы сізге жазылады); 6. Өзіңіз танитын барлық өмірден өткен адамдарды тізіп жазып, солар үшін шын жүректен дұға жасаңыз. Өзіңіз дүниеден қайтқанда адамдардың сіздің артыңыздан қандай дұға жасағанын қалайтын болсаңыз, сіздің бұл дұғаңыз да сондай болсын; 7.Маңайыңыздан аль - Фатиха сүресін білмейтін бір баланы тауып, үйретіңіз. Ол бала өмірінің соңына дейін әр оқыған сайын сізге сауап жазылады; 8. Жаңа хадис үйреніп, оны ұстануға тырысыңыз.; 9. Құраннан қысқа сүре жаттап, оның тәпсірін оқып, маңайыңыздағы бір адамға айтып беріңіз; 10. Өзіңі... |
Толығырақ... Оқылды: 478 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019 |
Иманды күшейту үшін |
Иманды күшейтетін көп нәрсе бар. Бұлардан бірнешеуін білдірейік: 1)Жақсы мінезді болу. 2)Үнемі Алла Тағаланы еске алу. 3)Ықыласты болу. 4)Жомарт болу. 5)Өз еркінде болмай үлкен бәлелерге тап болу. (Салих адамдар үшін) 6)Харамдардан қашу. 7)Күпірге түсуден қатты қорқу. 8)Жақсы көретін адамын Аллаһ үшін жақсы көру, Жаман көретін адамын Аллаһ үшін жаман көру. 9)Салих (сенімді) болу. 10) Намазға қатты мән беру. Бұл тақырыптағы хадис шәрифтерде былай делінеді: «Иманы еңқуатты мұсылман жақсы мінезді болғаны. Адамдар жанына оңай жақындай алады, келіп, кетушілері көп болады. Барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады. Айналасындағылармен сиыса алмайтын адамда қайыр болмайды.»(Табарани) «Қайда болса да Алла Тағаланы ұмытпайтын адамның иманы қуатты.»(Бәйһақи) «Алла үшін жасаған істерінде жазғырылудан қорқпайтын, амалы ықыласты болатын, екі істің бірі ахыретке, бірі дүниеге пайдалы болса, ахыретке пайдалы болғанын таң... |
Толығырақ... Оқылды: 498 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019 |
Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз |
1."Адамның негізгі міндеті күнелту емес, өмір сүру" Джек Лондон 2. "Ешқашан уақыт жоқ деп айтпаңыздаршы. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Томас Джефферсон, Пастера, Хелен Келлер, Альберт Эйнштейндерде қанша уақыт болса, біздерге де бірдей уақыт берілген!" Джексон Браун 3. "Біз қол жетпесті қуып жүріп, мүмкін емес нәрсені жасап шығамыз" Роберт Ардри 4. "Егер кім де кім эрудициясы мен білімділігін басқалардан артық көріп, мұрын шүйірсе, ойлау дәрежесінің төменгі деңгейде болғаны" Эрнест Хемингуэй 5. "Менің ең сенімді алты қызметкерім бар. Олардың алдында міндетім зор. Олардың аттары: Кім? Неге? Қашан? Не? Қайда? және Қалай?" Редьярд Киплинг 6. "Сіздің өміріңіздің ең жақсы жылы – өз мәселелеріңіздің тек өзіңізге ғана тиесілі екенін мойындау. Сіз оған бола анаңызды, экологияны не президентті кінәламаңыз. Өз тағдырыңызды өзіңіз басқарып отырғаныңызды түсіне біліңіз" Альберт Эллис 7. "А... |
Толығырақ... Оқылды: 503 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019 |
16 сәуір – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЦИРК КҮНІ |
Жыл сайын сәуірдің үшінші сенбісінде атап өтіледі. 2009 жылы Еуропалық цирк қауымдастығы мен Дүниежүзілік цирк федерациясы бұл мерекені құруға бастамашылық еткен. Ол кезде бүгінде 21 цирк кіретін Еуропалық цирк қауымдастығының президенті Урс Пилс пен ханшайым Стефания барлық циркке Халықаралық цирк күнін жыл сайын мерекелеу бастамасын қолдауды ұсынды. Содан бері көптеген елдерде жылда атап өтіледі. |
Толығырақ... Оқылды: 602 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019 |
Райымбек ауданында үлкен спорт кешені салынады |
Алматы облысының Райымбек ауданында аумағы 4069,72 шаршы метр болатын заманауи әрі үлкен спорттың кешеннің құрылыс жұмыстары басталды, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Аудан әкімі Жолан Омаровтыңтың айтуынша, аталмыш спорттық сауықтыру нысанына мемлекет тарапынан 1 млрд. 110,4 миллион теңге бөлінген. Халықтың денсаулығын жақсарту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға мемлекет көп көңіл бөлуде. Біздің ауданға берілгегн игі қуаныштың құрылысын «ФУД-МС» ЖШС өз қолына алып отыр. Нарынқол ауылының орталығында бой көтерін ғимараттың құрылысы 15 айда салынып бетеді,- дейді ол. Бiр мезетте 300-ден аса жасөспiрiмді шыңдайтын спорттық кешенде он шақты үйірме болады. Атап айтқанда, волейбол, баскетбол, жеңiл атлетика, гимнастика, теннис, минифутболға арналған жарық залдар мен күрес пен бокс бөлмелерi де бар. Айта кету керек, спорт сарайының капсуласын сәуір айының 18 күні Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өзі келіп қоймақ. |
Толығырақ... Оқылды: 386 Санат: СПОРТ Уақыты: 15.04.2019 |
КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРЕМІН |
Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлердің қатысуымен кәсіпкерлер Палатасы Жамбыл аудандық филиалының шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік кездесуі өтті. Бұл есеп беру кездесуіне Алматы облысы өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Салықова Римма Аждарқызы, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Абильшаиков Нариман Бақтыбайұлы, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім басшысы Сұлтанбек Адлет Сұлтанбекұлы, Жамбыл ауданының әкімі Әлиев Бағдат Байшалұлы, Алматы облысы өңірлік кеңес мүшелері, аудан кәсіпкерлері, іскер әйелдер, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Әлиев бастаған меймандар ауданымыздың аяқ киім, киім және қолөнер туындыларын өндіріп жүрген кәсіпкерлердің көрмесімен танысып, оларға әкімдік тарапынан қандай да бір көмек керек болса қол ұ... |
Толығырақ... Оқылды: 364 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.04.2019 |
Кәсіпкерлер жомарттығы: Алматы облысында көп балалы екі отбасы баспаналы болды |
Алматы облысында жеке кәсіпкерлер көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды қуантуды жалғастыруда. Кербұлақ ауданында наурыз мерекесі қарсаңында бастау алған қайырымды іс-шара жалғасын тауып, тағы да көп балалы 2 бірдей отбасы үйлі болды. Баспананың бірін Қоғалы ауылдық округінің «Ақмарал» жеке шаруа қожалығының басшысы Бураханов Болат өз атынан жомарттық танытып, көп балалы ана Қыстаубаева Айнұрға 4 бөлмелі үй сыйлады. «Балаларымның арманы орындалды, біз үшін баспана басты мәселе ғой. Осы уақытқа дейін бес баламен үйсіз, пәтер ден пәтерге көшіп жүргенмін. Осындай жомарт жандардың жақсылығының арқасында, енді міне өзіміздің шаңырағымыз бар. Мен өте қуаныштымын», - дейді жаңа баспана иесі. Дәл осындай қуанышқа Көксу ауылының тұрғыны, алты бірдей баланың анасы Меруерт Доланбекова кенелді. «Абыхан» жеке шаруа қожалығының басшысы Серік Абықанов 4 бөлмелі үйді өзі сатып алып, анаға сыйға тартты. «Ауданымызда көп балалы аналар саны аз ем... |
Толығырақ... Оқылды: 379 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.04.2019 |
Журналистерге арналған жаттығу залы ашылды |
Талдықорғанда Журналистер үйінің төменгі қабатында заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, салауатты өмір салтын ұстанғысы келетіндер үшін жаттығу залы ашылды. Аталмыш нысан облыстық, ақпараттық-танымдық, отбасылық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерей тойына орай ашылып отыр. Салтанатты ашылу салтанатына қазақ телевизиясының майталман журналисі Тілеуқабыл Мыңжасар,Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің бас редакторлары Әміре Әрін, Атсалим Идигов қатысып, лентасын қиды. «Бүгін аспаннан шұға жауған күн болды. Неге десеңіз, Бұқаралық ақпарат құралының айдынындағы ақ кеме сияқты ғимаратымызда жаңа жаттығу залы берілді. Бұл деген журналистердің шабытына шабыт қосып, жұмыс сапасын ғана емес көлемінде арттыруға себебін тигізеді. Журналистер қауымы үшін осындай жақсылық жасаған облыс әкімі Амандық Баталовқа, ішкі саясат басқармасына алғыс білдіремін»,-деді «Жетісу» газетінің бас редакторы... |
Толығырақ... Оқылды: 382 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.04.2019 |
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАЦИЯ ЖӘНЕ ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ |
Көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырған-ды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагаринның болғаны әрбір жанның жадына мықтап бекігені рас. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болып, сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылған еді. Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке - ғарышкерлер күні болып белгіленді.1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы шешім шығарылды. 1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды. «Байқоңыр» ғар... |
Толығырақ... Оқылды: 657 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 12.04.2019 |
ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА |
Сәуір айының 9-ы күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мақсатында «Алматы облысы бойынша терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне және құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» атты лот аясында семинар өтті. Бұл жиынға ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті академиясының оқытушылары Болат Шоманов, Евгений Ли, аудандық мектеп оқытушылары мен ІІБ түгелдей қатысты. Семинардың басты мақсаты: террорлық әрекет кезіндегі іс-әрекеттер туралы мағлұмат беру. Осы туралы еліміздегі болып өткен террористтік жағдайларды видеоролик түрінде көрсетіп, қауіп деңгейлерін түсіндірді. Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себе... |
Толығырақ... Оқылды: 462 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.04.2019 |