Жаңалықтар
«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде |
30мамыркүні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері»жалпыреспубликалық акциясы басталады. Акцияның мақсаты–халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңкөмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағыеңүздік өкілдердентегін қажетті консультацияала алады. Олардың арасындабелгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары жәнебасқаларыбар. Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары. «Халық заңгері»акциясын өткізудәстүрге айналдыжәне қарапайымқазақстандықтаралғысын білдіруде. Талдықорған қаласында акция өтетін мекен-жай:Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы,... |
Толығырақ... Оқылды: 107 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2025 |
Көксу аудандық мәслихат депутаты Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы жеке қабылдау өткізді. |
Жеке өтініштерімен келген азаматшалардың мәселелерін тыңдап, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта қандай бағытта әрекет ету ету керектігі және ары қарай қай мекемелерге жүгіну қажет екені жөнінде нақты бағыт-бағдар берілді. |
Толығырақ... Оқылды: 127 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2025 |
Көксу ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай құрмет көрсетілді |
2025 жылғы 21 мамыр күні Көксу ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара аясында “AMANAT” партиясының Көксу аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлы мәдениет саласының қызметкерлерін арнайы құттықтап, еңбектері мен шығармашылықтарына алғысын білдірді. Мәлік Аманбайұлы сала мамандарына алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстап, олардың ауданның рухани дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде мәдениет пен өнердің қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, бұл сала қызметкерлерінің еңбегі әрқашан құрметке лайық екенін атап өтті. “Мәдениет – ұлттың рухани өзегі. Сіздердің еңбектеріңіз арқылы халқымыздың тарихы, дәстүрі мен болмысы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді”, – деді Мәлік Аманбайұлы құттықтау сөзінде. Шара барысында жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарламамен өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. |
Толығырақ... Оқылды: 123 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2025 |
Чекті талап ет – жүлде ұтып ал: Жетісу облысында салықтық акцияларға қатысу артып келеді |
Халықтың салықтық сауаттылығын арттыру және фискалдық чектер беруді ынталандыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» атты акциясын өткізіп жатыр. Аталған акция аясында кез келген тұтынушы “Amian” мобильді қосымшасы арқылы сатып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтерге берілген фискалдық чектерді сканерлеп, жүлделер ұтысына автоматты түрде қатыса алады. Жыл соңында барлық қатысушылар арасында түрлі жүлделер ойнатылады. Сонымен қатар, осы айдан бастап ең белсенді қатысушыларды ынталандыруға бағытталған «Бәйге» акциясы іске қосылды. Бұл акцияның шарттарына сәйкес, әрбір өңір бойынша ең көп чек сканерлеген салық төлеушілерге тоқсан қорытындысы бойынша 100 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі. Осылайша, жыл соңына дейін үш мәрте ұтыс өткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, еліміздің бірнеше өңірінде «Салық кэшбэк» акциясы басталды. Оның шарттарына сәйкес, тұтынушы мобильді қосымша... |
Толығырақ... Оқылды: 107 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.05.2025 |
Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры |
Әлемдік тенденцияға назар аударсақ «тілді» көбіне тек қатынас құралы ретінде ғана қабылдап жататындығын аңғарамыз. Әрине, адам мен адам байланысының негізі де – тіл. Алайда, бұл бергі көрініс ғана екендігін айта кеткен жөн. Тіл – ұлттық болмыстың ұстыны, тарих қалаушысы, елдің бар ерекшеліктерінің жиынтығы деуге толықтай негіз бар. Көненің көзі, тарихтың өзі болып отырған ана тіліміздің тұғырын тік, туын нық ұстау жолында мемлекет мінберіндегі тұлғалар ғана емес, жалпы халық болып атсалысудың артықшылығы мол.Егеменді елдің еңсесі биік болуының бірден бір себебі тілдік құндылықтардың жоғары насихатталуы. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалатынын ескерсек, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған мемлекеттік саясаттың ұтымды тұстарын да тиімді пайдалана білген жөн. Тарих бедеріне бір зер салыңызшы. Кез келген халықты түбегейлі жойып, мәңгүрттендіру саясатын жүргізу үшін ең алдымен ана тіліне тұсау салу ғана жеткілікті. Себебі әр елдің тілінде ұ... |
Толығырақ... Оқылды: 118 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2025 |
Жаңа мүмкіндіктерді паш етті Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық инклюзивті этно-көрме – «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өтті. |
Алдымен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл бастаған топ көрмеге қатысушылардың өнімдерін тамашалап, қолөнер шеберлерімен танысты. – Талдықорғанның осындай ерекше оқиғаның алаңына айналып отырғанын мақтан тұтамыз. Көрменің облыс пен қала үшін маңызы зор. Біз инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Мұнда әр адам өзінің құндылығын сезінеді және өзінің әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мұны ұлт тарихын терең түсініп, мәдениетімізді бағалап, келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған үлкен шара деп білемін. Сондықтан, бұл сіздерге зор шабыт, үлкен сенім ұялататынына сенімдімін, – деді көпшілік алдында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Ернат Бәзіл. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара инклюзивті шеберлердің шығармашылық жетістіктерін паш етуге, әлеуетті сатып алушылар мен серіктестерді тартуға мүмкіндік берді. Бұған қоса тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға, бәсекеге қабілеттілікті дамытуғ... |
Толығырақ... Оқылды: 118 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2025 |
Ердің ісін атқарған Жұмысшы мамандықтар жылы еңбек адамына ерекше назар аударылуда. Осы орайда ер адам атқаратын істі таңдаған қыз туралы сөз қозғамақпыз. Кейіпкеріміздің бұл шешімі өзге де ару қыздарға үлгі болатыны анық. |
Манура Сыдықова Текелі кәсіптік колледжін бітіріп, «Текелі энергокешені» ЖШС-де бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарь жұмысын атқарды. 2 жыл ішінде ол өзін жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. Кәсіпорын басшылығы да оның еңбегін бағалайды. Манураның айтуынша, ол бала кезінен ер баланың ойыншықтарымен ойнағанды жақсы көріпті. Өсе келе электр құрылғыларына қызығушылығы оянған. Кейін мамандық таңдаған кезде слесарь болуды көздейді. Сөйтіп, «Текелі энергокешені» ЖШС-де өндірістік тәжірибеден өтіп, диплом алғаннан кейін осы кәсіпорынға оралады. – Біз елімізде Манура сияқты жас мамандардың бар екенін мақтан тұтамыз. Олар мұндай маңызды салаларды үлкен жауапкершілікпен атқарады әрі дамытады. Оның таңдауы бүгінде өте дұрыс шешім деп санаймын. Бұл жұмысшы мамандықтары, сондай-ақ, өте бағалы әрі құрметке ие екенінің айқын дәлелі. Бүгінде осындай адамдардың өмір жолын кеңінен насихаттау өте маңызды. Өйткені, мұндай жандардың соңында еңбе... |
Толығырақ... Оқылды: 119 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2025 |
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2025-форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша фермерлерге 6,4 млрд теңге жіберді |
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы дәнді және майлы дақылдарды форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруды жалғастыруда. 16 мамырдағы жағдай бойынша ұлттық оператор 169 мың тонна астықты күзгі тапсыру үшін алдын ала төлем ретінде фермерлердің шотына 6,4 млрд теңге аударды. Оның 4,7 млрд теңгесі бидай өндірушілерге, 549 млн теңгесі майлы зығыр өсіруге маманданған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, 367,7 млн теңгесі арпа жеткізушілеріне бағытталды. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысына тиесілі күнбағыс өндірушілеріне басым бөлігі 688,9 млн теңге жіберілді. Қаржыландырудың ең көп көлемі дәстүрлі түрде негізгі астықты аймақтарға келеді. Қазірдің өзінде қаржылай қолдауды Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының 98 ауыл шаруашылығы кәсіпорны алды. 2025 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша майлы дақылдарды өндірушілерді несиелендіру көлемі ұлғайтылады. Көктемгі дала... |
Толығырақ... Оқылды: 92 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025 |
АЛМАТЫДА ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМЫ МЕН БИОҚАУІПСІЗДІККЕ 120 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ |
Алматы қаласында «Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, іс-шара Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының мерейтойына арналды. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрліктерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Еуропа елдері, Беларусь, Грузия, Тәжікстан және басқа да мемлекеттерден келген ғылыми мекемелердің ғалымдары мен мамандары қатысты. Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аталған институттың еліміздегі алғашқы ғылыми мекемелердің бірі ретінде тарихи маңызын атап өтті. «120 жылдан астам тарихында Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ветеринария, мал шаруашылығы және қоғамдық денсаулық сақтау салаларының дамуына зор үлес қосты, бруцеллез, сібір ойық жарасы және аусыл сияқты аса қауіпті инфекциялық ауруларға... |
Толығырақ... Оқылды: 96 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025 |
Қазақстан мен Иран архив және кітапхана ісі саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр |
18 мамыр күні Тегеран қаласында «Ғылым ордасы» РМК делегациясының Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы және архиві басшылығымен ресми кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – ғылым, архив және кітапхана ісі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ құжаттық мұраны сақтау, қалпына келтіру және консервациялау бағыттары бойынша кәсіби тәжірибе алмасу арқылы екі ел арасындағы әріптестікті нығайту. Жиналыс барысында қазақстандық делегация Иран архиві мен кітапханасының инфрақұрылымымен, атап айтқанда құжаттарды сақтау жүйесімен, қалпына келтіру және консервациялау бөлімдерінің жұмысымен, сондай-ақ цифрландырудың заманауи әдістерімен жан-жақты танысты. Кездесу нәтижесінде «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы және архиві басшысы Голямреза Амирхани (Gholamreza Amirkhani) ғылым, архив және кітапхана ісі салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумға қол қо... |
Толығырақ... Оқылды: 89 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025 |