Жаңалықтар

МЕН САЙЛАУҒА БАРАМЫН

Мен, әр адам сайлауға дауыс беруге баруы керек деп есептеймін. Ал кім кімге дауыс береді — ол әр азаматтың жеке таңдауы, конституциялық құқығы. Дүниеде бар адам өз құқығын білуге тиіс, елімізде болып жатқан қоғамдық, әлеуметтік жайттардан тыс қалмауы керек. Әділеттілік қай жақта, қай партия ұлттық құндылықтарды көбірек ойлайды, халыққа кімнің жаны ашиды, ұлтымыздың, тіліміздің, діліміздің болашағын қайсысы көбірек ойлайды — менің бүйрегім соған қарай бұрады. Сондықтан әр бір азамат 2022 жылдың 20 қарашасында жауапкершілік танытып, ҚР президентінің сайлауына тиісті таңдау жасауына шақырамын. Ардагүл Әскербек
Толығырақ... Оқылды: 739 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

МЕН САЙЛАУҒА БАРАМЫН!

МЕН САЙЛАУҒА БАРАМЫН!ен, әр адам сайлауға дауыс беруге баруы керек деп есептеймін. Ал кім кімге дауыс береді — ол әр азаматтың жеке таңдауы, конституциялық құқығы. Дүниеде бар адам өз құқығын білуге тиіс, елімізде болып жатқан қоғамдық, әлеуметтік жайттардан тыс қалмауы керек. Әділеттілік қай жақта, қай партия ұлттық құндылықтарды көбірек ойлайды, халыққа кімнің жаны ашиды, ұлтымыздың, тіліміздің, діліміздің болашағын қайсысы көбірек ойлайды — менің бүйрегім соған қарай бұрады. Сондықтан әр бір азамат 2022 жылдың 20 қарашасында жауапкершілік танытып, ҚР президентінің сайлауына тиісті таңдау жасауына шақырамын. Гүлжамал Алтынбекова
Толығырақ... Оқылды: 744 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

ЗАМАНДАСТАРЫМДЫ ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫН

Егеменді еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасайық, әрбір азаматтың дауысы маңызды. 20 қараша күні Ел болашағы үшін маңызды таңдау болмақ, замандас достар келешегіміздің кемелдігіне сенім артып сіздерді алдағы науқанда белсенділік танытып, сайлауға қатысуға шақырамын. Біздің таңдауымыз - біздің болашағымыз! Әнуар Тоқтамысұлы Жастар ресурстық орталығының қызметкері
Толығырақ... Оқылды: 722 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫН

Бірлік, татулық, ынтымақ деген ұғымдар – мәңгілік бөлінбейтін, берекесін бірге ұстаған еліміздегі ең биік ұғым, сан ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. Бабаларымыз ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік ұстаған. Осылайша бірлігі жарасқан қазақ елін алда келе жатқан саяси науқанға бір кісідей қатысуға, жауапкершілік танытып, өз таңдауын жасауға шақырамын. Әрқайсымыздың сайлауға қатысып, дауыс беруіміз өте маңызды. Сіздер ел болашағының ертеңі жарқын болсын десеңіздер, онда ол өз қолымызда. Құрметті жерлестер, Президент сайлауына қатысып, ел болашағының дамуына өз үлестеріңізді қосып, өз таңдауларыңызды жасайтындықтарыңызға сенімдімін. Ел дамуы жолында Сіздің дауысыңыздың маңызды екенін ұмытпаңыз! Ұлан Ақжолов, №12 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Толығырақ... Оқылды: 745 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

Сайлауға кел қалқатай

Бәрімізге белгілі алда 20-қараша Президент сайлауы келе жатыр. Үміткерлер белгілі. Бізге қойдың жілігін жұдырықпен шағатын емес, ақылмен, салқынқандылықпен саясатты шағатын, алмағайып аумалы-төкпелі кезеңде дипломатияны қағатын, тырысқанның тілін табатын тұлға керек. Сондықтан бірге дауыс берейік. Бізге бөлінетін уақыт емес, бірігетін уақыт. Бір мезгілге ғана президент болады. Лайым сол уақытта елдің ертеңі үшін теңдессіз еңбек етіп, елдің еңсесін көтеріп, Жаңа Қазақстан екенін шын мәнінде дәлелдеп жаңа бір белеске көтеріп берсе екен деген тілек бар. Алда жұмыс көп жылтырап билеп жүретін уақыт жоқ. Десекте бір елдің жүгі бір ғана адамның мойынында емес екенін ұмытпау керек. Әр Қазақстандықтың мойынындағы парызы екенін естен шығармайық. Әр маңызды іс, кішкентай қадамнан басталары белгілі. Сондықтан алда болатын сайлауға бір үйдің баласындай болып барып дауыс беруге шақырамын. Әр адам белсенді болса болашақ жарқын болары белгілі. Болашағымыз жарқын болсын десек әркім өзінен бастасын!...
Толығырақ... Оқылды: 731 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

Жарқын болашақ үшін дауыс беремін

Биыл ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша Республикалық Референдум өткізу туралы шешім – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы арқылы бастау алды. Референдумда халық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады. Осылай отандастарымыз мемлекетіміздің болашағын айқындауға өз қалауын білдірді. Шыны керек, соңғы кездегі өзгерістерге халық қолдау білдіруде. Өздеріңізге белгілі, былтыр тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Жаңа жас көшбасщылар билікке келіп, халықтың қалауы орындалуда. Елде атқарылып жатқан жұмыстар көп, ал кезең-кезеңімен орындалатын шаруалар да аз емес. 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні жайлы Үндеу жарияланғалы бері мен де өз таңдауымды жасауға асықпын. Себебі мен ол күні тек менің ғана емес, тұтас елімнің болашағы айқындалатынын білемін. Қуаныш Дүйсенбаев, жастар ресурстық орталығының жетекшісі
Толығырақ... Оқылды: 751 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

Сайлауға салғырт қарамайық

Бүгінгі таңда елімізде халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазақстанның алдында ұлы мақсаттар тұр. Елімізде әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалған. Қолынан іс келетін, қоғам ісіне белсене атсалыса алатын әрбір адамның жақсы өмір сүруіне, қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуына мүмкіндік бар. Маңызды саясм науқан – Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға барша жұртты белсене қатысуға шақырамын. Бұл сайлау әрбір қазақстандықтарға ұлкен жауапкершілік, азаматтық белсенділік жүктейді. Менсіз де сайлау өтеді деген кертартпа пікірден арылатын уақыт келді. Абдусамат Қайратұлы, Балпық ауылдық округінің тұрғыны, белсенді жас
Толығырақ... Оқылды: 731 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

Президент сайлауы еліміздің болашағына әсер етеді

Әділетті Қазақстанның орнағанын бәріміз де қалаймыз. Ертеңгі болашақ та, елдің тұрмыс деңгейінің жақсаруы да алдағы болатын сайлауға және біздің таңдауымызға тікелей байланысты. Сондықтан да әрбір қазақстандық бұл сайлауға немқұрайлы қарамауы керек. Себебі бұл - біздің тағдырымыз, еліміздің тағдыры. Сондықтан да барша отандастарымды сайлауға қатысуға шақырамын. Ерлан Мамбетбаев, Балпық ауылының тұрғыны
Толығырақ... Оқылды: 686 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫН

Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Жылдан-жылға қарыштап, қарқындап дамып келе жатқан еліміздің елеулі нәтижесі мен озық көрсеткіші Отанымыздың мерейін өсіріп, көпшілік алдында мәртебесін асыра түсуде. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Тәуелсіз қазақ елінің байрағы биікте желбіреп, шаңырағына ырыс-құт қонсын десек бәріміз бір қолдан алдыңғы өтетін сайлауға қатысуды шақырамын! Қалибек Алпысбаев, "Кеңдала" ШҚ жетекшісі
Толығырақ... Оқылды: 696 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

Ел болашағын айқындайтын маңызды шараға қатысу - әрбіріміздің азаматтық міндетіміз

20 қараша – мемлекетіміздің болашағын айқындайтын аса маңызды тариxи сәт. Біз ортақ болашағымыздың дамуы үшін дауыс береміз. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алдымызда мемлекетімізді алға одан әрі жетелейтін ауқымды міндеттер тұр.Әрбір азаматтың өз таңдау құқығы бар. Барша көксулықтарды өз Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге шақырамын. Дамудың даңғыл жолы үшін әр азамат болашақты таңдау құқығынан қалыс қалмауы қажет. Қанат Қарабасов, аудан мәслихатының депутаты
Толығырақ... Оқылды: 699 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.