Жаңалықтар

Артур Ластаев: Қазақстанның зайырлы сипатын жаңа Конституцияда бекіту қалыңдық алып қашуға қарсы күресті күшейтеді

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы – бұл барлық келіп түскен пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, ашық түрде дайындалған сапалы әрі сараланған құжат. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық комиссияның жетінші отырысында мәлімдеді. Артур Ластаев жаңа Конституция жобасы ашық жарияланғанға дейін ұзақ және қажырлы жұмыс жүргізілгенін атап өтті. «Бірнеше ай бойы белсенді талқылау. Жұмыс тобында да, біздің Комиссия отырыстарында да. Секцияларда да қызу пікірталастар болды, нақты дәлелдер келтіріліп, диспуттар өтті. Бірақ мақсатымыз ортақ болды – мемлекетімізді одан әрі дамытудың теңгерімді стратегиялық құжатын дайындау», — деді ол. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл отырыстардың онлайн форматта көрсетілгенін, осылайша, қазақстандық мемлекеттіліктің ең жоғары негізі жабық емес, кабинет ішінде емес, барынша ашық түрде әзірленін атап өтті. «Комиссия салмақты және жан-жақты сараланған жобаны дайынд...
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.02.2026

Жетісу облысындағы су шаруашылығы: жаңа инфрақұрылымдық жобалар мен заманауи технологиялар

Жетісу облысында 2024–2028 жылдарға арналған су шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспарға сәйкес су шаруашылығындағы 37 нысанды қайта жаңғырту және жөндеу жобалары іске асырылады. Аталған жобалардың нәтижесінде шамамен 80 мың гектар суармалы жердің сумен қамтылуы жақсарып, қосымша 3,2 мың гектар жаңа жер айналымға енгізіледі. Нәтижесінде суару каналдарындағы судың шығыны 35 пайызға дейін азаяды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы су үнемдеу технологиясын енгізуді 79,2 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, өңірде су жинау құрылыстарын салу аясында жалпы сыйымдылығы 157 млн текше метрді құрайтын 7 жаңа су қоймасын салу көзделген. Олар «Быжы», «Балықты», «Бүйен», «Қорғас», «Тышқан», «Өсек», «Покатиловка» су қоймалары. Республикалық бюджет есебінен Қызылағаш суару алқабын салу жұмыстары жүргізілуде, нысанды 2026 ж...
Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.02.2026

Инвестициялар және инфрақұрылым: Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында инвестициялық жобалардың орындалу барысы, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқыны, сондай-ақ құқықтық экожүйге қатысты мәселелер және сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері талқыланды. Отырысты ашқан Премьер-министр Президенттің Alatau City-ді дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. «Мемлекет басшысы Алатау қаласын ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа орталығы ретінде белгілеп, жұмыс барысын тікелей өзі қадағалап отыр. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында қала дамуының негізгі қағидаттары да қамтылды. Елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық мүдделеріне сай әрі инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.Алатау қаласын дамыту – бұл ерекше мәртебеге ие, жеделдетілген дамудың заманауи цифрлық қаласын құруға бағыттал...
Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.02.2026

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды. Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан болатын. 2025 жылғы 8 қазанда Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына белгілі құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Алайда талқыла...
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.01.2026

Опубликован проект новой Конституции Республики Казахстан

Комиссией по Конституционной реформе опубликован проект новой Конституции Казахстана. Проект нового Основного закона страны разработан в результате всестороннего анализа предложений от граждан, политических партий, общественных организаций и экспертов, открытых публичных обсуждений и детальной проработки новых норм и положений. Отправной точкой для Конституционной реформы стала инициатива Главы государства Касым-Жомарта Токаева о создании в Казахстане однопалатного Парламента. Президент озвучил данную идею 8 сентября 2025 года в рамках своего ежегодного Послания народу страны с целью комплексной перезагрузки политической системы и оказания положительного воздействия на дальнейший ход социально-экономического развития Казахстана в эпоху искусственного интеллекта. Уже 8 октября было подписано распоряжение о создании Рабочей группы по парламентской реформе, в состав которой вошли известные правоведы, эксперты, представители фракций политических партий и общественных организаций....
Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.01.2026

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасының «қызып кету» ықтималдығы қаупін көрсететін Халықаралық валюта қорының бағалауы елде болып жатқан құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, қосымша контекстті талап етеді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткішті талдау экономиканың шамадан тыс артуда емес, дұрыс трансформация кезеңінде екендігін айқын көрсетеді. «Қызып кету» ұғымы ресурс тапшылығына әкелетін ықтимал мүмкіндіктен артық өсуді білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай белгі байқалмайды. 2023 жылдан бастап жұмыссыздық деңгейі тұрақты,4,6-4,7%деңгейінде. Жалақының өсу қарқыны ЖІӨ динамикасынан артта қалып отыр. Бұл қызып кеткен экономикаға тән емес. Нақты сектордың немесе тауар өндірісінің өсуі(2025 жылы8,7%-ға) қызмет көрсету секторының өсуінен(5,3%-ға)айтарлықтай озып кетті. «Қызып кету» кезіндегі классикалық көрініс керісінше жүріп, қызметтер мен сатылмайтын секторлар нақты секторға қарағанда тез өспек. Қазақстандақалпына келтіру және құрылымдық өс...
Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.01.2026

Меритократия - мемлекеттік қызметке қабылдау мен ілгерілеудің нақты қағидаты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еліміздегі мемлекеттік аппараттың жоғары кәсіби жұмысының маңыздылығын бірнеше мәрте атап өтіп, мемлекеттік қызметке кіру және одан шығу рәсімдерін жеңілдету, бюрократияға жол бермеу, меритократия қағидатын ілгерілетуге қатысты жаңа міндеттер қойды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығынасәйкес,«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» мемлекеттік қызметті дамыту қағидатының бірі– меритократия,яғнимемлекеттік қызметке іріктеу және қызметі бойынша ілгерілету сіңірген еңбегіне, құзыретіне және кәсіби дағдыларына негізделеді деп көрсетілген. Бүгінгі күні еліміздің мемлекеттік басқару жүйесімеритократия қағидатына негізделген мемлекеттік қызметтің өзіндік үлгісі қалыптастыра алды. Үміткерлер мемлекеттік қызметтегі өзінің кәсіби қызметін төменгі лауазымнан бастайды, ал олардың одан әр...
Толығырақ... Оқылды: 103 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.01.2026

Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html,https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-o-vredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады. Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашық...
Толығырақ... Оқылды: 90 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.01.2026

Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов

Қазақстан Мемлекет басшысы жариялаған идеологиялық тұжырымдарға сүйене отырып, заманауи сын-тегеуріндерге төтеп бере алады — Олжас Бектенов Премьер-министр Президенттің Ұлттық құрылтайдағы тапсырмалары туралы: әрбір министр мен әкімнің, әрбір сала мен өңірдің іс жүзіндегі нәтижелері қажет ???? Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін жариялаған ауқымды саяси реформаларының жалғасы болған бастамалар көтерілгенін атап өтті. ????Кешегі өткен Ұлттық құрылтайдың 5‑ші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы болып табылатын бастамаларын жария етті. Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейту туралы ұсыныстар саяси жүйемен қатар, азаматтарымыздың мәдениетіне де демократиялық қағидаттарды біржолата орнықтыру процесі жүріп жатқанын білдіреді. Қазақстанның заманауи сын-тегеуріндерге қарсы тұруына кепілдік...
Толығырақ... Оқылды: 127 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.01.2026

Венадағы Түркі апталығы Түркі әлемінің жаһандық көрінімділігін және көпжақты өзара іс-қимылын нығайтты

2026 жылғы 12–15 қаңтар аралығында өткен Венадағы Түркі апталығы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) айтулы іс-шараларының бірі болып, Ұйымның көпжақты деңгейдегі көрінімділігін және халықаралық деңгейдегі көпжақты өзара ықпалдастығын едәуір нығайтты. ТМҰ-ға мүше елдер, Венадағы халықаралық ұйымдарды, дипломатиялық миссиялар, сарапшылар, мәдениет қайраткерлері мен түркі диаспорасының өкілдерін бір арнаға тоғыстырған Түркі апталығы Түркі әлемінің ортақ мұрасын, стратегиялық бағыт-бағдарын және ынтымақтастығын кешенді түрде танытты. Көрменің ашылу салтанаты: Түркі әлемінің өркениеттерарасындағы рөлі Венада дәріптелді. Венадағы Түркі апталығы бір апталық бағдарлама басталмас бұрын ТМҰ мен Венадағы дипломатиялық миссия өкілдерінің басын қосқан жұмыс кездесуінен басталды. Түркі апталығының алғашқы іс-шарасы ретінде ТМҰ мен Түркі академиясы бірлесіп ұйымдастырған «Жібек жолы бойындағы Түркі әлемі» тақырыбында өткен фотокөрмесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Венадағы б...
Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.01.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.