Жаңалықтар
Mecenat.kz — әдеби кеңістіктің жаңғыруы |
| Қазақ әдебиетінде жаңа тыныс, жаңа дәуірдің бастауы болғанMecenat.kzжобасы — шығармашылық еркіндікті, тәуелсіз ойды және әдебиетке адалдықты дәріптейтін бірегей бастама. Бұл байқау – тек әдеби марапат емес, рухани мәдениетті жаңғыртудың және қазақ қаламгерлеріне жаңа мүмкіндік берудің заманауи платформасы. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕРКІНДІК ПЕН ӘДІЛДІК АЛАҢЫ Mecenat.kz байқауының басты ерекшелігі – ешқандай тақырыптық немесе жанрлық шектеудің болмауында. Әр автор қоғамдағы өзекті мәселелерді еркін көтеріп, ойын ашық жеткізе алады. Бұл жоба –шындық пен көркем сөздің еркін алаңы. Ең маңыздысы — байқауда дәстүрлі қазылар алқасы жоқ.Жеңімпазды оқырманның өзіМecenat.kz онлайн платформасы арқылы дауыс беру жолымен анықтайды. Осылайша, әдебиет әділдік пен ашықтықтың жаңа үлгісіне ие болды. МЕЦЕНАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАҢА БЕТІ Жобаның негізгі демеушісі әрі рухани серіктесі —Freedom Holding Corp.компаниялар тобының еншілес ұйымдарыFreedom Finance Global PLC... |
| Толығырақ... Оқылды: 309 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.10.2025 |
«Бақытты отбасы» – қамқорлық пен мейірімнің айғағы |
| «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында ауылдағы көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді. Партия белсенділері мен еріктілер тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік себетін табыстап, отбасыға қуаныш сыйлады. Мұндай шаралардың басты мақсаты – әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға нақты қолдау көрсету, олардың өміріне жылулық пен үміт ұялату. Отбасы мүшелері көрсетілген қамқорлық үшін ризашылығын білдіріп, бұл игі істің қоғамдағы өзара қолдау мен бірлікті нығайтуға жол ашатынын айтты. |
| Толығырақ... Оқылды: 369 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.10.2025 |
ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР – ҮЛКЕН ЖЕҢІС |
| Жетісу облысында өткен «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалі – ерекше балалардың табандылығын, батылдығын және өмірге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Фестиваль бочча, жеңіл атлетика және көңілді старттар бағыттарында өтті. І орын – Талдықорған қаласы ІІ орын – Ақсу ауданы ІІІ орын – Кербұлақ ауданы |
| Толығырақ... Оқылды: 293 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.10.2025 |
БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА |
| Бүгінгітаңдабалалықшақтықорғау,балалардыңқұқығыменқауіпсіздігінқамтамасызетумәселесі–қоғамменмемлекетүшінасамаңыздыбағыттардыңбірі.Соңғыуақыттаата-аналартарапынанрезонанстудырғаннегізгімәселелердіңбірі–балабақшалардағыбалалардыңтамақтанусапасыменқауіпсіздікжағдайы.Бұлмәселеқоғамныңкеңталқысындатұржәне«AMANAT»партиясынадабұлжағдайдыназардантысқалдырмай,нақтышараларқабылдаудықолғаалды. Осы бағытта«AMANAT»партиясыЖетісуоблыстықфилиалыбілім басқармасымен бірлесіп,арнайы«Қоғамдық бақылау»штабынқұрды. Бұл штабтың құрамына депутаттық корпус, қоғамдық кеңес, ата-аналар комитеті, «Атамекен» палатасы, басқа да қоғамдық ұйымдары мүшелік етеді. Штаб жұмысының басты мақсаты – балабақшалар мен мектептердегі тамақтану сапасын, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін бақылау болып табылады. Алғашқы мониторингжұмыстарынЖетісу облысы, Кербұла... |
| Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.10.2025 |
Жетісу облысында бизнеске кедергі келтірген 4 тосқауыл жойылды |
| ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2025 жылдың үшінші тоқсанындағы қызметінің қорытындысын ұсынды. Есепті кезеңде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері бойынша 4 хабарлама шығарылды, оның бірі үшінші тоқсанда тіркелді. Соның ішінде Талдықорған қаласындағы Haval маркалы автокөліктердің ресми дилері «DAS AUTO» ЖШС-нің қызметіне қатысты өтініш қаралды. Тексеру нәтижесінде компанияның автокөлік иелерін тек белгілі сервистік орталықтарда қызмет алуға міндеттейтін шарты тұтынушылардың құқықтарын бұзып, нарықтағы бәсекелестікті шектейтіні анықталды. Департаменттің араласуынан кейін бұл талаптар шарттардан алынып тасталды. Бекітілген жоспар аясында облыстың 36 квазимемлекеттік субъектісіне мониторинг жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша төрт ұйымға – «Жетісу Авиакомпаниясы» АҚ, «ЖетісуАгроСауда» ЖШС, «ЖетісуГазСервис» ШЖҚ МКК және «Талдықорғанжылусервис» КМК-ға – заң б... |
| Толығырақ... Оқылды: 307 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.10.2025 |
Президент тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту бағытында шаралар қабылдауда |
| Премьер-министр Үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының азаматтар мүддесі үшін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиын қорытындысы бойынша келесідей шешімдер қабылданды. Бірінші. Биылғы 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізіледі. Премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті қадағалау жүргізуді, сондай-ақ ішкі нарықты ЖЖМ-мен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Екінші. Биылғы 16 қазаннан бастап барлық тұтынушылар тобы үшін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеру 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін тоқтатылады. Тарифтердің өсуін тежеу табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығыстарын оңтай... |
| Толығырақ... Оқылды: 284 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.10.2025 |
Мемлекет басшысы Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті. |
| Мемлекет басшысы Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады. Олар «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлімге ұсыныстарын жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қоса алады. Парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарына толық сәйкес келеді. t.me/erlankarin/791 |
| Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.10.2025 |
Қазақстанда салық жүйесі жаңарады: 2026 жылдан бастап жаңа ережелер енгізіледі |
| Келесі жылдан бастап елімізде салық жүйесі жаңарады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оның басты мақсаты – салық салуды жеңілдету, ашықтықты арттыру және процестерді толығымен цифрландыру. Жаңа құжатқа сәйкес арнайы салықтық режимдер оңтайландырылады. Егер қазір жеті түрлі режим болса, 2026 жылдан бастап тек үшеуі ғана қалады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер. Патент, бөлшек салық және мобильдік қосымша арқылы салық төлеу түрлері алынып тасталады. Бұл өзгерістер бизнес жүргізуді жеңілдетуге және әкімшілік рәсімдерді азайтуға бағытталған. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін табыс шегі айына 300 АЕК-ке дейін болады (шамамен 1,3 млн теңге). Салық мөлшері табыстың 4 пайызы көлемінде белгіленген. Барлық есеп e-Salyq Business мобильдік қосымшасы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Оңайлатылған декларация режимінде кіріс шегі 600 000 АЕК болып бекіті... |
| Толығырақ... Оқылды: 255 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.10.2025 |
Жыл басынан бері 51 нысан пайдалануға берілді, тағы 220 жоба аяқталу сатысында |
| 2025 жылы Құрылыс басқармасының бюджет көлемі 116,3 млрд теңгені құрады. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша бөлінген 59,4 млрд теңгенің 58 млрд теңгесі игерілді. Бөлінген қаражат есебінен 323 нысанның құрылысы жоспарланған, оның ішінде 15 білім беру нысаны, 107 денсаулық сақтау нысаны, 141 тұрғын үй, 40 инженерлік желі нысаны, 10 мәдениет нысаны, 4 спорт нысаны, 5 ауыл шаруашылығы нысаны және 2 өрт сөндіру депосы бар. Сонымен қатар 41 жоба бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде, олардың ішінде 8 білім беру жобасы, 4 денсаулық сақтау жобасы, 6 тұрғын үй жобасы, 11 инженерлік желі жобасы, 1 коммуналдық шаруашылық жобасы, 6 мәдениет жобасы, 5 ауыл шаруашылығы жобасы және 1 әлеуметтік қамсыздандыру нысаны бар. Биыл жыл соңына дейін 271 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Келесі жылға 52 нысанның құрылысы ауысады. Олардың қатарында Панфилов ауданы, Лесновка ауылында 300 орындық орта мектептің құрылысы, Алакөл ауданы, Достық ауылында 600 орындық жайлы мектептің инженерлік... |
| Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.10.2025 |
Жетісу облысы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті цифрлық технологиялар арқылы күшейтуде |
| Жетісу облысы полиция департаменті өңірдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында заманауи цифрлық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Бұл туралы Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әлімбет Смайлов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады. Қазіргі таңда облыс аумағында 20 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Оның ішінде 1 200-ден астамы департаменттің өз қаражаты есебінен қойылған. Камералар Жедел басқару орталығына біріктірілген. 2025 жылдың көктемінен бастап «Target AI» жасанды интеллект жүйесі енгізілді. Ол арқылы бет-әлпетті тану және құқық бұзушылықты автоматты анықтау мүмкіндігі іске қосылған. Осы жүйенің көмегімен іздеуде жүрген 6 адам ұсталды. Бейнебақылау жүйесі тек көшелерде ғана емес, әлеуметтік нысандарда да орнатылған. Бүгінде облыстағы 321 мектептің 279-ы қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Барлық білім беру мекемелері жедел басқару орталығына қосылған бейнекаме... |
| Толығырақ... Оқылды: 259 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.10.2025 |
