Жаңалықтар

Ардагерлерді ардақтайық» іс-шарасы өтті

2025 жылдың 9 қыркүйек күні Көксу ауданында AMANAT партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында игі шара ұйымдастырылды. Іс-шараға AMANAT партиясы аудандық филиалының қызметкерлері мен Жастар орталығының белсенділері қатысты. Шара барысында қатысушылар ауланы жинап, ардагерлерге құрмет көрсетіп, үлкендерге деген ізеттіліктің жарқын үлгісін танытты. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың бойына ең қымбат құндылық – аға буынға құрмет сезімін қалыптастырып, қоғамда қайырымдылық пен бірлікті нығайтуға үлес қосады.
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2025

Бір палаталы Парламент саяси реформалардың жалғасы – депутат

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бір палаталы Парламент құру туралы ұсынысына қатысты өз пікірін білдірді, –деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. – Біріншіден, бұл заң шығару жүйесінің тиімділігін арттырады. Қазір Мәжіліс заңдарды қабылдап, кейін оны Сенатқа жібереді. Ал бір палаталы Парламент болған жағдайда заңдарды қабылдау үдерісі әлдеқайда жедел әрі тиімді болады, – деді ол. Депутаттың айтуынша, мұндай өзгеріс бюджет қаржысын үнемдеуге де ықпал етеді. – Бұл бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген қаржы басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталуы мүмкін. 2027 жылға дейін елімізде көптеген өзгерістер жүзеге асады. Оның барлығы республикалық референдум нәтижесіне байланысты анықталады, – деді Бақытжан Базарбек. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан да Президент Жолдауында көтерілген бастамаға қатысты пікір білдірді. – Бұл – қоғамда бұрыннан т...
Толығырақ... Оқылды: 121 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2025

Әсел Әбен: Өңдеу өнеркәсібі – экономиканың тұрақтылығын арттыратын басты фактор

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың орнықты дамуы үшін өңдеу өнеркәсібін ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. ҚСЗИ экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас сарапшысы Әсел Әбен бұл қадамды елді шикізатқа тәуелділіктен арылтып, тұрақты өсімге бастайтын маңызды бағыт деп бағалады. Сарапшының айтуынша, өңдеу секторының дамуы экономиканы әртараптандырып, шикізат бағасының ауытқуына тәуелділікті азайтады. «Сала бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталуы тиіс», – дейді ол. Соңғы жылдары бұл бағытта оң серпін байқалады: Өңдеу өнеркәсібіндегі жалпы қосылған құн екі есеге артып, 17 трлн. теңгеге жетті; ЖІӨ-дегі үлесі – 12,4%; Өткен жылы 163 жаңа өндіріс орны ашылып, 12,5 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 2025 жылдың қаңтар-шілдесінде өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,1%-ға өсті. Тамақ өнімдері (+9,2%), мұнай өңдеу (+8,6%) және машина жасау (+14%) салалары қарқын көрсетуде. Алты айда өңд...
Толығырақ... Оқылды: 109 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2025

Мархабат Жайымбетов: Әр Жолдау – стратегиялық бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, бұл құжат елдің болашақ дамуын айқындайтын тарихи бағдар болып отыр. Оның пікірінше, Президент ұсынған бастамалар жай ғана тапсырмалар тізімі емес, қоғамды жаңғыртудың кешенді жоспары. Жолдау ұлттық идеяның айқын көрінісіне айналып, Қазақстанды жаңа технологиялар мен жасанды интеллектке сүйенген өркениеттік жаңа жолға бағыттайды. Жаңа стратегиялық құжатта жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер ел дамуының өзегіне айналатыны атап өтілді. Осыған орай Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру және Цифрлық кодексті қабылдау ұсынылды. Кодекс үлкен деректерді, платформа экономикасын, жаңа технологияларды реттеп, инновациялық шешімдерге жол ашады. Мемлекеттік басқару жүйесі заман талабына сай қайта құрылып, ашықтық пен тиімді...
Толығырақ... Оқылды: 92 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2025

Қуат Байғожаев: Alatau City технологиялық прогресс пен жайлы өмірді үйлестіретін қала атанбақ

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларға пікір білдірді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Президент өз сөзінде Алматы облысында салынып жатқан Alatau City елдегі толық цифрланған алғашқы қалаға айналуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Smart City технологияларын кеңінен енгізіп, тауарлар мен қызметтер үшін криптовалютамен төлеуге дейінгі заманауи жаңалықтарды енгізу міндетін қойды. Қуат Байғожаевтың айтуынша, Alatau City-ге арнайы мәртебе беру туралы тапсырма – жобаға институционалдық негіз қалыптастырудың маңызды қадамы: «Президент тапсырмасымен он күн ішінде қалаға арнайы мәртебе беріліп, Үкіметке тікелей бағынатын құқықтық негіз әзірленеді. Алты айдың ішінде басқару жүйесі мен қаржылық моделін қамтитын жеке заң қабылданбақ. Бұл артықшылық емес, жобаның қағаз...
Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2025

Ерлан Қарин: Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президенттің бүгін Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының маңызына тоқталды. «Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі. Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді. Осылайша, биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды», – деді ол.
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2025

Бибігүл Жексенбай: Жолдау – елдің болашағын айқындайтын стратегиялық құжат

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басымдықтарға тоқталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Депутаттың айтуынша, биылғы Жолдау дәстүрлі үндеу ғана емес, елдің даму бағытын айқындайтын стратегиялық бағдарлама: «Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – нақты тапсырмалар мен ұлттық идеяларды тоғыстыратын маңызды құжат. Ол Қазақстанның болашағы үшін жаңа технологиялық және әлеуметтік бағыттарды қамтиды», – деді Бибігүл Жексенбай. Сенатордың пікірінше, Жолдауда ерекше мән берілген цифрландыру мен жасанды интеллект – жаңа ұлттың тірегі: «Президент цифрландыруды технологиялық үрдіс ретінде ғана емес, ұлттық мүдде мен экономикалық қауіпсіздіктің негізгі факторы ретінде көрсетті. Бұл қадам Қазақстанды инновациялық дамуда алдыңғы қатарға шығаруға мүмкіндік береді. Сингапур мен Оңтүстік Кореяның тәжірибесі соның дәлелі», – деді ол....
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2025

Елордадағы ерекше күн

Апта басы айшықты жаңалықпен басталды. Жетісу жерінен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі Жолдауына арнайы делегацияның қатарында Елордаға келуім ерекше есте қалған күннің бірі болды. Бұл Мемлекет басшысының былтырғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атап, қатардағы еңбек адамының беделін арттырып, имиджін қалыптастыруға бағыттаған жүйелі тапсырмасының жемісі десем артық айтқандығым емес. Өзім жазиралы Жаркент өңірінде су шаруашылығы саласында еңбек етемін. Жасыратыны жоқ мұндай маңызды жиынға Үкімет адамдары, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, министрлік өкілдері мен облыс әкімдері ғана қатысатындай көрінетін. Бірақ ел Президентінің Жолдауы өтетін салтанатты жиында өзім сияқты қатардағы еңбек адамдарын көргенде ерекше әсерге бөлендім. Мұның өзі қарапайым еңбеккерлердің қазіргі таңдағы қоғамдағы орнын белгілеп берді. Бұл қолдау бізге де өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Және осындай жиынға бізді қатыстыру қарапайым жұмысшының табан ет, маңдай терін бағалау деп...
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2025

«Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында қоғамдағы тәртіп пен мәдениет мәселесіне ерекше тоқталып, заң үстемдігін нығайтудың маңызын атап өтті. «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуы қажет. Бұл – ең алдымен ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным», – деді Президент. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының осы бағыттағы жұмысын қолдаудың маңызын атап өтті. Сонда ғана қоғамда құқық бұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана қалыптасып, жат қылықтарға төзбеушілік орнығатынын айтты. Президент қазіргі тұрмыстық қатынастардағы мәдениет тапшылығына назар аударды: «Адамдарда дөрекі сөйлеп, бір-бірімен ерегісу, қоғамдық орындарда айқай-шу шығару жиі кездеседі. Өкінішке қарай, мұндай көріністердің ішінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзат...
Толығырақ... Оқылды: 120 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.09.2025

Тоқаев: «Жастар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында қазіргі жас буынның патриотизмге деген көзқарасы түбегейлі өзгеріп келе жатқанын атап өтті. Президент жастардың отаншылдықты жаңа қырынан түсінуі – қоғам дамуының маңызды белгісі екенін айтты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. «Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық», – деді Мемлекет басшысы. Президенттің сөзінше, бүгінгі жас ұрпақ «Елді сүю – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар заманауи технологияларды меңгеріп, Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көруге ұмтылады. Тоқаев жастардың бойындағы патриотизмді болашаққа деген шынайы ұмтылыс деп бағалап, олардың күш-жігеріне, дарыны мен біліміне сенім артатынын жеткізді. «Біз ғылым-білім...
Толығырақ... Оқылды: 143 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.09.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.