Жаңалықтар
Жолдау: «Таза Қазақстан» жобасы елдің жасыл болашағына жол ашады |
| Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экология мәселесіне ерекше тоқталды, –деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. – Қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек. Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, бұл баршаңызға аян. Осы жұмысқа миллиондаған азаматымыз атсалысуда. Жұрт болып жұмылудың арқасында 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт миллионнан астам ағаш отырғызылды. Осындай белсенді жұмысты жалғастыра берсек, аңсаған арманымызға жетіп, Қазақстан нағыз жасыл ел болмақ. Бұл келешек ұрпаққа керемет үлгі-өнеге әрі өсиет болып қалады, – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, бұл бастама ел ішінде жаппай қолдау тауып, жасампаз құндылықтардың жарқын көрінісіне айналды. – Халқымыздың игі істерге деген ұмтылысы қуантады. Осы жұмысқа атсалысып жүрген азаматтарға, әсіресе жастарға ризашы... |
| Толығырақ... Оқылды: 86 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.09.2025 |
Тоқаев: «Қазақстанда бір палаталы Парламент құру бастамасын көтергім келеді» |
| Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдында сөйлеген сөзінде еліміздің парламенттік жүйесіне қатысты маңызды бастама көтерді. Президент бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарау керегін атап өтті. «Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді», – деді Мемлекет басшысы. Президент бұл қадамның ел тағдыры үшін аса маңызды екенін, сондықтан асығыстыққа жол беруге болмайтынын жеткізді. «Бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, қазіргі Парламенттің өз ішінде жан-жақты талқылануы қажет. Оның мән-маңызы айрықша болғандықтан, талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын», – деді Тоқаев. Мемлекет басшысы талқылаудан кейін, 2027 ж... |
| Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.09.2025 |
Тоқаев Үкіметке медициналық мониторинг жүйесін жасанды интеллектпен жетілдіруді тапсырды |
| Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызмет сапасына мониторинг жүргізудің жаңа тетіктерін енгізу қажеттігін айтты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. – Елімізде медицина нысандары біртіндеп жаңғыртылуда. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін жаңартылып жатыр. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, жыл соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек. Қалаларда да бірқатар ірі нысан іске қосылды. Мәселен, Астанада онкология орталығы, Алматыда Жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылды. Бұған дейін салынған көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық кідіріссіз пайдалануға беру қажет. Мұндай нысандардың санын көбейтіп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жеке инвестиция тартқан жөн. Сонда азаматтар Астанаға көшуге мәжбүр болмайды, – деді Мемлекет басшысы. Президент фармацевтика саласын дамытуға да ерекше тоқталды. Оны... |
| Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.09.2025 |
Жетісу облысында «Ашық есік күні» аясында 285-тен астам тұрғын медициналық тексеруден өтті |
| Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен өңірдің аудан және қала деңгейлерінде «Ашық есік күні» акциясы аясында профилактикалық іс-шаралар өткізіле бастады. 2025 жылғы 26 тамызда Кербұлақ ауданында және 2 қыркүйекте Текелі қаласында тұрғындарға ауқымды медициналық тексерулер жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға тегін профилактикалық медициналық көмек көрсету, ауруларды ерте анықтау, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және халықтың медициналық сауаттылығын көтеру. Барлығы 285 адам тексеруден өтті, олардың ішінде – 53 бала және 162 әйел, соның ішінде 43 жүкті әйел бар. Халыққа кеңес беру үшін нейрохирург, невролог, балалар хирургі, педиатр, онколог, уролог, акушер-гинеколог және проктолог сияқты тар бейінді мамандар тартылды. Бүгінгі күні Кербұлақ ауданы мен Текелі қаласында 60-тан астам тұрғын мамандардың қаралуынан өтіп, кеңес алды. Барлық келген азаматтарға тексеру мен емдеу жоспары жасалды. Дәрігерлердің... |
| Толығырақ... Оқылды: 86 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2025 |
Жетісу облысында шомылу маусымы қорытындыланды: 4 адам қаза тапты, 36 адам құтқарылды |
| Жетісу облысында шомылу маусымы аяқталды. 2025 жылдың 1 маусымында басталған маусым қорытындысы бойынша, рұқсат етілмеген су айдындарында шомылу салдарынан 4 адамның қаза болғаны тіркелді, олардың екеуі - балалар. Қайғылы оқиғалар Қаратал өзенінде (Қаратал ауданы), сондай-ақ Кербұлақ және Алакөл аудандарында орын алған. Бұл туралы Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Қалдыбек Төлеуұлы мәлімдеді. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында биылғы маусымда 36 адам, оның ішінде 13 бала құтқарылды. Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ТЖД қызметкерлері ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 51 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Айыппұлдың жалпы сомасы 746 мың теңгеге жетті. Өңірде облыс әкімінің қаулысына сәйкес 5 ресми рұқсат етілген шомылу орны анықталған болатын. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес 76 жерде шомылуға тыйым салынды. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ал... |
| Толығырақ... Оқылды: 104 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2025 |
Жетісу облысынан 1000-ға жуық азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады |
| Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған Жарлыққа сәйкес, 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында еліміздің барлық өңірлерінде мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілуде. Күзгі науқан аясында Жетісу облысы бойынша шамамен 1000 азамат әскери борышын өтеуге аттанады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, олардың ішінде 100-ден астамы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 400-ден астамы – ҚР Қарулы Күштеріне, 400-ден астамы – ҚР Ұлттық ұланына, ал 10-нан астамы – Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі. Жалпы Талдықорған қаласынан 200 жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге жолға шығады. Әскер қатарына шақыру жұмыстары қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуда. Шақырылушыларды хабардар ету күнтізбелік шақыру қағаздарын тапсыру немесе SMS-хабарламалар арқылы іске асырылады. Хабарлама алғаннан кейін азаматтар Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға келіп, медициналық комиссиядан өтуге міндетті. Комиссия шақырылушының денсаулық жағдайын тексе... |
| Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2025 |
Бәсекеге қабілетті ұрпаққа инвестиция: Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді |
| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында стратегиялық міндет қойды – адами капиталға жүйелі инвестициялар арқылы Әділетті Қазақстан құру. Бұл тапсырма Үкімет атқарып жатқан кешенді жұмыстың негізіне айналды. Ол баршаға қолжетімді әрі заманауи білім беруге және ғылыми орта қалыптастыруға бағытталған. Жүйе мектепке дейінгі тәрбиеден бастап алдыңғы қатарлы зерттеулерді қолдауға дейінгі барлық сатыны қамтиды. Осы арқылы елдің болашағын айқындайтын берік негіз қаланып, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігі нығаяды және әрбір азаматтың өмір бойы дамуына жағдай жасалады. Қолжетімді және сапалы білім беру: балабақшадан бастап халықаралық олимпиадаларға дейін Адам капиталын дамытуға негіз ерте жастан қаланады. Сол себепті Үкімет мектепке дейінгі білім беру жүйесіне айрықша көңіл бөліп, әр балаға болашақта табысты болуға тең мүмкіндік жасауды көзде... |
| Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2025 |
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады |
| Президент Қытайға ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР басшысымен жүргізген келіссөз нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді. |
| Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2025 |
Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: жаңғырту, әртараптандыру және инвестициялар – өнеркәсіп әлеуетін дамытудың басымдықтары |
| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының негізгі векторын айқындап берді. Ол – қуатты өнеркәсіп әлеуетіне негізделген мықты да әртараптандырылған экономика құру. Мемлекет басшысы шикізат моделінен қосылған құны жоғары тауарларды өндіруге көшу міндетін қойды, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға жүйелі түрде инвестиция тартуды талап етеді. Осыған байланысты Үкімет индустриялық егемендікті нығайтуға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруда. Мемлекет басшысының Жолдауында және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы толығырақPrimeminister.kzсайтындағы шолудан оқыңыз. Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі Мемлекет басшысы алға қойған ең басты міндет –... |
| Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2025 |
Көксу ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті |
| Жетісу облысы, Көксу ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында «Таза бейсенбі» экоакция ұйымдастырылды. Игі шараға аудандық мәслихат депутаттары, жастар орталығының өкілдері, партия филиалы мен ауыл тұрғындары атсалысты.аудандық партия филиалының мүшелері, еріктілер және белсенді азаматтар қатысты. Балпық би ауылындағы М.Сеңгірбаев атындағы саябақта өткен сенбілікке 30-ға жуық жуық адам жұмылдырылып, 3 тоннадан астам қоқыс жиналды. Қатысушылар қоғамдық орындардың тазалығына ерекше мән беріп, акция барысында аумақты қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын да атқарды. — «Біздің мақсат – тек қоқыс жинау емес, тұрғындарға табиғатты аялаудың маңызын көрсету. Әрбір азамат өз ауласынан бастаса, бүкіл ауданымыз таза болады», — деді «AMANAT» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Мәлік Бейсенов «Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта ауданның басқа да елдімекендерін... |
| Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2025 |
