Жаңалықтар

Бүгін Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған 10 күндік шара аясында «Мәміле» клубының кезекті отырысы өтті.

Отырыстың ерекшелігі – дәстүрлі форматтан тыс, жылы әрі еркін атмосферада ұйымдастырылды. Клуб мүшелері қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына терең үңіліп, қара сөздеріне талдау жасап, өлеңдерінен үзінділер оқыды. Шара қатысушылардың рухани дамуына және мемлекеттік тілге деген құрметін арттыруға бағытталды. Кездесу бейресми, достық форматта өтіп, өзара еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Клуб белсенділеріне Абай Құнанбаевтың суреті бейнеленген сыйлықтар табысталды.
Толығырақ... Оқылды: 111 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.08.2025

Балқашқа жол - тазалыққа жол: «ecoBalqash» экологиялық плоггингі жоғары деңгейде өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Балқаш көліне апаратын жол бойында «ecoBalqash» атты ауқымды экологиялық плоггинг ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты - азаматтардың, әсіресе жастардың, экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, табиғатты аялауға үндеу. Осы экологиялық плоггингіне 250-ге жуық қатысушы жұмылып, қоршаған ортаның тазалығы үшін жұмыла еңбек етті. Іс-шарада қатысушыларға арнайы қолғаптар мен қоқыс салатын қаптар таратылып, жол бойындағы және демалыс орындарындағы қалдықтар жиналды. Көлге жеткен соң жиналған 50 қап қоқыс ұйымдастырушыларға тапсырылып, белсенділер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Игі бастаманың ұйымдастырушысы - «Jetisy jastary» КММ. Мекеме өкілдерінің айтуынша, мұндай акциялар бір реттік қадам емес, болашақта жүйелі түрде жалғасатын тұрақты экологиялық дәстүрге айналуы тиіс. «Табиғат - біздің ортақ байлығымыз. Оны қорғау - әрбір аза...
Толығырақ... Оқылды: 129 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.08.2025

Жетісуда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал салынды

Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнап мурал салынды. Талдықорған қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасына салынған бұл сурет Ассамблеяның ел бірлігін, татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлін айшықтап тұр. Бұл теңдессіз арт-нысан – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған, еліміздегі этностардың татулығын, достығын және мәдени ортасын бейнелейтін ерекше көркем туынды. Суретте түрлі этнос өкілдері, ұлттық ою-өрнек, достықты білдіретін символдар мен Ассамблеяның мерейтойына қатысты элементтер көрініс тапқан. Муралды жас қазақстандық суретшілер тобы бірлесіп салды. Жобаның идеясы мен көркемдік тұжырымдамасы Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті шығармашылық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылды. — Жетісу облысында «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» ұранымен мерейтойлық дата аясында сан түрлі іс-шара өткізілуде. Мурал облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің бастамасымен сал...
Толығырақ... Оқылды: 190 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.08.2025

Жетісуда ауыл шаруашылығы санағына 20 мың жеке шаруа қожалығы қамтылмақ

1 тамыздан бастап Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Букенов мәлімдеді. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы санағы – он жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік науқан ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі іс-шара. Мұндай ауқымды науқанды биыл Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа да елдер қолға алған. Жетісу облысы бойынша биылғы санаққа жалпы 744 ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен шамамен 20 мың жеке шаруа қожалығы қамтылады. Науқан екі кезеңмен өтеді. Бірінші кезең – 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында онлайн форматта sanaq.gov.kz порталында ұйымдастырылады. Сауалнамаға қатысу үшін азаматтар ЭЦҚ, SMS немесе eGovMobile қосымшасы арқылы авторизациялана алады. Порталда ұйымдасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарына арналған – 2-АКШ және жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған – 3-ЖҚШ атты екі түрл...
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.08.2025

Кәсіпкерлер назарына: тілдік нормалардың сақталуына бақылау күшейтілді

Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру мақсатында бизнес өкілдерінің көрнекі ақпараттарына, оның ішінде жарнама, хабарландыру, ас мәзірі, баға көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіліп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Ермек Ақшабаев мәлімдеді. Бүгінде Талдықорған қаласында 220 кәсіпорынға тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 113 заңбұзушылық анықталды. Мұнда бірқатар жарнамалық мәтіндерде қате жазылған көрнекі ақпарат немесе мемлекеттік тілге аударылмаған сөздер кездескен. Анықталған кемшіліктер бойынша мамандар тарапынан кәсіпкерлерге ескерту жасалып, заң нормалары түсіндірілді. Алдағы уақытта мұндай тексерістер жалғасын таппақ. Оған Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасымен бірге халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі де атсалысатын болады....
Толығырақ... Оқылды: 181 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.08.2025

Жетісу облысында 265 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

Жарты жыл ішінде Жетісу облысында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны күрт өскен. Полиция департаментінің мәліметінше, биылғы алты айда өңірде 265 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға жоғары. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 591 миллион теңгеден асып, оның 91 миллионы өндіріліп, иелеріне қайтарылды. Қылмыстардың басым бөлігі әлеуметтік желілер мен жарнама сайттары арқылы жасалған. Сонымен қатар жалған инвестициялар, онлайн-қарыз рәсімдеу және өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың әрекеттері жиі кездеседі. Тергеу барысында бұрын жасалған 132 интернет-алаяқтық фактісі ашылды. Қазіргі уақытта 123 іс сотқа жолданды. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топтар әшкереленіп, 75 эпизодты қамтитын ірі істер қозғалды. Заңсыз әрекеттер үшін пайдаланылған прокси-сервер құрылғылары, SIM-box жабдықтары, антенналар мен елу мыңнан астам SIM-карта тәркіленіп, бірнеше азамат ұсталған. Deepfake технологи...
Толығырақ... Оқылды: 150 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.07.2025

Жетісу облысында 18 кәсіпорында заңбұзушылық анықталды – бәсекелестікке кедергі келтіретін мәселелер жойылуда

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелерін ұсынды. Баспасөз жиынында департамент басшысы Маржан Кальменова өңірдегі бәсекелестік ортаны қорғау және дамыту бағытында атқарылған шараларды атап өтті. Негізгі мақсат - әділ нарықтық тәртіп орнатып, кәсіпкерлікке кедергі келтіретін әрекеттерді тоқтату. Мемлекеттік сатып алудағы картельдік келісім белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, «Жетысугаз» компаниясы сұйытылған газды әр тұтынушыға әртүрлі бағамен сатқан. Департамент ескертуінен кейін бұл мәселе жойылып, бүгінде газ барлығына бірдей бағада сатылуда. 2025 жылға арналған жоспарлы мониторинг аясында 36 квазимемлекеттік субъектінің қызметі талданды. Нәтижесінде 18 мемлекеттік кәсіпорында бәсекелестік туралы заңнаманың бұзылғаны анықталып, тиіс...
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.07.2025

Электр желілеріне қосылу тәртібі

Егер сіз өз үйіңізді, кеңсеңізді немесе басқа да ғимаратты электр желісіне қосуды қаласаңыз, ең алдымен«Электрменжабдықтаужелілерінеқосуғаарналғантехникалықшарттар»депаталатын рұқсат құжатын алуыңыз керек. Бұл құжатта электр қуаты қай жерден және қандай тәсілмен жеткізілетіні көрсетіледі. Техникалық шарттарды электр энергиясынтасымалдайтынұйым береді. Егер сіз көпқабатты тұрғын үйде тұрсаңыз, бұл құжаттарды әрбір тұрғын емес, үй иелері бірлестігі, тұтынушылар кооперативі немесе үйді басқарушы орган рәсімдейді. Техникалық шарттарды алу үшін өтініш және арнайы сұрау парағы тапсырылады. Егер сіздің жабдықтарыңыздың қуаты бес мегаватт немесе одан жоғары болса, онда қосымша түрде мемлекеттік лицензиясы бар жобалау ұйымы жасаған сыртқы электрмен жабдықтау сызбасы қажет болады. Құжаттарды тапсырғаннан кейін энергетикалық ұйым техникалық шарттарды бес жұмыс күні ішінде беруі тиіс. Сонымен бірге, энергетикалық ұйым мен тұтынушы арасындағы жауапкершілік шекараларын к...
Толығырақ... Оқылды: 119 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.07.2025

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында 17,5 шақырым арық желісі жабдықталады

Биыл облыста 17,5 шақырым арық желісін жабдықтау қарастырылған. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы асянда атқарылуда, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы облыстың аудан және қала аумақтарын, атап айтқанда қоғамдық инфрақұрылым объектілерін абаттандыруға және көше жарығын орнатуға биыл қаржы бөлінді. Соның ішінде арық жүйелерін жабдықтау да бар. Мәселен, Ақсу ауданы Қапал ауылында ұзындығы 2 шақырым, Ескелді ауданы Ақын Сара ауылы – ұзындығы 5,5 шақырым, Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылы – ұзындығы 2,6 км, Талдықорған қаласы ұзындығы 7,4 шақырым арық желісі салынады. Ескелді ауданының тұрғыны бұл игі шараның атқарылғанына ризашылығын білдірді. - Мен Ақын Сара ауылының тұрғынымын. Осы ауылда тұрып келе жатқаныма елу жылдан асты. Ауылымызда арық жүйесі Кеңес одағы кезінде кейбір көшелерде болған, кейін бұзылды. Бүгінгі күні көшелерді абаттандырып, халықтың игіліне жарайтын арық салып, біраз жұмыс атқарып жатыр, қуа...
Толығырақ... Оқылды: 120 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.07.2025

Жетісу облысында «Мектепке жол» акциясымен 16 мыңнан астам бала қамтылады

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. . Акция шеңберінде облыстық басқармалар мен департаменттер тарапынан нақты көмек қажет ететін 138 баланың тізімі жинақталды. Сонымен қатар, аудан және қала деңгейлерінде биыл жалпы саны 16 мыңнан астам балаға материалдық көмек көрсету жоспарланып отыр. Өткен жылы да 16 500 балаға жалпы сомасы 468 млн теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын. Аудандық және қалалық әкімдіктер мен білім бөлімдері тарапынан акцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша жергілікті іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, көмекке мұқтаж балалардың тізімі жүйеленді. Облыстағы әлеуметтік осал топтарға жататын 25 мың балаға киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алу үшін 1 млрд 166 млн 286 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Бү...
Толығырақ... Оқылды: 122 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.07.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.