Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы санағына онлайн 390 мың респондент қатысты

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі жалғасып жатыр.Sanaq.gov.kzсайтындағы сауалнамаларды толтыру 31 тамызда аяқталады. Онлайн кезең басталғалы бері 390 мыңнан астам респондент сауалдарға жауап берді. Олардың 183 мыңнан астамы – ауыл шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер. Тағы шамамен 207 мыңы – жеке үй шаруашылықтары. «Ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңінің аяқталуына 10 күннен аз уақыт қалды.Барлық аграршыларды, фермерлерді және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді санаққа жауапкершілікпен қарауға, сауалнамадан мүмкіндігінше тез өтуге шақырамыз. Компьютер немесе интернетке қолжетімділігі жоқ азаматтар үшін республика бойынша ауылдық әкімдіктерде 2 700 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істеп тұр. Онда арнайы оқытылған мамандар көмек көрсетеді. Азаматтарымыздың саналы әрекетіне сенеміз және ауыл шаруашылығына қатысы бар әрбір адамның белсенді қатысатынына үміттенем...
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.08.2025

Жетісу облысында өнім сапасына бақылау күшейтілді

Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірлік нарықты сапасыз әрі қауіпті өнімнен қорғау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізуде. Басты назар: сауда нысандарында өнімге бақылау сатып алу жүргізу, зертханалық тексерулер ұйымдастыру, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды сатылымнан алып қою және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бөлінуде. Бақылау сатып алу барысында алынған өнімдер қапталып, пломбаланып, зертханаларға жеткізіледі. Егер бұзушылықтар анықталса, мұндай тауарларға «сатуға жатпайды» деген белгі қойылып, олқылықтар жойылғанға дейін бөлек сақталады. Сонымен қатар, заңбұзушылықтың себебі мен оған жол берген тұлғаларды анықтау үшін тергеу жүргізіліп, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады. 2025 жылғы қаңтар-шілде аралығында департамент 31 тауар санатын, соның ішінде сүт және ет өнімдерін, балықты, балалар тағамын, сусындарды, биологиялық белсенді қоспаларды, ойыншықтар мен балаларғ...
Толығырақ... Оқылды: 87 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.08.2025

Үш жылда 287 хаттама: Жетісуда ұсталған тауарлармен жұмыс күшейтілді

Қазақстан Республикасының «Кедендік реттеу туралы» кодексіне сәйкес, кеден органдары әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылықтың заты болып табылмайтын, сондай-ақ тергеу іс-әрекеттері барысында тәркіленбеген әрі бұғатталмаған тауарларды ұстау, сақтау, өткізу және жою шараларын жүзеге асырады. Аталған кезеңде департамент 287 хаттама рәсімдеді. Ұсталған тауарлардың ішінде тұтыну бұйымдары, тұрмыстық техника, автокөлік бөлшектері, киім-кешек, сондай-ақ темекі, алкоголь өнімдері мен дәрі-дәрмектер бар. Атап айтқанда, шамамен 20 тонна тауар әлеуметтік мекемелерге тегін берілсе, «Корона Слим» маркалы 21,3 тонна темекі өнімі жойылды. Бұдан бөлек, 2025 жылғы шілде айында қабылдап-өткізу актілеріне сәйкес тағы да 11 тоннаға жуық өнім кәдеге жаратуға жіберілді. Бұл жұмыстар «Алихан» жеке кәсіпкерлігімен жасалған мемлекеттік сатып алу шарты аясында жүзеге асырылуда. Ведомствоның мәліметінше, өткізілетін тауарлар негізінен электрондық аукциондар арқылы са...
Толығырақ... Оқылды: 98 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.08.2025

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасқа айналады. Электр энергетикасы: басты міндет – энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету Электр энергетикасы саласындағы басты міндет – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қанағаттандыру. Президенттің тапсырмасы аясында алдағы бес жылда кемінде 14 гигаватт энергия өндіретін жаңа қуат көздерін іске қосу міндеті алға қойылды. Бұл жұмыс бірнеше бағытта жүргізілуде: жұмыс істеп тұрған стансаларды жаңғырту, энергия өндіретін жаңа қондырғылар салу, сондай-ақ гидро және жаңартылатын энергия көздерін дамыту. 2023 және 2024 жылдары 1,3 гигаватт жаңа электр қуаты іске қосылды. 2025 жылы тағы 621,5 мегаватт е...
Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.08.2025

Президенттің 2024 жылға Жолдауын жүзеге асыру: 1,3 ГВт жаңа электр қуат көзі пайдалануға берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет отын-энергетика кешенін жүйелі түрде жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізуде. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты — елдің экономикалық өсуі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыру үшін берік іргетас болатын сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе құру. «Электр энергетикасы мен жылумен жабдықтаудағы басты міндет — қуат көздерін арттыру және сенімді инфрақұрылым құру үшін жүйелі түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізу», — деді Ерлан Ақкенженов. Президенттің тапсырмасы бойынша алдағы бес жылда 14 ГВт жаңа қуат көзі іске қосылады. Министрдің айтуынша, соңғы екі жылда оның 1,3 ГВт-ы ендігісі пайдалануға берілген. «Биыл тағы 622 МВт іске қосылады, ал 2...
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.08.2025

Бюроның Байланыс орталығы ауыл шаруашылығы санағы аясында 8 мыңнан астам өтініш қабылдады

Тамыз айының басынан бастап Ұлттық статистика бюросының 1446 байланыс орталығы азаматтарға Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысу мәселелері бойынша белсенді түрде кеңес беріп келеді. 1 тамыздан бастап байланыс орталығына 10,5 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, оның 8,4 мыңы тікелей ауыл шаруашылығы санағына қатысты болды. Қазіргі таңда санақ онлайн форматта өтіп жатыр. Тамыз айының соңына дейін барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтары онлайн түрде sanaq.gov.kz ресми сайтында ауыл шаруашылығы санағынан өте алады. Жедел кеңес алу үшін 1446 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ «Sanaq myrza» чат-боты мен сайттағы онлайн-консультант сияқты цифрлық байланыс арналары да қолжетімді. Еске саламыз, санақтың екінші кезеңі 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін өтеді. Бұл кезеңде интервьюерлер онлайн санақтан өтпеген үй шаруашылықтарын аралап, деректер жинайтын болады. Ауыл шаруашылығы санағы – елдің аграрлық секторын тиімді д...
Толығырақ... Оқылды: 83 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025

Жетісу облысында «Маман» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

АҚ «Отбасы банк» Жетісу облыстық филиалы облыс әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік маңызы бар сала қызметкерлеріне арналған «Маман» тұрғын үй бағдарламасының басталғанын хабарлайды. Өтінім беру 25-ші тамыздан бастап 5-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы АҚ «Отбасы банк» Жетісу облыстық филиалы және Жетісу облысының Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері мәлімдеді. Жоба өңірдегі ұстаздар, дәрігерлер, журналистер, мәдениет және спорт саласы өкілдері, энергетика мен туризм мамандары, сондай-ақ мемлекеттік корпорация мен саяси партиялар филиалдарының қызметкерлері үшін қолжетімді баспана алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысу үшін үміткердің жасы 63-ке дейін болуы, соңғы бес жылда жылжымайтын мүлікке ие болмауы және кемінде үш жыл бойы Жетісу облысында тұрақты тіркеуде тұруы қажет. Сонымен қатар, өтініш беруші соңғы 12 айда аталған салалардың бірінде ресми еңбек қызметін атқаруы тиіс. Бағдарламаға ерлі-з...
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025

Жетісу облысы алдағы жылыту маусымына дайындықты бастады

Өңірде тұрғын үй секторындағы өрттердің үлесі жоғары. Өткен жылыту кезеңінде олардың саны 36%-ға өсті. Атап айтсақ, 187 жағдай тіркеліп, 14 адам қаза тапты. Өрттердің негізгі себептері – ескі пештер мен электр желілерін дұрыс пайдаланбау. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында 15 тамыздан 1 қазанға дейін «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізіліп жатыр. Әлеуметтік әлсіз отбасылардың үйлерінде түтін мен газ датчиктері орнатылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өткен маусымда мұндай датчиктер 936 отбасыға қойылған, биыл да бұл жұмыс жалғасады. Жылыту маусымына дайындық үшін бюджеттен 14,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 6,6 млрд теңге жылу нысандарын жөндеуге, 8,2 млрд теңге отын алуға бағытталды. Қазіргі уақытта жылу және электр инфрақұрылымының дайындығы 84%-ға жетті. Талдықорғандағы негізгі жылу көзі – «Басқуат» қазандығының тозу деңгейі 85%. Оны жаңғыртып, газға көшіру жобасы әзірленіп жатыр. Қосымша қазандықтар мен газтурбиналық ста...
Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025

Жетісу спорты өркендеуде: 292 мыңнан астам тұрғын тұрақты түрде спортпен айналысады

Өңірде дене шынықтыру мен спортты дамыту басты басымдықтарының бірі болып отыр. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Дуанаев мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл жергілікті бюджеттен спорт саласына 22 млрд-тан астам қаражат бөлінді. Бүгінде облыста 1000 астам спорт нысаны жұмыс істейді, олардың қатарында 13 стадион, 42 спорт кешені, 18 бассейн, 502 спорт залы және басқа да инфрақұрылымдар бар. Биыл 5 ірі спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр, соның ішінде Лепсі және Қабанбай ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, көркем гимнастика залы және блокты-модульды спорттық кешендер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыста заманауи шаңғы-биатлон кешенін салу жоспарда. Қаржыландыру республикалық бюджет есебінен қарастырылуда. Қазіргі таңда спортпен тұрақты айналысатындардың саны 292 мыңнан астам адам. Ұлттық спорт түрлерімен 26 мыңнан астам тұрғын шұғылданады. Мүгедектігі бар азаматтар үшін 24 спорт түр...
Толығырақ... Оқылды: 77 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025

Жетісу облысында 13 миллиард теңгеден астам заңбұзушылық анықталды

Жетісу облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде мемлекеттік қаржының жұмсалуына қатысты маңызды қорытындыларын жариялады. Алты айда барлығы 49 аудиттік іс-шара өткізілген. Оның ішінде 8-і - жоспарлы, ал басым бөлігі, яғни 41-і - жоспардан тыс тексерулер. Бұл тексерулер көбінесе мемлекеттік органдардың тапсырмалары, азаматтар мен ұйымдардың шағымдары, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесінің деректері негізінде жүргізілген. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 13,1 миллиард теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның 3 миллиардтан астамы - қаржылық, ал 9,6 миллиарды - рәсімдік сипаттағы кемшіліктер. Жарты жылдың ішінде бюджетке 2,7 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылды. Қалған соманы өндіру бағытында жұмыс жалғасуда. Департамент анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін 48 нұсқама берді, олардың басым бөлігі орындалған. Сонымен қатар, 40 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылып, 240 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдардың жалпы сомасы...
Толығырақ... Оқылды: 77 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.08.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.