Жаңалықтар
Президент Жолдауы – Жаңа Дәуірге Қадам |
| 2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің даму бағытына қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, нақты міндеттерді айқындады. Жолдаудың басты тақырыбы – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында жасанды интеллект (AI)– елдің болашағына тікелей әсер ететін басты бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл – заман талабы, жаһандық технологиялық жарыстың жаңа кезеңі. Жасанды интеллектті дамыту тек ІТ саласына ғана емес, білім, медицина, ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік басқаруға да серпін береді. Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстан бұл технологияны тұтынушы ғана емес, жасаушы елге айналуы тиіс. Ол үшін: — Зияткерлік кадрлар даярлау; — Ғылыми-зерттеу орталықтарын дамыту; — Ірі технологиялық серіктестермен жұмыс істеу қажет. Жасанды интеллект – бол... |
| Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025 |
ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект және медиа» бағдарламасы іске қосылды |
| Елімізде алғаш рет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде «Жасанды интеллект және медиа» білім беру бағдарламасы ресми түрде реестрге енді. Бұл бағдарлама – медиа мен заманауи технологияны ұштастыратын жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған маңызды қадам. Жаңа білім беру бағдарламасы аясында болашақ медиамамандарға жасанды интеллект, нейрожелі, үлкен деректермен жұмыс істеу, Data Science, Python бағдарламалау тілі сияқты пәндер оқытылады. Бұл пәндерді меңгерту үшін IT факультетінің оқытушылары да оқу процесіне тартылады. Сонымен қатар, білім алушылар ҚазҰУ-дың суперкомпьютерлік ресурстарын да пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Қазіргі таңда бұл жоба ғылыми-педагогикалық бағыттағы екі жылдық магистратура деңгейінде іске қосылып отыр. Болашақта осы бағыт бойынша бакалавриат бағдарламасын ашу да жоспарланған. Аталған бастама Farabi University ұжымының Қазақстанда 2024-2029 жылдарға арналған... |
| Толығырақ... Оқылды: 80 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025 |
Үкімет туризм саласын дамыту мәселелерін талқылады |
| Үкіметте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында туризмді дамыту жұмыстары қаралды, –деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен кеңеске орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдері қатысты. Жиында туристік аймақтардың жағдайы және Президент тапсырмаларын орындау бойынша есептер тыңдалып, негізгі туристік дестинацияларға жасалған іссапарлардың қорытындысы ұсынылды. Ермек Көшербаев қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтіп, инфрақұрылымды жақсарту мен қызмет сапасын көтеру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, туризмді дамыту тек экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға және өңірлердің дамуына ықпал етеді. Осы мақсатта курорттық аймақтарды алдағы маусымға даярлау, заманауи инфрақұрылым салу және жоғары сервис с... |
| Толығырақ... Оқылды: 80 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025 |
2025 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жаңа жобалар жүзеге асады |
| Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда саланың қазіргі жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Искаков мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы тұрақты мемлекеттік қолдау мен инвестициялық бастамалардың нәтижесінде жаңа деңгейге көтерілу үстінде. 2025 жыл осы бағыттағы шешуші кезең болмақ. Мәселен, «Ауыл Аманаты» бағдарламасына республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 342 өтінім келіп түсті, құжаттарды қабылдау жалғасуда. «Әкімдер мектебі» жобасы аясында 2025-2029 жылдарға арналған 608 инвестициялық жоба әзірленіп жатыр. Субсидияландыру саясаты да қайта қаралып, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне бөлінетін қаржы икемді түрде жоспарлануда. 2024 жылы бөлінген қаражат көлемі 3,1 млрд теңгеге жетсе, биыл 464 өтінім бойынша 3,4 млрд теңге резервке қойылған. Бұл қаржыны тиімді басқарудың нақты көрсеткіші. Өсімдік... |
| Толығырақ... Оқылды: 89 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025 |
Жетісу облысында емханаларға тіркеу науқаны басталды |
| 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Қазақстанда халықты алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына тіркеу жөніндегі жыл сайынғы науқан өтуде. Бұл үдерістің маңызы зор, өйткені денсаулық сақтау жүйесінің іргетасы дәл осы алғашқы медициналық көмектен басталады. Азаматтар осы деңгейде профилактикалық тексеруден өтіп, скринингтер жасатады, жалпы тәжірибе дәрігерлерінен, терапевттерден, педиатрлардан кеңес алады, сондай-ақ дер кезінде ауруларды анықтап, емделу мүмкіндігіне ие болады. Облыс бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмекті 13 медициналық ұйым көрсетеді, оның ішінде 11-і мемлекеттік, 2-і жекеменшік. Талдықорғанда төрт емхана жұмыс істейді: «ХАК» және «Нур-Авиценум» атты екі жеке медициналық орталық, сондай-ақ қалалық №1 және №2 мемлекеттік емханалар. Науқан кезеңінде әрбір азамат тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша емхананы таңдауға немесе ауыстыруға құқылы. Осы мерзімде берілген өтініш 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, егер таңд... |
| Толығырақ... Оқылды: 69 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025 |
ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕЛЕР МЕН ҰЙЫМДАР! |
| Сіздерді 2025жылғы25қыркүйекте сағат15:00-де өткізілетін Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз. Іс-шараны өкізудің мақсаты:қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі. Өткізу нысаны:Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылушылықтары профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі. Өткізу орны:Талдықоған қаласы,«Бірлік»ықшам ауданы, Астана даңғылы, 2 АЖетісу облысыныңкәсіпкерлер палатасының ғимараты. |
| Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.09.2025 |
Мемлекет басшысы: |
| « Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек». |
| Толығырақ... Оқылды: 87 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.09.2025 |
Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңге бөлінді |
| Президент еселі еңбектері үшін еліміздің диқандарына ризашылығын білдірді. – Жыл сайын егін жинау науқанында сіздердің кәсіби біліктеріңіз, табандылықтарыңыз және патриоттық қасиеттеріңіз сыналады. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері бұл сыннан сүрінбей өтеді. Сіздер жай-күй таңдамай, табиғат тосын мінез танытса да жұмыс істеп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрсіздер. Маңдай терлеріңіз арқылы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, экономиканы дамытуға және ауылдағы тұрмысты жақсартуға орасан зор үлес қосып келесіздер. Мемлекет диқандарды қолдау үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып жатыр. Атап айтқанда, биыл менің тапсырмаммен ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңге бөлінді. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қазірдің өзінде мемлекеттің жүйелі қолдау шаралары нәтиже бере бастады. Агротехнологияны қолдану жоғары деңгейге жетіп, өнімділік артты. Бұған дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есе ұлғайтуды тапсырған едім. Бұл бағытта ауқымды жұм... |
| Толығырақ... Оқылды: 86 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.09.2025 |
ЖАТ АҒЫМ ЖАРЫЛҚАМАЙДЫ! |
| Мыңжылдықтар мұғдарынан бері ұлтжандылықты ұрпақ санасына сіңдіре білген, обал мен сауапты, ар мен ұятты ата-бабасынан аманаттап қалған қаймана қазақтың мынау тіршіліктегі ғұмырын Жаратқан Жаппар Иеміз ешқашан да тарылтып көрген емес. Ымыра мен өзара татулықтың тұғырын шайқалтпай осынау мамыражай күнге жеткеніміз әуелі Алла, сосын қазақтың кеңпейілдігінің, ақжарқындығының көрінісі емес пе? Тағдыр-талайымызға тәуелсіздік төлқұжаты табысталған ширек ғасырдан астам уақыттан бері бірлік пен бітімгершілікті, татулық пен тұрақтылықты сақтап келеміз. Тарғыл тарихымыздыңсантарам беттеріне көз тастасақ,босағамызды аттаған әрбірадамға құшағымызды кеңінен жайып, алдына асын тостық. Көңіліне кірбің ұялатпай, бетінен қаққан жоқпыз. Ордамызға келгенге оспадарлық жасаған жеріміз де жоқ. Қанымызға сіңген осы бір дархан пейіліміз бізді әлем алдында абыройға бөледі. Мәшһүр ғаламға «қазақ» деген ұлттың кім екенін әйгіледі. Бүгінгі күні жалпақ жұртшылық бізді мәңгілік дамуға құлаш ұрған жасмем... |
| Толығырақ... Оқылды: 125 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.09.2025 |
Жетісуда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары жөніндегі жиын өтті |
| Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен ел Президентінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде жиын өтті. Жиынға облыстық басқармалардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сол сияқты онлайн режимде аудан-қала әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты,-деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы жүктеген жеті нақты міндетке баса назар аударды. Атап айтқанда, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін, көлік-логистика саласын дамыту, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлердің цифрлық дамудың қозғаушы күші ретіндегі рөлін нығайту, адам капиталын дамыту арқылы экономиканы жан-жақты жаңғырту мәселелеріне кеңінен тоқталды. Мәселен, өңірде қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастырудың арқасында облыс құрылғаннан бері 1,2 т... |
| Толығырақ... Оқылды: 132 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.09.2025 |
