Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан — біздің болашағымыз» акциясы өткізілді

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ерекше форматтағы «Таза Қазақстан — біздің болашағымыз» атты акция өткізілді. Бұл шарада ұйымдастырушылар Талдықорған қаласы көшелерін тазалайтын жандарға ризашылық білдіріп, оларға ыстық шай ұсынып, санитарлық тазалық жұмыстарына көмектесті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға 50 адам қатысты. — Бұл акция – тек тазалық шарасы емес, экологиялық мәдениетті көтеруге, тұрғындарды ортақ жауапкершілікке шақыруға бағытталған әлеуметтік бастама. Табиғатты қорғау әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек, ал тазалық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Әрбір жинаған қоқыс, әрбір тазаланған көше бөлігі қоғамның бірлігі мен өзара қолдауының көрінісі болып, — деді «Жетісу жастары» КММ директоры Шәміл Ванкеев. «TAZA ECO» студенттер клубының мүшесі Ақерке Досымханқызы өз ойымен бөлісті: «Таза Қазақстан — біздің болашағ...
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 27.11.2025

В рамках экологической акции «Таза Қазақстан» была проведена акция «Таза Қазақстан — наше будущее!

В области Жетісу в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» была проведена акция в необычном формате «Таза Қазақстан – наше будущее!». В ходе мероприятия в Талдыкоргане организаторы, проявив благодарность к работникам, занимающимся уборкой улиц, угостили их горячим чаем и оказали помощь в уборке городской территории. По словам организаторов, в акции приняли участие 50 человек. - Это акция – не просто мероприятие по поддержанию чистоты, а социальная инициатива, направленная на повышение экологической культуры и привлечение жителей к общей ответственности. Защита природы должна стать ежедневной привычкой каждого человека, а чистота – нашей общей обязанностью. Каждый собранный мусор, каждая очищенная улица являются отражением единства общества и взаимной поддержки, - отметил директор КГУ "Жетісу жастары" Шамиль Ванкеев. Своим мнением поделилась участница студенческого клуба «TAZA ECO» Акерке До...
Толығырақ... Оқылды: 188 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 27.11.2025

«Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда»

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистикажәне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердіңжәне қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелерінеқатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.Шетелдік дереккөздердің(https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lost-iphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-it-was-found/, https://itc.ua/news/moshennyky-obmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphone-falshyvymy-soobshhenyyamy-apple-find-my/)ақпаратына сәйкес зиянкестер адамдарға Apple атынан жалған табылғанiPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі көсретілген жалған SMSнемесе iMessage-ті, фишингтік сілтемені қоса жайлғай отырып, жолдайды,осылайша хабарламаның жалған еместігі туралы әсер туындайды. Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині менпаролін алаяқтарға жолдайды. Бұл зиянкестерге iPhone-ның қосылуын құлыптауды айналып...
Толығырақ... Оқылды: 204 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.11.2025

Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді. Құжат Президенттің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, импортқа тәуелділікті азайту және азаматтардың табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған. «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Ұлттық Банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы еліміздің алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін шешуге бағытталған», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірқатар негізгі бағыт...
Толығырақ... Оқылды: 282 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.11.2025

Қазақстан әлемдегі Топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance Linpack) стандарты бойынша тәуелсіз тестілеуден өткен, яғни әлемдік деңгейде мойындалған есептеу өнімділігіне ие кластерлер ғана енгізіледі. «Alem.Cloud» ұлттық суперкомпьютер кластері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инфрақұрылымының негізінде құрылған болатын. Суперкомпьютер жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және үлкен деректерді талдау бағыттарындағы жобаларды іске асыруға арналған. Кластердің архитектурасы жоғары тығыздықтағы бірыңғай GPU-кешеніне біріктірілген 64 HPE Cray серверінің базасында іске қосылған. Әрбір есептеу торабы жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін NVIDIA H200-бен жабдықталған. Alem.Cloud суперкомпьютері жобасы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 т...
Толығырақ... Оқылды: 236 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.11.2025

Жетісуда онкологиялық көмек толықтай халықаралық протоколдарға сәйкес көрсетіледі

Мұнда пациенттерге ем тегін жүргізіледі және ол шетелдік клиникалардағы емдеу әдістерінен еш айырмашылығы жоқ. Шетелде ем қабылдаған науқастар өз елінде қажетті медициналық көмекті жалғастырып, тұрғылықты жері бойынша мамандардың бақылауында бола алады. «Жетісу облысында, сондай-ақ жалпы Қазақстан бойынша онкологиялық көмек халықаралық стандарттарға сай көрсетіледі. Дүниежүзі бойынша қатерлі ісіктерді емдеу хаттамалары бірдей, сондықтан елімізде қолданылатын терапиялық әдістер шетелдік клиникалардағы емдеу тәсілдерімен ұқсас. Айырмашылық тек дәрі-дәрмектердің өндірушілерінде болуы мүмкін», - деді облыстық көпсалалы клиникасының директоры Мадияр Өмірбаев. Бүгінде біздің дәрігерлер жетекші ғылыми орталықтарда біліктіліктерін арттырып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуда. Бұл отандық медицинада заманауи әдістерді енгізуге және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Шетелде ем қабылдап келген науқастар есепке алынып, отандық маманд...
Толығырақ... Оқылды: 280 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.11.2025

Көксу ауданында газдандыру аяқталуға жақын және инвестиция көлемі өсіп келеді

Көксу ауданындағы елді мекендерді газдандыру жобасы аяқталуда. Бұл туралы Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте аудан әкімі Дәулет Халелов мәлімдеді. Оның айтуынша, Нәдірізбек және Балпық би ауылдарында газ құбырын салу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Нысандар пайдалануға берілгеннен кейін аудан толықтай газбен қамтамасыз етіледі. «Газдандыру мәселесін іс жүзінде аяқтап жатырмыз. Бұл тұрғындардың өмір сапасы мен аумақтың одан әрі дамуы үшін маңызды», – деді аудан әкімі. Соңғы үш жылда Көксу ауданы экономикасына 39,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде шамамен 19 млрд теңге - жеке қаражат есебінен. Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 17,7 млрд теңгені құрады. Алдағы жылдары 542 жаңа жұмыс орнынан тұратын 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Дәулет Халеловтың айтуынша, есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 28,6 млрд теңгенің өнімдері өндірілген. Жаңа технологияларды енгізу және өндірістік қуаттарды кеңе...
Толығырақ... Оқылды: 282 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.11.2025

Жетісуда деструктивті контент таратқан 7 азамат анықталды

Жетісу облысында діни ахуал тұрақты. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Жаңабай Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, соңғы екі жылда өңірге өзге аймақтардан 11 білікті маман тартылған. Биылғы жылы қосымша 10 штат бөлініп, әр аудан мен қалада теолог мамандар тағайындалған. Сонымен қатар басқармаға қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының» штаты да ұлғайған. Бүгінде облыс аумағында 11 конфессияға біріктірілген 269 діни бірлестік пен филиал тіркелген. Онда 340-тан астам діни қызметкер еңбек етеді. Облыстағы миссионерлердің қызметі де заң аясында жүргізілуде. Оларға қатысты заң бұзушылық фактілері тіркелмеген. Керісінше, миссионерлер мен протестанттық бағыттағы шіркеулер қызметкерлеріне қазақ тілін үйрету және ұлттық мәдениетпен таныстыру курстары ұйымдастырылған. Жыл басынан бері сегіз жаңа имам өңір мешіттеріне қызметке орналасты. Сонымен қата...
Толығырақ... Оқылды: 295 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.11.2025

Жетісуда онкологиялық көмек толықтай халықаралық протоколдарға сәйкес көрсетіледі

Мұнда пациенттерге ем тегін жүргізіледі және ол шетелдік клиникалардағы емдеу әдістерінен еш айырмашылығы жоқ. Шетелде ем қабылдаған науқастар өз елінде қажетті медициналық көмекті жалғастырып, тұрғылықты жері бойынша мамандардың бақылауында бола алады. «Жетісу облысында, сондай-ақ жалпы Қазақстан бойынша онкологиялық көмек халықаралық стандарттарға сай көрсетіледі. Дүниежүзі бойынша қатерлі ісіктерді емдеу хаттамалары бірдей, сондықтан елімізде қолданылатын терапиялық әдістер шетелдік клиникалардағы емдеу тәсілдерімен ұқсас. Айырмашылық тек дәрі-дәрмектердің өндірушілерінде болуы мүмкін», - деді облыстық көпсалалы клиникасының директоры Мадияр Өмірбаев. Бүгінде біздің дәрігерлер жетекші ғылыми орталықтарда біліктіліктерін арттырып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуда. Бұл отандық медицинада заманауи әдістерді енгізуге және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Шетелде ем қабылдап келген науқастар есепке алынып, отандық маманд...
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.11.2025

Президенттің қатысуымен білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті

Президенттің қатысуымен білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Мемлекет басшысы форум аясында білім және ғылымды ешқандай шекара талғамайтын, барлық елге ортақ стратегиялық маңызы айрықша сала ретінде атап, бүгінгі форум соның айқын дәлелі екеніне назар аударды. «Бұл – шын мәнінде өте маңызды жиын, жаһандық білім мен ғылымның дамуы туралы аса құнды ой-пікірлер айтылатын, болжамдар жасалатын бірегей алаң. Осыған орай кешеден бері әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының басшылары және өкілдері Астанада бас қосып, пікір алмасып жатыр. Халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен сарапшылар елордамызда маңызды мәселелерді талқылауда. Бүгін де академиялық білім әлеміндегі беделді жоғары оқу орындарының жетекшілері терең мағыналы ойларын ортаға сал...
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.11.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.