Жаңалықтар

Сайлау – өзгерістер мен реформалардың бастауы болмақ

Қазіргі таңда кандидаттар еліміздің барлық өңірлерін аралап, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Шын мәнінде бұл шараның маңызы зор! Өйткені еліміздің болашағын айқындар, ел тұтқасын ұстап, мемлекетімізді одан әрі дамытатын тұлғаны тұтас қоғам бірге анықтаса, еліміздің әрбір азаматының белсенділігі көрінсе ғана еліміз алға дамиды. Бұл тек Президентті ғана таңдау емес, ел болашағы үшін жасалатын маңызды қадам. Сол себепті сайлауға қатысып, жауапкершілік таныту – әр азаматтың құқығы мен парызы. Сайлауда әрбір азамат өз шешімінің, өз дауысының маңыздылығын түсінсе бұл науқанның да маңызы арта түспек. Сайлау – өзгерістер мен реформалардың бастауы болмақ. Осы орайда атап өтер жайт, демократиялық мемлекеттің белгісі мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысу мүмкіндігі азаматтардың құқығы ретінде анықталады, бірақ міндетті емес. Сайлауға қатысу арқылы президентті ғана таңдап қоймаймыз, бұл біздің келіст...
Толығырақ... Оқылды: 709 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

Сайлау - 2022: Әркімнің өз дауысы маңызды!

Толығырақ... Оқылды: 734 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.11.2022

Мен сайлауға барамын!

Президенттік сайлауға мен міндетті түрде барамын. Осылайша мемлекетіміздің, оның ішінде ауданымыздың, дамуына өз үлесімді қосамын деп есептеймін. Ел болашағы үшін маңызы зор шараға қатысып, конституциялық құқыңды білдіру ел азаматы ретінде міндетім деп білемін. Менің ойымша, әрбір қазақстандық өз таңдауын жасауы тиіс. Мен 20 қарашада Қазақстанның болашағы үшін, біздің еліміздің табысты дамып, аса мықты дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін дауыс беремін. Дауыс беру құқына ие болғалы Президенттік сайлауға қатысып келемін және оған ешқашан өкінген емеспін. Өйткені, еліміздің бүгінгі дамуына, экономикалық ахуалына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қарап барлық кезде дұрыс таңдау жасағанымды мақтан тұтамын. Қараңызшы, бүгінде еліміз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. Ішкі жалпы өнім көлемі 20 есе өсіп, өткен жылы жан басына шаққанда 13 мың долларды құрады. Татулығы тұрақты, бірлігі бекем еліміз қолайлы инвестициялық ахуал бойынша ТМД-да көшбасшыға айналды. Құрылыс, өндіріс қар...
Толығырақ... Оқылды: 790 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.11.2022

САЙЛАУ-2022: КАНДИДАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТ

Толығырақ... Оқылды: 922 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.11.2022

5 айда ҚХР-дан елімізге 7523 тонна аяқ киім жеткізілген

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Баймолдинов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ЕАЭО елдеріндегі тауарлардың таңбалануы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 2019 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР № 230-VI Заңымен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарларды таңбалау туралы келісім ратификацияланды. Ол сұр айналымды барынша азайтып, ЕАЭО-дағы тауарлар айналымына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтынушылар сатып алынған тауарлардың заңды екеніне кепілдік алады. Тауарларды таңбалау ЕАЭО елдерінде өзара мойындатылып, таңбаланған қазақстандық өнімді Ресейге, Қырғыз еліне, Беларусь пен Арменияға экспорттауға мүмкіндік береді. Елімізде аяқ киімді цифрлық таңбалау алғашқылардың ірі боп енгізілді. Оған нарықтағы контрафактілік деңгей себеп болған. Ал, аяқ киімнің сандық таңбалануы контарафактіден тазартуға өз ықпалын тигізбек. Сонымен қатар қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік бермек. &...
Толығырақ... Оқылды: 10018 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.06.2022

Сервистік әкімдікте қоғамдық қабылдау

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен 15.04.2022 жылы Көксу аудандық Сервистік әкімдікте «Көксу ауданында мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындары туралы» Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі саласындағы мемлекеттік көрсететін қызметтер мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауда ауыл тұрғындары әлеуметтік сала және басқада жеке сұрақтарымен келген. Барлық сұрақтар бойынша тиісті жауаптар берілді.
Толығырақ... Оқылды: 12533 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2022

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БЮРОКРАТИЯНЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды. Президент «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Бюрократиядан арылтудың негізгі қағидаттары форма мәнінің басымдығын, бастапқы қалпы бойынша цифрландыруды, басқарушылық жауапкершілікті, үздіксіз жетілдіруді, регламенттеудің оңтайлылығын айқындайды. Жарлықта жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылған. Бұл шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттік аппаратта шешімдердің қабылдануын жылдамдатады, мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігін арттырады, құжат айналымы мен есеп берушілікті қысқартады. Атап айтқанда, жүктелген міндеттерді жылдам жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілерді өздерінің функцияларын заңнамалық деңгейде нақтылап жатпай-ақ қабылдауға құқық беріледі. Кешенді реинжиниринг негізінде норма шығару және бюджет үдерістерінің мерз...
Толығырақ... Оқылды: 12006 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2022

«Төрт игі істі көбейтіңдер»: Оразаның соңғы он күнінде не істеу керек

Бүгін биылғы Рамазан айының соңғы онкүндігі басталды. Қасиетті айдың осы бір бөлігін қалай өткізу керек? Қандай ізгі амалдар жасау қажет? Бұл сұрақтарға бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді. «Бұл он күн – өзіңе есеп беретін, болашағыңа жоспар құратын мүмкіндік. Өткен-кеткен қателіктер көз алдыңнан өткенде Алладан кешірім тілейсің, жоспарыңды Аллаға айтып, көмек сұрайсың. Былтырғы Рамазан мен биылғы Рамазанның қандай айырмашылығы болды? Алламен қарым-қатынаста, адамдармен қарым-қатынаста, мінез-құлықта қандай жетістіктерге жеттіңіз? Өзіңізге сауал қоятын уақыт келді. Рамазан айындағы соңғы он күн мұсылман қалағаны үшін емес, Алла ардақты еткені үшін ерекше. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазанның соңғы он күнінде құлшылықты көп ететін. Хазреті Айша (оған Алла разы болсын) былай деген: «Хазреті Пайғамбар Рамазанның соңғы он күні кіргенде түнді толығымен ғибадатқа арнайтын. Отбасы мүшелерін оятып, әйелдерден бөлек тұратын». Тирмиз...
Толығырақ... Оқылды: 4907 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.04.2022

Қадір түніне дайындық

Рамазан айында түндердің төресі болған, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын Қадір түні маусымның 11-нен 12-не қараған түні кіреді. Нақты бір күнді белгіленгенмен, Рамазан айының соңғы 10 күнінің тақ күндерінен де (5.7.9.) күткен абзал. «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің ішінен іздеңдер.»(Мүслим) «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің тақ түндерінен немесе Рамазанның соңғы түнінен іздеңдер. Сауабын ойлап Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның күнәлары кешіріледі.» (И. Ахмед) «Қадір түні Рамазанның 27-ші түні» (Әбу Дауд) Бұл – сауаптар еселеніп жазылатын ерекше, қасиетті түн. Алла Тағала «Қадір» сүресінде: «Расында Біз Құранды қадір түні түсірдік. Қадір кеші мың айдан қайырлы», – деп баяндаған. Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татиды. Ал, бұл түнді жіберіп алған кісі көп нәрседен мақұрым қалады дейді ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): &...
Толығырақ... Оқылды: 4874 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.04.2022

Мың айдан қайырлы

«Қош келдiң, йа, Рамазан» деп жылына бiр рет келетiн Рамазан айын барша мұсылман үмбетi асыға күтетiнi анық. Рамазан айы – жер бетiндегi Алланы бiр деп мойындаған, иманның шарттарына шүбәсiз сенген адамзат баласының сағынып күтетiн, бiзге екi дүниенiң бақытының кiлтiн ашатын қасиеттi Құран Кәрiм аяттары түсе бастаған сондай бiр мүбәрак ай. Бұл ай барша адамзат баласына өз рахметi мен қайталанбас күнге толы нығметiн алып келедi. Рамазан айының мәртебесi туралы Пайғамбарымыз былай деген: «Айлардың мырзасы – Рамазан, күндердiң мырзасы – Жұма, түндердiң мырзасы – Қадiр түнi». Сауабы сарқылмайтын қасиеттi айда мол сауаптан кенелуге мүмкiндiк бар. Бұл айдың қасиеттiлiгi сонда, күндiз немесе түнде оқылған Құранның әрбiр әрпi үшiн еселенген сауап бар. Бұл айда шайтандар кiсенделiп, тозақ есiктерi жабылып, жұмақ есiктерi ашылады. Нәпiл намаздар оқып, Аллаға құлшылық еткен жанның жүрегiне иман нұры құйылып, көз, құлақ перделерi ашылады. Рамазан айы...
Толығырақ... Оқылды: 4882 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.04.2022
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.