АУДАН ТЫНЫСЫ

Ұлттық банк 200 теңгелік тиын шығарады

Қазақстанның Ұлттық банкі 2020 жылы 200 теңгелік тиын шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Қаржы реттегіштің басты мақсаты — қолма-қол ақшаны сапалы ету. "Құны төмен банкноталар 1-1,5 жыл аралығында тозып кетеді. Құны жоғары банкноталар мен тиындардың жарамдылық мерзімі ұзаққа жетеді. Тиындардың қызмет мерзімі — 10-15 жыл", — дейді қолма-қол ақша айналысы департаментінің басшысы Жомарт Қажымұратов. Құны төмен банкноталардың қызмет мерзімін ұзарту үшін 200 теңгелік тиын шығару туралы шешім қабылданды. 200 теңгелік тиындар ақша айналымының 26 пайызын құрайды. Қағаз 200 теңгелер қолданыстан шықпайды. Қажымұратовтың сөзінше, қағаз түріндегі бұл ақша қолданыстан бірте-бірте тозып кетуіне байланысты шығып кетеді.
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.10.2019

Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды

Қазақстанның ауыл шарушылық министрі Сапархан Омаров елімізде нан бағасының қымбаттайтынын айтты. «Қазіргі уақытта нан өңірге байланысты 75-78 теңгеден сатылуда. Баға аздап көтеріліп, 80-82 теңгеге жетеді деп топшылаймын», - дейді Омаров. Өз сөзінде министр бұл бағаның аздаған деңгейде ғана қымбаттауы екенін атап өтті. Сонымен қатар министрлік нан бағасы күрт қымбаттамауы үшін, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен» тұрақтандыру қорларынан дәнді дақыл сатып алумен айналысып жатқанын айтты. «Сондай-ақ, әр облысытың әкімдігі тұрақтандыру қорларынан бидай мен ұн сатып алуда. Ішкі нарықтағы тұрақтылық үшін, жыл сайын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен» комбинаттар арасында 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатылуда. Биылғы жылы нан бағасы күрт қымбаттамауы үшін, ішкі нарықта150 мың тонна астық сатылды», - дейді ауыл шаруашылығы министрі.
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 14.10.2019

Зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдатпақ: Тоқаев халыққа алғаш рет жолдау жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайдыStan.kzақпарат агенттігі. Жолдаудың қандай тақырыптарға арналатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды. «2 қыркүйекке жоспарланған халыққа жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - деді президент. Естеріңізге сала кетсек, жолаушыны зорлаған Тальго жолсеріктерінің оқиғасы Қазақстан қоғамындарезонанс тудырған болатын. Себебі, оларды судья 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, жыл басынан бері Қазақстанда800 әйелдің зорланғаны белгілі болды. Мәжіліс депутаты Дания Еспаева да зорлық-зомбылықтыауыр қылмыс деп тануды сұрады.
Толығырақ... Оқылды: 450 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 12.08.2019

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімі 7% қымбаттады

2019 жылдың маусым айында ауыл шаруашылығы өнімі 7% қымбаттады. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады. Сонымен, ағымдағы жылғы маусымда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 7%, өсімдік шаруашылығы өнімі - 9,6% қымбаттады, ал мал шаруашылығы өнімі - 0,2% арзандады. Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда баға қарақұмыққа 3,3% төмендеді, ал бидайға 18,9%, арпаға - 8%, жүгеріге - 5,5%, сұлыға - 3,1%, күрішке - 1%, қара бидайға - 0,7% өсті. Қияр 13,5%, картоп - 5,8%, қызанақ - 1%, асханалық сәбіз - 0,6%, қырыққабат - 0,4% арзандады, ал асханалық қызылша 4,9%, басты пияз - 1,7% қымбаттады. Баға кептірілген бұршаққа 22,6%, күнбағыс тұқымына - 15,9% өсті, ал кептірілген жасымыққа 3,5% төмендеді. Баға жылқы етіне 4,3%, ірі қара мал етіне - 3,7%, қой және шошқа етіне - 2,2%-дан, құс етіне - 0,9% өсті. Тауық жұмыртқа 17%, бал - 3,8%, қойдың жүні - 2,7% арзандады, ал шикі сүт 1,2% қымбаттады.
Толығырақ... Оқылды: 398 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 30.07.2019

Жастар саябағы ашылды

Оңғаров Батыржан Нұрбекұлы 1959 жылғы 1 - мамырда Талдықорған облысына қарасты Киров ауданындағы Алғабас колхозында дүниеге келген. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында Батыржан аға жас та болса, бас бола білді. Ескелді, Балпық билер сынды таңдай тілді шешендер мен маңдайы жарық көсемдер ат суарған Көксу өңірінде кіндігі кесілген боздақ бала тасқа тамыр байлатар талабымен қаршадайынан жұрттың көзіне түсіп, аузына ерте іліккен еді. Кішілігі кісілігіне төр берген қарапайым қалыбы мен қара сөзден қаймақ айырып, көкейдегіні көмейден танитын ағамызды жер жәннаты Жетісудағы жасампаздықтың жалау ортасы жастар қауымының жетекшілігін өрлетті. Кербұлақ аудандық, содан соң Талдықорған облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшылығын абыроймен атқарды. Мәртебелі мінберлерден айтылған иірімге толы идеяларға, алтынкүрек ой ағынына жүрек үнін жалғаған, аңсары алысқа самғаған жас-желең топтың арасында жасындай жарқылдап жүріп, Көксу ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалып, кемеліне келер, к...
Толығырақ... Оқылды: 613 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.07.2019

Құрбан айтта демалыс жоқ: тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда қазақстандықтар тамыз айында он күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл діни мейрамның бірінші күні 11 тамыз, яғни жексенбіге түсіп тұр. Бірақ ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды. Ал 30 тамыз – Конституция күні. Осы жылы мемлекеттік мереке жұмаға тұспа-тұс келіп отыр. Тиісінше қазақстандықтар бұл күні жұмыс істемейді. Әрі қарай демалыс күндері түсіп тұрғандықтан, Конституция күнінде Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалады. Осылайша, сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда, тамыз айының он күні демалыс болып отыр. Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 17.07.2019

Қазақстанда жаңа білім бағдарламасы қабылданады

Жыл соңына дейін «2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама» бекітіледі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. «Осы жылдың соңына дейін «2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы» бекітіледі. Оның аясында үш кезеңдік мектеп мәселесі шешіледі», - деді ол. Премьер-министрдің хабарлауынша, елімізде 100-ден астам жекеменшік мектеп пен 3 мыңға жуық балабақша ашылады. «Барлығы 500 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде өздігінен қаржыландыру есебінен 100-ден астам жекеменшік мектеп ашылады. Бұдан бөлек мемлекеттік-жекешелік кәсіпкерлік механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақша ашылады», - деді Мамин. Айтуынша, 2021 жылға қарай еліміздегі мектеп, колледж және ЖОО-лар оқудың жаңа бағдарламасына толық көшеді. «Мұнымен бірге кішігірім мектептердің білімінің сапасына, ауыл және қала...
Толығырақ... Оқылды: 321 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 16.07.2019

16 шілдеден бастап жеке тұлғалардың салық берешегі кешіріледі

Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте салық рақымшылығы шарттары мен оның өткізілу реті туралы айтып берді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы 4 шілдеде қол қойған және ол 16 шілдеде күшіне енеді. Қанат Баеділов салық рақымшылығын жүргізу қағидалары бекітілетінін және жақын арада аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің назарына жеткізілетінін айтты. Вице-министрдің айтуынша, арнайы Жол картасы бекітілді, оның аясында мемлекеттік кірістер органдары салық рақымшылығын жүргізу тәртібі туралы халыққа кеңінен түсіндіреді, соның арқасында әрбір азамат осы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұлдарды алып тастау науқанын пайдалана алады. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,4 миллион жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 миллиард теңге болатын салық берешегі бар, оның ішінде негізгі борыш – 14,3 миллиард теңге, есептелген өсімпұлдар – 6,6 миллиард теңге. Салық берешегінің ең көп сомасы немесе 70%-і – көлік құрал...
Толығырақ... Оқылды: 279 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.07.2019

Тоқаев тағы бір мораторий жариялады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізді. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған. Мораторий мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында енгізіліп отыр. "2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін", - делінген құжатта. Оған мыналар қосылмайды: қызметін әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын заңды тұлғалар; жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғалар; жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу және одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі болатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер); Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмас...
Толығырақ... Оқылды: 298 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.07.2019

Аз қамтылғандардың несиесі қыркүйекке дейін өтелуі мүмкін

Қазақстан үкіметі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың борышын төлеуге мемлекеттен бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі туралы құжат жобасын қоғамдық талқылауғаұсынды.30 маусымда электрондық үкімет порталында жарияланған құжат 15 шілдеге дейін талқыланады, — деп жазады azattyq. Оған сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін көмекке мұқтаж адамдардың тізімін жинап, оны «мемлекеттік кредиттік бюроға» жібереді. Кредиттік бюро бұл тізімді 20 шілдеге дейін екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына жолдайды. Олар 25 шілдеге дейін негізгі борыш, сыйақы және жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері бойынша берешекті көрсете отырып, әрбір қарыз немесе микрокредит бойынша бөле отырып кредиттік бюроға жолдайды. Кредиттік бюро төлемге арналған тізімді әзірлейді. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы 9 тамызға дейін екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар б...
Толығырақ... Оқылды: 349 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.