ИМАНАШАР

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННАН КӨРІ, ҰЯДАН ҰШАТЫН ҚЫЗҒА КӨҢІЛ БӨЛУ КЕРЕК!

Халқымызда «Ауруын жасырған өледі» дейді. Көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дегенмен, біз қаламасақ та, қазіргі қазақ қоғамындағы қыз тәрбиесіне бей-жай қарау осылай жалғаса беретін болса, бір ұлттың жер бетінен жойылып кету қасіретіне әкеліп соқпасына кім кепіл? Кешегі қазақ қызының сыр сипатына, бүгінгі қазақ қызының болмысы неге сәйкес келмейді? Салыстырып, олқы тұстарын көрсетіп бердік. Ары қарай тәрбие тізгіні өзіңізде. КЕШЕ МЕН БҮГІН КЕШЕ: Атадан қалған ұлағатты тәлімді сақтай отырып, ұлттың ұятына көлденең келер іс жасамаған. БҮГІН: (Бәрі емес әрине) Ұятын ойлайтын қыздар саны сиреген. Тыңдалмай жатқан жетім сөз көп. «Заман осындай» деген желеумен Батыстық менталитетке ден қойған. КЕШЕ: Жасы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, ата-анасының ақылын аяқасты етпеген. БҮГІН: (Бәрі емес әрине) Алдына келіп ақыл айтпақ түгілі, үлкені мен кішісі, тіпті үйіндегі ата-анасы істің дұрысын айта бастаса «Өзім білемін, өзімнің де басым бар», -...
Толығырақ... Оқылды: 456 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 28.05.2019

«ФАТИХА» СҮРЕСІ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

Бүкіл әлемнің Жаратушысы Алланың сөзі, жүрегіміздің көктемі, ұлы қорғанымыз қасиетті Құранда адам баласы үшін шипа бар. Бұл туралы Алла Тағала «Исра» сүресінің 82-аятында: «Құраннан мүміндерге шипа және мейірім түсіреміз», - десе, «Йунус» сүресінің 57-аятында: «Ей, адамдар! Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан насихат, көкіректегі нәрселерге шипа және имандылар үшін жолбасшы әрі мейірім Құран келді», - дейді. Қасиетті Құранның барлық аяттарында шипа бар. Дегенмен, хадистерде белгілі бір сүрелердің ерекше қасиеттері туралы баяндалады. Соның бірі – «Кітаптың анасы» болған «Фатиха» сүресі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, ол – барлық дертке дауа», - деген. (Байһақи) Сонымен, үнемі қайталап оқып жүрген ең қайырлы сүре туралы не білеміз? «Фатиха» – бес уақыт намазда үнемі оқылатын, әрі ең жиі қайтала...
Толығырақ... Оқылды: 2125 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 28.05.2019

АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ТОҒЫЗ ӘДЕП

Барша мұсылман қауымы үшін ең қасиетті, ең қуанышты мерекелердің бірі Құрбан айт та келіп жетті. "Айттау", "айтшылау" ұғымы қазаққа бұрыннан таныс. Алайда, жылына бір-ақ рет келетін мерейлі мерекені лайықты деңгейде атап өту үшін не істеуіміз керек? Төменде ертеңгі айт күніне орай бірнеше кеңестерді ұсынып отырмыз: 1. Қуаныш пен шаттық таныту Айт мерекесінің алғы шарттарының бірі – қуаныш пен шаттық таныту. «Ақиқатында, айт (мереке) күндерінде қуаныш пен шаттық таныту – діннің рәсімдерінен!» (“Фатх әл-Бәри” 2/514.). 2. Ғұсыл алу Айт мерекесінің тағы бір шарттарының бірі – толықтай тазаланып, ғұсыл алу. Бұл туралы Зазан былай деп баяндайтын: «Бірде (бір кісі) Әли ибн Әбу Талибтен (оған Алла разы болсын) ғұсыл туралы сұрады, әрі ‘Әли: «Қаласаң, күнде шомыл», – деп жауап берді. Әлгі кісі: «Жоқ, мен шынайы ғұсыл туралы сұрап тұрмын!», – деді. Сонда Әли: &laqu...
Толығырақ... Оқылды: 439 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 28.05.2019

ЕНЖАРЛЫҚТЫҢ ЕМІ

Ертеде бір ханның жар дегенде жалғыз баласы болыпты. Хан баласы туғаннан не ішем, не кием демегенмен сондай бір еңсесін басқан көңілсіздік пен өмірге деген енжарлықтан арыла алмаса керек. Баласының қашан болсын салғырттығы мен бойкүйездігін байқаған әкесі елдегі ең данышпан деген кісіні шақыртып, оған баласын бұндай босаңдықтан арылтуды қатаң тапсырыпты. Баланы қайтсем жөнге келтірем деп шақшадай басы шарадай болып шарасыз күйге түскен данышпан қанша шарласа да бұған ешқандай дауа таба алмаса керек. Ең соңында тым болмаса, өз басын аман алып қалу үшін алыс елге қашып кетуді ұйғарыпты. Дорбасын арқалап ел сыртындағы бір қырға жеткенде, қой жайып жүрген бір балаға кездесіпті. Бала әлгі данышпанға: – Бүгін өзіммен бірге тамақ алуды ұмытып кетіппін. Мен ауылға түсіп қайтқанша сіз малдарыма қарап беріңізші? – деп жатып кеп өтініпті. Бала өтінішін жерге тастай алмаған данышпан келісіп, өрістегі малдарға қарап қалыпты. Бала кете сала-ақ мал ішінде ойнақтап жүрген бір лақ байқау...
Толығырақ... Оқылды: 387 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 27.05.2019

МӨҢКЕ БИДІҢ КӨРГЕН ТҮСІ КЕЛДІ

Баяғыда Мөңке би түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ болады. -Бір жолы бәйгеге 40 ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді. 30 ат қостым біреуі де келмеді. 5 ат қостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана қарақшыға аман жетті. Аман жеткені сол, келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенімде, қасқыр шықты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда,қоян шықты. Осыны жорып берші, – дейді Мөңке би. Сырым түс жорудың жолын Мөңкенің ұзатылып кеткен қызына беруді ұйғарады. Бірақ, ол би үш рет шақыру жібергеннен кейін әрең келеді. Қыз түстің жайын білген соң Сырымға: – Түсті жездеңе жорытпа, жиеніңе жорытпа, әйелге жорытпа деген сөз бар еді… Сонда да айтайын, – дейді. – Түс адал түс, қияли түс, шайтан түс деп үшке бөлінеді. Мұны қай түске жатқызарымды білмеймін, бірақ оның шешуі мынадай: “40 ат дегеніміз – мұсылманның 40 парызы орындалмай қалатын заман болады екен; 30 аттың бәйгеден келмей қалатыны &nd...
Толығырақ... Оқылды: 625 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 27.05.2019

ОРАЗАДА ПАЙДАЛЫ АС

Бүгінгі сөз еткелі отырған жемістің әр елдегі атауы әртүрлі. Көбенесе оны Інжір деп атайды, дегенмен кейбір әдебиеттерде смирндік жеміс, карийлік фикус, тұт жемісі, т.б. деп те атайды. Інжір жемісі жайлы Құрандағы «Тин» сүресінде айтылған: «Інжірге және зәйтүнге серт! Сондай-ақ осынау тыныш, бейбіт шаһарға серт!» Інжірдің өзі ғалымдардың көзқарасы бойынша Оңтүстік Африкадан шыққан, ең алғаш жабайы түрі табылған, кейінірек оны жергілікті халық дәмді әрі көп жеміс беретін мәдени өсімдікке айналдырып алған. Археологтар болса, інжірді жер бетіндегі ең алғашқы өсімдік деп болжайды. Араб елінен інжірді Шам, Мысыр елдеріне, ежелгі Грецияға, ол жерден Византияға жеткізіп, ол аймақтан Ресей жеріне жетіп, «күнәлі жеміс» деген атауға ие болған. Інжірді әсіресе, қазіргі маусымда өте сирек кездестіреміз әрі оның бағасы да қымбат болғандықтан оны кептірілген інжірмен алмастыруға болады. Кепкен інжір өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды, тек шырыны...
Толығырақ... Оқылды: 362 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 27.05.2019

Тоқтар Серіков: «Алладан кейін уақыттың құлымыз…»

«Өмірде өзіме қойған 3 ережем бар. Біріншісі, ағайын-туыспен қарым-қатынасты үзбеу. Екіншісі, достарыммен байланысымның берік болуы. Үшіншісі, отбасыма уақыт бөлу» — дейді белгілі әнші Тоқтар Серіков. «Шыны керек, адам болғаннан кейін, біз, алдымен Алланың, содан кейін уақыттың құлымыз. Не істесек те, уақытымыздың ыңғайына жығыламыз. Бір таң қалатыным, жиырма бес жасыма дейін «Ит құйрығын бұлғаса, еріп кетем…» деп Мұқағали атамыз айтқандай, біреу қолын бұлғаса болды еріп кете беретінмін. Жастық шақтағы энергияның тасып, уақыттың жеткілікті болғаны шығар, шақырған адамның жат не туыс, дос не қас екеніне қарамастан жүгіре жөнелетінмін. Ал қазір көбіне уақытымды үйде өткізгенді қалаймын. Ағайын-туыстарыма да алғысым шексіз, той-томалақ бола қалса уақытын менің бос кезіме ыңғайлап қояды. Өлшеніп қойған өмір болғандықтан соңымда ізгіліктің қалғаны дұрыс деп ойлаймын. Бүгін сіздермен әңгіме айтып отырсам, ертеңгі күні бармын ба, жоқпын ба, Оны те...
Толығырақ... Оқылды: 374 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019

АҒАЙЫН ҚАДІРІН БІЛМЕСЕҢ...

Адам пенде болған соң, өкпелемей тұра алмасы анық. Бұл жағдай әсіресе, ағайын-туыстың арасында жие болады. Той-думанын жасап, жоқ-жетімін атқарып жатқан шаңыраққа шет-шеттен, алыс-жақыннан ағайын-туыс келеді. Бірі күліп жатса, екіншісі өкпелеп отырады. Алайда, кекті айтпағанда өкпелеудің де шегі мен орны бар екен. Шариғат мұны да айтып көрсетеді. Исламда туыспен қатынасты үзу былай тұрсын, шариғат жай екі мұсылманның бір-бірімен қатынасын үзбеуге шақырады. Әбу Аюб (р.а.) жеткізген хадисте пайғамбар (с.ғ.с.): «Мұсылман өз бауырымен кездескенде бірі-бірінен теріс бұрылып арақатынасын үзуі үш күннен аспауы артуына рұқсат етілмейді. Ал бұл екеуінің жақсысы – (екіншісіне) бұрын сәлем бергені» (Бұхари, Мүслим). Ал енді Әбу Дәуіттің «Сунан» атты кітабында Әбу Харраш әс-Суләми (р.а.) келтірген хадисте пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген: «Кім туысымен алты күн қатыспаса, оның қанын төккенмен тең». Имам Ахмад бұл хадиске мынадай түсініктеме берген екен: &laq...
Толығырақ... Оқылды: 429 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019

Рамазанда шайтан кісенделсе, адамдар неге күнә жасайды?

Күндердің күнінде шәкірт ұстазынан сұрапты: — Ұстаз, егер Рамазан айында шайтандар кісенделетіні рас болса, онда неге адамдар арасында күнә жасау әрекеті толастамайды? Сонда ұстазы байсалдылықпен: — Расында адам баласы өзі істеген көптеген қателіктерін, күнәлі істерін шайтанға жауып жібере салғысы келеді. Рамазанда шайтандардың кісенделуіндегі бір хикмет ол Аллаһ Тағала адамдарға барлық мәселе шайтанда еместігін көрсету болып табылады. Көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Бұл қасиетті айда шайтандар кісенделіп адамның шынайы бейнесі ашылады. Жындардың арасында шайтаны бар секілді адамдардың да арасында шайтандары, яғни, күнә жасауға бейімділері болады. Сондықтан егер әркім өзінің шынайы бейнесін білгісі келсе, Рамазан айында оған мүмкіндік туады. Себебі, ол уақытта жасалған күнәлар шайтаннан емес, адамның өзіндік жан-дүниесінен шығады, — деп жауап берген екен.
Толығырақ... Оқылды: 489 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019

КЕШІРІМ СҰРАЙ БІЛУ

Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген қүмырсқа ашуланып: “Әй, Алланың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер мен көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік иесі Алла Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?” - дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, қүмырсқадан кешірім сұрайды. Сонда құмырсқа: “Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін”,- дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған:“Бірішіден, бірдеңе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Алланың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Алланың кеңшілігінен қалайша тыясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған...
Толығырақ... Оқылды: 400 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.