ӘЛЕУМЕТ

9 қазанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы Алик Шпекбаевтың Алматы облысына жұмыс сапары аясында қоғаммен, блогерлермен, бизнес-қоғамдастықпен және БАҚ өкілдерімен ашық д

Іс-шара Президенттің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде азаматтық қоғаммен сындарлы диалог құру мақсатында өткізілді. Алик Шпекбаев бүгінде қоғамның белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты азайту, жою мүмкін емес екенін атап өтті, сондықтан бүгінде әрбір азамат, әрбір қоғам қайраткері, оның ішінде блогерлер мен журналистер парасаттылық идеологиясын ілгерілетуде және жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда ерекше рөл атқарады. Кездесу барысында Агенттік Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мен Агенттіктің 2020 жылдың 9 айындағы қызметінің негізгі нәтижелерімен таныстырды. Атап айтқанда, Алик Жатқамбайұлы қатысушыларға Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үш пакетін жеткізді, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған трансформациялық процестермен, бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі алдын алу жұмысының нәтижелерімен, сондай-ақ парасаттылық ид...
Толығырақ... Оқылды: 317 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2020

Алматы облысында 147 отбасы қоныс тойын тойлады Жетісудың бас шаһары, Талдықорған қаласының төл мерекесі, қала күні аталып өтілді. Жылдағыдай дүйім жұртпен бірге дүбірлетіп өтпесе де тұрғындар үшін ерекше күнде игі істердің томағасы сыпырылды.

Облыс әкімінің орынбасары Рустам Али мен қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов алғаш болып жаңадан бой көтерген «Береке» тұрғын үй алабына барды. Онда 71 отбасына үйдің кілтін табыс етті. Талай жылдан бері үй кезегінде тұрған жандар осылайша құтты шаңырақтың иесі атанды. Көптен күткен қуаныш әлеуметтік аз қамтылған топтардың өкілдеріне, аз қамтылған отбасылар мен көп балалы және жалғыз басты аналарға бұйырды. Қоныс тойын тойлаушылардың қатарында 73 жасқа толған кейуана Әлекеева Рабиға да бар. Қария үшін бүгін қос қуаныш қатар келді. Өйткені Рабиға апа кезекті мүшеліне аяқ басып отыр. 11 баланы тәрбиелеп өсірген алтын құрасақты ана, 40 шақты немере, 10 шақты шөберенің асыл әжесі. Бір уәлеттің қара нарына айналған жанның мемлекет билігіне айтар алғысы шексіз. «Жылдар бойғы арманымыз орындалды. Халықтың жағдайын жасап жатқан ел билігіне рақмет. Облыс әкімі Амандық Баталовқа аналық алғысымды білдіремін. Біз сияқты самайына ақ түскен қариясын құрметтеген елімнен айналд...
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2020

Қашықтықтан оқыту – білім алудың заманауи жолы

Бүгінгі күнде сапалы білім алудың алға қарай даму мүмкіндігі жоғары әдістерінің бірі – заманауи коммуникациялық технологияларды, атап айтқанда, ғаламтор желісі қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қолдана отырып, қашықтықтан оқыту. Бүкіл әлемді жаулаған пандемия кезінде қазақстандық білім жүйесі де мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға ауысты. Орта білім беру жүйесіндегі ең алғашқы тәжірибе болғандықтан, бастапқыда біршама қиындықтар туындады. Оқушылармен тікелей байланыс орнату, цифрлық сауаттылықты тиімді пайдаланбау, бұл аталған қиындықтардың шешу жолдарын Білім және ғылым министрлігі «Қашықтықтан оқыту кезіндегі әдістемелік ұсынымда» нақты ашып көрсетті. Атап айтқанда, қашықтықтан өткізілетін сабақтың құрылымы, оқушыларға берілетін оқу тапсырмаларының көлемі, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тоқсан сайын жүргізілетін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау мөлшері туралы анық айтылды. Мектеп ұстаздарымен қашықтықтан білім алуға байланысты бірнеше вебинарлар өткізіліп, түсін...
Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2020

Алматы облысында 31 адамның ата-аналық құқықтарына шектеу қойылған

Кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылықтың барын жасыру мүмкін емес. Алматы облысы бойынша биылғы жылы 429 мың 141 оқушы білім алса, соның ішінде құқық бұзушылыққа бейім 354 кәмелетке толмаған балалардың бары анықталған. Қазіргі кезде ювеналдық полиция инспекторларымен аталған тұлғалар бақылауға алынып, әрқайсысымен жеке алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта 182 мектеп инспекторы 760 орта білім беру мекемесімен бірлесе қызмет атқаруда. Сондай-ақ 596 «Полицияның жас көмекшілері» жасақтары құрылған. Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлде қайда төмен дейді жауаптылар. Дегенмен, сандарды сөйлетсек қауіптің беті сейілмегенін аңғаруға болады. Ағымдағы жылы 9 айдың ішінде кәмелетке толмағандармен жасалынған 110 қылмыстық әрекеттер тіркелген. Полиция подполковнигі, ювеналды полиция бөлімінің бастығы Медет Құнанбаевтың айтуы бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 66 жасөспірім жеткізілген. Аз көрсеткіш емес екені анық. Қайтпек...
Толығырақ... Оқылды: 320 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2020

Жаңа НҚА-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін үздік сарапшылар тартылатын болады Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінсіз жаңа заңнама

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылға неғұрлым ауқымды тартудың катализаторы ретінде НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер енгізілді. Конкурстық рәсімдер нәтижесінде осы жұмысты үйлестіруге ағымдағы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жауапты болып белгіленді. Университеттің басты міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институты тиімділігінің негізі ретінде сарапшыларды сапалы іріктеу болып табылады. Сондықтан да сараптамалық қоғамдастық өкілдерін кеңінен тарту және сарапшыларды іріктеудің барлық кезеңдерінің ашықтығын қамтамасыз ету стратегиялық тұрғыдан маңызды болуда. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 8 қазанда Агенттік алаңында өткен брифинг барысында НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы төрт кезеңнен тұратын ғылыми сараптама жүргізу үшін, сарапшыларды конкурстық іріктеудің басталғаны туралы ж...
Толығырақ... Оқылды: 346 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2020

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БҮКІЛ ӘЛЕМДЕГІ ОТАНДАС ҒАЛЫМДАРЫМЫЗДЫҢ БАСЫН БІРІКТІРДІ

Алик Шпекбаевтің төрағалығымен Білім және ғылым Вице-министрі Мирас Дәуленовтің, Академиялық адалдық лигасы, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Ғылыми сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Тәуелсіз сараптама органы ұлттық деңгейдегі қолданбалы проблемаларды шешу үшін ғылымды тарту келешектегі міндеттердің бірі болып белгіленген Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру тұрғысында құрылды. Кеңес жұмысының негізгі бағыттары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді талдау, бейімдеу және енгізу мақсатында проактивті ғылыми-кәсіби қоғамдастықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды кешенді ғылыми-сараптамалық бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жобалық ұсыныстарды әзірлеу. Агенттіктің жаңа консультативтік-кеңесші алаңы Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD қауымдастығының және әлемні...
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2020

ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА СЕРВИСТІК ӘКІМШІЛІК АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Алматы облысы әкімінің қолдауымен әр ауданда сервистік әкімшілік ашылуда. Осы орайда халыққа тиімді, әрі жылдам қызмет көрсететін әкімшілік Ескелді ауданының орталығында ашылды. Кез кезген қызмет түрін тез арада жүзеге асыратын сервистік әкімшілікте 5 бөлім халық сұранысын жүзеге асырады. Бұл орталықта 7 маман халыққа 38 қызмет түрін көрсетеді. Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев арнайы келді. Ол өз сөзінде мұндай әкімшіліктер Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетінін айтып өтті. Алматы облысында осындай 13 Сервистік әкімшіліктер ашылған болатын, осы жылдың соңына дейін қалған 7 ашылуы жоспарлануда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынш...
Толығырақ... Оқылды: 381 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2020

Алматы облысында 1205 оқушы тәлім алатын мектеп жөндеуден өтуде

Алматы облысында ірге тасы 1964 жылы салынған мектеп жөндеуден өтілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде білім нысанының екінші тынысы ашылмақ. Қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы өз көзімен көріп қайтты. Аталған мектеп Өтенай ауылында орналасқан. Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесін жаңартуға 805,9 млн. теңге қаржы бөлінген. Бас мердігер - «Құрылысшы-ТБС» ЖШС. Ғимараттың жалпы ауданы 6392,2 шаршы метр. Жобалау сиымдылығы 900 орынға арналған білім ордасының жөндеу жұмыстарына 88 адам тартылған. Оның 44-і жұмыспен қамту орталығы арқылы келген. Мекеме 2 қабаттан, 3 блоктан тұрады. Ғимарат ішінде 36-оқу кабинеті, 2-спорт зал, 2-мәжіліс залы, медициналық, стоматологиялық кабинет, 60 орындық асхана , кітапхана және 50 орындық шағын орталық бар. Сонымен қатар, мектепте заманауи зертхана орналасқан. Жұмыс барысын бағамдаған Амандық Бата...
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты құттықтауы

Құрметті ауыл еңбеккерлері! Баршаңызды астық жинау науқанының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Биылғы егін егу науқаны коронавирус пандемиясы салдарынан елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қиын жағдайда жүргізілді. Негізгі астық өсіретін облыстарда жаз маусымы жауын-шашынсыз, құрғақ болды. Күрделі жағдайда жұмыс істеуге тура келді. Соған қарамастан, еліміздің егіншілері ұйымшылдық танытып, ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді уақытылы аяқтады. Нәтижесінде қамбаларымыз астыққа толды. Бүгінде ел өңірлерінде 20 миллион тонна көлемінде астық жиналды. Бұл еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ, экспорттық әлеуетімізді арттырып, Қазақстанның астық державасы мәртебесін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталып, қоймаларға екі есе көп астық жиналды. Биылғы жиналған астықтың сапасы жоғары және барлық талаптарға сай келеді. Құрметті диқандар, сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, агротехнологияны қатаң сақтағандары...
Толығырақ... Оқылды: 292 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Мұқаншы ауылдық округіндегі Қазақстанның 50 жылдығы ауылында шағын спорт алаңы салынды

Қазақстанның 50 жылдығы ауылындағы Жапсарбаев көшесінде шағын спорт алаңының құрылысы аяқталды. Құрылысқа округтен 8 адам жұмысқа тартылды. Жалпы ауданы 1362 шаршы метр құрайды, ұзындығы 196 метр, биіктігі 4 метр құрайтын сеткамен қоршалған. Алаң 3 бөлікке бөлінген: біріншісі – шағын футбол алаңы, екіншісі – воллейбол мен баскетбол алаңдары, үшіншісі – жаттығу мен ойын алаңдары. Алаңның сыртында көлік тұрағы, тротуар, орындықтар мен урналар орнатылып, ағаштар отырғызылған. Балаларға кешкі уақытта ойнауға жағдай жасалған жарық шамдары орнатылған.
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.