ӘЛЕУМЕТ

Жетіжал ауылында Кәкенов көшесінде суағар жүйесі орнатылды

Жетіжал ауылындағы Кәкенов көшесінде, «Күншуақ» бала бақшасы мен Жетіжал орта мектебінің алдына суағар жүйесі орнатылды. Темірбетонды лотоктардың жалпы ұзындығы 180 метрді құрайды. Лотоктар металл торлармен жабылған. Суағар жүйесі ғимараттарды көшедегі нөсердің, еріген қардың суларынан қорғайды.
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Көксу бекетінде балалар ойын алаңқайы ашылды

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Көксу бекетіндегі Байтулаков көшесінде ауданы 225 шаршы метр құрайтын балалар ойын алаңқайы салынып, ашылды. Құрылысқа округтен 3 адам жұмысқа тартылды. Алаңқайда балалар сүйіп ойнайтын ойын комплексі, әткеншек, балансир, құммен ойнайтын орын, карусель орнатылған.
Толығырақ... Оқылды: 407 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Мұқаншы ауылдық округінің көшелері жөнделді

Мұқаншы ауылдық округіндегі Қожабергенов, 8 март, Байсеитов, Қазақстан, Чалабаев, Мұқанов, Рысқұлов, Жамбыл Жабаев, Исабаев, Алдабергенов, Желтоқсан көшелеріне жалпы ұзындығы 5500 м құрайтын ағымды жөндеу жүргізілді. Құрылысқа округтен 5 адам жұмысқа тартылды. Келесі жылы осы жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.
Толығырақ... Оқылды: 292 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Алик Шпекбаев пен Алексей Цой денсаулық сақтау жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесті аша отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство жүргізіп жатқан жұмысты таныстырып, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шараларды атап өтті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мәселелерінде сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді. «Пандемия бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің беріктігіне сынақ болды және біздің жоспарларымызға айтарлықтай түзетулер енгізді. Ол жылдар бойы қордаланған мәселелердің бетін ашып, біздің жұмысымыздың кейбір тұстарының жетілмегендігін көрсетті. Сондай-ақ, олардың ішіндегі жемқорлық сипаттағы құрамдас бөліктерін айқындап берді», - деді ол. Денсаулық сақтауды дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде м...
Толығырақ... Оқылды: 259 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Алматы облысында өрт оқиғасы 20,7%-ға төмендеді

Ағымдағы жылы Алматы облысында 799 өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 64 млн. 236 мың теңге материалдық залал келтірілген. Дейтұрғанмен, қызыл отқа орану жағдайы өткен жылдан қарағанда 20,7% -ға азайған. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Биылғы жылы тұрғын үй секторында 526 өрт оқиғасы тіркелген. Ал, қатты отынды пайдалану кезінде тағы да өрт шығып, ұзын-саны 126 жағдай анықталған. Жылыту маусымы кезінде оқыс оқиғалардың тіркелуінің басты себебі, азаматтардың жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбауы, сақтық шараларына немқұрайлы қарауы болып табылады дейді мамандар. Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін облыс аумағында тұрғын үй секторында қазіргі уақытта мүдделі органдармен бірлесіп профилактикалық шаралар өткізілуде. Аталмыш жұмыстар 15 тамыздан бастау алған. Қоғамның осал топтарын құрайтын азаматтарға тиесілі 3315 үйге бақылау жүргізілген. Жұмыс барысында 3 800-ден астам бұзушылық анықталы...
Толығырақ... Оқылды: 330 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.10.2020

ЖК тіркеу бойынша жаңа сервис іске қосылды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Kaspi.kz ЖК тіркеу бойынша жаңа сервис іске қосылды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және Kaspi.kz қазақстандықтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді онлайн түрінде тез және оңай алуға көмектесетін жаңа сервистер бірлесіп әзірленуде. ЖК тіркеу үшін енді осы қызметті Kaspi.kz қосымшадан таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭЦҚ көмегімен қол қою жеткілікті. Осындай алғашқы жоба Kaspi.kz мобильді қосымшада ЖК тіркеу сервисі болып табылады. Сервис құжаттарды қашықтықтан тексеруге, кәсіпкерді сәйкестендіруге, тіркеуді растауға арналған бірқатар заманауи техникалық шешімдерді қамтиды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Бизнес арқылы мемлекеттік қызмет көрсету идеясы Министрлік командасына тиесілі. Одан кейін «ҰАТ» АҚ мен Kaspi...
Толығырақ... Оқылды: 269 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.10.2020

Ұйғыр ауаданында 19 тұрғын үй апатты деп танылған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен, басталған «QYZMET LIVE» жобасы аясында Ұйғыр ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Серикы Дунгешовпен онлайн баспасөз-мәслихаты өткізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media». Ұйғыр аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жыл басынан бері азаматтардан 22 өтініш тіркеліп, бөлім тарапынан барлығы 198 тұрғын үй мен 10 өндірістік орындарға қабылдау актісі тіркелген. 19 апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлерге бұзу актілері беріліп, мемлекеттік қызметтер регламенті бойынша 262 сәулеттік-жобалау тапсырмасы қарастырылған. «Мекен-жай тіркелімі бағдарламасына тіркету үшін аудандық халыққа қызмет көрсету мекемесі арқылы жаңадан алған жер телімін және жаңадан салған үйін тіркетіп анықтама алу үшін 40 өтініш келіп түсіп толығымен қанағаттандырылып бағдарламаға енгізілді»,-дейді Серик Оқасұлы
Толығырақ... Оқылды: 296 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.10.2020

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз. Ондай болса:
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020

Адалдық пен адамдық қоғам айнасы

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес құрылған Текелі қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының "Адалдық пен адамдық" тақырыбында кезекті тікелей эфирі өтті , деп хабарлайды «Jetisy Media». Сәрсенбілік сұхбатта Текелі қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының төрағасы Сері Болысбайұлы онлайн эфир арқылы жастармен тілдесіп, жемқорлықсыз қоғам құру, адалдық пен адамдық ұстанымдары жайлы ой тарқатты. Жиынға қатысқан жастар тарапынан да тақырып шеңберінде көкейтесті сұрақтар қойылып, жас буын өкілдері ойларын ортаға салды. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық...
Толығырақ... Оқылды: 302 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020

Текелі қаласында 202 нысанға арнайы рейд жүргізілді

Текелі қаласы әкімдігінің жанындағы «Тіл және ономастика» жұмысшы тобымен қаладағы халыққа қызмет көрсететін орындардағы яғни 8 дәмхана, 123 дүкен, 7 шаштараз, 6 дәріхана, 58 мекеме, кәсіпорындарға жалпы саны 202 нысандағы көрнекі ақпарат тілдерін зерделеу үшін 6 рейд жүргізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media» . Қалада ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен диагностикалық тестілеу өтті. Аталған шараға 50 қызметкер қатысқан. Сонымен қатар, «Ұлт тарихындағы маңызды бетбұрыс», «Қанекей, жаңа әліпбиді үйренейік» тақырыптарында дөңгелек үстел, «Ел ертеңі үшін қажетті қадам» тақырыбында тапқырлар сайысы, «Латын қарпіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты жастармен кездесу, «Жырдың сұлу шебері» тақырыбында латын қарпінде эссе жазу байқауы, «Латын қарпі: бі...
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.