ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында тағы бір ПТР зертхана ашылады

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұқпалы індет белгісін анықтайтын арнайы орталық іске қосылмақшы. ПТР зертхана Есік қаласынан, ауданаралық көпсалалы аурухана жанынан ашылады. Жалпы, ПТР зертханасы, нақтырақ айтқанда полимерлі тізбекті реакция талдауы адам бойында коронавирус инфекциясының белгісі бар-жоғын жылдам әрі нақты анықтайтын әдіс екен. Яғни, зертхана жұмысы молекулярлы биология тәсілімен жүріп, ферменттердің көмегімен жұқпалы індеттің ізін ерте тауып, емдеуге мүмкіндік береді. Ал Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының Еңбекшіқазақ ауданын таңдап, ПТР зертханасын ашуға қолдау көрсетіуінің өзіндік себебі бар екен. Әуелі, Есіктегі клиника аймақтағы ең ірі медициналық мекеме қатарында. Бұл аймақтағы адамдарға қызмет көрсетудің ауқымын арттыруға мейлінше мүмкіндік бермек. Және қазірге дейін аудандық аурухана дәрігерлері жұқпалы індет жұқтырған науқастарды қабылдап, ем-дом жасаумен айналысып жатыр әрі бұл қызметі сапалы көрсетуде. Екіншіден, аудандық...
Толығырақ... Оқылды: 190 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2020

Қашықтан оқыту: Департамент белсенді жұмыс жүргізуде

Наурыз айы биылғы жылы біздің елімізге елеулі өзгерістер алып келгені хақ. Қазақстан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тарихтың өзі кепіл болған бірліктің аясында барлық саланы жұмыла көтеруге атсалысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім саласында бірқатар трансформациялық әдістерді қолданып, жедел шешім қабылдау әрекеттерімен қатар табандылық таныта алды. Баяндаудың бағыты - еліміздегі кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің пандемия кезіндегі ахуалы. Коронавирустық инфекция пандемиясы әлем деңгейіндегі білім жүйесіне әсерін тигізді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен көктемнің алғашқы айының 16 күнінен бастап кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері қашықтық оқыту жүйесіне көшті. Аталмыш білім беру мекемелерінің әкімшілігі мен педагогтері қашықтық оқытудың өзекті мәселелерін және оңтайлы тұстарын қатар сезінді. Алматы облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері ағым...
Толығырақ... Оқылды: 271 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2020

ӘМСҚ кімдер ПТР-тестерді тегін өтетіндігін айтты

Бұл мақсатта бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды. КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. «Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық – диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға бағытталады. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі». Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын болады. Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасалды. ӘМСҚ-ның сәуірде осы мақсатта медициналық ұйымдарға алғашқы транш жібергенін айтып өтеміз. Қорда азаматтардың қай санаттары тегін тест тапсыра алатындығы айтылды: - COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар; - ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар; - КВИ...
Толығырақ... Оқылды: 231 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2020

Алматы облысының кейбір аудандарында карантин режимі күшейтілді

Эпидемиологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты Кеген, Талғар аудандарында, сондай-ақ Талдықорған қаласында карантин режимі күшейтілді. Бұл туралы "Jetisy media" ақпараттық алаңында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ хабарлады. Оның айтуынша, індет жұқтырудың жаңа жағдайларының тіркелуі осы өңірлерде анықталған. Осыған сәйкес, сақтық шаралары қайтадан күшейтіліп отыр. "Бүгінгі таңда Алматы облысында коронавирус ауруымен ауырғандар саны 212-ге жетті. Оның ішінде 73 пациент стационарлық емделуде. Науқастармен 2254 адам байланыста болғаны анықталды, олардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция бойынша белсенді 3 ошағы бар. Бұл Талғар, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласы. Демек, карантиндік шаралар күшейтіледі", – деп атап өтті Бауыржан Ысқақ. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Алматы облысында карантинді кезең-кезеңмен жең...
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.05.2020

Соттағы татуластыру

Сіздердің назарларыңызға Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Қажыманұлы Асановтың үндеуін жариялаймын. «Жау мен дау – егіз», - дейді халқымыз. Дауласу кез-келген, тіпті дамыған елдерге де тән құбылыс. Бірақ, сол дау-жанжалды ушықтырмай шеше аламыз ба? Сол дауды шешу мәдениетіміз қандай? Бізде кез-келген дауды сот шешеді деген көзқарас қалыптасқан. Дегенмен, мынаны білген жөн. Біріншіден, істі қарау ұзаққа созылуы мүмкін. Ол аяқталғанша, бір емес, біраз сот отырысы өтеді. Аппеляция, тіпті кассация шешімі де көңілден шықпауы мүмкін. Екіншіден, бұл үлкен шығын. Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгер жалдайсыз. Жолға, қонақ үйге шашыласыз. Үшіншіден, ашуға ерік беріп, жүйкеңіз жұқарады. Неге десеңіз, сот – дау алаңы. Онда айтысып, тартысуға мәжбүрсіз. Отбасы, достар, жұмыс, бизнес – бәрі шетте қалады. Бұл бер жағы. Кейде тараптар ашуға беріліп, бір-біріне ауыр сөздер де айтып жатады. Егер дауласушылар бір әулеттен болса, онда сол шаңырақтан береке қашады...
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.05.2020

Алматы облысының орталығында бір адам вирус жұқтырды

Алматы облысында тағы 7 адам коронавирустық инфекция жұқтырды. Оның біреуі облыс орталығы Талдықорған қаласының тұрғыны екені анықталды. Кеселге шалдыққан адам полиция қызметкері екені мәлім болды. Қалған 6 жағдай Кеген ауданында тіркелген. Барлық науқастармен қарым-қатынас орнатқандардан зертханалық талдау жасалу үшін сынама алынған. Бүгінгі күнде Алматы облысында 190 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны ресми расталған. Ауру әлі күнге өршіп тұр. Оның өсу көрсеткіші 3,8 %-ды құрап отыр. «Қазіргі таңда облысымызда профилактикалық скрининг әдісі енгізілген. Бұл – коронавирус инфекциясын жедел әрі сапалы, дәл анықтайтын заманауи әдіс. Мұндай әдіс енгізілгелі бері, жасырын індет ошақтарын, СОVID – 19 симптомсыз формалары белсенді түрде, жедел анықтауға септігін тигізіп жатыр»,-деп айтты Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Қажыманұлы. COVID-19 инфекциясымен күрес әлі де болса басылған жоқ. Осы ретте, скринингктен өтетін тұлғалардың ті...
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.05.2020

Алматы облысында «5-10-20» пилоттық жобасын түсіндіру жұмыстары басталды

«Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде баспаналы болудың жаңа бағыты пайда болды. Мемлекет басшысы ұсынған «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы үйге қол жеткізудің алғы шарттарын ел арасында түсіндіру жұмыстары басталды. Баспанаға мұқтаж, мемлекеттік үйдің кезегінде тұрғандар үшін оңтайлы бағдарлама болғаны сөзсіз. Мемлекет тарапынан ұсынылған арнайы жобаға пәтері бар тұрғындар қатыса алмайды. « 5-10-20 пилоттық жобасы арқылы үй иесі атану үшін, ТҮҚЖБ-де депозиті, сәйкесінше пәтер құнының 10 пайызы көлемінде жинағы болуы міндетті. Несие мерзімі 20 жыл. Жылдық мөлшерлемесі 5%-ды құрайды»,- дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің директорының орынбасары Жасұлан Маратұлы. Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және келесі параметрлер ұсынылуда: Ең жоғары заем сомасы жеке құрылыс салушылар...
Толығырақ... Оқылды: 189 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.05.2020

Жаннатта нұрыңыз жарқырасын

Мен туған ағамнан айырылғандаймын! Қайрат Болатұлы менің жеке ағам еді, алғаш үйленгеннен қамқорына алып, тойымыздың төрінде отырып ақ батасын беріп еді... Туғаның жасамайтын жақсылықты дәл сол уақытта жасап еді-ау... Әттең, дүние жалған деген... Алғаш жұмысымды Дәулет ағадан бастаған жұмысымды Қайрат аға басқарған ауыр атлетикада 4жыл еңбек еттім. Қайрат ағам ауыр атлетика федерациясын басқарып тұрған кезеңдер федерацияның жұлдызды шағы деуге болады. Әлем алдында да, ел алдында да абыройы асқақ шақ еді... Туған күнінде «Бахабай Қыз Жібек 18,үйді білесің кел»-дегені әлі есімде. Аға: «Жібек 18»деңіз деп, қалжыңдайтын едім. Асыл ағам-ай, алтын ағам-ай!!! Жүрегімнің бір бөлшегі үзілгендей болды-ау... Ер Дәулетке әке едіңіз ғой! Жан ағам жанатта нұрыңыз жарқырасын! Бақтияр ҚАБАСОВ, Талғар аудандық газетінің редакторы
Толығырақ... Оқылды: 201 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2020

Қаһарман ұрпаққа тағзым

Жеңіс! Бұл сөздің астарында қаншама тер, қанша жанның қаны бар десеңізші. Мүмкін сол зұлмат соғыста жеңіс таппағанда, біз жеңіс деген сөзді білмеуші ме едік, кім білсін... Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрам-ды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз – өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың ор-нын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлай-ды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құр...
Толығырақ... Оқылды: 228 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2020

Туберкулез

Жалпы Көксу ауданы бойынша 2019 жылы туберкулез ауруының 15 жағдайы тіркелген. 2020 жылдың 2 айында 3 жағдайы тіркелді.Туберкулез қандай ауру?Туберкулез жұқпалы ауру. Туберкулез бактериясы ауа алма-суымен адам ағзасына еніп, өкпені зақымдайды. Басқа да ағзалардың - көз, ішек, бүйрек және зәр шығару жолдары, сүйек және тағы басқада органдардың зақымдануына әкеліп соқтыруы мүмкін.Ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана Манту реак-циясын қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық бақылаудан өткенде табылады.Туберкулездің негізгі жұғатын көзі: туберкулез микробтарын та-рататын науқас адам. Науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде, қақырықпен әлденеше миллиард туберкулез микробтарын бөліп шығарады және олар 1,5 метрден 5 метрге дейін шашырайды, ең қауіптісі ол ауада таралып, сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар. Науқас адамның жерге немесе еденге түкірген қақыр...
Толығырақ... Оқылды: 323 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.