ӘЛЕУМЕТ
Алматы облысы қашықтықтан оқыту технологиясына көшті |
«Аты жаман» ауру тарағалытүрлішараларқолғаалыныпжатыр. Барлығыбүтіндейелдіңқамыүшініскеасырылуда. Биліктіңбастымақсатымемлекеттіинфекцияданаманалыпқалуболса, оныңішіндежарқынболашақиелерініңденсаулығына бас мәнберіпотыр. Президенттіңжарлығыменбарлықмектептер16 наурызбен 5сәуіраралығындамерзіміненбұрындемалысқашықса, жоғарыоқуорындарықашықтықтаноқытужүйесінекөшкенеді. Осы кезеңдемектепмұғалімдеріқашықтанжұмысістейтінболады, яғни, әдістемелікжәнедайындықжұмыстарынүйдеотырыпорындайды. Мектепдиректорларыпедагогтардыдистанциондықрежимгеауыстырубойыншаактілерқабылдайды, олдегенімізеңбекақысыкүнделіктідемалыскезіндегісияқтышарттар мен көлемдесақталады. Демалысаяқталғаннанкейін, қажетболғанжағдайда, қашықтықтаноқытутехнологияларынпайдаланаотырып, оқушылардыңоқуынжалғастыруүшінжағдайжасалатынболады .Білімжәнеғылымминстрлігініңжелісібойыншаарнайы топ жұмысістейді, ол орта білім беру ұйымдарынқашықтықтаноқытутехнологияларынпайдалануғадайындаужұмыстарынжүргізеді. Қазірақ... |
Толығырақ... Оқылды: 215 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.03.2020 |
ТЖ - ға байланысты көпсалалы клиника жаңа ережелер енгізді |
Мемлекет башысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 16-тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес «Covid -19» пандемиясының таралуына байланысты ел ішінде төтенше жағдай жариялады. Артынша, дүркін-дүркін жиындар өткізіп, сақтық шараларын атқаруды бір сәтке де доғаруға болмайтынын нақтылаған болатын. Осы орайда, Алматы облысы да COVID-19 дертінен сақтану үшін барлық шараларды күшейтуде. Тұтас мемлекетке төнген қатерден республикалық маштабта шекараны жауып кеселден сақтанудың жолын жасаса, біздің өңірде Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының айналасына тәулік бойы жұмыс істейтін 4 санитарлық бекет орналастырылды. Ондағы полиция мен СЭС мамандары қалаға кірген адамдарды тексереді! Осылайша, қатерлі аурудың апанынан тұрғындарды аман алып қалмақшы. «Аты жаман» дертпен күресудегі күш медицина қызметкерлеріне түскені жасырын емес. Облыстағы білікті мамандар пан... |
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.03.2020 |
Қайырымдылық көмектер |
Кербұлақ ауданы бойынша 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 30 наурызға дейін көрсетілген қайырымдылық көмектер: Аудан бойынша мектептер, балабақшалар және кәсіпкерлер қолдан бетперде тігіп, еріктілердің көмегімен тұрғындарға тегін бетперделер таратты. Барлығы - 2500 дана. Жалпы сомасы 1 млн 250 мың теңгеге 98 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Көмек қолын созғандардың қатарында Нұр отан партиясының аудандық филиал өкілдері, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық иелері, аудандық бөлімдер мен мекемелер және аудан тұрғындары бар. Сонымен қатар, аудан тұрғындарына коронавирустан қорғану әдістері мен сақтық шаралары жайлы 3000 дана нұсқаулықтар мен жадынамалар күнделікті таратылуда. |
Толығырақ... Оқылды: 193 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.03.2020 |
Төтенше жағдайға байланысты мемлекеттен 42 500 теңгені кімдер алады? |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға үкімет тарапынан әлеуметтік көмек тағайындауды тапсырған болатын. Осыған орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрықпен әзірленіп, бекітілген еді. Енді осы бұйрыққа 2020 жылғы 29 наурыздағы № 114 бұйрықпен елеулі өзгерістер енгізілді, олар төлем алушылар шеңберін кеңейтіп, оны тағайындау шарттарын жеңілдетті. Осыған сәйкес, 1 қызметкерге төленетін әлеуметтік төлем мөлшері ең төменгі жалақыны немесе айына 42,500 теңгені құрайды және төтенше жағдай кезеңіне байланысты тағайындалады. - қызметкер жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болса, - жеке кәсіпкердің, жеке қызметпен айналысатын тұлғаның, шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған кезде қаржылай көмекке қол жеткізе алады. Сондай-ақ ,әлеуметтік төлемдерді алушылар қатарына мына санаттағылар да жатады: - орта, шағын және микробизнес... |
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.03.2020 |
Алматы облысының аумағында шектеу шараларын күшейту туралы қаулы қабылданды |
Облыс аумағына коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Алматы облысы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Жарлығына сәйкес» қаулы қабылданды. Бұдан әрі аудан, қала әкімдері, полиция департаменті және өзгеде қызметтер өңірде сондай- ақ, ішінде Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарымен шекаралас жерлерде қосымша санитарлық бекеттерді орналастыруы тиіс. Карантин уақыты аяқталғанша Алматы облысының аумағы бойынша, оның ішінде Алматы қаласының карантиндік аймағынан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарымен шекарада жеке көлік құралдарының және адамдардың қозғалысын шектеуге құзырлы. Қаулыға сәйкес, сауда үйлерінің , бизнес-орталықтардың, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын-сауық мекемелерінің, базарла... |
Толығырақ... Оқылды: 232 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.03.2020 |
Бүгінгі таңда Алматы облысында 7 адам індеттің ілмегіне іліккен. |
Планетамызды жайлаған пандемия кең байтақ өлкеміздің қиыр шетіне де жетіп үлгерген. Өкініштісі олардың қатарына алматы облысыда қосылды. Ең алғаш рет өңірімізде вирус тіркелуіне себепші жолған жайт Сауд Арабиясынан елге оралған келген азаматтар табылған болатын. Қазіргі кезде науқастың жағдайы бір қалыпты. Оның тарапынан денсаулығына қатысты ешқандай шағым жоқ дедй жауапты мамандар. Алдағы күндері қайта сынама алынбақ. Егер зерттеу нәтижесі вирустың жоқ екенін дәлелдесе онда науқас ауруханадан шығарылатын болады. Кезекті мәрте кеселдің аумағымызда асыр салуы 20 наурызда тіркелген еді. Дәл осы күні облыс бойынша инфекция жұқтырған үш азамат анықталған. Үшеуіде Нұр - Сұлтан қаласына келген әуе кемесінде болған. Олар Іле ауданындағы провизорлық бөліміне жатқызылып, кейіннен талдау жасалған. Эпидемияны жұқтырғандардың бірі 1957 жылғы әйел адам. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлының айтуынша, жағдайы жақсы, ем шараларының бәрі толығымен орындалып жа... |
Толығырақ... Оқылды: 206 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.03.2020 |
Алматы облысында 27 мыңнан астам жұмыс орны ашылады |
"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 109,2 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 27,3 мың жұмыс орнын құрумен 1 240 жоба іске асырылатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен селекторлық режимде өткен кеңесте белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "Жұмыспен қамтудың Жол картасын" жүзеге асыру үшін 1 трлн.теңге бөлуді тапсырған болатын. Оның ішінде Алматы облысына қазынадан 109,2 млрд.теңге бөлінді. «Коронавирусқа байланысты облыстың көптеген тұрғындары жұмыссыз қалды. Олардың отбасыларына жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет»,- деді облыс әкімі Амандық Баталов. Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, жалпы өңірде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші, бұ... |
Толығырақ... Оқылды: 236 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.03.2020 |
Алматы облысы: коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған 10 шара |
Бүгінгі күні бүкіл әлем COVID-19 індетімен күресуде. Барлық ауқымды іс-шаралар коронавирустан сақтанудың амалын жасап жатқан азаматтар мен мемлекеттік қызметтерді қолдауға арналған. Ал Алматы облысына карантин қалай әсер етеді?! Аймақ басшысы Амандық Баталов тапсырған коронавирус індетіне қарсы облыс орталығында жүргізіліп жатқан 10 шараны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. 1. Алматы облысының кәсіпкерлері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуін қолдады. Өз мәлімдемесінде кәсіпкерлер коронавирусқа қарсы күресте ынтымақтастық туралы бастаманы толығымен бөлісетінін атап өтті. Мысалы, Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоры COVID-19 вирусымен күресу үшін 150 миллион теңге қаражатты бөлді. Өз кезегінде, "SODUL development" компаниясы Алматы қаласында коронавирусқа қарсы күреске белсенді қатысатын медициналық мамандарға, ІІМ, ТЖ және басқа да салалардың қызметкерлеріне 18 мың этил спиртін жіберді. 2. Алматы қаласының шыға берісіне 16, Ал Талдықорғанда тәу... |
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.03.2020 |
Алматы облысында кесел жұқтырған науқас анықталды |
Соңғы деректерге сәйкес елімізде індетке шалдыққандар саны 53 –ке жетті. Нұр- Сұлтан қаласында 28, Алматы шаһарында 22, Қарағанды қаласында 2 адам тіркелген. Ал, кешегі күні түскі он екілер шамасында Алматы облысынан 1 азамат инфекцияның қақпанына түскені анықталып отыр. Науқас Қарасай ауданының тұрғыны. Ол 18 ақпан мен 17 наурыз аралығында Меккеде, Сауд Арабиясында болған . Азамат Стамбул арқылы Бішкекке тұрақтап, кейін жеңіл көлікпен оңтүстік Астанаға қайтқан. Алматы облысының тумасы 20 наурызыда сағат 10.45-те дене қызуының көтерілуі, суық тию белгілерімен Қырғауыл кентіндегі дәрігерлік амбулаторияға шағымын айтып келген. Негізгі жұмыс жасау тәртібіне сәйкес, сағат 11.30- да арнайы сыртқы киім киген жедел жәрдем тобы науқасты Қарасай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің боксына жеткізген. Қазіргі таңда клиникалық-диагностикалық қажетті зерттеулер жүргізіліп, симптоматикалық емдеу шаралары басталған. Арызын айтқан тұлғадан вирусологиялық талдаумен , бастап... |
Толығырақ... Оқылды: 256 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.03.2020 |
БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ІСТЕР |
Қазіргі таңда аудан халқының мәдени және рухани өмірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алар орны ерекше. Жыл өткен сайын жақсарып, өзінің өміршең бағдарлама екенін дәлелдеп келеді. Өткен жылы аталған бағдарлама аясында 13 жоба, атап айтқанда:«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша – 10; «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша – 1; «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 2 жоба ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауды жоспарға сәйкес (48 шара) және жоспардан тыс (16 шара) барлық жерде (орта және арнаулы білім беру мекемелері, балабақша, кітапхана, мұражай, мәдениет үйлері және т.б) 2019 жылдың 5 айы бойынша барлық кіші бағдарламаларды қоса есептегенде 5 мыңға жуық адамның қатысуымен 64 әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Үстіміздегі жылы да ауданымыздағы жарқын істердің басында білім саласы басқаларға үлгі өнеге көрсетіп келеді.Осындай келелі істердің бірі Б.Құндақбаева аты... |
Толығырақ... Оқылды: 383 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2020 |