ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысы бойынша 483 375,8 мың теңге негізгі берешек сомасы өтелген Өңірдегі қарызы бар азаматтар салықтық рақымшылықты пайдалана алмаған. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

2019 жылғы 31 желтоқсанда жеке тұлғалар үшін олар негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жасау аяқталды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртіппен салықтық рақымшылық жасау жөніндегі іс-шараларды қабылдауы туралы тапсырма берді. Осыған орай, барлық Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында салықтық рақымшылыққа жататын жеке тұлғалардың тізімін ақпараттық жүйелерден алып есептен шығару бойынша комисиялар құру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Комиссия шарттарға сәйкес салық төлеушілерді іріктеу үшін жеке шоттарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Түгендеу жұмыстары 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жүргізілген. «2020 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңіндегі мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша туындаған бересі сомасын толық көлемде төлеген, салық төлеушілер, 2019 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанд...
Толығырақ... Оқылды: 248 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2020

Жаңа әлеуметтік нысан ашылды

Көксу ауданы Көксу ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Жаңа әлеуметтік нысан ауыл тұрғындары үшін ҚР Конституциясының 25 жылдық мерекесікүніне орай тамаша сыйлық болды. Қазір пандемия кезінде денсаулық сақтау саласын дамыту өте маңызды. Ал облыста осы мәселеге қатты көңіл бөлінуде. Мердігер "Строй Индустрия" ЖШС мемлекет қазынасынан бөлінген 341 млн теңгеге су жаңа ғимарат тұрғызып отыр. Жалпы аумағы 823 кв.м құрайды. Ескі ғимарат шамамен 1954 жылы салынған. Ауыл халқына тарлық етіп, ескіріп те кеткен. Міне, бүгін мереке қарсаңында әр аусымына 30 адам қабылдайтын амбулатория ауыл игілігіне берілді. Салтанатты жиынға аудан әкімі Алмас ӘДІЛ, аудандық аурухананың бас дәрігері Марат Сәбетайұлы және басқа да қонақтар қатысты. Жаңа ғимарат заманға сай толықтай медициналық жарақтармен толықтырылған. Амбулаторияның басшысы ретінде 7 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер Арзыгүл Қуан жұмысын бастайды.
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.08.2020

Алматы облысында 24 501 улы газды анықтау құрылғысы орнатылған Жылыту маусымы басталған шақтан улы газбен улану жағдайы орын алып жатады. Арнайы рейд барысында 613 үйдің өрт қауіпсіздік ережелдерін бұзғаны анықталған. Бұл труалы « Jetisy Media» ақпараттық

Облыста 386 870 жеке тұрғын үй есепте тұр. 15 024 үй халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі. Тұрғын үйлердің ішінде 252 416 қатты отынмен жылынса, 130 656 орталық газ жүйесіне, 3 697 – орталық жылу беруге, қосылған. 101-электрмен жылытылады. «15 тамыздан бастап халықтың осал топтарына тиесілі 2807 үйді араладық. Жұмыс барысында 5 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді. 900-ден астам бұзушылық анықталды, оның 319-ы сол сәтте жойылды»,- дейді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерлан Ахашов. Негізінде халыққа қауіпсіздік ережелерін жеткізу тікелей байланыс кезінде де жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін: - 26 жиын, 208 азаматқа нұсқау берілді - 298 азаматтың қатысуымен 31 нұсқаулық жүргізілді. 2019 жылы облыс әкімдігімен бөлінген 169 млн. 490 мың теңгеге. халықтың осал топтарының үйлеріне 24 501 улы газды анықтау датчиктері сатып алынды және орнатылған. Төтенше жағдай департаментіндегі мамандардың айтуынша, өрт қауіпсіздігінен бөлек,...
Толығырақ... Оқылды: 271 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.08.2020

Ұйғыр ауданында 17 жеке кәсіпкерге жер телімі берілген

Ұйғыр аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы тікелей эфирде есеп берді. Негізінде аудан бойынша 875752 га оның ішінде 22861 га суармалы егістік, 3289 га көп жылдық екпе (оның ішінде 2638 га бақ, 651 га жүзімдік) 1063 га тыңайған жер, 21475 га шабындық, 473826 га жайылымдық, 353238 га басқадай жерлер болып бекітілген. Бүгінде жер телімін сұрап келушілердің қарасы көбеймесе азаймақ емес. Жыл басынан аудандық жер учаскелерін беру жөніндегі 19 комиссия отырысы болып 370 құжаттар қаралып, оның ішінде 80 жер учаскелерін беру жөніндегі қаулы шығаруға және шешім қабылдауға аудан әкімдігі мен ауыл әкіміне құжаттар ұсынылған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 01 тамыздағы №726 қаулысының талаптарына сәйкес, 123 жеке тұлғаға тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдері берілді, 167 жеке тұлға тұрғын үй мен өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алаңдарының дайын болмауына байланысты жалпы тізімдегі кезек номеріме...
Толығырақ... Оқылды: 254 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2020

Инвестициялар мен бюджеттердің ашықтығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Нидерланд елшілігінің ынтымақтастығы

2020 жылғы 25 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Андрэ Карстенспен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және ортақ жобаларды іске асырудағы екіжақты өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады. Агенттік төрағасы «Protecting Business and Investments» жобасы аясында кәсіпкерлер мен инвестицияларды қорғау шараларына ерекше назар аудара отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бастамалардың нәтижелерімен бөлісті. Ведомство басшысы Агенттік инвесторларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау көрсетуді жалғастырады деп сенім білдірді. Карстенс мырза голландиялық инвесторлардың Қазақстанда жұмыс жасауға деген қызығушылығының жоғары екенін атап өтті. Елші Ақтөбе облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы «Green Capital» ЖШС жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Тараптар «Қазақстанда па...
Толығырақ... Оқылды: 225 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2020

Көксу ауданы бойынша көмекке мұқтаж ата-аналарды барынша қамту мақсатында «www

Көксу ауданында жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту Көксу ауданында жалпы орта білім беру ұйымдары бойынша көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж 93 ата-ана өз өтінімдерін тіркеген. Демеушілер мен меценаттар оқушыларға көмектерін көрсетуде. Дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыхалықтық акциясы бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы оқушыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету үшін демеушілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж 93 ата-ананың өтінішіне сәйкес 13 балаға көмек көрсетілді. Оның ішінде: аз қамтамасыз етілген отбасының -2 баласына 1 планшет (30 000 теңге), 3 балаға оқу құралдары (30 000), 1- ноутбук (45 000 теңге); көпбалалы от...
Толығырақ... Оқылды: 268 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2020

Медициналық сақтандыру жүйесінде болмауыңыздың алты себебі

Егер сіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үнемі жарналар енгізіп отырсаңыз, бірақ egov-дағы жағдайды тексергенде, телеграмм бот «сақтандырылмаған» деп көрсеткен болса, онда сіз оны анықтап, себебін білуіңіз керек. Біз олардың ең жиі кездесетін себептері туралы айтып береміз. Бірінші себеп. Қазақстандықтардың көпшілігі жеңілдікті кезеңді 1 шілдеге дейін төлемдерді төлеуден босату ретінде қабылдап, төлеуді тоқтатты. Ал жеңілдікті кезең халықтың осы тұста МӘМС жүйесіндегі мәртебесін оңай анықтай алуы үшін арнайы жасалды. Нәтижесінде, алғашқы алты айда төленбеген немесе ішінара төленген болуы мүмкін, ал МӘМС пакетіндегі медициналық көмек осы кезеңде барлығына тегін қол жетімді болды. Не істеу керек? Алдымен айларға бөлінген өз төлемдеріңіздің үзіндісін алу қажет. Егер Сіз жеке кәсіпкер, АҚС шарты бойынша қызметкер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе дербес төлеуші болсаңыз, онда сізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 айға жарналар төленуі керек. Егер сіз жалдамалы жұмысшы бол...
Толығырақ... Оқылды: 213 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2020

Антикор 27 млн теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері медициналық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін шамамен 27 млн.теңге жинады. Агенттік қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде бір күндік жалақыны аударуға шешім қабылдады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды, олар өңірлер арасында тең бөлінетін болады. Өнімділігі минутына 10 литрге дейінгі аппараттар тыныс алу жолдарының аса ауыр ауруларын емдеуде қолданылады. «Әрбір ұйым әлеуметтік жауапты болуы тиіс. Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіміздің дәрежесін түсіне отырып, біз ауруханаларға оттегі концентраторларын сатып алу үшін бір күндік жалақыларымызды аудару маңызды және қажет деп есептедік. Сол арқылы СOVID-пен қарсы күреске жанашырлық танытамыз», - деді Агенттік төрағасы А. Шпекбаев. Сондай-ақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Халықаралық Интеллектті дамыту институтының дир...
Толығырақ... Оқылды: 202 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2020

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Ағымдағы жылдың 19 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған Мемлекет басшысының тезистерін түсіндіру мақсатында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті колледж басшыларымен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында "Sanaly Urpaq" жобасын жандандыру әдістері талқыланып, оқушылар арасында академиялық адалдық қағидалары түсіндірілді. Колледж басшыларымен кері байланыс барысында білім беру жүйесінде карантин жағдайында жобаны онлайн режимде іске асыру қажеттілігі атап өтілді.
Толығырақ... Оқылды: 246 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2020

Egov. Kz

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру Құрметті оқырман, парақшамыздың бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз. Ол үшін:
Толығырақ... Оқылды: 273 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.