ӘЛЕУМЕТ
Бала асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру |
| Достар, біз, әдеттегідей, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу жолдарымен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін #oqy&toqy айдарында Баланы асырап алғандар үшін тиісті куәлікті қайталап алуға қалай өтініш беру керектігін айтамыз! Ол үшін: - Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз - Азаматтарға тарауынан «Отбасы» бөлімін таңдаңыз - «Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін тауып, онлайн сұрау салыңыз - Әрі қарай асыраушы туралы мәліметтерді толтырып, төлем жүргізіңіз (қызмет құны – 1 АЕК) Дайын құжат электронды форматта 1 жұмыс күні ішінде дайын болуы тиіс! |
| Толығырақ... Оқылды: 249 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.09.2020 |
Алакөлдегі өнеркәсіптің индексі 100,9 пайызды құрайды |
| "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында онлайн баспасөз маслихаты бүгін Алакөл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімшесінің міндетін уақытша атқарушы Серік Абылхановпен өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. 2020 жылдың 7 айында Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларында оң нәтиже байқалуда. Аграрлық секторда барлық өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері 11623,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 131 пайызға өсіп, мал бастарының барлық түрлері көбейді. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 84867 гектарға игеріліп, оның ішінде қант қызылшасының алаңы 1063 гектарға жеткізілді. Өнеркәсіп саласында 5602,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, заттай көлем индексі 100,9 пайызды құрады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 117,8 млн.теңгеге 4 жоба қаржыландырылып, туризм саласы... |
| Толығырақ... Оқылды: 216 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.09.2020 |
Алакөлде «Еңбек» бағдарламасы арқылы 1321 адам жұмысқа тұрған |
| "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Алакөл ауданында табысты іске асуда. Тиімді бағдарлама негізінен төрт бағытта қызмет атқарады. 1) «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету; 2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту; 3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту; 4) «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру бағыттары бойынша жүзеге асырылуда екенін жеткізді. «Жыл басынан бүгінгі күнге дейін халықты жұмыспен қамту орталығына 1990 адам жүгінген. Азаматтардың 2047-сі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған, оның ішінде жұмысқа орналасқандар 1321 адам, тұрақты жұмысқа орналасқандар 447 адам — 33,8%-ды құрады»,-дейді Ляззат Қосантаева. Сондай-ақ, «... |
| Толығырақ... Оқылды: 217 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.09.2020 |
Алматы облысының еріктілері 16 мың адамға көмектескен |
| Қайырымдылықтың қайыры бар. Аталған қағиданы ұстанған Алматы облысының еріктілері облыс тұрғындарына қол ұшын созуға білек сыбана кіріскен. Игі бастаманы өңірдегі өзге аймақтағы жомарт жандарда қолдай кеткен. Осылайша еріктілер жылы аясында мәрт азаматтардың қолдауымен ізгі істер атқарылды. «Алматы облысының еріктілеріқазіргі таңда қарттарымызға , аз қамтылған отбасыларға көмектесудеміз. Біз еріктілер өз қамқорлығымызға 3 отбасыны алдық оларға әр апта көмек көрсетудеміз. Болашакта неғұрлым ауқымды істерді қолға аламыз. Бұл біздің азаматтық борышымыз»,-дейді ерікті Елбосын Абай. Президент 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялап, адамдарға шын ниетімен көмектесіп, оны науқанға айналдырмау қажетін айтқан болатын. Қайырымдылық қанында бар елдің ұрпағы мұны бірден белсенді алып кетті. Біз оны мына індет жайлаған кезеңде анық байқап отырмыз. Қайтарымсыз қайырымдылық жасаудан қол үзбеген халқымыз биылғы «Еріктілер жылында» атқарылып жатқан жұмыста... |
| Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020 |
Ақсу ауданында 519 адам тұрғын үй кезегінде тұр |
| Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат қашанда маңызды. Бүгінгі күні халықты қажетті мәліметпен құлақдандыру үшін мекеме басшылары тікелей эфирде ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізуде. Кезекті тікелей байланыс Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өтті. Аталған мекеменің құзіретіне: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы; "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" "Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру" "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмсету жатады. Қызметтер көрсету электронды, қағаз жүзінде және тегін көрсетіледі. Негізі бөлімде ең көп көрсетілетін қызмет... |
| Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020 |
Балқаш ауданында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған |
| «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының» І бағыты бойынша ағымдағы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 20 адамға жолдама беріліп, оның 20-сы оқуды аяқтады. Бұл туралы «Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры тікелей эфир де өткен баспасөз-мәслихатында баяндады. Бағдарламаның 2 бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша21 азаматқа жолдама беріліп олар 91,5млн.теңге көлемінде шағын несие алған.Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 27 адамға берілген. «Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 29 адамға, жастар практикасына 22 адамға, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 702 адамға жолдама берілген»,-деп түйіндеді Сағи Алмазұлы. Осы тектес жұмыстар алдағы уақытта Балқаш ауданында жалғасын таппақ. |
| Толығырақ... Оқылды: 240 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020 |
Халыққа тегін құқықтық кеңес беру |
| "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында бүгін Алакөл ауданы әкімі аппаратының Заң және мемлекеттік құқықтың бөлімшесінің басшысы Равза Омарбековамен тікелей эфирде баспасөз-мәслихаты өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. Жалпы аудан бойынша «Жетысу Адалдық алаңы» жобасы аясында Халыққа тегін құқықтық кеңес беру жөнінде еліміздің барлық өңірлерінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында аудандағы «НұрОтан» партиясының ғимаратында, барлық мемлекеттік басшыларымен, адвокаттармен нотариустар, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Халық заңгері» атты акциясы өткізілген. Аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімшесі Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі мәніне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Қолданыста 19 Нормативттік құқықтық акті бар. Осы кезеңге дей... |
| Толығырақ... Оқылды: 252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.09.2020 |
Ауыл шаруашылығы техникасын басқаруға куәлік қалай беріледі? |
| Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері аясында көптеген сұрақтардың халық арасында жиі кездесетіні белгілі. Бүгінгі күні мың сауалға жауап беру мақсатында «Qyzmet Live» жобасы аясында ауыл шаруашылық бөлімімен көрсетілетін қызметтер бойынша тікелей эфирде түсіндіру жұмыстары өтті. Механиканы жүргізуге рұқсат беретін куәлікті алу үшін арнайы сынақтан өту керек. Тракторист-машинист куәлiгi машиналарды техникалық пайдалану, жол жүру ережелерi мен практикалық машина жүргiзу дағдыларынан бiлiм тексерiлген соң берiледi. Маманның бiлiмін тексеру мемауылтехқадағалау инспекциясының қызметкерi, оқу орындары, шаруашылықтар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi. Практикалық жүргiзу дағдыларын тексеру үшiн керек тракторларды және басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды, оқу орындары, шаруашылықтар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өздерi қамтамасыз етедi. Белгiленген категориядағы машиналарды жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәл... |
| Толығырақ... Оқылды: 222 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2020 |
Маңызды мәселе |
| Достар, өздеріңізге белгілі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту – Мемлекет басшысы саясатының басты бағыттарының бірі. Президент былтыр 20 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың алғашқы пакетін жариялады. Онда қол астындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды лауазымынан босату мен тәртіптік жауапкершілікке тарту институттарын енгізу, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, азаматтарды жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін ынталандырудың сараланған жүйесіне көшу тапсырылды. Жаңа бастамалардың барлығы нақты заңдарда көрініс тапты және өздерін тиімді алдын-алу құралдары ретінде көрсетті. Антикордың басқа бастамалары да тұжырымдамалық қолдауға ие болды. Бұл – квазимемлекеттік және жеке секторларда комплаенс-қызметтер құру; ұлттық компаниялардың сатып алу және жобалық қаржыландыруға жауапты қызметкерлері есебінен сыбайлас жемқорлық субъектілерін кеңейту; мемлекеттік қызметшілерге сы... |
| Толығырақ... Оқылды: 212 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2020 |
Алматы облысында 288 орындық жатақхана қолданысқа берілді |
| Қаратал шағын ауданында орналасқан құрылысы аяқталмаған қонақ үйдің екінші тынсы ашылды. Бұдан былай ол білімгерлердің үйіне айналмақ. 9 қабатты ғимараттың қаңырап бос тұрғанына бірнеше жылдың жүзі болған. Содан бері пайдаланылмаған нысан облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының тапсырмасы бойынша 288 орынға лайықталған жатақханаға айналды. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуінде: «2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын»-деген еді. Облыс орталығында бой көтерген жаңа студенттер үйі берілген пәрменнің орындалғанына дәлел. Бүгінде жатақхананың құрылыс жұмысы аяқталды. 96 бөлмеден тұратын ғимарат болашақ жас мамандардың білім алуына мол мүмкіндік береді.Жоба құны -2,3 млрд.теңге. Айта кету керек, Нысанның құрылысына жауапты болған бас мердігер компания «Астана құрылыс» ЖШС болып табылады. Ал, мұнары көкпен таласып тұрған ғимараттың сұлба... |
| Толығырақ... Оқылды: 264 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.09.2020 |
