ӘЛЕУМЕТ
Бірінші байлық - денсаулық |
| Бүгін мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары және қалалар мен облыстардың әкімдерін жинап бейне байланыс режимі арқылы кеңес отырысын өткізді. Президентіміздің отырыста айтқан әрбір сөзі орынды. Бұл індеттің көбеюіне карантиннің сақталмағаны себеп болып отыр. Дегенмен, - Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді. Мұны ашық мойындау керек Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіре алмады, – деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ бірнеше қаланың әкімдеріне сөгіс айтып, жауапты тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысының бұлай қатаңдық танытуы елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, емдеудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте проблемаларды шешу үшін Үкімет пен өңірлердің әкімдеріне барлық қаржылық және инфрақұрылымдық ресурстарды жұмылдыру тапсырылды. Дәл осындай сә... |
| Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2020 |
Біріксек жеңеміз |
| Мемлекет басшысы 29 маусым күні мемлекеттік қызметкерлермен және бірқатар облыс, қала әкімдерімен еліміздегі індетті алдын- алу мақсатында бейнеконференция өткізді. Өз сөзінде Президент Қасым- Жомарт Тоқаев уақытында қолданылған шаралар мен карантиндік жүйе ауыр індеттің елімізге дендеп енуіне біраз болса да сеп болғандығын айтты. Дегенмен, карантин жүйесін алып тастау арқылы дерттің 7 есеге өскендігін байқаймыз. Кейір облыстарда ауырған адамдардың қарасы көбейіп, ауруханаларды тіпті орындар мен дәріханаларда арнаулы дәрілердің тапшылығы байқалады. Дерттің өсімі әсіресе, Атырау облысында байқалады, және Алматы қаласында да аурудың ошақтары көбейіп тұр. Осы тұрғыда мемлекет басшысы бірқатар қала әкімдеріне сөгіс жариялап, қайтадан карантиндік жүйені енгізуді ұсынды. Жиындар мен жиналыстарға пайдаланатын қаражатты дәрі- дәрмек пен қажетті құралдарға жұмсауды тапсырды. Отандық телеарналардан арнайы бағдарламалар ұйымдастырып, дәрігерлермен тікелей байланыс орнатып, халықтың сұрақтарына... |
| Толығырақ... Оқылды: 268 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020 |
IMD БАҒАСЫ: КӘСІПКЕРЛЕР ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТӨМЕНДЕГЕНІН АТАП ӨТТІ |
| Осы айда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (Institute for Management Development, Швейцария) әлемдік бәсекеге қабелеттілікті зерттеу орталығы «IMD-2020» жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті бизнес қалыптасатын ортаны жасау және қолдау қабілетімен қабылданады. Қазақстан сауалнама негізінде қалыптасатын және кәсіпкерлердің жемқорлықты қабылдауын көрсететін парақорлық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл индикаторы бойынша екінші жыл қатарынан өз орнын жақсартты. Биыл бағалауға қатысқан 63 мемлекеттің арасында еліміз 29-дан 27-ге, яғни 2 орынға көтеріліп, 10 баллдың 5,01 баллын алып, орташа әлемдік көрсеткіштен (4,80) асты. Бұл еліміздің осы рейтингке қатысқан кезеңдегі ең жоғары нәтижесі (2018 жылы – 39 орын және 3,43 б.; 2019 жылы – 29 орын және 4,28 б.). Қазақстан бұл талап бойынша Польшадан (28 орын), Израильден (30), Оңтүстік Кореядан (31), Литв... |
| Толығырақ... Оқылды: 232 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020 |
Талдықорғанда карантин кезінде 10 000 маска әлеуметтік кәсіпорында тігілді |
| 2020 жылдың көктемі бәріміз үшін оңай болған жоқ, ол көптеген адамдар үшін нағыз сынақ болды, әсіресе шағын кәсіпорындарға әсер етті. Бірақ уақыт «толқынға ілесіп», ағымдағы жағдайға тез бейімделе алатын адам ғана аман қалатынын көрсетті. «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық бірлестігі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның басты бағыты - жұмыссыз әйелдерді жұмысқа орналастыру. Бірлестік базасында тоқыма қайта өңдеу бойынша тігін цехы жұмыс істейді. 2019 жылы қоғамдық бірлестік әлеуметтік кәсіпкерлік жолымен жүруді шешті, «Ескі заттардың жаңа өмірі» жобасын әзірледі және «Әрекет» жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан грант ұтып алды. Грант қаражатына өнеркәсіптік тігін жабдығы сатып алынды, ол жұмыс орындарының санын кеңейтуге мүмкіндік берді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 12 әйел жұмысқа орналастырылды.... |
| Толығырақ... Оқылды: 241 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020 |
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір той тойлайтын уақыт емес екенін айтты. |
| «Қазір «тойың тойға ұлассын» дейтін уақыт емес. Технологиядамыған замандасіз қандай да бір себептермен және мақтаныш істермен айналысуды доғару керек.Осындай қауіпті пандемия кезінде тіпті біздің кейбір азаматтар маған хат жазып, тойды өткізуге мүмкіндік беруімді сұрайды. Біз қиын күрес кезеңінде тұрмыз. Сондықтан еңбек өмір салты мен басты міндетімізге айналуы керек. Біз енді саналы түрде ойлауымыз керек, той туралы ойламауымыз керек. Бұл ақыл, ғылым, білім және еңбек дәуірі», - деді ол. Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздің мақалада көтерген мәселелер өте маңызды тақырыптардың бірі екені сөзсіз. Әсіресе ана тілі туралы ойыңыз. Халқымыз «Ана тілін білмеген ақылы жоқ желікбас» деп бекер айтпаса керек. Ана тілінің қадір-қасиеті кез келген қоғамда өзектілікті жоғалтқан емес. Ұлт болып қалыптасумыздың ең қажет аспектісінің бірі тіл болса, сол тілімізді дамыту, орынды қолдану, атадан балаға қалған аманат ретінде қабылдауды санасына сіңірсек ешқашан... |
| Толығырақ... Оқылды: 272 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.06.2020 |
ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ АЙТҚАНДАРЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ! |
| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты сұхбатында халықаралық қоғамдастықтың алдында кемшін ұлт ретінде көрінбеу үшін қандай қадамдар жасау керек екендігін тізбектеп берді. Соның ішінде ең бастысы мемлекеттік қызметке қазақ тілін жетік білетіндер тағайындалуы керек, тілге деген қажеттілікті арттырған жөн деуі қуантады. Сонымен қатар, еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылдап жатыр. Тағы бір айта кетер жәйт дәл қазір cоvid19 үдеп тұр. Той деген пандемияны шарықтататыны анық. Сондықтан той асабасы, әншілер халықтың тарапынан шақырылған болса саналы түрде бас тарту керек. Денсаулығымызды ең алғашқы орынға қойсақ, індетті де азайтатыныз анық қой. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халық болып осы мәлімдемедегі Президент айтқан талаптар мен қарапайым ережелерді бұлжытпай орындап, қатерден аман шы... |
| Толығырақ... Оқылды: 219 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.06.2020 |
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ТАРИХ ТАРАЗЫСЫНДА ТҰР |
| (Мемлекет басшысының республикалық «Ана тілі» газетіне арнайы берген сұхбаты) – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отырған індет, өкінішке қарай, біздің елімізге де оңай тиген жоқ. Пандемия алғаш басталғаннан-ақ, Өзіңіздің басшылығыңызбен мемлекет көптеген әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды қолға алды. Одан жалпы жұрт хабардар. Елімізде жарияланған төтенше жағдай екі айға жуық мерзімге созылды. Карантин шаралары әлі де жалғасып келеді. Жалпы соңғы кезде карантин шараларына қарамастан елімізде індет тез таралуда. Қазірдің өзінде дерт жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады. Жүзден аса адам осы науқастан қайтыс болды. Жұрт кәдімгідей үрей құшағында қалды. Бұл індет түрлі деңгейдегі билік өкілдерін де айналып өткен жоқ. Ел арасында «Үкімет індеттің таралуын бақылаудан шығарып алды, сондықтан ауруханаларда орын жетіспейді» деген секілді әңгімелер де аз емес. Дүрліккен жұртқа қандай басу айтасыз? Расында да, осы індеттің таралуына... |
| Толығырақ... Оқылды: 284 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.06.2020 |
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты |
| ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пен «Қазпошта» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тақырыптық марка шығарған алғашқы құқық қорғау органы. Марка дизайнына құқық қорғау органының коммуникативті логотипі негізге алынған. Маркада Агенттіктің «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» құндылықтары жазылған. Бұл құндылықтар логотипте қолданылған түстерде де берілген: аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, жаңаруға ұмтылуды; көк түс – сенім мен қауіпсіздікті бейнелейді. Пошта маркасына естелік белгі соғу салтанаты Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Сакен Сарсеновтің қатысуымен өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығын атап өтті. «Жемқорлықпен күрес өзгеріске ұшырады. Бұрынғы қорқынышты, жазалау шараларына берілген басымдық енді құқық бұзушылықтардың алды... |
| Толығырақ... Оқылды: 229 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2020 |
Алматы облысында 47 түлек ҰБТ –ден шектетілген |
| Мектеп бітіруші түлектің кезекті рет білімін сынайтын сынақ басталды. 21 маусымнан бастап өңірде Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілуде. Биылғы жылы Алматы облысында 15 526 адам мектепті аяқтаса, соның ішінде 11 589 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген. Облыста 16 ҰБТ өткізу пункттері жұмыс істейді. Жаһанды жайлаған коронавирус инфекциясына байланысты ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық сынақтан өтушілер залалсыздандырудың 5 кезеңінен өтеді. «Білім сынағына тәуелсіз сарапшылар қадағалайды. Олардың құрамында арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым өкілдері кіреді», - дейді Облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова. ҰБТ өткізілген үш күнде 4093 оқушы өтініш берген, оның 98-і тестен өтуден бас тартса, 15- сырқаттанып қалған екен. Үш күннің ішінде сынақ тапсырушылардың 47-і ереже бұзған. Осылайша тестен шеттетілген. Соңғы үш күннің ішінде 3933 оқушы білім сынағынан өткен. Маусым а... |
| Толығырақ... Оқылды: 246 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2020 |
ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АНОМАЛИЯСЫ (ДАМУ АҚАУЛАРЫ) |
| Егер балаңызда туа біткен жүрек аномалиясы анықталған болса, онда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде (ТМККК) толық және тегін медициналық көмекке ие болады. Соның ішінде, міндетті зертханалық және диагностикалық зерттеулерге қол жеткізе алады. Кардиолог дәрігерінде қаралу жиілігі үш айда бір реттен кем емес болуы қажет. Егер де, дәрігерлер баланың денсаулық жағдайында оң нәтижелі өзгерістерді байқайтын болса, онда екі жылдан кейін диспансерлік тіркеуден шығарады. Тексеруден өту жиілігін және зерттеу түрлерін ұсынылған инфографикадан көруге болады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы |
| Толығырақ... Оқылды: 229 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.06.2020 |
