ӘЛЕУМЕТ
Алматы облысында картоптың өнімділігі қайта қалпына келтіріледі |
| Алматы облысының егіс алқаптарында мыңнан астам "ақылды" ауыл шаруашылығы техникасы жұмыс істейді. Қазақстанда сервистік-дайындау орталықтары (СДО) алғаш рет құрылып, бүгінгі күні Алматы облысында табысты іске асырылуда. СДО ауылда бизнес бастауға қолайлы әлеуметтік жоба: көрсетілетін жеңілдіктердлің арқасында шаруашылықтарға қымбат заманауи техника беріледі. "Жетісу "ӘКК" РР " АҚ қолдауымен қант қызылшасы, дәнді дақылдар, көкөніс, жүгері, күріш және картоп өсіру, жем дайындау бойынша 51 СДО құрылды. СДО қаржылық лизингі арқылы 1202 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын алды. Осылайша, техника жаңартылды. Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ең заманауи және "ақылды" техниканы пайдаланады. Арнайы техника Claas, DEUTZ-FAHR, JohnDeere, FranzKleine, "Ростсельмаш", Минск трактор зауыты және т.б. сияқты әлемдік өндіруші зауыттардан сатып алынады. СДО-да 200-ден астам ұсақ және орта шаруашылықтар біріктірілді, 900 ауыл шаруашы... |
| Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
«Коммуналдық төлемдердегі өтемақыны кімдер ала алады?» |
| Ескелді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Ертұрғанов Жанас Жанайдарұлы аудан тұрғындарымен әкімдіктің инстаграм парақшасы (@eskeldi_akimdigi) арқылы тікелей эфирде тілдесті. Эфир барысында Жанас Жанайдарұлы «коммуналдық төлемдердегі өтемақыны кімдер ала алады?» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, жауабын алды. Айта кетсек, сұрақтардың басым бөлігі карантин режимі кезінде коммуналдық төлемдерге бөлінге 15 000 теңге жайлы және үй кезегі жайлы болды. Тікелей эфир барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Ертұрғанов Жанас Жанайдарұлы тұрғындардың қойған сұрақтарына толығымен жауап беріп, алдағы уақытта ауданды көріктендіру мақсатында атқарлылатын жұмыстар жайында айтып өтті. |
| Толығырақ... Оқылды: 221 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
Көлік иелеріне арналған автоХҚО-лар: төтенше жағдай тәртібінен кейінгі статистика |
| Еліміздегі барлық дерлік халыққа қызмет көрсету орталықтары мамыр айында жұмысын қайта бастады. Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚО-лар да сол кезде ашылды. Әр облыста автоХҚО-лар әр түрлі уақытта жұмыс істей бастағанына қарамастан, бір ай ішінде автокөлік орталықтары 174 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті. Азаматтарға арналған үкімет қай өңірдің автокөлік жүргізушілері автоХҚО-ның ашылуын көп күткенін анықтады. Көлік құралдарын қайта тіркеу бойынша алғашқы үштікті Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бастап тұр. Аталған шахарлардағы орталықтар сәйкесінше 16, 15 және 14 мың автомобильді қайта тіркеген. Егер Нұр-Сұлтан мен Шымкенттің мамандандырылған орталықтары бір уақытта – 12 мамырда ашылса, Алматы орталықтары санитарлық дәрігердің шешімімен тек 25 мамырдан бастап қызмет алушыларды қабылдай бастады. Сондықтан, Алматыны автокөліктерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сөзсіз көшбасшы деп санауға болады. Төртінші орында – Қарағ... |
| Толығырақ... Оқылды: 226 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
ҰБТ: «Алакөлдік түлектер 3 этапты тексеруден өтеді» |
| Мектеп түлектері үшін биылғы оқу жылы тосынсыйға толы болды. Елдегі ахуалға байланысты 2020 жылы ҰБТ тапсырушылар үшін жаңа өзгерістер көп“, деп хабарлайды "Jetisy Media" ақпараттық алаңы. Биылғы ҰБТ-дағы өзгерістер әр ата-ана мен түлектерді толғандырып жүргені мәлім. Осыған орай, бүгін Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы тікелей эфирде арнайы баспасөз маслихатын өткізді. Оның айтуынша Алакөл ауданы бойынша биыл 37 орта мектепте барлығы 683 түлек 2019-2020 оқу жылын аяқтаған. Олардың 634-і Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыру үшін онлайн түрінде өтініш беріп, базаға тіркелген. 49 түлек ҰБТ тапсырудан өз еріктерімен бас тартты. Биыл Алакөлдік түлектер ҰБТ-ны 4 лек бойынша тапсырады. Ұлттық бірыңғай тестілеу аудан орталығы Үшарал қаласында орналасқан №1 орта мектебінің базасында өтеді. Бүгінгі күнде 5 аудиторияға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, парталары қойылып, дайындық жұмыстары толығымен аяқталды. Жаңадан 5 G маркалы 5 тұншықтырғыш және тікелей бейнебақ... |
| Толығырақ... Оқылды: 235 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2020 |
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕӉГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ |
| Маусымайыныңбасында,Алматыоблысыәкіміаппаратыныңғимаратында,АлматыоблысыәкімініңорынбасарыБ.БайжұмановжәнеҚазақстанРеспубликасыСыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылагенттігінің(Сыбайласжемқорлыққақарсықызмет) АлматыоблысыбойыншадепартаментбасшысыныңбіріншіорынбасарыЖ.Жұмабаевтыңқатысуымен«ZOOM»платформасыарқылыонлайнкездесуөткізілді.Кездесубілімберумекемелеріндеоқужылыныңаяқталуынабайланыстызаңсызақшақаражаттарынжинаутақырыбындаөтті. «ZOOM»платформасыарқылыөткізілгенкездесугеаудан,қалаәкімдері,мектепкедейінжәнеортабілімберумекемелерініңдиректорларықатысты. Сондай-ақ,кездесугеоблыстықақпараттықүгіт-насихатШтабыныңмүшесіА.Жазықбаевқатысып, осымәселебойыншабаяндамажасады. МектептердегіақшажинаумәселесіДепартаменттіңерекшеназарында.Мемлекетмектептіңбүкілқажеттілігінежеткіліктімөлшердеқаражатбөледі,оныңішіндежөндеужұмыстарыменбасқадашараларбар.Өкінішкеорай,оқужылыбасталғандажәнеаяқталғандамектептегіөткізілетініс-шараларғаата-аналарданақшажинаумәселесікүнтәртібінентүск... |
| Толығырақ... Оқылды: 248 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2020 |
ӘМСҚ жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыруды 36%-ға арттырды |
| МӘМС-ды енгізгеннен кейін ЖТМҚ көмегімен емделгендер 23%-ға көбейді 2020 жылғы 1-тоқсанда жоғары технологиялы медициналық қызметтерді (ЖТМҚ) қолдана отырып, еліміздің медициналық мекемелерінде 2 300-ден астам адам емделді. Бұл өткен жылдық көрсеткіштермен салыстырғанда 23% -ға артқанын байқатты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірінші тоқсанда жоғары технологиялық қызметтерді пайдаланатын адамдар санының аталған мөлшерден көбірек болатындығын жоспарланған еді. Алайда, Алматы мен Нұр-Сұлтанда енгізілінген шектеулерге байланысты ғылыми орталықтар жабық болды, бұл қорытынды көрсеткішке әсер етті. «Өткен жылы аталған қызметтерді тек халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары, оның ішінде жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер тегін ала алатын. 2020 жылдан бастап ЖТМҚ бойынша жоспарлы емдеуге жатқызу барлық сақтандырылған азаматтар үшін тегін болды», – деп мәлімдеді Алматы облысы бойынша Қордың директоры. Сонымен бірге осы қызметтерді қаржыла... |
| Толығырақ... Оқылды: 259 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2020 |
Алматы облысында карантин талаптары сақталған |
| Өңірдегі карантин шараларының күшейтілуіне байланысты облыстың бірқатар аумағында арнайы рейд жүргізілді. Атап айтсақ, Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қапшағай қаласының су қоймаларын және Кербұлақ ауданындағы сауда орындарын тексеріп қайтты. Облыстан екі аймаққа беталған мамандар алдымен Сарыөзек кентіне ат басын бұрған. Онда олар, ең бірінші поштаға бас сұқты. Аталған мекемеде 20 қызметкер әлі күнге қызмет істеуін жалғастыруда. Күніне 70-80 адамға дейін қабылдайды. Мекеме ішінде күндігіне 3 рет залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі . Яғни облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қойған талаптар мейілінше сақталынған. Артынша олар, халық ең көп қызметіне жүгінетін ХҚКО-на барды. Бұл жерде 17 қызметкер еңбек етуде. Күніне 400-ге жуық тұрғынға көмек көрсетеді. Әрбір екі сағат сайын кеңсе іші тазартылып отырылады. Барлық қызметкерлер мен келуші халық нөпірі де бетперде киіп жүр. Қолды өңдеуге арналған құрылғыларда ныса... |
| Толығырақ... Оқылды: 235 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2020 |
Талдықорғанда тағы бір жаңа аудан бой көтереді |
| Қаланың оңтүстік батыс бөлігінен 9ші шағын аудан салынбақ. Аумағы 36 гектар. Мұнда алдағы екі жылда 34 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Баспаналардың жобалық-сметалық құжаттары бүгінге дайын. Сараптама қорытындысынан соң құрылыс жүргізіле бастайды. Шаһар басшысының ақпарынша, бұл аумақтың бүгінгі күнге инженерлік желілері дайын. Жарық жеткізіліп, жылу, су желілері тартылған. Тұрғын үйлердің құрылысы толық аяқталған кезде іске қосылады. Бұдан бөлек, облыс орталығында үйсіз-күйсіз жүргендерді баспанамен қамту ісі ілгерлеп келеді. Соңғы 20 жылда Жетісудың орталығында 1 млн.шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілген. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында мемлекет қаражаты есебінен 3267 пәтерлі 63 үй, оның ішінде 27 несиелік (1085 пәтер), 21 коммуналдық (1162 пәтер), 15 жалға берілетін үй (1020 пәтер) салыныпты. Қала билігінің сөзінше, биыл қоныс тойы 622 пәтерлі коттедж қалашығында болады. «Былтыр коттедж қалашығында 155 пәтердің кілтін бердік. Алғашқы легі дәл қ... |
| Толығырақ... Оқылды: 266 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.06.2020 |
Осыдан тура бір жыл бұрын 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми түрде кіріскен болатын. |
| Қадірлі қауым! Менің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарым – бұл үлкен міндеттің алдындағы халықпен кеңесу болды. 2019 жылдың 13 мамырында #BIRGE жалпыхалықтық акциясы басталды. Оның басты мақсаты – ел дамуындағы ең маңызды міндеттерді анықтау. Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. Бүгінге дейін 540 мыңға жуық ұсыныс-тілек келіп түсті. #BIRGE акциясына қатысып, азаматтық белсенділік танытқан барша халыққа шын жүректен алғысымды білдіремін. Енді біз қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Оның шешу жолдарын білеміз. Бүгін халықты, ең алдымен, не мазалайды? Ең бірінші, азаматтар барлық жерде әділдікорнауын қалайды. Әлеуметтік саясаттан бастап мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуін талап етеді. Халықты толғандырып отырған басты мәселе – табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздануы, теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азама... |
| Толығырақ... Оқылды: 285 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2020 |
АРТЕРИАЛДЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ |
| Егер де, Сізде артериалдық гипертензия анықталатын болса, онда міндетті түрде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде (ТМККК) емханаға диспансерлік тіркеуге тұруыңыз қажет. Осы көмектің аясында тұрақты түрде дистанциондық бақылау жүргізіледі. Кімнің және қандай кезеңділікпен тексеруден өту жиілігін, тапсыратын анализдер түрлерін төменде ұсынылған инфографикадан көруге болады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы |
| Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2020 |
