ӘЛЕУМЕТ
Экономика:Өрлеу. Даму. Өсу. |
Аграрлық секторда алдыңғы қатардағы өңірдің өткенге өкпесі жоқ, келер жылға жоспары көп. Атқарылған істі сараптап, болашақты бағамдаған Марат Мелісұлы «Jetisy media» алаңында қорытынды есеп берді. Әуел баста айтып өткен аграрлық салада 35 млрд. 706 млн. 300 мың теңгенің өнімін өндіру жоспарланса, 10 айда 38 млрд. 253 млн. 900 мың теңгенің өнімі өндірілген. Аудан бойынша жалпы ішкі өнімнің көлемі 63 млрд. 330 млн.700 мың теңгені құрап, жан басына шаққанда 1 млн. 764 мың 086 теңгеден айналды. Аудан басшысының сөзіне сәйкес, 2020 жылы ауылшаруашылық бойынша өндірілген өнім көлемі 42 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Сөйтіп,аудан келер жылы бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізбек. «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген сияқты, астықтың айналасында жүргеннің жағдайы жақсармаса, кері кетпейтіні ақиқат. Бұл тұрғысында да Сарқан ауданы жарап тұр. Бүгінгі күнге дәнді дақылдардың 54 212 гектарынан 137 494 тонна астық жиналып, орташа өнімділігі гек... |
Толығырақ... Оқылды: 307 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2019 |
Ауғандық жауынгерлер Қазақстандағы соғыс ардагерлері мәртебесін алады |
Еңбекмині әзірлеген «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына ұсыныстар талқыланды. Бұл Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің Қазақстан Республикасының Парламентіне, Үкіметке және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленгенін атап өтті. Құжат қолданыстағы заңнамаға сәйкес ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді біріктіреді. Заң жобасының аясында: ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санатын анықтау; Ауғанстандағы және басқа елдердегі ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілерді басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жатқызу; басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің санаттарын кеңейту; интернационалист-жауынгерлерді, Чернобыльға қатысушыларын, сондай-ақ Социалистік Еңбек Ерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шараларды күшейту ұсынылады. Министрдің айтуынша, 5 әлеуметтік қорғалатын санаттағы ардагерлерге: Ұлы Отан соғысын... |
Толығырақ... Оқылды: 490 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |
Ауылшаруашылық күні аталып өтті |
Ауыл - алтын бесік болса, ауылшаруашылығы саласының отымен кіріп, күлімен шығып жүрген мамандар шынымен құрметке лайық. Берекесі мен бірлігі біте қайнасқан еңселі ауылдың бүгінгі тірлігі де жарасымды. Бұл егін, мал шаруашылығын дамытып, туған жердің қамын көксеп жүрген азаматтардың арқасы екені талас тудырмайды. Осы мерекеге орай Көксулықтар сала қызметкерлерінің күнін бір кісідей тойлады. Аудандық мәдениет үйіндегі салтанатты жиын аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының құттықтау сөзімен ашылды. Шара барысында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып,үздіктер марапатталды. Олардың қатарында Алматы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының Құрмет грамотасымен "Ойшы" шаруа қожалығының басшысы Тимур Ойшынов мадақталды. "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасындағы айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында,2018-2019 оқу жылындағы еліміздің барлық өңірлеріндегі білім,мәдениет,өнер,әлеуметтану саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насих... |
Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |
Миллионнан аса қазақстандықтың «қалтасында ХҚО» бар |
Мобильді азаматтар базасына тіркелген 7 млн аса пайдаланушы eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мэссенджерлері арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервисті ХҚО-ға бармай-ақ ала алады. Ұялы телефон көмегімен бірқатар мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі жөнінде бүгін Үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып берді. Бүгінде 1,5 жыл бұрын қолданысқа енген egovkzbot2.0 телеграм-ботын 654 мың қазақстандық жүктеп үлгерген. Оның көмегімен азаматтар көбіне соттылықтың болу/болмауы, псих-нарко диспансерлердің есебінде болмау, жылжымайтын мүліктің болу/болмауы сияқты қызметтермен, сондай-ақ ХҚО кезегін брондау, айыппұлдардың барын тексеру тәрізді сервистерді жиі пайдаланған. Электронды үкімет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгінде 28 қызмет қолжетімді. Жаңарған қосымша ЭЦҚ-ны биометрия мәліметтерімен сәйкестендіріп, авторизациядан жылдам өтуге мүмкіндік беріп отыр... |
Толығырақ... Оқылды: 308 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |
Тұрғын үй кезегін онлайн қадағалаңыз |
Бүгін #қысқанұсқа айдарында біз сіздерге ешқайда бармай-ақ, уақыт үнемдеп тұрғын үй кезегін онлайн білу жолымен бөліспекпіз. Сіз тұрғын үй кезегінің нөмірін www.egov.kz электрондық үкімет порталынан тексере аласыз. Ол үшін сізге: ✔ЭЦҚ арқылы порталға кіру қажет ✔ «Жылжымайтын мүлік» бөлімі арқылы «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өтіп, «Мемлекеттік тұрғын-үй қорындағы баспана алу кезегін қарау» қызметін таңдау жеткілікті. |
Толығырақ... Оқылды: 327 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |
Алматы облысы тұрғындарының 75% тұрақты түрде спортпен шұғылданады |
Алматы облысы тұрғындарының 75% спортпен жүйелі түрде айналысады. Ал сүйікті спорт түрлерінің тізімінде футбол болды, сұралғандардың 43% - ы теңбіл доп ойынын таңдады. Бұл туралы "Jetisy media" КММ алаңында өткен брифингте Саят Сембаев мәлім етті. "Спорт салауатты өмір салтының маңызды бөлігі екені баршаға мәлім. Бақытымызға орай, қазіргі уақытта спорттың әр түрімен айналысуға көптеген мүмкіндіктер бар. Бірақ, барлық адамдар спортпен айналысады ма? Бүгінде адам үшін спортпен айналысу маңызды ма? Біреу бұл сұраққа нақты жауап береді, ал біреу, керісінше, салауатты өмір салты оларды мүлде қызықтырмайды дейді. Адамдардың спортқа деген көзқарасын білу үшін талдау және болжау орталығы КММ "Сіздің спортқа деген көзқарасыңыз"тақырыбында сауалнама жүргізді. Бұл зерттеудің мақсаты адамдардың спортқа, салауатты өмір салтына деген қарым-қатынасы туралы ақпарат алу, сондай-ақ жетісулықтардың өміріндегі спорттың рөлін анықтау болып табылады. Сауалнамаға әртүрлі... |
Толығырақ... Оқылды: 310 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2019 |
Бюджет толық игерілді. Нәтижесі қандай? |
Көзді ашып-жұмғанша биылғы жылда соңына жетіп келеді. Ал, өтіп баражатқан жыл несімене есте қалды қандай істер атқарылды? Аудан әкімдеріне қойылатын сұрақтардың бір парасы осыған саяды. Аталған сауалдарға Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев «Jetisy media» алаңында жауап берді. «2020 жылға міндеттелген жоспарларын да мерзімінде орындау үшін барлық мүмкіндіктер бар. Басты міндетіміз – аудан халқының әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын жақсартуға, экономикасын көтеруге бағытталған іс-шараларды ұтымды ұйымдастыруға және мерзімінде жүзеге асыруға іс-жоспар жасалған. Жылдың аяғына дейін жалпы ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі – 55,5 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 103,6 % орындалады»,- деп бастады сөзінің әлқисасын Қарсай ауданының әкімі Жандарбек Ермекұлы Әкім мырзаның айтуынша, өсімдік өнімдерінің көлемі – 25,7 млрд.теңгені, мал өнімдері – 27,2 млрд. теңгені құрайды. Ал, «АгроИмпэкс... |
Толығырақ... Оқылды: 314 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.12.2019 |
Келер жылы Жамбылдықтар қоныс тойын тойлайды. Ал, Биыл?... |
Тоғыз жолдың торабында тұрған Жамбыл ауданы Алматы облысының экономикасының өсіп - өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан іргелі өңірлердің бірі. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында өсу қарқыны көңіл қуантады. Ауданның негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болғандықтан бұл салада жетістіктер аз емес. Атап айтсақ, биылғы жылы 59 млрд. 143 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,1 % құрады. Ауданда жалпы көлемі 699 гектарды құрайтын алма бағы бар. Кейінгі 3 жылдың ішінде 5 шаруашылықтың күшімен 264 гектар жерге бақ отырғызылған. Олардың ішінде 200 гектар жаңғақ, 31 гектар малина (таңқурай) плантациялары бар. Биылғы жылы Ұзынағаш ауылында «Атек Агро» шаруа қожалығы 54 гектар жерге алма бағын отырғызып, 50 адамға жұмыс орнын ашқан. Соңғы он айдағы атқарылған жұмыстардың ең үлкені ол Шолаққарғалы ауылдық округінде «Империя Фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылына 8 мың тонна ет... |
Толығырақ... Оқылды: 313 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.12.2019 |
Всемирный день борьбы со СПИДом |
Ежегодно 1 декабря празднуется Всемирный День борьбы со СПИДом, принятый в 1988 г. Этот день не является государственным выходным, но для всех, кто ведет активную борьбу со смертельным синдромом, это очень важная и серьезная дата. Событие не несет характер грандиозного праздника, поскольку этот день посвящен не только профилактическим мероприятиям, но и памяти жертв опасной болезни. Многие государственные, общественные и медицинские организации по всему миру в этот день проводят просветительские и диагностические мероприятия. Вирус иммунодефицита человека, или коротко ВИЧ — это вирус, который нападает на клетки иммунной системы. Он уничтожает T-хелперы (это лимфоциты, усиливающие иммунный ответ) и заполняет их место своими копиями. Чем больше вирусов, тем слабее иммунитет человека. Без лечения ВИЧ может перейти в СПИД — синдром приобретенного иммунного дефицита. Его также называют последней стадией ВИЧ. На этом этапе иммунитет не может самостоятельно бороться с инфекциями... |
Толығырақ... Оқылды: 263 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.12.2019 |
«Қорғау» жобасы өз жұмысын бастады |
Қазақстанда «Қорғау» жобасы басталды. Жоба -азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қолжетімді және тегін инфрақұрылым құруға бағытталған, сондай-ақ 200-ден астам өзекті бағыттар бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау алгоритмдері бар арнайы сайт пен мобильді қосымшаны әзірлеуді болжайды. Жобаның негізгі мақсаты-қиын өмірлік жағдайда жүрген халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру. Жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Алматы облысының барлық қалалары мен аудан орталықтарында 20 заң консультациясы бөлімдері қызмет атқаратын болады, онда барлық азаматтар құқықтарын қорғау бойынша тегін құқықтық қолдау ала алады. Сонымен қатар, жобада заң факультетінің студенттеріне тәжірибелік тағылымдамалар ұйымдастыру, әлеуметтік заңгерлердің қауымдастығын құру, «Сөйле!» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, отбасы мен некенің оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шара... |
Толығырақ... Оқылды: 280 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.12.2019 |