ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысы тұрғындарының денсаулығы қандай деңгейде?

Алматы облысының «Талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қыркүйек айында Алматы облысы тұрғындарының қазіргі кездегі денсаулықтары қандай деңгейде екендіктерін анықтау үшін сауалнама жүргізді. Нәтижесінде «Өз денсаулығыңызды қалай бағалайсыз» деген сұраққа облысымыздың тұрғындарының «30% - өте жақсы, 33% - жақсы, 29% - қанағаттанарлық деп жауап берді. Үш жақсы көрсеткіштің нәтижесі 92% құрады. Көрсеткіш өте жақсы. Демек облыс тұрғындарының денсаулықтарын жалпы, жақсы деп бағалауға болады. Респондеттердің тек тек 6% ғана денсаулықтарының нашарлығына шағымданды. Сонымен қатар, респонденттерге туыстарының денсаулықтары туралы сұрақ қойылған болатын. 38 % «жалпы жақсы» десе, 37% «жақсы шығар» деп жауап берді. Екеуінің нәтижесі 75% құрады. Респонденттердің тек 3% ғана денсаулықтарына мүлдем қанағаттанбайтындығын айтты. Адамдарда аурулардың пайда болуының негізгі себептері сауалнамасына қатысушылардың 23 %-...
Толығырақ... Оқылды: 280 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.10.2019

Алматы облысының әкімі ең белсенді әкім атанды

Қазақстандағы рейтингі жоғары ақпараттық NUR.KZ сайтының ұйымдастырған сауалнама нәтижесі бойынша, елімізде қоғам өміріне етене жақын араласатын, халықпен тығыз байланыс жасайтын ең белсенді әкім анықталды. Сауалнамаға жауап берген ғаламтор қолданушыларының көпшілігінің пікірінше үздік әкім ретінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов танылды. Аймақ басшысын Nur.kz порталының Мемлекеттік органдармен жұмыс жасау департаментінің директоры Шыңғыс Мәдібек мақтау қағазымен марапаттады.
Толығырақ... Оқылды: 381 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.10.2019

Алматы облысында өскелең ұрпақты парасаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған жобалар жүзеге асуда

Алматы облысының «Jetisy media» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің трансформациясы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы Данияр Тұрғанбаевтің айтуынша, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі Агенттікке бөлінді: ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет). Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жаңа бағыттарына сәкес трансформациясы жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа жұмыс бағытына өте отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функцияларды жүзеге асырып қана қоймай, сонымен...
Толығырақ... Оқылды: 298 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.10.2019

Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ

Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысындағы өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді. Оның айтуынша, мекенжай анықтамасынан кейін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, псих-нарко, туберкулезге қарсы диспансерлердің анықтамасы, жұмыссыз ретінде тіркелу сияқты және т.б. анықтамалар да жойылуы мүмкін. «Жыл сайын азаматтар ХҚО-дан 10 млн артық мекенжай анықтамасын алады. Оны жұмысқа тұру, балалардың мектепке, балабақшаға құжатын дайындау барысында және т.б. себептермен сұратады. Мекенжай анықтамаларын алып тастау – қазақстандықтардың ХҚО-ға 10 млн есе аз келетіндігін білдіреді», – деп атап өтті Балташева. Реестрден аталған қызметтерді алып тастау мәселесі мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатын болады. Оның нәтижесі бойынша анықтамалардың...
Толығырақ... Оқылды: 319 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.10.2019

Құрметті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар!

Сіздерге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 459 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұрығына сәйкес мемлекеттік атаулы көмекті төлеу мерзімінің өзгергенін хабарлаймыз. Ережеге сәйкес алушыға атаулы әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті органның шешімі негізінде ақшалай нысанда жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді. Төлем айына төлеу ведомосын қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы...
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.10.2019

«Бабалардың ерлігі-Тәуелсіздіктің тірегі»

2019 жылдың 25 қыркүйегінде Кербұлақ ауданы өңір тумасы батыр баба- Балпық бидің 325 жылдығын атап өтті. Бұл туралы Кербұлақ ауданының баспасөз қызметі хабарлады. Татулықтың ордасындай болып, достықтың туын желбіретіп келе жатқан өңір – Күреңбелге облыс орталығы Талдықорған қаласынан, оңтүстік астанамыз Алматыдан, аудандардан Балпық би бабаның 325 жылдығына орай ұйымдастырылатын тағзым ету сапарымен делегация өкілдері келді. Оларды Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Сәдуақасұлы, аудандық маслихат хатшысы Бөкен Қабиұлы, Қоғамдық кеңес төрағасы Төленді Оспанбайұлы және т.б. қызметкерлер әнмен, жырмен, дәммен қарсы алды. Атқарылып отырған шара барысында делегация мүшелері Сарыбұлақ ауылында жатқан Тіленші қазының, Балқаш ауданындағы Қабан жыраудың, Шеңгелді ауылындағы Бөлек бидің ескерткішіне тәу етіп құран бағыштап қайтты. Айта кетейік, Осыдан 280 жылдай уақыт бұрын Жетісу жерінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпықтың тарихи еңбегі ерекше. Ескелді...
Толығырақ... Оқылды: 424 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.09.2019

Қаратал жағалауында «JETISÝ ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалі өтті

Елімізде Жастар жылының жариялануы Мемлекет басшысының жас буынға арнаған жарқын үндеуіне айналды. Осы бағдарлама аясында елімізде әртүрлі шаралар өтуде. Cоның бірі Талдықорған қаласында өткен «JETISY ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген болатын. Осыған орай, жастар жылы аясында өткізілген «JETISY ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалінде тарих пен дәстүр сабақтасып, көшпелілер мәдениетінің айшықты көріністері заманауи қоғамда жарасымын тапты. Кіреберісі саясаткерлер аймағынан бастау алатын алаңның соңы қазақ үйлермен жалғасын тапқан. Өзенді көбелей орналасқан үлкен керуеннің...
Толығырақ... Оқылды: 359 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.09.2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі фермерлік шаруашылықты қате қосымша кеден есептеулерінен қорғады

Бұл туралы Агенттіктің алаңында өткен брифингінде хабарланды. Экономиканы дамыту үшін Қазақстанға шетелдік инвестициялар тарту - мемлекеттік маңызды міндет, ол әсіресе ауыл шаруашылығы мәселесінде. «Green Capital Kazakhstan» компаниясы жаңа жылыжай технологиясын қолдана отырып, Ақтөбе облысында көкөністер өсіреді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында кәсіпорынның жұмысымен танысты. Сол кезде фирма директоры Дирк Алевен қызанақтың жыл сайынғы өнімі шамамен 3 мың тонна болатынын мәлімдеген болатын. – Әр апта сайын біз 100 тоннадан жинаймыз. Негізінен 80%-ы Ресейге экспортқа кетеді. Қазір бізде 90 адам жұмыс істейді. Жылыжай бес гектарда орналасқан. Біз тағы 5–еу салғанда қызметкерлер саны 150-160 адамды құрайтын болады, - деп Д.Алевен айтқан болатын. Бизнесмен қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында жылыжайдың құрылысына рұқсат алуға 100 000 евро (500 млн. теңге) жұмсағанын атап өтті. Алайда, іс мұнымен бітпеген. Нидерландтық инвесто...
Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2019

Алматы шыңын жастықтың жалыны бағындырды

«Параға емес – биікке ұмтыл» ұранымен Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері «Үлкен Алматы шыңын» бағындырды. Аталмыш іс-шараны Алматы облысының әкімдігі мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті ұйымдастырды. Шара барысында 50 адамнан құралған топ теңіз деңгейінен 3682 метр биіктікте орналасқан Үлкен Алматы шыңына көтерілді. Шара мақсаты-жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жат мінездердің алдын алу, қызметкерлердің спорттық шеберліктерін және жан – жақты дайындықтарын арттыра отырып, еліміздегі туризмді дамыту. - «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға әрбір жас белсене ат салысуда. Бұл орташа таудың жоталарына шықсаңыз табиғаттың шеберлігіне таңқаласыз. Көк күмбезеге таласа бой көтерген зеңгір таулар, тау-тасты жарып аққан бұлақтар, жылғалар, қалың қарағай, шырша, аққайың аралас ормандар, б...
Толығырақ... Оқылды: 302 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2019

Алматы облысы Іле ауданында майлау материалдарын өңдейтін зауыт ашылды

Алматы облысы, Іле ауданында майлау материалдарын өңдейтін зауыт іске қосылды. Өндірістік кешеннің ашылуына Премьер-Министр Асқар Мамин қатысты. Зауыт ұжымы мен арнайы келген қонақтарды Қазақстан Үкіметі атынан құттықтады. « «Лукойл» компаниясы біздің стратегиялық әріптесіміз және инвесторымыз болып табылады. 1995 жылдан бастап, компания елімізде 9,5 млрд теңгеге инвестиция салған. «Лукойл» компаниясы бірқатар бірлескен жобаларға қатысуда. Бұл өзара тиімді ынтымақтастық болып табылады»- деп атап өтті Премьер-Министр өз сөзінде. Еліміздегі ірі кешенді салу жұмыстары 2016 жылы басталған. Зауыттың құрылысына жалпы көлемі 9,4 миллион доллар қаражат кеткен. Кәсіпорын жылына 100 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Замануи қондырғылар автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылғандықтан әр құрылғы өз жұмысын санаулы минутта атқарып тастайды. Соның арқасында кез-келген тапсырысты бір тәуліктің ішінде дайындап, тапсырыс берушіге жеткізіп беруге мүмкіндігі бар....
Толығырақ... Оқылды: 359 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.